Сыныбы: 8 «А» Пәні: Биология



Дата02.07.2017
өлшемі62.84 Kb.
Сыныбы: 8 «А»

Пәні: Биология

Күні:

Тақырыбы:

Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері. Адам қаңқасының ерекшеліктері

Мақсаты:

Қаңқаны құрайтын сүйектер, олардың құрылысы мен маңызы, адам қаңқасының ерекшеліктерін түсіндіру

Міндеттері:

Білімділік: тірек – қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы жаңа анатомиялық-физиологиялық түсініктерді қалыптастыру, қаңқаның құрылысы мен қызметтері туралы білімдерін арттыру

Дамытушылық:білім алушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: оқушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды тәрбиелеу, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының рөлін түсіндіру

Нәтижесі:

Қосымшаәдістемелік материалдарды қолдана алады

Көрнекілік құралдары:

Интербелсенді  тақта, таратпа материалдар, адам қаңқасының нақпішіні, кеңсе заттары (түрлі-түсті маркерлер, ватман, стикерлер).

Сілтемелер

Биология  (8 сынып), Bilimland сайты

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі

Топтық, жұптық, жекелеме

Сабақтыңбарысы

Оқыту әдістері

 


Тапсырмалар

Оқушылардың іс-әрекеті



Мұғалімнің іс-әрекеті

Нәтижесі

І. Ұйымдастыру кезеңі  3 минут

1. Амандасу, психологиялықахуалтудыру 1 минут

2.Топқа бөлу(сурет арқылы)  1 мин



Мұғалім бағыт береді

Топқа  бөлу




Оқушылар амандасады. Сабаққа дайындалады. «Көршісіне комплимент» айтады.

Оқушылар топқа бөлініп, топ ережесін қолдана отырып, бірлесіп топтасуды үйренеді.



ІІ. Білу

Үй тапсырмасын сұрау 5 минут



«Допты ұстап ал»

Мұғалім әр оқушыға доп бағыттау арқылы сұрақтар қояды.



1-оқушы: Оссеин дегеніміз не?

2-оқушы: Қарт адамдардың сүйегі неге сынғыш келеді?

3-оқушы:Сүйектер қандай ұлпалардан түзіледі?

4-оқушы:Сүйектің құрамында қанша пайыз су?

5-оқушы:Қозғалмалы байланысқа жататын сүйекті ата.

6-оқушы:сүйектің құрамында майдың мөлшері?

7-оқушы:Қаңқаның толық сүйектенуі неше жасқа дейін жүреді?

8-оқушы:Сүйектердің байланысу түрлерін ата. Мысал келтір.

Мұғалім сұрақ қояды

Әр оқушы допты ұстап алып, сұраққа жауап береді.Оқушылар жылдамдыққа үйренеді.

3. Ой қозғау

  1. минут

– Берілген сөздерден мақал-мәтелдер құрастыра отырып, жаңа тақырыпқа шығу.
1-топ. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. Ақымақ бас екі аяққа тыным бермейді.

2-топ. Жылуы жоқ жүрек - құр кеуде. Аяқ — азамат, қол — мүлік, бас — сандық, омыртқа – тірек.


– Жетістік критерилерімен таныстырады.

Мұғалім бағыттаушы.

Пікірлерін ортаға салып, бірлесе жауап береді, табыс критериін қоя алады

бірін-бірі оқытады,қорытынды шығарады.



4. Түсіну: Топтық  жұмыс
20 минут
1 минут

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы тобымен талқылап, кластер құру арқылы түсіндіреді, ортада қорғайды
1-топ: бас сүйегі, аяқ-қол сүйегі/ /

2-топ: тұлға сүйегі, кеуде қуысы

Осы тапсырманы орындау үшін бағалау критерийлері беріледі.

– Табыс өлшемдерін беру (тақырыптың маңыздылығын анықтау, мағынасын толық жеткізу, тапсырманы талапқа сай жасау, сөйлеу мәнері, уақытпен санасуы, жобаны рәсімдеуі)

5 мин уақыттан кейінәр топтағы оқушылар бір-біріне түсіндіреді, диалогқа түседі. Әр топ ойларын флипчартқа түсіреді, жұмыстарын қорғайды.


  • Сергіту сәті. Алға иілеміз – лордоз,

Артқа иілеміз – кифоз,

Оңға, солға – сколиоз.



Мұғалім бағыттаушы. кеңесші

Өзара оқыту үдерісі жүреді

5. Қолдану: топтық жұмыс 1 минут








  1. 2 минут

2 минут


– «Сандар сөйлейді» әр оқушы алдындағы планшетке сандардың не білдіретінін жазады.
12 – арқа омыртқасы

5 – бел және сегізкөз омыртқасы

2,8 – 2 қатарда орналасқан білезік сүйектері

14 – алақан сүйектері

33-34 – жалпы омыртқа саны
– Bilimland сайты бойынша оқушы алдындағы планшетке сәйкестендіру тапсырмасын орындау


  1. жауырын

  2. төс сүйегі

3 ортан жілік және асықты жілік

4 білезік сүйегі

5 бұғана

6 жамбас

7 бас сүйек

8 омыртқа

9 қабырға
– Bilimland қосымшасы бойынша оқушы алдындағы планшетке тест тапсырмаларын орындайды

1.Келесі сөйлемдердің қайсысы дұрыс емес?

А) Қаңқа дененің негізі және бұлшық ет тірегі болып табылады.

*B) Қаңқа – бұл атқаратын қызметі, құрылымы мен шығу тегі ортақ жасушалар мен жасушаралық заттың жиынтығы.

C) Қаңқа ішкі мүшелерді қорғайды.

D) Қаңқа қан түзуші қызмет атқарады және минералдарды қор ретінде сақтайды.

2. Қол мен аяқ қай қаңқаның бөлігі болып табылады?

А) кеудеC) орталық

*B) қосымшаD) негізгі

3. Қол қаңқасын негізгі қаңқамен байланыстыратын сүйектердің жиынтығын атаңыз.

*А) Иық белдеуіC) Бұғана

B) Жамбас белдеуіD) Жауырын

4. Аяқ қаңқасының тірегі болып табылатын сүйектердің жиынтығын атаңыз.

А) Иық белдеуіC) Бұғана

*B) Жамбас белдеуі D) Жауырын

5. Жілік қандай сүйек болып табылады?

*А) ұзынC) жалпақ

B) қысқаD) аралас



 Мұғалім сандарды айтады.

Мұғалім бағыттаушы



Уақытын тиімді қолдана алады

7. Жинақтау: топтық жұмыс

5 минут


 «Веер әдісі» арқылы сабақты қорытындылау.

Мұғалім бақылаушы

Әр топ 1 сұрақтан қояды, келесі топ жауап береді. Сабақты  пысықтауды  үйренеді

8. Бағалау:

4 минут


Өзін-өзі бағалайды.  Топтыбағалайды 2 мин

Стикерлерге өздерінің сабақтан алған әсерлерін білдіреді. 



Мұғалім бағыттаушы

Стикер таратып береді

 


Топтыбағалау, өзін-өзібағалауды үйренеді.

Сабақтан алған әсерлерін білдіруді үйренеді



9. Үйгетапсырма

1 минут


Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Тақырыпты оқу, қаңқа бөліктерін жаттау, кестеге түсіру.

Үй тапсырмасы беріледі




«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» ММ

Тақырыбы: Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері.Адам

қаңқасының ерекшеліктері

Пән мұғалімі: Аманжолова А. К.



2016-2017 оқу жылы
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет