«Шу мен дірілдің әсерінен адам ағзасында пайда болатын кәсіби аурулар»



жүктеу 115.76 Kb.
Дата30.06.2017
өлшемі115.76 Kb.
«Шу мен дірілдің әсерінен адам ағзасында пайда болатын кәсіби аурулар»

Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.

Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістерідамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмысету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.

Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.



Патогенезі. Шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда, ең алдымен есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар шу есту мүшелерінен бөлек терідегі сезімтал рецепторлар арқылы да қабылдануы мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған.

Тері жабындыларындағы дірілді сезетін рецепторлардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде есту ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек эволюциялық даму процесі кезінде, тері жабындыларынан есту ағзасы қалыптасады, ол акустикалық дыбыстарға әсер ете бастайды. Адам құлағының акустикалық тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең – 16 – 20 000 Гц. 1000-3000 Гц дыбыс жиілігін қабылдауға есту анализатор-лары өте сезімтал.

Ішкі құлақтың есту анализаторларының шеткі бөлімдерінің шудың әсерінен жарақаттануына байланысты, бірқатар зерттеушілердің тексерулері бойынша, ету ағзасындағы өзгерістердің пайда болуымен түсіндіріледі. Осымен ішкі спирал және спиралды ағзадағы (кортиев) зақымдалған клеткалардың алғашқы орналасқан жерлері түсіндіріледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұзақ шудың әсері ішкі құлақтағы тұрақты қан айналымның бұзылыстарына әкеледі, ол лабиринттегі сұйықтықтардың өзгерістерінің себептері болып табылады және спиралды ағзаның сезімтел элементтерінің дегенеративті процестерін тудырады.

Есту ағзасының зақымдануының патогенезінде ОНЖ маңызын еске алу керек. Қарқынды түрдегі ұзақ шудың әсерінен ұлудың нервтік аппаратында дамыған патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш түсумен негізделген.

Естудің төмендеуі кейбір биохимиялық процестерге негізделген. Жануарлардың спиралды ағзасын гистохимиялық тексерулер кезінде, гликогенннің құрамындағы нуклеин қышқылдарын, сілтілі және қышқылды фосфатазаны, янтарлы дегидрогеназа және холинэстеразалық өзгерістер анықталған.

Адекватты емес өзгерістердің пайда болуы мен шудың әсерлеріне жауаптары есту анализаторларының анатомиялық физиологиялық байламдарындағы нерв жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасуға байланысты. Есту анализаторларының рецепторлық аппараты арқылы әсер ететін, акустикалық тітіркендіргіштер, тек қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен қатар басқа ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды шақырады.



Кәсіби кереңдіктің клиникасы. Шулардың адам ағзасына қолайсыз жағдайларының клиникасындағы маңызды белгілерге естудің кохлеарлы тип бойынша баяу үдемелі төмендеулері жатады. Екі құлақта бір деңгейде зақымданады. Есту ағзасының профессионалды себебін анықтау үшін, науқастың шағымдарын, жұмыс орындарындағы басқа адамдардағы аурудың кездесулерін, сонымен қатар жұмыс істейтін орнының санитарлық гигиеналық жағдайларын анықтаймыз. Естудің профессионалды төмендеулері кезіндегі отоскопиялық картиналардың ерекшеліктері жоқ.

Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары алғашында есту қадамының 4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады. Бұл өзгерістер алғашында естуді қабылдауға әсер етпейді, сондықтан жұмысшылар есту қабілеттернің төмендегенін байқамайды. Естудің төмендеулерінің субьективті көріністері дыбысты қабылдау аймақтарының 500, 1000, 2000 Гц жиілікке дейін төмендеулерімен сипатталынады, ол баяу дамып, осы мамандық бойынша жұмыс істеу стажына байланысты ақырындап өседі. Аудиометриялық тексерулер кезінде жоғарғы жиіліктерді қабылдайтын аймақтарда (4000-8000 Гц), сөйлеу диапазонының жиілігі (500, 1000 және 2000 Гц), және естудің одан да төмен жиілікке дейін төмендеуімен (125-250 Гц) сипатталады.

Барлық дыбыс диапазоны бойынша дыбыстың өткізілуінің бұзылулары сүйек және ауа арқылыда бірдей. Шу және шудың вибрациясының әсерін бір уақытта алатын, «шулы» мамандықта жұмыс істейтін адамдардың есту қызметінің жағдайындағы клиникалық аудиологиялық көрнісі бірдей. Жалпы алғанда «шулы» мамандықта жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық топтарының 4000, 6000, 8000Гц жоғары жиіліктегі дыбысты қабылдау аймақтарының біршама төмендегенін байқаймыз. Алғашқы 5 жылыдқта осы аймақ бойынша естудің алғашқы қадамдарын жоғарлату бойынша жұмыстың нәтижесі онша жоғары емес. Олардың жоғарғы көрсеткіштері 10-40дБ аралығында болады. Кейінірек естудің жоғарлауы 500, 1000, 2000 жиілікте таралады. Осыған қарамастан мамандық бойынша жұмыс стажының өсуіне байланысты естудің төмендеуі дыбысты қабылдайтын 4000, 6000, 8000Гц жиіліктер деңгейінде қалады. Аз мөлшерде 500, 1000, 2000Гц жиіліктегі дыбысты қабылдау деңгейіне төмендейді, және 125-250Гц жиіліктегі дыбысты есту төмендейді.

Диагностикасы. Кохлеарлы невриттің салыстырмалы диагностикасын жүргізеді: науқастың шағымдары, аурудың анамнезі, аурудың дамуы мен ерекшеліктері (шумен байланысы, байланыстың ұзақтығы), отоскопиялық сипаты және есту қызметінің клиникалық аудиологиялық тексерулері, босағалық және босаға үстілік тонды мәліметтерді қоса отырып, естудің ультрадыбыстық аймақтарының жиіліктерін тексеру жатады.

Аурудың анамнезі мен отоскопиялық көріністің сипатына негізделе отырып сүлелі іріңді немесе адгезивті отиттің диагнозын анықтау қиын емес. Шудың әсерінен пайда болған профессионалды кохлеарлы невритті пайда болу себебінде шудың әсерлері жоқ аурулар, яғни отосклероз және басқа невритпен салыстырудың қиындығы бар.

Кәсібиге қарағанда басқа себептен пайда болған кохлеарлы невриттің дамуы жедел және кез келген деңгейдегі айқындықта болуы мүмкін. Естудің зақымданулары бір жақты немес екі жақты болуы мүмкін. Ауру белгілі бір себепке байланысты дамиды: тұмау, нейроинфекция, менингит, контузия немесе ототоксикалық дәрілік заттрады (стрептомицин, мономицин, хинин және т.б) қолданудан кейін.

Отосклероз кезінде профессионалды кохлеарлы невриттегі сияқты естудің төмендеуі бачу жүреді. Кәсіби кохлеарлы неврит үнемі екі жақты болса, ал отосклероз бір жақты және жас әйелдерде кездеседі. Осы жағдайларда салыстырмалы диагностика дыбыстың сүйектен және ауадан өтуін зерттеудің динамикасына негізделген (динамикалық аудиометрия).

Отосклероз және басқа себептен пайда болған невриттердің арасындағы салыстырмалы диагностика аудиометриялық зерттеулердің мәліметтеріне негізделген.

Кәсіптік кереңдік кезінде жоғарғы жиілікті қабылдаудың бұзылулары (4000-8000 Гц) аудиомтриялық қисықтың төмендеуімен сипатталады, ал аурудың өршуі кезінде орташа және төменгі диапазонның жиіліктерін қабылдауда қатысады. Кез келген этиологиялы кохлеарлы неврит кезінде дыбысты қабылдау жиілігінің жоғарлауы, барлық дыбыстың диапазонында және әртүрлі деңгейдегі айқындылықта болуы мүмкін, кереңдікке дейін. Осы және басқада жағдайларда ауалық және сүйектік дыбысты өткізу бір деңгейде зақымданады.



«Шулы» мамандығы бар жұмысшылардағы естуді бағалау критерилері. Шудың әсерін зақымдайтын адекватты көрсеткіштерге есту ағзасындағы естудің төмендеуі жатады.

Аудиометриялық тексерулердің көрсеткіштерін ескере отырып, құлақтың жағдайын динамикалық бақылау кезінде және әсіресе, еңбек ету сұрақтарын шешу кезінде, «шулы» мандықтағы жұмысшылардың естулерінің төмендеу деңгейін бағалаймыз. Тондық аудиометрия мәліметтері бойынша «шулы» мамандықтағы жұмысшылардың сөзді қабылдайтын аймақтағы есту қабілеттерінің төмендеуімен жүретін өзгерістер, құлақтың есту жағдайларын көрсетеді. Сондықтан есту қызметінің жағдайын бағалаудағы маңызды тексерулерге 4000 Гц жиіліктегі және сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының орташа көрсеткіштері болып табылады.

Аудиометриялық тексерулерді дәрігердің бақылауымен орташа медицина қызметкері жүргізе алады.

Тербеліс ауруы – клиникалық симптомдарының полиморфтылығымен және ағымының ерекшеліктерімен ажыратылатын, кәсіптік аурулар. Негізгі этиологиялық факторлары өндірістік вибрация. Тербеліс ауруы көбінесе машинаны құрайтын жұмысшыларда, металлургиялық, құрылысты, авиа- және кеме құрылыстарндағы, тасты өндіретін құрылыстарда, ауыл шаруашылығымен айналысатындарда, көлік және ауыл шаруашылығының басқада салаларында қызмет ететін жұмысшыларда кездеседі.

Соққылы немесе айналмалы әсерлі қол механизімінің аспаптарымен жұмыс істейтін жұмысшылар вибрацияның әсеріне ұшырауы мүмкін. Оларға металды кесетіндер, қалыпшылар, бұрғышылар, тас кесушілер, ұштағыштар, слесарлар жатады.

Қатынастың түріне байланысты вибрацияның жалпы және жергілікті түрлерін ажыратады. Жергілікті түрінде вибрация қолдар арқылы беріледі. Вибрацияның бұндай түрі айналмалы немесе соққылы механизмді аспаптармен жұмыс істейтін адамдарда кездеседі.

Жалпы вибрация отырған немесе тұрған бет арқылы беріледі(орындық, пол, өңделінетін заттар, помост және т.б). өндірістік жағдайларда жалпы және жергілікті вибрация орын алады.

Тербеліс ауруының клиникасы: Жергілікті вибрацияның әсерінен пайда болған, вибрациялық ауруды 4 кезеңге бөледі. І-кезеңінде, қол саусақтарындағы ауыспалы ауырсынулар, парестезиялар, жансызданулар болады. ІІ-кезеңде, ауырсыну және парестезия сезімдері айқын және тұрақты болады, тамырлар тонусындағы өзгерістер анықталынады, нақты сезімталдықтардың бұзылыстары болады. Вегетативті дисфункция және астения көріністері дамиды. ІІІ-кезеңінде вазомоторлы және трофикалық бұзылыстар айқын болады, ауырсыну ұстамалары, жансыздану және парестезиялар, айқын вазоспазм-саусақтардың ағаруы, аралас бұзылыстар сезімі пайда болады. Вибрациялық сезімталдықтың толығымен жойылуы тән, сіңір рефлекстерінің тежелуі немесе жойылуы тән, артериялды қысымның жоғарлауымен вегетативті дистония, гипергидроз пайда болады. Асқазан ішек жолдарының бұзылыстары анықталынады, рентгенде сүйек және буындардағы өзгерістер анықталынады. ІҮ-кезеңінде, жергілікті органикалық зақымдангулар, мысалы, энцефаломиелопатия дамиды(сирек кездеседі). Айқын трофикалық және сезімталдықтың бұзылыстары болады. Нерв бағаны бойындағы және саусақтардағы, буындардағы ауырсыну синдромдары тұрақты сипатта болады. Ангиодистониялық криздер қолдың шеткі тамырларын ғана емес, сонымен қатар коронарлы және ми тамырларының аймақтарында қамтиды.

Жалпы вибрацияның әсерлерінен пайда болған вибрациялық ауру – вестибулопатия (жүйелі емес бастың айналуы) мен бас ауруларымен көрінеді. Естудің және көрудің өзгерістері, бағаналық және жұлындық симптомдар, асқазан-ішек дискинезиясы, іштегі ауырсынулар, арқада көбінесе, бел-сегізкөз аймақтарындағы түбірлік ауырсынулар байқалынады.

Диагностикасы және салыстырмалы диагнозы. Диагнозды қояр алдында ең алдымен кәсіптік анамнезіне, жұмыс орнының санитарлық гигиеналық жағдайына көңіл аударады. Науқасты қазіргі кездегі клиникалық-фармакологиялық әдістермен тексеру керек. Комплексті тексерулердің ерекшеліктері аурудың бастапқы ерте клиникалық көріністерін анықтауда және ағзаның қызметінің мүмкіндіктерін анықтауда маңызды. Қараған кезде қолдың, аяқтың тері жабындыларының түсіне көңіл аударады, терінің температурасын өлшейді; әсресе сезімталдықты тексеруге аса көңіл аударады (вибрациялық, ауырсыну). Сонымен қатар, сүйек-буын, бұлшық ет және жүрек тамыр жүйесіде тексеріледі. Суық сынамаларын, капилляроскопияны, термометрияны, электроэнцефалографияны, электротопометрияны, поликардиографияны қолданады, жүрек тамыр жүйесін тексереді.

Вибрациялық ауруды басқа себептен пайда болған аурулардан ажырату керек (Рейно ауруы, сирингомиелия, вегетативті полиневрит, миозит және т.б).



Қорытынды

Науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту дәрежесі ауру ағымының түріне және ауырлығына, функциялық бұзылыстардың айқындылығына, клиникалық және еңбектік болжамдарына байланысты болады. Сондықтан мүгедектіктің 3 тобы болады: 1,2,3.

1-ші топтағы мүгедектік функциялық бұзылыстардың өте айқындығына байланысты адам өзін-өзі күте алмаса және басқа адамның күтімін қажет етсе немесе масыл болса ғана беріледі.

2-ші топтағы мүгедектік адамның еңбекке жарамдылығының толықтай және тұрақты түрде дамуын тудыратын функциялық бұзылыстардың өте айқын кездері мен аурудың тез үдемелі ағымында және дерттік процестің ауыр дәрежедегі өршулерінде беріледі. Мұндай адамдар басқа адамның үнемі күтімін қажет етпейді.

3-ші топтағы мүгедектік организм функциясының бұзылыстарына байланысты еңбекке жарамдылығының өте айқын төмендеуіне әкелетін сүлелі аурулары бар немесе анатомиялық кемістігі бар адамдарға беріледі.

Осы топтағы мүгедектік науқас адам денсаулығына байланысты ұзақ мерзімге өзінің мамандығына байланысты жұмыс істеуге болмайтын болса, ал еңбекке тиімді орналасуы оның квалификациялық деңгейінің төмендететін болса ғана бекітіледі.

КА-да науқас адамды әлеуметтік-еңбектік және медициналық сауықтыру өте маңызды болып саналады және оның мақсатына ауырған адам денсаулығын қалпына келтіру болып табылады. Науқас адамды сауықтыру комплексіне мына шаралар жатады:

КА мен кәсіптік емес аурулардың бастапқы түрлерін ерте және уақытында анықтау;

Аурудың патогенезіне негізделген емді тағайындау;

Науқас адамды тиімді еңбекке уақытша немесе тұрақты түрде орналастыру немесе бойындағы ауруына сәйкес медициналық және еңбектіе болжамдарын ескере отырып белгілі мерзімге оны еңбектен толық босату.



Шулы өндірістерге жұмысқа орналасқан жастарда әртүрлі жағдайларда есту қабілетінің төмендеулернің кездесу жиіліктерінің көрсеткіштері жоғары болған. 15 жасынан тігінші болған 11-20 жылдық стажы бар жұмысшыларды 79%, ал 18 жасынан бастап жұмыс істегендерде 51% жағдайларда есту қызметінде өзгерістер анықталған. Соңғыларынды естудің төмендеуінің ІІІ және ІҮ джеңгейі болмаған, ал алғашқыларында 32% жағдайда кездескен. өндірістік шудың әсеріне 16-17 жасынан бастап жұмыс істегендер 15 жасынан бастап жұмыс істегендерге қараған да тұрақты болды және 18 жастарынан бастап жұмыс істегендерге қарағанда тұрақтылықтары аз болып саналды. Осы зерттеулердің нәтижесіне келетін болсақ, егер жасөспірім неғұрлым жас болса, шу жағдайында жұмысты алғаш бастаған болса, соғұрлым ішкі құлақтағы нерв элементтерінің дистрофиялық өзгерістері дамиды.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет