Сынып: 6 тақырып



Дата21.01.2018
өлшемі44.9 Kb.

Сынып: 6

ТАҚЫРЫП

Өсімдіктер тіршілігімен танысу және оларды жіктеу.








МАҚСАТЫ

Өсімдіктер тіршілігі туралы білімдерін жетілдіру және олардың

жіктелуі туралы мағлұмат беру. Оның құрылыс ерекшелігі,

өсімдіктерге тән ортақ белгілері, олардың көбею жолдары,

жіктелуі, табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасы туралы

білімдерін жетілдіру. адамгершілік сезімдерге тәрбиелену,

ақпаратты өз бетінше меңгеруге үйрену, топта бірлесе жұмыс

жасай білу, сыни ойлауға үйрену, мәселенің шешімін табуға жетелеу ,

өзін-өзі реттеу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

Жоғарғы және төменгі сатылы өсімдіктердің түрлерімен

таныса отырып, оларды салыстырады, жіктейді.


Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру. «Миға шабуыл»

1. Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатынасады?

2. Тозаңдану деген не, оның қандай түрін білесіңдер?

3. Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?

4. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?

5. Ұрықтану қай кезде жүреді?

6. Ұрықтану жолын түсіндіріңдер.

7. Өсімдіктің өсуі қандай жағдайларға тәуелді?



  1. Өсімдіктің дамуы қандай сатылардан тұрады?

  2. Тамыр қалай өседі?

  3. Өсімдіктерді шырпу не үшін қажет?

3. Жаңа сабақ.

Өсімдіктер тіршілігімен танысу және оларды жіктеу.
Жалпы өсімдіктер төменгі сатыдағы және жоғары сатыдағы өсімдіктер деп үлкен екі топқа бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырлар ғана жатады. Бұрын төменгі сатыдағы өсімдіктерге топтастырылған қыналар тіршілік ерекшеліктеріне байланысты саңырауқұлақтар дүниесінің қыналар бөлімі болып жеке қарастырылуда. Ал, балдырлар қарапайым құрылысты біржасушалы және күрделі құрылысты көпжасушалы болып келеді. Алайда олардың сабағы да, жапырағы да, болмайды. Мүктер, қырықбуындар, плауындаржылысқылар), қырықжапырақ тектестер сопра арқылы, жынысты, жыныссыз жолмен көбейетін жоғары сатыдағы өсімдіктер. Олардың тамыры, сабағы, жапырағы бар. Жыныстық мүшелері - көпжасушалы. Ал жоғары сатыдағы өсімдіктерге жататын ашық және жабық тұқымды өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді. Енді біз төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің дүние тармағын қарастырамыз.

Өсімдіктерге тән ортақ белгілер: Барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер зат алмасу, қоректену, тыныс алу, көбею, тітіркену үрдістеріне қатынасады. Өсімдіктер жасушалардан тұрады. Өсімдіктердің көпшілігінде түзуші, жабын, тірек, фотосинтездеуші, қор жинаушы, өткізгіш, бөліп шығарушы ұлпалар болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің сабағы, жапырағы, тамыры бар. Өсімдіктердің тіршілігінің соңына дейін үздіксіз өсе береді. Өсімдіктер өсімді, жыныссыз, жынысты жолдармен көбейеді. Өсімдіктердің көбеюі дегеніміз – жеке санының артуы, өзінен кейін ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз ету қасиеті. Өсімді көбею дегеніміз - денеден тіршілік ете алатын бөліктердің бөлінуі арқылы түрдің жеке санының артуы. Жыныссыз көбею - споралар немесе зооспоралар арқылы жүзеге асады. Споралардың талшығы болмайды. Спора түзілетін қалта төменгі сатыдағы дамыған өсімдіктерде (балдырларда)- бір жасушадан, жоғары сатыдағы сабақты – жапырақты өсімдіктерде көп жасушадан түзіледі. Зооспора(грекше зоон - жануар, спорос - сеппе, екпе) қозғалғыш споралар деген мағынаны білдіреді. Олардың ерекше қозғалысқа келтіретін талшықтары болады. Зооспоралар арқылы көбею - суда, ылғалы мол топырақта өсетін балдырларға тән қасиет. Споралар мен зооспоралар аналық өсімдіктен бөлінген соң қолайлы ортаға түссе, олардан жас өсімдік пайда болады. Мұны жыныссыз көбею деп атайды. Жыныссыз көбею кезінде ағзаның қалыптасқан белгілі пішіні бар бөлігінен аналық өсімдік пайда болады. Жынысты көбею кезінде қасиеттері жағынан айырмасы бар гаметалар (жыныстық жасушалар) қосылып зигота пайда болады. Гаметалардың қосылуынан ұрықтану үдерісі жүріп, гаметалардың цитоплазмасы мен ядросы қосылады. Пайда болған жас ұрпақтың тіршілікке бейімділігі, ортаның қолайсыз әсерлеріне төзімділігі арта түседі. Осы арқылы жыныстық көбею түрлерінен ерекшеленеді. Өсімдіктерді жіктеу. Адам ерте кезден – ақ өсімдіктердің жемістерін, тамырларын күнделікті тұрмысында пайдаланды. Сондықтан өсімдік түрлерін ажырату үшін оларға ат қою қажеттігі туды. Қазір жер бетінде 500 мыңдай, Қазақстанда 5600 - дей өсімдік түрі бар. Олар туыстық белгілеріне сәйкес топтастырылып, жүйеленген. Жер бетіндегі өсімдіктер алуан түрлі. Оларды нақты білу үшін, бірін - бірі ұқсас өсімдіктерді топтарға бөліп қарастырады. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін – туысқа, ұқсас туыстарды - тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды - қатарға, қатарларды - класқа, кластарды бөлімге біріктіреді. Жүйелеу бойынша әрбір топқа жататын өсімдіктердің арғы тегі бір. Мысалы, бір бөлімге, бір класқа жататын өсімдіктер бір тектен дамыған. Түрлер, туыстар және басқа да топтар ұзақ жылдар бойы әр түрлі сыртқы ортаға бейімделудің, басқа өсімдіктермен бірігіп өсудің нәтижесінде бірте - бірте пайда болды. Жүйенің ең кіші бірлігі – түр. Түр туралы ұғым олардың біріне - бірінің ұқсас болуына және өзара будандасып, өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатындығына байланысты қалыптасқан. Түрді анықтау кезінде көптеген жағдайлар ескеріледі.
Олар: 1. Барлық белгілерінің ұқсас болуы;
2. Экологиялық жағдайының ұқсас болуы;
3. Таралу аймағының ортақ болуы.
Өсімдік түрлерін ажырату үшін оларды жүйелейді. Жүйелеудің ең жоғары сатысы — дүние. Жүйелеудің қысқаша мынадай сызба нұсқамен түсінуге болады:
дүние --- бөлім --- класс --- қатар --- тұқымдас --- туыс --- түр.

Сабақты қорытындылау
Семантикалық карта толтыру

Ашық тұқым ------- Жабық тұқым ------ Дара жарнақ ------ Қос жарнақ
Арша
Алма
Інжугүл
Асқабақ
Қияр
Помидор
Шырша
Картоп
Раушангүл

Сабақты бекіту:
І - деңгей
1) Өсімдіктерге тән ортақ белгілер?
2) Жынысты көбею дегеніміз не?
3) Түр дегеніміз не?
ІІ - деңгей
1) Өсімдіктерді жіктеу дегеніміз не?
2) Жыныссыз көбею дегеніміз не?
3) Өсімдіктер қалай жүйеленеді?
ІІІ - деңгей
1) Жынысты көбеюдің басқа көбею түрлерінен айырмашылығы неде?
2) Жіктеу мен жүйелеудің айырмашылығы неде?
3) Жоғары сатыдағы өсімдіктердің қандай мүшелері бар?

Бағалау:

Үйге тапсырма: Өсімдіктердің тіршілігімен танысу оларды жіктеу
Өсімдіктерді жіктеу суретін салу


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет