«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» рмк «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы»



жүктеу 30.02 Kb.
Дата12.04.2018
өлшемі30.02 Kb.
«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» РМК

«Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1248 қаулысымен құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 195 қаулысымен «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы» РМК-ға (бұдан әрі – Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Қазаэронавигация» РМК-ның «Медициналық азаматтық авиация орталығы» ЕМК-ны қосу жолымен қайта құрылды.

Кәсіпорын қызметінің мәні азаматтық авиация саласында сертификаттық тексеруге алдын ала қорытындыны дайындау мен беру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты азаматтық авиация саласындағы халықаралық құжаттардың стандарттары мен талаптары деңгейінде негiзгi қызметпен байланысты жоғары сапалы қызметтерді ұсыну.



Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша шетел ұйымдарының, авиация персоналын дайындау жөніндегі авиациялық оқу орталықтарының сертификаттарын тану бойынша жұмыстарға қатысу;

  • азаматтық авиация ұйымдарының халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының стандарттары талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша жұмыстар жүргізу;

  • азаматтық авиация ұйымдарының әуе кемелерінің техниқалық және ұшуының пайдаланылуы жөніндегі құжаттамасын ИКАО-ның талаптарына сәйкестігін сараптау;

  • азаматтық авиация ұйымдарының ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйелерiн бағалауға қатысу;

  • авиация техникасын, авиациядағы радиотаратушы жер үсті құралдары мен ұшу қауіпсіздігінің басқару жүйелерін сараптау;

  • азаматтық авиацияның қызметін, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету саласын реттейтін нормативтік, техникалық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

  • азаматтық авиация саласындағы сертификаттауға, инспекциялық тексеруге қатысу;

  • сертификаттық тексеруге алдын ала қорытындыны дайындау;

  • азаматтық әуе кемелерiнiң пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актiлерiн дайындау;

  • азаматтық әуе кемелерiнiң шетел мемлекеті берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану бойынша жұмыстарға қатысу;

  • арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру бойынша жұмыстарға қатысу;

  • халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемесі жабдығының Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі - ИКАО) стандарттарының талаптарына сәйкестігін бағалау;

  • халықаралық ұшуды орындау бойынша азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының ИКАО-ның талаптарына сәйкестігін бағалау;

  • Кәсіпорын қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқыту курстарын, семинарларын ұйымдастыру және өткізу;

  • ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мамандардын біліктілігін арттыру мен оларды даярлау курстарын ұйымдастыру және өткізу;

  • Кәсіпорын қызметінің бейіні бойынша әдістемелік, ақпараттық әдебиет пен басқа да баспа өнімін әзірлеу және басып шығару;

  • азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жай-күйін талдау, авиациялық оқиғалардың алдын алу бойынша ұсынымдарды әзірлеу және оларды сол кемелерді пайдаланушыларға және басқа да мүдделі тұлғаларға жеткізу;

  • азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу кезінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

  • емдеу-диагностикалық, сауықтыру, реабилитациялық және кеңестік-профилактикалық қызметі;

  • авиамедициналық қызмет, ұшып-көтерілу және диспетчерлік құрамды куәландыру;

  • дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

  • амбулаториялық-емханалық көмек;

  • стационарлық медициналық көмек;

  • диагностикалық қызмет;

  • уақытша жұмысқа жарамсыздығын, жүргізушілердің денсаулық жағдайын сараптау;

  • алдын ала және кезеңдік профилактикалық тексерулерді жүргізу;

  • ұшу алдындағы, ауысым алдындағы, ауысым соңындағы медициналық тексерулер;

  • оқу-әдістемелік қызмет;

  • диагностиканың және емдеудің дәстүрлі емес әдістері.

: images -> stories
stories -> Родителям о прививках
stories -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы
stories -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
stories -> Топқа еліктеу
stories -> Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан
stories -> «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы»
stories -> Иісті газбен улану Қазақстан Республикасы іім тжк «амо» мм-нің




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет