Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы карикатуралар байқауы туралы ереже жалпы ережелер



Дата10.04.2018
өлшемі48.28 Kb.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

тақырыптағы карикатуралар байқауы туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы карикатуралар байқауын (бұдан әрі - Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін, үміткерлерді конкурстық іріктеу критерийлерін, жеңімпаздарды марапаттау тәртібін белгілейді.

1.2. Байқау ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде өткізіледі.

1.3. «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» партиялық жобасының шеңберінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты» ЖМ, «Нұр Отан» партиясы Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңесімен бірлесіп, Байқау ұйымдастырушысы болып табылады.


  1. Байқаудың мақсаттары

2.1. Байқаудың мақсаттары:

- Қазақстан Республикасында іске асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттау;

- қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге жастардың назарын аудару болып табылады.

 


  1. Байқаудың тақырыбы

3.1. Тақырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әртүрлі бағыттарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету және оның алдын алу тәсілдерін, жемқорлық көріністерінің пайда болу себептерін талдауды, сыбайлас жемқорлықты жағымсыз ететін жалпыға ортақ моральдық тәсілдерін насихаттауға бағытталуы тиіс.




  1. Байқауға қатысу

4.1. Жас мөлшері 18-ден 29-ға дейінгі жастар, жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар өкілдерінің Байқауға қатысу құқығы бар.

4.2. Байқауға қатысатын жұмыстарға қойылатын талаптар:

а) Байқауға қолмен салынған сурет не болмаса компьютерлік графика түріндегі (қажет болған жағдайда мәтіндік түсіндірмесімен (аннотациясымен) және аталған тақырыптағы басқа жұмыстармен қоса) жұмыстар қабылданды.

ә) карикатура сыбайлас жемқорлықты айыптайтын (ажуа, мысқыл, тура айыптау, аманат, т.б.) ұраны бар жазбасымен қоса келтірілген сурет түрінде жасалуы тиіс.

б) суреттерге қоса автордың аты-жөні, әкесінің аты сияқты мәліметтер жазылуы тиіс.

в) жұмыстар саяси тұрғыда орынды болуы тиіс, жағымсыз лексика мен қылықтарсыз, қорлау көріністерінсіз, сондай-ақ ұлтаралық және діни келіспеушіліктерін тудыруға алып келетін шақыртуларсыз болуы қажет;

г) байқауға қатысатын жұмыстарды әзірлеу кезінде әзілді пайдаланған жөн.

4.3. Байқауға қатысушыдан электронды немесе қолдан жасалған нұсқалар қабылданады. Электронды нұсқасы 1:1 масштабында және 300 dpi-дан кем емес кеңеюі болуы тиіс, JPEG/TIFF форматында жасалуы тиіс, қолмен жасалған жағдайда плакат А3 форматындағы парақта әзірленуі қажет. Плакатты жасауда қолданылған сурет пен компьютерлік графика міндетті түрде авторлық болуы тиіс.

Техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар қабылданбайды.

4.4. Карикатуралар байқауы көрме форматында өткізіледі.

4.5. Байқауға қатысу жөніндегі өтініш осы Ережеге қоса берілген қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес беріледі.

Өтінішке келесілер қоса беріледі:

а) қағаз тасымалдағышында жұмыстың қысқаша мазмұны мен техникалық сипаттамалары, автордың тегі, аты, әкесінің аты және байланыс ақпараты;

ә) осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін конкурстық жұмыс

4.6. Байқауға қатысатын жұмыстар байқаудың өткізілетіні жайлы хабарланған сәттен бастап, 2015 жылғы 20 қыркүйегіне дейін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратына (Астана қаласы, Қонаев көшесі 12/1, 1-қабат, 104-кабинет, Партиялық бақылау қызметі, тел. +7(7172) 707-609) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы карикатуралар байқауы» белгісімен ұсынылады.

4.7. Байқауға жіберілген материалдар қайтарылмайды және олар бойынша рецензия берілмейді.


    1. Байқау жөніндегі ақпарат «Нұр Отан» партиясының ресми сайтында жарияланады.




  1. Жұмыстарды бағалау және

байқаудың қорытындыларын шығару
5.1. Байқауға қатысатын жұмыстарды бағалау кезінде келесі критерийлер пайдаланады:

а) ұсынылған жұмыстардың байқау мақсаттарына барынша толығымен сәйкес келуі;

ә) ұсынылған жұмыстардың жоғары кәсіби деңгейі (оңай қабылдануы, айқын тәсілдерді қолдану, екпіндерді нақты жасау);

б) тұжырымдаманың ерекше болуы және шығармашылық мақсатқа жетудегі жаңашылдығы;

в) байқауға ұсынылған жұмыстың тәжірибе жүзінде іске асыру мүмкіндігі.


  1. Байқаудың қорытындыларын шығару

және жеңімпаздарды марапаттау
6.1 Байқау жеңімпаздарын арнайы комиссия анықтайды.

6.2 Комиссия байқау қорытындыларын 2015 жылғы 30 қыркүйекке дейін шығарады.

6.3 Жұмыс нәтижелері бойынша комиссия мүшелері дауыс беру жолымен жеңімпаздарды осы Ереженің 5-бөлімінде белгіленген критерийлерге сәйкес анықтайды. Комиссияның шешімі оның отырысына қатысқан мүшелер дауыстарының қарапайым көпшілігімен қабылданады.

6.4 Дауыс беру нәтижелері және комиссияның шешімі комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі, оған комиссияның төрағасы мен хатшысы комиссия отырысы өткен күннен бастап бір күн ішінде қол қояды.

6.5 Конкурс жеңімпаздары туралы ақпарат комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде байқауға қатысушыларға жеткізіліп, партияның www.nurotan.kz ресми сайтында орналастырылады.


  1. Сыйақы қоры

7.1. Байқаудың жалпы сыйақы қоры 300 000 теңгені құрайды.

7.2. Байқау комиссиясы 3 жүлдегерді анықтайды. Сыйақы сомасы бірінші орын үшін 120 000 теңге, екінші орын үшін – 100 000 теңге, үшінші орын үшін – 80 000 теңгені құрайды.

7.3. Байқау жүлдегерлері ақшалай және құнды жүлделермен, жеңімпаздың алған орны көрсетілген дипломдармен, қалған қатысушылар қатысқаны үшін алғыс хаттарымен марапатталады.



Қосымша
ҚАТЫСУШЫНЫҢ ТІРКЕЛУ КАРТАСЫ (өтініш)


Т.А.Ә.




Туған күні




Тұратын орны, телефон, e-mail.




Жұмыс орны (лауазымы), білім беру мекемесініе атауы (курс)





Байқаудың шарттарымен таныстым және олармен келісемін. Автор ретінде конкурстық жұмысты ақысыз негізде Интернет желісінде орналастыруға, оны Қазақстан Республикасындағы теле және радио-бағдарламаларда және сыртқы жарнамалық тасымалдағыштарда пайдалануға, сондай-ақ коммерциялық емес мақсаттарда оны баспсөз бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға қарсы емеспін.

___________________________ қолы, күн
Каталог: sites -> default -> files -> files
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Террористік акт және төтенше жағдайлар қаупі төнген кездегі әрекеттер тәртібі
files -> Членство в общественных организациях: Членство в общественных организациях
files -> Коллаген основа избыточных рубцов
files -> Аутизм. Что такое аутизм и каковы его особенности, как проявляется и почему развивается аутизм у детей?
files -> Программа по отдельным темам, перечень вопросов для подготовки к экзамену и список рекомендуемой литературы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет