Silybum marianum. (L) Gaerth.) Шұбарала тікен дәрілік өсімдігінің морфологиясы және анатомиясы



бет1/3
Дата02.07.2017
өлшемі452.73 Kb.
  1   2   3


Ш.Берсиев атындағы орта мектебі


Оқушының ғылыми жұмысы
(Silybum marianum. (L) Gaerth.) Шұбарала тікен дәрілік өсімдігінің морфологиясы және анатомиясы

Орындаушы Қайыржанова Ақбибі


Ғылыми жетекшісі Мақсұт.Қаламқас Абылқызы.

биология пәнінің

мұғалімі


2014-2015 Оқу жылы.



МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ


3

1

ӨСІМДІКТІҢ БОТАНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ӨСУ ОРТАСЫ










5

1.1

Алынған зерзаттың – Silybum marianum L. өсімдігінің ботаникалық зерттелуі және құрамындағы биологиялық белсенді заттары


7










1.2

Ауа-райы



12

1.3

Топырақ жамылғысы



13

2

Зерттеу нысанасЫ және Зерттеу әдістері





2.1

Алынған түрге ботаникалық–морфологиялық сипаттама


15

2.2

Морфологиялық және анатомиялық зерттеу әдістері



16

3

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ





3.1

Silybum marianum L. өсімдігінің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық ерекшеліктері


18

3.2

Silybum marianum L. онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері


19




Қорытынды


39




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



40


КІРІСПЕ

Егеменді еліміз халқының денсаулығы ол Ұлттың негізін сақтаушы қазына - байлық десек қателеспеген болар едік. Ал ауытқыған денсаулықты емдеу де, тікелей дәрі – дәрмектің тигізер әсері байырғы кезден - ақ жалпыға мәлім. Дәрілердің жасалу табиғаты екі түрлі. Алғашқысы, яғни ерте кезден бері адам қоғамымен бірге жасалып келе жатқан жолы, табиғи өсімдіктердің әр түрлі шипалы әсеріне негізделген. Екіншісі, арнайы технологиямен даярланатын, табиғаты синтетикалық - химиялық препараттар. Соңғысының өндірістік жолы мейлінше күрделі де және көп қаржыны қажет ететіндігі мәлім. Сондықтан да, дәрілерді бұл жолмен даярлау ел экономикасына ауырлық түсіреді. Ал оған қосымша физиологиялық тұрғыдан синтетикалық препараттардың адам ағзасына тигізер кері әсері айтарлықтай, керісінше дәрілер өсімдіктер шикізатынан алынса, онда оның жасауы немесе даярлау технологиясы әрі жеңіл, сонымен қатар адам ағзасына тигізер кері әсері мүлдем аз болатыны белгілі. Өйткені оның әсер етуші биологиялық белсенді құрамы табиғи органикалық заттар болғандықтан, адам ағзасына үйлесімді, өзінен - өзі сіңіріледі.

Қазіргі таңда медицинада кеңінен қолданылатын дәрілік препараттардың 40% жуығының негізгі шикізаты-дәрілік өсімдіктер. Қазақстандағы медициналық препараттардың өндірісі табиғи дәрілік өсімдіктер шикізатын жинауды арттыру есебінен немесе оларды мәдени өсірумен тікелей байланысты.

Дәрілік өсімдіктермен емдеу бұрыннан келе жатса да өзіндік маңызын әлі күнге жойған жоқ, қайта жыл өткен сайын оны қолдау пайдалы екендігі анықталып, оның құндылығы артып келеді. Сондықтан соңғы кезде қолданылатын препараттарға дәрілік өсімдіктерден дайындалған дәрілерге сұраныс көп деуге толық болады. Соған байланысты дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамын, морфологиялық және анатомиялық құрылымын зерттеу өзекті мәселе. Өйткені өсімдіктің құрылымдық ерекшеліктерін толығырақ білу олардың морфофизиологиялық критерияларын анатомиялық критерияларымен толықтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол мәліметтер өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін толығырақ біліп тиімді пайдалануға және қажетті дәрілік өсімдіктерді ғылыми тұрғыдан жерсіндіруге мүмкіншілік береді.

Қазақстан флорасының дәрілік өсімдіктер қорын қазіргідей дәрі-дәрмек тапшылығы айқын сезілген кезеңде медицинада толық пайдалану үшін олардың жаңа түрлерін өндіріске енгізу аса тиімді болар еді. Ал бұл өз кезегінде оларды морфологиялық, анатомиялық және онтогенездік тұрғыдан жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Осы мақсатпен шұбар алатікен өсімдігін екпе жағдайда өсіріп, онтогенезіндегі морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін анықтау маңызды жұмыстардың бірі болар деп ойлаймын.



Зерттеу жұмысының мақсаты: Silybum L. туысы Silybum marianum L. дәрілік түрінің онтогенезіндегі морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін анықтау.

Мақсатқа жету үшін алға қойылған негізгі міндеттер:

● Шұбар алатікен (Silybum marianum L.) өсімдігін екпе жағдайда өсіріп, онтогенезіндегі морфологиялық құрылысын сипаттау.

● Зерттеуге алынған өсімдіктің онтогенезіндегі анатомиялық ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу нысанасы мен заты. Зерттеу нысанасы Asteraceae тұқымдасы Silybum L. туысының шұбар алатікен (Silybum marianum L.) дәрілік түрі. Зерттеу заты өсімдіктің онтогенезіндегі морфологиялық және анатомиялық құрылыс ерекшеліктері.

Ғылыми жаңалығы


  • Шұбар алатікен (Silybum marianum L.) дәрілік түрінің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық ерекшеліктері анықталды;

  • Осы өсімдіктің онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің анатомиялық құрылыс ерекшеліктері анықталды;

Практикалық құндылығы

Silybum marianum L. өсімдігін екпе жағдайда өсіру табиғи қорының азаюының алдын алса, ал онтогенезіндегі вегетативтік мүшелерінің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерін анықтау осы өсімдіктің ботаникалық сипаттамасын толықтырып, медицинада фармацевтикалық шикізатты анықтап талдауға мүмкіндік береді.

Ғылыми жұмыстың құрылымы және көлемі.

Бітіру жұмысы Microsoft Windows xp 2000 жүйесіндегі компьютерде теріліп, 30 бет көлемінде жазылған, кіріспе, 3 бөлім, қорытынды, 11 суреттен, 5 кестеден тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің саны - 19



1. ӨСІМДІКТІҢ БОТАНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ӨСУ ОРТАСЫ
1.1 Silybum marianum L. өсімдігінің ботаникалық зерттелуі және құрамындағы биологиялық белсенді заттары

Қазақстанның кең байтақ территориясы өсімдіктер түрлеріне өте бай. Медицинаға аса қажетті өсімдіктер тобы – дәрілік өсімдіктер. Адамзат қоғамы сонау ғасырлардан қазіргі күнге дейін өсімдіктерді емдік мақсатта пайдаланып келе жатыр. Осының салдарынан көптеген өсімдік түрлерінің қоры азайып, жоғалу қаупі туды. Қазіргі кездің өзінде Отандық ғылыми медицинада 216-дан аса дәрілік өсімдіктер түрі қолданылады [1].

Осы түрлерді сақтап қалу үшін тек табиғи қорды пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оларды арнайы екпе жағдайында өсіру керек. Халықтық медицинаға деген қызығушылықтың артуымен дәрілік өсімдік мүшелеріндегі биологиялық белсенді заттарды анықтап, фармацептикалық шикізатты анықтау қазіргі таңда өзекті мәселердің бірі. Ал биологиялық белсенді заттардың өсімдікте пайда болу процесі жылдың әр мезгілінде әртүрлі болады [2].

Silybum marianum (L.) Gaertn. – биіктігі 14-30 см, кейде 1,5 м жететін, тамыры ұршық тәрізді жуандаған бір немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жалаң немесе әлсіз түкті, бөлшектенген, тік, бұтақтанған, сирек әлсіз бұтақтанған, жұмыр пішінді. Жапырақтары жасыл, жылтыр, ұзындығы 8-14 см және ені 4-5 см, төменгілері сағақты, ал ортаңғы және жоғарғылары қондырмалы, жапырақ тақтасы ұзынша, жиектерін ұзын, әрі қатты тікенектер көмкерген. Жапырақ тақтасындағы дақтары ірі, ақ, көлденең, толқынды, үзік сызықты. Барлық жапырақтары кері ланцет немесе эллипс тәрізді. Гүлдері ұзындығы 3-6 см болатын үлкен шар тәрізді себетке жиналған, сыртын тікенекті орауыш қоршайды; дара жіңішке гүлсидамды. Гүлдері көпсанды, күлте жапырақшалары ақшыл-көк, қызғылт түсті, түтікті. Тұқымшаларының ұзындығы шамамен 5 - 7 мм, эллипс немесе кері жұмыртқа тәрізді, әлсіз қатпарлы, қара-қоңыр немесе ақшыл дақтары бар, төбесі цилиндрлі, үш қалақты; түктері ақ – сарғыш түсті, айдаршалары тең емес, сыртқылары қылтаң тәрізді, ал ішкілерінің ұзындығы 1-2 см, жалпақтау; сақинасындағы түктерінің айдаршасы жіңішке, өте қысқа, әлсіз, ұзындығы 2 мм. Жаз айларында гүлдейді.

Қазақстанда Silybum туыстығының бір ғана түрі өседі, яғни ол монотипті.

Ертеректе жемісін медицинада бауыр және көкбауыр ауруларына, өтке тас, құм жиналғанда, сарыауруға және жөтелге қолданған. Халық медицинасында шұбар алатікенді бауыр, өт жолдары және көкбауыр қабынғанда, іштің бүріп ауырғанына, өт жолдарына тас және құм жиналуға, сарыауруға, тік ішектің қабынуына және іштің қатуына, т.б. жалпы күшті сергіткіш дәрі ретінде кеңінен қолданылады. Қазіргі уақытта ресми медицинада алатікен жемісі өт тасын, холецистит және сары ауруларын емдеу үшін қолданылатын «Холелетин» препаратының негізін түзеді [3].

Оның «өткір-ала» жемісі ресми медицинада гепатитке, атеросклерозға қарсы, иммунды реттеуші және т.б. ауруларға кеңінен қолданылатын ГФР-да «Legalon» /14/, Ресейде «Силибохол», «Растоспир» /15/, «Силибор» /16/, «Холелетин» /17/ препараттарының негізін түзсе, елімізде (ГРЛС-94) /18/ және Украинада (63301, МПК А 61 К 35/78, N 2003032761) арнайы гепатопротекторлық зат ретінде патент берілген /19/.[4]

Осындай көптеген түрлі аурулардың емі болған бұл дәрілік өсімдіктің сырын ашу үшін ғалымдар жан-жақты зерттеді.

Емдік мақсатта қолданылатын жемісінің химиялық құрамын және фармакологиялық қасиеттері анықталды. Тұқымын кешенді технологиялық өңдеу барысында майсыз, ұнтақ түріндегі дәрілік өнімі, алатікен майы, алатікеннің сұйық сығындысы, және «Силибохол», «Силидон», «Растоспир» кешенді препараттары дайындалды [5]

Сол сияқты шұбар алатікеннің белгілі және жаңа препараттарының қасиеттері (гепатопротекторлық, иммунтұрақтандырғыш, атеросклерозға қарсы және т.б.) зерттелген. Бұл зерттеулердің өзектілігі сонша, болашақта алатікенді медицинада кең қолдануға мүмкіндік береді [6].

Келесі жұмыс Пенза мемлекеттік ауылшаруашылық академиясында шұбар алатікенді қалыпты жағдайлармен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету арқылы медицинада қолданылатын экологиялық таза фармацевтикалық өнім алуға бағытталған. Зерттеу жұмысы 2001-2004 жылдары Каменск ауданы Вадинск-Мокшан агротопырақты аумағында орналасқан «Атмис» агроөндірісінде жүргізілді. Бұл жердің топырақ жабыны шымтезекті, қара топырақ. Орташа есептегенде үш жылда 1,03 т/га өнім жиналды, ең жақсы тыңайтқыш көңге қарағанда шымтезек (3 т/га). Тұқымдарын және бутонизация кезеңінде өркенін ЖУСС-I тыңайтқышымен өңдегенде тамырының жақсы өсу және фотосинтездің қарқынды жүруі байқалады [7].

Енді бір ғалымдар өсімдіктен бөлініп алынған майды тұрақтандыру тәсілдерін анықтады. Оның тотығуға қабілеттілігі құрамындағы антиоксидант эффектісіне тәуелді. Сондықтан 1:2 қатынасындағы α-токоферол-аскорбилпальмитат қосындысын пайдаланса, ол тотығуды максимальды бәсеңдетеді [8].

Н.И. Вавилов атындағы Саратов мемлекеттік аграрлық университетінде 1998-2000 жылдары шұбар алатікен алғаш рет Саратов оң жағалауында, құрғақ өңірде екпе жағдайында өсірілді. Жоспар бойынша өсімдікке әсер ететін ортаның әртүрлі жағдайлары, көп, әрі сапалы өнім алудың жолдары зерттелді. Зерттеу нәтижелері қолайлы уақыт ерте көктемде, 3-4 см тереңдікте таза участокке тұқымдарды себу [9].

Өсімдіктің осындай дәрежеде бағалануының басты себебі тұқымында 32 пайызға дейін шыны майлар, 0,08 пайыз эфир майы, шайыр, биогенді аминдер (тирамин, гистамин), 2,8-3,8 пайыз флаваноноллигнандар, соның ішінде силибин, силидианин, таксифолин, силихристин және бірнеше маңызды макро-, микроэлементтер, К витамині, Т факторы (тромбоцит санын арттыратын), шайыр, аз мөлшерде сапониндер және алкалоидтар кездеседі. Зерттеу нәтижесінде 5 түрлі флавоноид, соның ішінде квертенцин табылған [10]

Флавоноидтар - барлық флаваноидтар негізінен флавон деген қосылысқа жатады. Үшкөміртек үзбелерді байланыстыратын структураға қарай, сонымен бірге оның тотығу дәрежесіне байланысты барлық флавоноидтар бірнеше негізгі топтарға бөлінеді; 1) Катехиндер; 2) Лейкоантоцианидтер; 3) Антоцианидиндер; 4) Флавоноидтар; 5) Флавонолдар-3; 6)Флавондар және флавонолдар; 7) Халкондар және дигидрохохалкондар; 8) Аурондар; 9) Изофлавондар. Флавоноидтар өздерінше бос күйінде де, немесе гликозидтер түрінде де (катехиндерден басқасы) кездеседі. Көміртекті бөлігі ретінде моно-, ди- және трисахаридтер болуы мүмкін. Моносахаридтерден кәдімгі өсімдіктерде болатын қанттар: Д-глюкоза, Д-галактоза, L-рамноза, L- арабиноза болады.

Флавоноидтар деген атпен белгілі өсімдіктер пигменттері класын зерттеу ХIХ ғасырдың басынан жүргізілді деп айтуға болады. Флавоноидтар қосылыстарына қызығушылық әсіресе ерекше 20ғасырдың 40 жылдарынан басталды. Септ-Дьерди 1936 жылы лимон қабығынан алынған флавоноидтар жиынтығының Р витамині белсенділігіндей әсері бар екендігін дәлелдеді. Қазіргі кезде флавоноидтардың фармокологиялық әсері диапазоны өте кең белгілі болды. Әдебиеттердегі мәліметтерден флавоноидтарды жүрек-қан тамырларын емдеуге, спазмолитикалық, қабынуға қарсы, микробтарға қарсы дәрілік заттар ретінде пайдалануға болады. Соңғы кезде флавоноидтарды ісікке қарсы да қолдануға болады деген мәліметтер бар. Бірақта флавоноидтардың дәрі-дәрмек ретінде ресми түрде пайдалануы әлі шектеулі. Өте жиі флавоноидтарды Гален және Жаңа гален препараттары құрамына кіретіндігі туралы айтылады [11].



Алкалоидтар – күрделі азотты қосылыстар. Бұл сөз арабша алкали – сілті және гректің эйдос – ұқсас деген мағына береді. Өсімдік түрлеріне, өскен ортасына, биологиялық даму сатыларына, өсіру және жинау әдістеріне байланысты алкалоидтардың мөлшері де әртүрлі болады. Алкалоидтар суда ерімейді, бірақ түрлі органикалық қышқылдармен тез байланысып, суда ерітінді түзеді. Медицинада алкалоид тұздарының судағы ерітіндісі қолданылады. Алкалоидтар дәмі ащы, көпшілігі улы, күшті әсер еткіш дәрілік заттар тобына жатады. Фармакологиялық әсері өте көп [12].

Шайыр – күрделі химиялық қосылыс, жабысқақ, суда ерімейтін, әртүрлі иісті зат. Сұйық шайырды бальзам деп атайды. Өсімдікте шайыр шайыр жолдарында болады. Егер өсімдіктің сыртқы қабаты жарақаттанса, шайыр толық жауып, кеуіп қалудан және микроб түсуден қорғайды. Шайыр қылқанжапырақтыларда, қайыңның бүрі мен жапырағында, алоэда кездеседі. Медицинада оларды бактерияға қарсы, ал тұндырмасы ішкі органдырға пайдаланады. Қарағайдан алынған шайыр медицинада кең қолданылатын «клеол» пластырь құрамына кіреді. Ежелгі Египетте ладан, мирра, канифоль сияқты шайыр заттарын өлген адамды бальзамдау үшін қолданған. Бірі сүргі ретінде, екіншісі жараларды емдеуге, үшіншісі несеп айдауға дәрі ретінде қолданылады.

Шыны майлар мен майға ұқсас заттар. Глицеринді күрделі эфирлер мен жоғары май қышқылдарының қосылыстары. Май құрамына қаныққан және қанықпаған қышқылдар кіреді. Қаныққан май қышқылдары құрамында пальмитин, стеарин, миристил және лаурин қышқылдары болады. Шыны майы көбінесе өсімдіктің тұқымында кездеседі, тек зәйтүн майы етті зәйтүн жемісінен өндіріледі. Шыны майлар суда ерімейді, спирттің суық ортасына қарағанда ыстық ортада тез ериді. Медицинада өсімдік майларын (мазь, кремдер, сабын) теріні жұмсарту үшін кең қолданады. Көпшілік майлар құрамындағы қанықпаған қышқылдар қан құрамындағы холестеринмен байланысып, тез еритін қосылыстар түзеді де, ағзадан шығаруға көмектеседі. Сондықтан шыны майларын «эссенциальды» деп атайды, организмде түзілмейді. Ең бағалы болып жүгері, күнбағыс, зәйтүн майы саналады. Өсімдік майын көп қолданатын Үнді, Қытай, Жапония елдерінде Америка, Европа елдерімен (бұл елдер көбінесе жануарлар майын қолданады) салыстырғанда атеросклероз ауруларына шалдығу біршама төмен. Майға ұқсас заттарға балауыз, стериндер, камфора кіреді, оларды да дәрі дайындауға қолданады.

Эфир майлары – күрделі әртүрлі үшпамай қосылыстары, өткір иісті зат. Шыны майлардан ерекшелігі матада және қағазда майдың іздері қалмайды. Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тән болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркәсібінде кең қолданады. Өсімдіктегі оның мөлшері 0,001%-тен 20%-ке дейін өзгеріп отырады. Оны су буымен айдау немесе экстракция әдісімен бөліп алады. Олар спиртте, шыны майда және басқа органикалық еріткіштерде ериді. Эфир майының химиялық құрамы әртүрлі болғандықтан, адам организміне түрлі-түрлі әсерін тигізеді. Микробтарға және түйілуге қарсы дәрі, жүрек жұмысын жақсартады, қызуды басады, ас қорыту жолдарында шырын бөлінуін күшейтеді.

Сапониндер (лат. Сөзі- «Sapo» - сабын) деп үлкен табиғи қосылыстар тобын атайды. Сапониндер химиялық құрылысы жағынан гликозидтер болып саналады. Олардың гемолитикалық қасиеті бар және салқын қандыларға улы. Сапониндер суда оңай еритін түссіз зат. Сапониндердің судағы ерітіндісі немесе шикізаты сілкіп бөліп алғанда күшті көбіктеніп кетеді, сол қасиетіне байланысты оны ΧΙΧ ғасырдың басында сапониндер деп атаған. Сапониндер сұйытылған этанолда және метонолда (60-70%) суықта ериді, ал концентрациясы жоғары (80-90%) спиртте тек қыздырғанда ериді, салқындатқанда ол тұнбаға түседі. Сапониндер эфирде, хлороформда, ацетонда, бензинде және басқа да органикалық еріткіштерде ерімейді.

Кейбір сапониндер жоғарыда айтылған қасиеттердің бәріне ие емес. Мысалы, кейбір сапониндер суда ерімейді, ал кейбіреулерінің гемолитикалық белсенділігі жоқ.

Барлық сапониндер өзінің химиялық табиғаты жағынан гликозидтер, олар агликондар (сапогениндерден) және көмірсудан тұрады.

Сапониндер және құрамында сапониндер бар шикізаттың шаңдары көздің, мұрынның, ауыз қуысының шырышты қабығына қоздырушы әсерін тигізеді. Сапониндер ішке көп мөлшерде қабылданғанда адам уланып қалуы мүмкін - лоқсу, құсу, іш өту, бас айналу сияқты жайсыз жағдайларға алып келеді [13].

Өсімдіктер дүниесінде пентациклді трипенді сапониндері кеңінен таралған. Трипенді гликозидтер өсімдіктердің мүшелерінде болатындығына қарай олар өсімдіктегі биохимиялық процестерге қатынасады деп айтуға болады.

Кейбір мамандар болжамы бойынша трипенді сапониндер өсімдік клеткасының өткізгіштігіне әсер етеді, ол олардың беттік белсенділігіне байланысты. Сапониндердің белгілі концентрациялары тұқымдардың өніп-өсуі жалпы өсімдіктің дамуын жылдамдатадындығы анықталды. Ал егер де сапониндердің концентрациясы шамадан тыс жоғары болса, керісінше кешеуілдетеді. Тритерпенді сапониндер көп мөлшерде өсімдіктердің жер асты мүшелері - түйнектерінде, тамырсабақтарында жинақталады. Олар клетка шырынында еріген, олардың мөлшері 20 % - ға (құрғақ массасына) дейін болуы мүмкін. Егерде өсімдік құрамында тритерпенді сапониндер өте мол болса, онда оларды микроскоп арқылы түссіз, формасыз кесектер (глыба) түрінде көруге болады. Тритерпенді сапониндер медицина және халық шаруашылығының әртүрлі саласындағы ролінің артуына байланысты олардың өсімдік (әсіресе өндірістік маңызы бар) құрамында болуын тереңірек, кеңірек вегетациялық фазаларға және сыртқы факторлардың әсеріне байланысты зерттеу өте қажет. Сапониндер адам ағзасында әртүрлі суық тигенде, қақырық түсіруге, дәреттің дұрыс жүруіне, өт айдауға қатысады [14].


1.2 Өсімдік өсетін аймақтың ауа-райы

Іле Алатауының ауа райының жағдайы құрлықтағы басқада тау жүйелері сияқты, ондағы тік бағытта ландшафты зоналық заңдылыққа, яғни оны тегістік ауа райынан теңіз деңгейінен абсолютті аса биіктігі мен ондағы мәңгі мұздың орналасуымен ерекшеленеді. Демек тау жүйесіндегі ауа райының параметрлік көрсеткіштері, ондағы әр қилы ланшафттардың кеңістікте орналасуы бағыты, орогафиясы, тау бедерінің ірі элементтері, ауа – райының басқада басты факторларының өзара қатынасымен анықталады.

Іле Алатауының ауа райының ең маңызды сипаты оның географиялық шетте орналасуы мен ашықтығы, яғни солтүстіктен, әсіресе-қыста Сібір мен Солтүстік Еуропадан соғатын суық ауа ағымынан тасаланған орталық бөліктеріне қарағанда оның терістігінде жалпы жылдың орташа температурасы біршама төмен, қысы суық. Міне, сондықтан да терістік Тянь-Шань жоталарының климаты тік өрлемелі бағытта заңды түрде тау етегіндегі континентальді терістік климаттан биік таулы субнивальді климатқа дейін алмаса өзгереді.

Іле Алатауының орталық аймағындағы жылдың жылу мен ылғалдың, тағы басқа да климаттық факторлардың суық және жылулықтың таралу ретіне қарай 7 тік климаттық аймақтарға бөлуге негіз бар :

1-тау етегіндегі құрғақ далалы аймақ.

2- таулы далалы аймақ.

3- таулы шалғынды аймақ.

4- таулы орманды аймақ.

5-субальпілі /жылы-қоңыр салқын/ аймақ.

6- альпілі /орташа- суық/ аймақ.

7-мәңгі қарлы аймақ.

Біздің зерттеулер жүргізген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми өндірістік кешені «ЭКОС» тәжірибелік станция Алматы қаласының оңтүстік-батыс шетінде т.д 964-995 м. биіктіктегі тау етегіндегі далалық климаттық аймақта орналасқан. Оның географиялық орналасу координаттары төмендегідей:

N 430 11' 12,2''– 430 11' 26,4''

Е 760 51' 34,2''- 760 51' 27,9''

Аймақ климаты қатаң континенттік. Жыл бойындағы айлардағы температурасының өзгеруіне байланысты ауаның салыстырмалы ылғалдығы 70- 80 % болады [15]. Климаттың ерекшелігі ауа температурасының түн мен күнде ғана емес жыл бойында тұрақсыздығы, яғни оның 25-300С аралығында ауытқуы. Қыстағы жылылық ауа температурасының кенеттен күрт төмендеуімен алмасады да, керісінше жаздағы соңғы үсік мүмкіндігі маусым айында да болуы мүлдем ықтимал. Қардың қалыңдығы әлсіз, небары 15-20 см-ден аспайды. Желдің оңтүстік және оңтүстік шығыс бағыты басым, оның орташа жылдамдығы 4 м/сек.
1.3 Өсімдік өсетін аймақтың топырақ жамылғысы

Іле Алатауының топырағын алғашқы ғылыми зерттеушілердің бірі Р.И. Аболин [16] және т.б. көптеген ғалымдар тау етегінің топырағын зерттеуге үлкен үлес қосқан.

Топырақ - жер шарының тіршілік аймағы, биосфераның басты компоненті. Топырақ түзуші факторлардың ең маңыздысының бірі - өсімдік, ал өсімдік тіршілігі топырақсыз мүмкін емес. Сондықтан да, екпе жағдайдағы өсімдікпен жүргізілген ғылыми зерттеулердің қайсыбірі болмасын, топырақтың құрамдық ерекшелігімен қоса қарастырылған. Өйткені топырақ өсімдік қорегінің қайнар көзі, негізгі өсу және тұрақталу ортасы. Бірақ Қарасай ауданының құзырындағы ҚазҰУ ғылыми өндірістік кешені «ЭКОС» тәжірибелік станциясының топырақтары бұрын соңды толық зерттелмеген .

Аймақтық жер бедері-жонды-төбелі тау етегінде шошақ шығындыдағы тегістік.

Орта жер бедері – оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталған еңіс тегістік.

Өте кіші жер бедері – беті тегістелген, әлсіз төмпешік.

Топырақ қабаты домалақ және қиыршық тасты шөгінді төсенділі, лессты саздақтан қалыптасқан.

Станция топырақтары кезінде ұзақ пайдаланылған, ал қазір өңделмеген тыңайған жағдайында. Тығайған учаскелердің өсімдік жабыны шабындық сипатты, аралас шөпті (бетеге, селеу, жусан, таспашөп, қияқөлең, тобылғы, еркекшөп, табиғи жоғышқа, бақажапырақ, және басқалары) бетегелі- селеулі. [17]

Топырақ беті хлорсутекті қышқылынан қайнамайды. Зерттелген топырақ профилінің морфологиялық сипаты:

А1 – қабаты 0,1 - 10 см сарғылт, сұр - қоңыр ылғалды, дәрі тәрізді шашыраңқы, майда, түйіршікті, тамырлылау, хлорсутекті қайнамайды, орташа құм-балшықты, төменгі қабатқа біртіндеп өтеді.

А2 – қабаты 10 - 24 см сұрғылт – қоңыр, тығыздалған, ылғалды жаңғақ тәрізді түйіршік- кесекті, тамырлылау, хлорсутектен қайнамайды, орташа құм- балшықты, төменгі қабатқа біртіндеп өтеді.

В1 – қабаты 24 - 40 см күңгірт, қара - қоңыр, тығыздалған, жаңғақ тәрізді түйіршік – кесекті, әлсіз тамырланған, хлорсутектен қайнамайды, ауыр құм балшықты, төменгі қабатқа өтуі көзге түсерлік.

В2 – қабат 40 - 65 см күңгірт - құба, ылғалды, тығыз ірі үйіршікті- кесекті, әлсіз тамырланған, хлорсутектен қабаттың төменгі жағы әлсіз қайнайды, ауыр құм- балшықты, төменгі қабатқа өтуі айқын.

С – қабаты 65 - 100 см құба – сарғыш, тығыздалған ылғалды, құрылымсыз, өсімдік тамырлары сирек, хлорсутектен тасқынды қайнайды, ауыр құм балшықты. Бұдан әрі топырақ қазбасының 265 см тереңдігіне дейін қиыршық тасты шөгінділер мен майда тастар және оның үгінділері төселген де, одан әрі пішіні дөңгелек жұмыр тастар орналасқан. Сипатталған тау етегі сілтісізденген, күңгірт, қара-қоңыр топырақ. Оның генетикалық қабаттары айқын тұрақталған, профильдері толық дамыған. А+В шірінді қабатының қалыңдығы 65 см. Топырақ қарашірінді қабатының мұндай шұбалыңқылығы оның егістікте ұзақ пайдалануы мен мезгіл-мезгіл жиі суарылуымен түсіндіріледі [18].

Топырақтың физикалық-ылғалдылық қасиеттері. Топырақ өзінің гранулометрлік құрамы бойынша өңделетін немесе жыртылатын А қабаты (бөлшектер жиынтығы < 0,01 мм - 43 - 44,4 %) орташа құм- балшықты, одан ірі барлық профилі бойынша ірі шаң-тозаңды (0,02 - 0,01 мм бөлшектер жиынтығы -33,4 - 38,1 %) фракциясы басым, ал төмен қарай орташа және майда шаң-тозаңды сипатты. Топырақтың А-қабатының ылайлы фракциясы (бөлшектері <0,001 мм) 9,9 - 11,2% топырақ пішіні ортасынан тереңдеген сайын бұл көрсеткіш ұлғаяды да, оның В- қабатында максимум көрсеткіші 14,4 % жетеді. Онан кейін аналық және гранулометрлік құрамының мәліметтері бойынша топырақтың физикалық жағдайына баға беріледі. Н.А. Качинскидің бағалау шкаласы бойынша топырақтың жалпы кеуектілігінің қарастырылған топырақтың жоғарғы қабаты өсімдік тамыр жүйесінің дамуына қанағаттанарлық жағдайда (50 - 55%), ал өңделген (42,0%) қабатының астында бұл жағдай қанағатсыз. Топырақтың барынша максималды гигроскопиялық мәні орташа (5,2 - 5,4 %), ал сору ылғалдылығы 6,9 - 7,1 % шамасында. Қарастырылған топырақтар едәуір ылғал сыйымдылығына ие (26-29 %), сондықтан да, оны суармалы егіншілікке пайдалануға мүмкіндік бар. Бүтіндей алғанда сілтісізденген күңгірт қара-қоңыр топырақ оңтайлы физикалық ылғалдылық қасиеттерге ие. [19]


Каталог: uploads -> doc -> 01ef
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
01ef -> Сабақтың тақырыбы: к дыбысы және әрпі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет