Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты



жүктеу 95.76 Kb.
Дата08.05.2017
өлшемі95.76 Kb.
Қызылода облысы Жаңақорған ауданы

Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі Айтөреева Ақмарал Бақытқызы
Күні: 8.10.2013жыл

Сыныбы: 8-сынып

Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі , қалқанша без қызметінің бұзылуы жайында мәлімет беру.

2. Тәрбиелік: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі тақырыбын түсіндіре отырып, бір-біріне көмектесуге, бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Қалқанша без, тироксин, микседема, эндемиялық зоб, кретинизм, базед ауруы жайында білімін тереңдету, өз бетінше іздену қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (сәйкестендіру тесті, жасырын сөз)

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, энциклопедия

Пән аралық байланыс: валеология, дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу, түгелдеу

  2. Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру

  3. Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру:

1. Қандай ішкі секреция бездерін білесіңдер?

2. Ішкі секреция бездері қалайда орналасқан?

3. Гипофиз гормондары қалай әсер етеді?

4. Ішкі секреция бездері бөлетін гормондор қайда түседі?

5. Өсу гормоны жетіспесе не болады?

6. Гормондардың негізгі қасиеттерін атаңдар?

7. Организмде жүретін процестердің гуморальдық реттелуінің мәні неде?

Жасырын сөзді тап

1. 1921 жылы американдық ғалымдар гипофиздің өсу гормонын бөлетіні туралы ең алғаш пікір айтқан еді.

2. 60 см-ден 1м-ге дейін болады, оларды гипофиздік ергежейлілік деп атайды.

3. Рим императоры Максимилианның бойы 2,5м

4. Египеттік ергежей Агибаның бойының биіктігі 38см ғана болған

5. Орыс шаруасы Махновтың бойы 2,85 м болған

6. Ең биік әйелдің бойы 2,35 м болғаны тіркелген

7. Мына суретке қысқаша сипаттама бер





ІІІ. Жаңа түсінік беру.

Қалқанша без – мойында көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан пішіні таға тәрізді, өзара байланысқан екі бөліктен тұратын ірі без. Оның салмағы -15-30 г. Ол бірқатар гормондар бөліп шығарады. Олардың ішінде негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді, органикалық заттардың тотығу процестеріне, даму, өсу процестерін реттеуге қатысады. Ұлпалардың жетілуіне, жүйке және жүрек іс-әрекетінің қозғыштығын күшейтуге қатысады. Тироксин құрамына йод кіреді. Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің қызметін бұзады. Қалқанша бездің қызметі бұзылған кезде адамда әртүрлі аурулар пайда болады. Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды. Бұл кезде зат алмасу, әсіресе нәруыз алмасу баяулайды. Дене температурасы, жүрек іс-әрекеті төмендейді. Тері астында су жиналады. Тері ісінеді және құрғайды. Шаш түседі әрі сирейді. Адам енжар болып ойлауы мен сөйлеуі баялайды. Бұл ауруды өмір бойы тироксин гормонын енгізу жолымен емдейді. Ол гормонның синтезі организмдегі йод мөлшеріне байланысты. Егер тағам құрамында йод жетіспесе, адамда эндемиялық зоб ауруы пайда болады. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткілікіз болғанда ойлау, процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. Мұндай ауру кретинизм деп аталады. Егер дер кезінде емдемесе, ауру салдарынан арылуға болады.



IV.Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру.

Қалқанша без – (glandule thyroidea, лат glandule – без, гр. thyreos-қалқан) – шеткі ішкі секреция без

Базед ауруы (бадырақ көз) – қалқанша без қызметінің жоғарылауы салдарынан пайда болатын ауру.

Кретинизм –қалқанша без қызметі жеткіліксіз болғанда туындайтын ауру.

Микседема – қалқанша без гормоны жетіспегенде пайда болатын ауру

V.Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтар

Сәйкестендіру тест

1. Қалқанша бездің салмағы

0,15-0,20мг

2. Тироксин құрамына кіреді

микседема

3. Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе

йод

4. Тағам құрамында йод жетіспесе адамда

кретинизм

5. Адам тәулігіне ... йод қабылдауы керек

15-30 г

6. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды.

Эндемиялық зоб

7. Көз қарасы таңырқаулық танытып, көзі бадырайып тұрады.

Базед ауруы, бадырақ көз



VI. Жаңа түсінікті тексеру

Мына суреттер бойынша қысқаша сипаттама беріңдер?




VII . Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар

1. Қалқанша без қызметінің бұзылуы организмде қандай өзгерістер туғызуы мүмкін?

2. Микседема ауруының белгілері қандай?

3. Эндемиялық зоб белгілерін атаңдар?

4. Кретинизмді емдеуге немесе оның алдын алуға бола ма?

VIII. Жаңа сабақты қорытындылау

Қалқанша бездің қызметі шамадан тыс жоғарыласа және организмде гормондар артық мөлшерде болса, зат алмасу қарқындылығы артады, жүрек қағуы жиілейді, жүйке жүйесінің қозуы жоғарылайды. Адам көп тамақ ішсе де қатты арықтайды. Сонымен қатар өте ашуланшақ, қатты терлегіш келеді. Көз қарасы таңырқаулық танытып, көзі бадырайып тұрады.



IX.Оқушылардың еңбегін бағалау.

X.Үй тапсырмасы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі



Мын бір мақал, жүз бір жұмбақ

(интеллектуалды сайыс)

Мақсаты: Айтыс өнері арқылы оқушыларды суырып салмалыққа баулу, музыканың, поэзияның, аспаптық музыканың өзара байланысы жөнінде білімдерін арттыру.

Тәрбиелік: Бүгінгі егеменді елеміздің болашағын көркейтуге ат салысуға шақыру. Ата-бабаларымыздың өсиеті қадір тұтуға, айтыс өнері арқылы әдет-ғұрып, салт -дәстүрлерді сыйлауға баулу.

Дамытушылық: Өз ойын кең, мазмұндап жеткізе білуге үйрету.

Көрнекілік құралдар: газет-журналдар
Барысы:

Кіріспе

Мақал-мәтел-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді.

Мақал-мәтелдің тәрбиелік мәні зор рухани байлық.

Мақал мәтел туралы анықтама.

Мақалда қорытынды тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.

Ал, мәтелде ой тікелей білдірмей тұспалдап, жанамалап айтылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсеңде халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.


Мақалдың соңын жалғастыру, мағынасын ашу.

Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

Оқы да біл,

Ойна да күл.
Оқу білім азығы,

Білім ырыс қазығы.


Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.


Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

Бізге қонаққа келген ақындар мен айтыскерлерді қарсы алып, сый-құрмет көрсетейік.

Айтыс-оқу-білім, еңбек және жұмбақ туралы болмақ.

Айтыс деген айтысу деген сөзінен шыққан. Айтыс қара сөзбен де күй тарту арқылы суырып салма өлең түрінде де болуы мүмкін.

Атақты айтыскер ақындар-Жамбыл, Құлмамбет, Шашубай, Біржан, Саралар болса, қазіргі кезде шығып жүрген майталман ақындар Аманжол, Әселхан, Айнұр, Мұхамеджан, Ринат, Айтақындар тағы басқа көптеген ақындар бар.



Айтыстың бірнеше түрі бар:

  1. Ақындар айтысы

  2. Мысал айтыс

  3. Жар-жар айтысы

  4. Бәдік айтыс

  5. Оқушылар айтысы

  6. Мақал-мәтел айтысы

  7. Жұмбақ айтыс

Сонымен, бүгінгі айтысымыз мақал-мәтел айтысы деп аталады. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» деп аталуының да себебі осында жатыр. Ойынның түрі сайыс түрінде өтпек.
Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық.

Айтыскерлерді қарсы алып,

Інжу-маржан шашайық.

Енді айтыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Әр сыныптан бір -бір оқушы шығады.


  1. Ойынның шартын айту:

а. Оқушыларды 3 топқа бөліп мақал айтысын өткізу.

ә. Оқу-білім туралы мақал айтып, тоқтағанша жарысу.

б. Еңбек туралы мақал айтып тоқтағанша жарыстыру.

в. Мақалдардың соңын жалғастыру және мағынасын ашу.




  1. Батыр туса - ел ырысы ...... (жаңбыр жауса-жер ырысы)

  2. Ат айналып қазығын табар ....... (ер айналып ерін табар)

  3. Байлықтың атасы – еңбек ........ (анасы-жер)

  4. Рахаттың түбі – еңбек ........ (түбі – жеңіс)

  5. жердің сәні – егін ...... (ердің сәні-білім)

  6. Еңбек ердің көркі ....... (ер елдің көркі)

Жұмбақ сайысы айтылмас бұрын, жұмбақ туралы түсінік беріледі.

Ал балалар, мен сендерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанда жұмудан шыққан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады.

Жұмбақ жарысына әр сыныптан үш-үш баладан таңдап алынады.

Үш топтағы жеңімпаздарды шақыру.

Залда отырғандар үш топтың оқушыларына жұмбақ жасырады, олар шешуін айтады.


Сөзжұмбақ:

  1. Жамбылдың ұстазы кім? (Кенен)

  2. Тез жауап қайтару сөз жарысы. (Айтыс)

  3. Алпамыс жасаған музыкалық аспап.? (Сырнай)

Плакаттағы жазылған мақалды оқып, мағынасын ашу.

Әнұран хормен орындалады.


Мұғалім: Ұлттық өнеріміз-айтысты ұрпақтан-ұрапаққа жеткізетін сендерсіңдер, сондықтан сендерге сенім артамыз. Айтысып көріңдер, үйреніңдер!

Сонымен оқушылар айтысын тыңдаңыздар.


1-оқушы:

Өлең жырды айтамын,

Жарқылдатып жасындай.

Қоймадың ғой айтысып,

Мен шығайын тайсалмай.

2-оқушы:

Айтып қойшы қарағым,

Қандай боп жүр сабағың.

Жайын біліп қояйын,

Сендей салақ баланың.

1-оқушы:

Сөзін тыңда қарағым,

Мен секілді баланың.

Сен осында қаласың,

Мен тойға барамын.

2-оқушы:

Қайда барсаң онда бар,

Семіргенің жөн болар.

Тәртібіңнен алайда, болмай тұр-ау оң хабар.



1-оқушы:

Қай өнегең асып тұр,

Қай тәртібің тасып тұр.

Сендердегі Сембай да,

Сабағынан қашып тұр.

2-оқушы:

Тойыңа барып сен кел,

өзіңді-өзің бағып кел.

Мен оқимын сабақты,

Сен базарлық алып кел.

Қолыңды ойын күс қып жүр,

Жақсы оқу күш боп жүр.

Айтыс сенің не теңің,

Артыңда кілең үштік жүр.
Оқушылардың орындауындағы концерт

Күй халықтық мұрамыз,

Ілтипатпен сұраңыз.

Жүрегіне қона алса,

оған тәубә қыламыз.

Қорытынды.

Ұлттық өнерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін сендерсіңдер, сондықтан сендерге үлкен сенім артамыз.



Айтысты көріңіздер, айтысты айтып үйреніңдер.Айтысты тыңдаған көрермендерге рахмет.


: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет