Символдың табиғаты ашимова Малика Гениевна



Дата11.02.2017
өлшемі67.97 Kb.
СИМВОЛДЫҢ ТАБИҒАТЫ
Ашимова Малика Гениевна

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ-сы, malika_amg@mail.ru

Ғылыми жетекші: Әбдіғазиұлы Балтабай, ф.ғ.д., профессор


Адамның көп ғасырлық тарихы бар көркемдік-эстетикалық қызметі түрлі шығармашылық мақсаттарға жету жолында көптеген құралдар мен әдістерді туғызды. Халық әдебиетінде идеялық-көркемдік мақсаттарға жетуде эпитет, метафора, символ, аллегория, теңеу, гипербола сияқты көркемдік құралдардың рөлі ерекше. Әсіресе символдар жүйесін талдап, зерттемей, бүгінгі күнгі әдебиет поэтикасын толыққанды түсіну мүмкін емес. «Символдың табиғаты» тақырыбында жазған мақаламыз төңірегінде біз әуелі «символ» дегеніміз не, сондай-ақ бұл терминнің қалыптасу тарихын, көркем шығармадағы рөлін анықтауды қажет еттік.

Қазақ жазушыларының шығармаларындағы әлеуметтік символдарды салыстырмалы-типологиялық зерттеу әдебиеттің түрлі аспектілерін анықтауда аса маңызды болып табылады. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін елдің әдеби және ғылыми қарым-қатынастарының дамуына байланысты мәселені осы аспектіде қарастыру маңыздылығы өсуде. Қай өнерде болмасын символ әрдайым ерекше маңызды рөл атқарған. Бұл өнердің негізгі категориясы – образ табиғатына байланысты. Қандай да болмасын образдың шартты және символдық мәні болады, жалқы тұрып жалпыны біліреді. Көркем әдебиетте символдылық жасырын түрде кез келген салыстыруда, параллелизм, метафорада болады. Мысалдардағы кейіптеу, ертегілердегі аллегория – шын мәнінде, символиканың түрлері болып табылады. Symbol – маңыздылығы немесе идеясының көрінісі тұрғысынан көркем образдың мінездемесі. Символ өзінің образдық құрылымынан ажырағысыз келеді және сарқылмас мазмұн байлығымен сипатталады. Символ ұғымын әр ақын-жазушылар түрліше пайымдайды. Осыған байланысты төменде бірнеше белгілі ғалымдардың анықтамаларын келтіріп өтейік. Ғылымда «символдың» әлі күнге дейін нақты айқындалмағанын атап өткеніміз жөн, бұны A.Ф. Лосевтың «әдебиетте те өнерде де символ ұғымы ең бұлыңғыр, біріне-бірі қарама-қайшы ұғымдардың бірі болып табылады» [1;4] деген пікірі растайды. Өнерде «символ» көркем образдың басқа категорияларымен салыстыру арқылы айқындалатын, бір жағынан белгі, екінші жағынан аллегория болып табылатын әмбебап эстетикалық категория ретінде қарастырылады. Символ  (грекше symbolon — танымдық белгі, таңба, рәміз, бейнелеу) логика, математика ғылымдарында таңба мағынасында жұмсалса өнерде, философияда заттың, құбылыстың қасиетін, сипатын астарлап көрсетеді. Яғни ол астарлы мағынаға бай, көркем бейнеден гөрі нақтылы мәнге ие категория. Көркем мәтінде символдың символикалық қалпы сақталады, ишаралайтын затымен салыстырыла көпқырлылығы ашылады, бұл да оның ерекшелігі болып табылады.

Кез-келген символдың «мағына» беру фактісі әлем мен өмірдің өзі тұнып тұрған «мағына» екендігін білдіреді. Суреткерлік бейне мен терең мағына екі полюс секілді символ құрылымын береді, бір-бірінсіз елестету мүмкін емес (себебі мағына образсыз жоғалады, ал образ мағынасыз ұсақ компоненттерге ыдырап кетеді). Осыған орай, А.П. Квятковскийдің «Поэтикалық сөздігінде» мынандай анықтамаға тап боламыз «Символ - (греч, symbolon - знак, примета) многозначный предметный образ, объединяющий собой разные планы воспроизводимой художником действительности на основе их существенной общности, родственности» [2; 263].

Поляк ғалымы Ежи Фарино да аталмыш түсінікті қысқаша пайымдайды: «Символ – бұл бір элементке дейін қысқартылған, нақтылы мәртебесі бар объектінің тұжырымдамалық жүйесі» [3; 90]. Түрлі дерек көздеріне сүйенсек символдың тропқа, әсіресе метафора мен салыстыруға жақын екендігін байқаймыз, алайда олардан айырмашылығы терең семантикалық мазмұнға ие болуында. Метафора мен символдың ресми сипаттағы айырмашылығы, метафораның «біздің көз алдымызда» жасалатыны: біз мәтінде қандай сөздердің салыстырылып тұрғанын көре аламыз, сол себепті де олардың қай мән-мағыналары арқылы жақындастыратынын білеміз. Символ метафоралық құрылымға кіруі мүмкін, бірақ оның қажеттігі шамалы.



Аллегория бір мағынаны білдірсе, символдың айырмашылығы контекстке байланысты түрлі жолмен түсіндірілетін көп мағынаны беруінде. Символ ауыспалы мағынаны білдіруімен метафораға жақын келеді. Дегенмен символ құрылымы мен мағынасы жағынан әлдеқайда күрделі. Ол көп мағыналы болғандықтан соңына дейін анықтау мүмкін емес. Символ автордың айтар ойын жорамалдауға ғана мүмкіндік туғызатын бір құпия сақтайды. Символды ашуда қаншалықты білімге жүгінсек, соншалықты интуиция мен сезімнің де көмегімен түсіндіре аламыз.

Символдың табиғаты мағынасын ашып, түсінуді қажет етеді. Сол себепті де өзіндік таным, тіршілігіне байланысты белгілі бір символдар тілінде түсінісетін топтың қалыптасуына мәжбүрлейді. Аталмыш категория астарлы мағынаға бай болғандықтан әркім өзінің ұғым-түсінігінің дәрежесіне сай түсініп, өз мүмкіндігіне лайық мәнді табады. Философия тарихында символ негізінен транцедентті, хикметті әлемді бейнелеу үшін қолданылған. Мысалы, Э.Кант символды қоршаған дүниені рухани тұрғыда игеретін эстетикалық құрал ретінде таниды. Дінде символдың орны ерекше. Көптеген діни салт-жоралғылар мен рәсімдер символдық мәнге ие.

Көркемдік символдың философиялық түсінігінің нәтижесін осы мәселеге өмірін арнаған А.Ф.Лосевтың бірқатар зерттеулерінен көре аламыз. Символ, А.Ф.Лосевтің пайымдауынша мифтің семантикалық немесе сыртқы көрінісі болып табылатынын айтады. Зерттеуші миф пен символ арасындағы диалектиканы сезініп, вербалды деңгейде оны мүмкіндігінше бекітуге тырысады.



Өзінің «Символ мәселесі және шынайы өнер» атты еңбегінде А.Ф.Лосев: «Всякий символ, вопервых, есть живое отражение действительности, вовторых, он подвергается той или иной мыслительной обработке и втретьих, он становится острейшим орудием переделывания самой действительности. ....... » [1; 7-8] деп әлемдік символикаға нақтылы позициясыз кіру, толағай теңізге бас сұғумен бірдей дейді. Өнерде символды бәріне таныс қалыптасқан мағыналарына қарай (мысалы, қара түс –қайғы-мұң, қасірет, өлімді білдіреді), сондай-ақ авторлық, яғни, бір автордың шығармашылық контексіндегі семантикалық мазмұнға ие символдар болып ажыратылады.

Әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын символға аса көрнекті әдебиеттанушы, ғалым Зәки Ахметов мынадай анықтама береді: «Жалпы халықтық тілде кезедесетін символда бір нәрсені өз қалпынан басқаша сипатта көрсетіп, сондай-ақ нақтылы бір затты, нәрсені екінші нәрсенің, не ұғымның жәй баламасы ретінде алу арқылы жасалады» [4;183]. Әдебиеттегі символ көп жағдайда келістіріліп жасалады, астарлық мағынасы терең, бүтін бір сурет бейне қалпында болады. Кең мағынасында астарлы мағына беретін метафора, теңеу сияқты салыстырулардың көбінде символдық та мән болатынын байқау қиын емес.

Образдың символдық мағынасы қайдан пайда болады? Символдардың көп бөлігі тек мәтіндерде ғана кездеспейді. Олар ондаған мың жылдар тарихы бар мифтер мен салт-дәстүрлерден бастау алады. Символдардың пайда болуы кездейсоқ емес, ол белгілі бір объектінің ерекшеліктеріне және терең мәніне байланысты туған. Символда әрқашан ауыспалы мағына, жасырын салыстырулар болады, қайсысы болмасын аңыздармен, наным-сеніммен байланысты.

«Таң», «қыс», «астық», «жер», «қан» т.б. сөздер ертеден адамзаттың жадында символдар ретінде қалыптасты. Бұл сөздер тек көпмағыналы ғана емес: біз интуитивті түрде олардың символ болу қабілетін сеземіз. Бертін келе, жазушылардың назары бұл сөздерге ауып, шығармаларында жаңа мәнде, жаңа сипатта қолданыла бастады. Осылайша, символ өзінің бар жинақтаған құнды мағыналарымен көпғасырлық мәдениет тілінен мәтінге келеді. Символ мағыналарының көптігі соншалық ол оқырманның жеке қабілетіне қарай - әр түрлі мәнді береді. Дегенмен әдебиеттегі символдардың барлығының дерлік мұндай тарихы жоқ. Олардың көпшілігі ортақ мәдени нышандар негізінде қайта салынды. Осылайша біз символ – өте күрделі түсінік болып табылатындықтан оған деген әмбебап анықтама берілген жоқ деген қорытындыға келеміз. Сонымен қатар символдың семантикалық құрылымы бірнеше қабатты екендігін ескергеніміз жөн, ол қабылдаушының ішкі білсенді жұмысына арналып, рухани-эстетикалық қабылдауға бағытталған. Қазіргі уақытта бұл түсінік жайлы анықтамалар қайта қаралып, ой елегінен өткізілуде. Бұл бағытта әсіресе неміс романтиктерінің жұмысын ерекше атап өту қажет, себебі олар символ ұғымын мүлдем жаңа идеологиялық координаталар тұрғысынан қарастырды.

Халық даналығында адамдар сұлулықты – ай-күнге, жастық шақты – гүлге, адалдықты таң шығына, сүйгенін – аққуға, батырларды – қыран құс, бейбітшілікті – көгершінге теңеген, итті жеті қазына деп атаған. Түлкі бейнесі арқылы қулықты, қу адамды, қоян бейнесі арқылы қорқақтықты, қорқақ адамды айтуға болады. Осы сияқты символға айналған ұғымдар аз емес. Біз өзіміздің күнделікті өмірімізде осы сияқты символдық бейнелерді қолданып, айтарлықтай жиі кездестіреміз. Астарлау, яғни символ бір нәрсені, не құбылысты тура суреттемей, оған ұқсас басқа бір нәрсені құпия қылып, жасыра жарыстырып, бүкпелеп бейнелеу, ойды тұспалдап жеткізеді. Ең бастысы – символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, әдемі философиялық астар, шығармаға сыршыл сипат береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Лосев А.Ф. Проблема символа и реалистическое искусство. – 2-е изд., испр. — М.: Искусство, 1995. —320с.

2. Квятковский А.П. Поэтический словарь. - М.: Советская Энциклопедия. 1966. - 376 с.

3.Ежи Фарино. Введение в литературоведение: Учебное пособие.– Санкт-Петербург: Издательство РГПУ им. А. И. Герцена, 2004–639с.



4.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі /Құрастырушылар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев. Алматы: «Ана тілі», 1996-240 бет.
: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> ТалдықОРҒан қаласы бойынша жартылай дайын ет өнімдерінің сапасын анықтау
2016-04 -> ТҰТЫҚпаны түзету әдістері ерғалиева Гүлім Бексұлтанқызы
2016-04 -> Азаматтық ҚҰҚЫҚ Қатынастардағы заңды тұЛҒалар түсінігі имангалиев Самат Сайлаубекович
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Желтоқсан оқИҒасына қатысқан жастардың ерлік мұрасы арқылы жасөспірімдерге патриоттық ТӘрбие беру боранбай Қуат
2016-04 -> Стресске төзімділік психологиялық саулықТЫҢ кепілі б. Е. Күребай
2016-04 -> Балқаш ойысындағы рай көлінің емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы алатын орыны
2016-04 -> Тері ауруларына қолданатын негізгі дәрілік өсімдіктердің ТҮр ерекшеліктерін, химиялық ҚҰрамын зерттеу. Б. Б. Мұхамедярова
2016-04 -> Исследование степени загрязнения тяжелыми металлами поверхностных вод, почвы в районе расположения озера алаколь


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет