ШЫҒыс өҢіріндегі туризм аймағының табиғИ Әлеуеті



Дата06.07.2017
өлшемі129.59 Kb.
ӘӨЖ:373.1.02:372.891

ШЫҒЫС ӨҢІРІНДЕГІ ТУРИЗМ АЙМАҒЫНЫҢ ТАБИҒИ ӘЛЕУЕТІ

Аға оқытушы Талипбай Мөлдір Талипбайқызы, г.ғ.к., профессор Карменова Нурсипа Нұрсанқызы, п.ғ.к., доцент Тлеубергенова Кенжекей Ахметвалиевна, аға оқытушы Қуандықова Элмира, аға оқытушы Сатыбалдиева Айжан.



Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы

Moldir_14_78@mail.ru


Резюме

В статье рассматриваются особенности культурно-исторического развития туризма восточного региона.

This article consider main features of historic and cultural developments of tourism in fle Wesx region.

Аннатация

Мақалада Шығыс Қазақстан облысының туризмі, Рахман бұлағы және де облыстың туризмін дамыту бағыттары баяндалады. Туристік индустрия жоғарғы кірісті, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық экономика мен қоғам дәрежесін көтеретін катализатор болғандықтан Қазақстан Республикасы оны дамытуға және өркендетуге жан-жақты назар аударуда. Шығыс Қазақстан облысы болып табылады. Мұнда туристтерді қызықтыратын көптеген кең аумақтар мен әр-түрлі климаттағы керемет ландшафттар, баға жетпес мәдени және тарихи ескерткіштер, туристік қызметтердің сан алуан түрлері кездеседі. Бүгінгі күнде облысымыздың аумағында туроператорлық және турагенттік қызметтерді жүзеге асыратын 108 туристік ұйым, 16 туризм нұсқаушысы, 117 орналастыру орны, 84 демалыс орындары, 5 демалыс үйі, 34 емдеу-сауықтыру шипажайы, жиынтық көлемі 1723072 га немесе Шығыс Қазақстан облысы аумағының 6,0 % - ын құрайтын 14 республикалық маңызы бар ерекше қорғауға алынған табиғи аумақ тіркелген.

Шығыс Қазақстанның ең көрікті жері саналатын Қатон-Қарағай Мемлекеттік ұлттық саябағы және ботаника-минералогиялық қорық аумағында орналасқан. Табиғи жерасты минералды родон сулары көптеген ауруларға шипа: тірек-қозғалыс аппараты, сүйек-бұлшық ет жүйесі, орталық және перифериялық жүйке жүйесі, эндокриндік жүйе, гинекологиялық аурулар, тері аурулары т.б.

Еліміздің туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін дамыту мақсатында, мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы туризмді дамытуға, туристік қызметтің басымды бағыттарына бағытталған инвестициялар үшін қолайлы жағдайларды жасауға, туризмнің озық жобаларын мемлекеттік тұрғыдан қолдауды арттыруға бағытталған туризмнің нормативті-құқықтық базасын ары қарай жетілдіру бойынша мәселелерді шешудің нақты жұмыстарын кешенді түрде жүргізу қажет.


Кілт сөздер:

Туризм – tourism

Индустрия – industry

Концепция – concept

Браконьер – poacher

Ландшафт – landscape

Флора – flora

Фауна – fauna


Туризм – адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалысының бірі болып табылады. Саяхат дегеніміз – туризм. Туризм тек орын ауыстыру емес, ол көптеген экономикалық аспектілерді құрайды. Соңғы он жылда туризм мықты дербес индустрияға айналды. Өз бастауын ХІХ ғ. басында алған туризм бүгінгі күнде - ірі капиталды, негізгі қаражаттарды, еңбек ресурстарының ауқымды бөлігін іске қосқан, ірі экспорттық салалар ішінде автомобиль және мұнай өндіру өнеркәсібінен кейінгі үшінші орындағы экономикалық кешен болады.

Туристік индустрия жоғарғы кірісті, жаңа жұмыс орнын пайда болдыратын, ұлттық экономика мен қоғам дәрежесін көтеретін катализатор болғандықтан Қазақстан Республикасы оны дамытуға және өркендетуге жан-жақты назар аударуда. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 1 наурыздағы халқымызға жолдауында «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жж арналған мемлекеттік бағдарламасын» жалпы ұлттық іске асыру жоспарына енгізді. Бұл бағдарламада келуші туристермен және ішкі туризмін дамыту, туризм инфрақұрылымы дамуына жағдай жасау, рекреациялық шаруашылықты мамандануы бар аймақтар қалыптастыру көзделген. Сондықтан да елімізде халықаралық бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құру үшін мемлекеттік реттеу мен қолдау көрсетілуде. «Қазақстан Республикасы Орта Азиядағы туристік орталыққа айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіншіліктер бар.»- дейді елбасымыз. Сонымен қатар Қазақстанның ішкі туризмі –мемлекетіміздің жарнамасы болып табылады. Алайда соңғы жылдары ішкі туризмге деген сұраныс өсуде. Халықаралық талдаушылар мен мамандардың ойынша туризм Қазақстанның экономикасының өсуі мен өркендеуіне зор ықпалын тигізбек. Туризм саласын дамыту үшін көп қаржылай салымды қажет етеді. Туризм обьектісі ретінде имиджінің қалыптасу концепциясының жоқтығынан туризімнің дамуына кері әсерін күшейте түсті. Республикамызда туризмнің қанат жайып өркендеуіне ыңғайлы аймақтың бірі Алтай таулы өңірі орналасқан – Шығыс Қазақстан облысы болып табылады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша таулы аудандардың экономикалық және әлеуметтік жағдайын көтеру проблемасы өзекті мәселеге айналып отырғанын көреміз. Сондықтан да осындай жабайы табиғатымен көркем таулы аудандар үшін туризмді дамыту – жергілікті халықтың әлеуетін көтеруде негізгі экономикалық фактор болып тұрғандығы аян. Мемлекеттік назарынан шалғай жатқан әрі табиғи ресурстары бай аудандарда браконьерлік, заңсыз ағаш кесу, орныққан жеке меншік ауылшаруашылық кәсіпкерлік кешендер орын алуда.[1]

Туризмді дамытуда Қазақстанның келешегі мол және тартымды өлкесінің бірі Шығыс Қазақстан облысы болып табылады. Мұнда туристтерді қызықтыратын көптеген кең аумақтар мен әр-түрлі климаттағы керемет ландшафттар, баға жетпес мәдени және тарихи ескерткіштер, туристік қызметтердің сан алуан түрлері кездеседі. Бүгінгі күнде облысымыздың аумағында туроператорлық және турагенттік қызметтерді жүзеге асыратын 108 туристік ұйым, 16 туризм нұсқаушысы, 117 орналастыру орны, 84 демалыс орындары, 5 демалыс үйі, 34 емдеу-сауықтыру шипажайы, жиынтық көлемі 1723072 га немесе Шығыс Қазақстан облысы аумағының 6,0 % - ын құрайтын 14 республикалық маңызы бар ерекше қорғауға алынған табиғи аумақ тіркелген. Облыс аумағында Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ғылыми Экологиялық Қорын(UNDP/GEF) жетілдіру бағдарламасы және Бүкіл әлемдік Жабайы Табиғат Қоры(WWF) бағдарламасындағы Алтайдың Қазақстандық бөлігінің биотүрлігінің сақтау жөніндегі жобасында көрсетілген әлемдік маңызы бар табиғи ескерткіштер орналасқан. Шығыс Қазақстан облысы немесе Алтай таулы өңірі - бірегей және қайталанбас табиғат сұлулығымен, алуан түрлі флора және фаунасымен танымал, Қазақстанның Швейцариямен теңестірген, «Чуйскі Альпісі» атанған інжу-маржаны болып табылады. Түркі халықтарының ежелгі түп-тамыры және ежелгі таулы металлургия өз бастаулары алған. Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы кесіп өткен бұл мекен- ежелгі көшпенділер мәдениеті қиылысқан, археолог ғалымдарды табындырған көне тарих көзі және әлемдік мәні бар табиғи-тарихи әрі мәдени ескерткіш болып табылады. Осы уақытқа дейін Алтай таулы өңірі қауіпті урбандалудан тыс қалды және өзіне тән ерекше таулы ландшафтыларын сақтап қалды. Шығыс Қазақстан территориясында ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени құндылықтарға ие болған, табиғи кешендерін сақтап қалу мақсатында Марқакөл қорығы (1976ж), Батыс Алтай қорығы (1992ж), Рахман бұлағы қорықшасы, Катон-Қарағай Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (2001ж 17 шілде) ұйымдастырылған.

Олардың территорияларында 60 астам түрлі сүтқоректі, 260 астам түрлі құстардың түрі, 720 астам өсімдік түрі, 10 астам балық түрі кездеседі. [2]

Облыс шегінде бірнеше рекреациялық аймақтар анықталған: Бұқтырма жағалауы, Сібір көлдері, Алакөл көлі, Катон-Қарағай, Глубокий аудандары, Риддер, Өскемен қалаларының маңы. Бұл аумақтарда тек қана Қазақстан және ТМД елдерінің көптеген туристерін қызықтырып қана қоймай, сонымен қатар алыс шет ел туристерін де тартатын Алтай Рудасының негізі табиғи көрікті жерлері топтастырылған. Тартымды табиғаты, ескерткіштердің жоғары сапада сақталуы, геосаяси жағдайларының үлкен өнеркәсіпті әлеуетімен сәйкестігі, келесі туристік өнімдерді ерекшелеуге мүмкіндік береді:

-экологиялық туризм,

- жағажайлық туризм,

- тау шаңғысы туризм;

- емдік - шипалы туризм;

- мәдениет-танырлық туризм

Туристік фирмалар әр түрлі туристік сапар желілерін әзірлеп жатыр – «Көшпенді», «Белуханың етегіне», «Изумруд сақина», «Алтай соқпақтармен» және т.б. турлар. Біздің өлкеміздің керемет табиғи ландшафты, көптеген көлдері, өзендері, балық аулау, айуан аулау және ғылыми турларын, патенттеу, шипажай-курорттық демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мәдениет-танырлық турлар ескіліктерін, тарихын, халық мәдениетін жақсы көретіндерді қызықтырады. Олардың қызметіне - қонақ үйлер жатады. Бұл үйлерде халықтың тұрмысымен, салт-дастүрлерімен, ұлттық тағамдарымен, танысу, марал өсіру фермаларын көріп шығу мүмкін. Семей өңірі де қызық. Бұл жерде бай мәдени-тарихи мұрасы таңырлық, ғылыми, этникалық туризм объект ретінде қарау мүмкін.

Марқакөл ұлттық саябағы.

Марқакөл көлінің суы таза және жұмсақ, ал негізгі байлығы лосось отбасылының балығы – ускуч. Бұл балық тек бұл көлде ғана мекен етеді. Әдемі таулы аймақтар қалың шыршалармен әдеміленген. Субалтайлық жайықтар түрлі шөптер мен емдік шөптерге (алтын және марал тамыры, бадан және т.б.). Урунхайка ауылында ағаштан жасалған кесінделер бар, туристер үшін олар экзотикалық көрініс береді. Ауыл тұрғындары ежелден тұрып келе жатқан адамдардан құралған. Кейбір жанұялар эсиониялық оралмандар болып табылады. Туристер қонақүйлермен қатар киіз үйлерге де жайғаса алады. Марқакөл таулы көлі – Шығыс Қазақстан және Алтайдың ең әдемі көлдерінің бірі. Көл маңайындағы жерлер де көл тәрізді өте әдемі. Маркакөл қорығының мақтанышы тек көл ғана емес, тұнық тап-таза өзендер мен жарқыраған бұлақтар, қалың ормандар болып табылады.

Шығыс Қазақстан облысы үлкен табиғи өзгешелік аумағы және мәдени ескерткіштері бар жоғары туристік мүмкіндікке ие. Мұның барлығы туризмнің болашағы бар бағыттарының бірі – экологиялық туризмнің дамуы бойынша басқа өңірлерден артықшылықтары бар. Облыста мемлекеттік бәсекеге қабілетті иммидждік туристік өнімді – панталық емдеу негізінде емдеу – сауықтыру туризмін дамыту мәселесі қарастырылуда. Алакөл, Марқакөл өзендері, Бұқтырма су қоймасы маңында туркласс санатында қонақүй желісі, кемпингтер даму жағдайында. Шығыс Қазақстан облысындағы Белуха тауы аймағында Рахманов бастауларында туристік кешен құрылысы бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру шаралары қолға алынуда.[1]
Рахман қайнарының шығу тарихы

"Рахман қайнарының шығуы туралы" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысындағы емдік қасиеті күшті Рахман қайнарына байланысты туған. Ерте кезде Алтай тауларының бөктерінде Әбдірахман деген аңшы өмір сүргендігі, оның бір күні жалғыз баласын ертіп аңға шыққандығы аңыз желісі болады да, алдарынан лағын ерткен сыңар мүйізді марал кезіккенде бала көздеп оқ атады. Маралдың лағы жер сүзіп құлап, оның жаралы аяғынан аққан қанды көрген бала шошынып, есінен танғандығы тебірене әңгімеленеді. Жақын маңнан судың сылдырын естіген Әбдірахман баласының есін жиғызу үшін су әкелуге кеткенде сол бұлақ басынан жаңағы марал мен лаққа тап болады да, жаралы лақтың бұлақ суы ішіндегі аяғының қаны тоқтап, жарасы жазылғанын көріп аңтаң болады. Бұлақтан жанторсығына қасиетті судан құйып алады да, баласына апарып ішкізеді. Осы кезде бала есін жияды. Әбдірахман ауылға су әкеліп ауру-сырқауларға береді. Оcыдан кейін бұлақты "Әбдірахман қайнары", кейіннен "Рахман қайнары" деп атайды. Сол кезден бастап халық Рахман қайнарын емдік мақсатта пайдаланып келеді. [3]

Туристік фирма «Рахман қайнары»

Қатон-Қарағай Мемлекеттік ұлттық саябағы және ботаника-минералогиялық қорық аумағында орналасқан. Табиғи жерасты минералды родон сулары көптеген ауруларға шипа: тірек-қозғалыс аппараты, сүйек-бұлшық ет жүйесі, орталық және перифериялық жүйке жүйесі, эндокриндік жүйе, гинекологиялық аурулар, тері аурулары т.б. Туризм рыногында 1995 жылдан бастап жұмыс істейді. Қызметінің негізгі бағыты биік таулы «Рахман қайнары» санатория базасында санаторлық-курорттық ем жүргізу, «Княжьи горы» тау шаңғысы кешенінде қысқы демалысты ұйымдастыру, сонымен бірге, Қазақстан Алтайының тауларына жорықтар ұйымдастыру болып табылады. 2001 жылдан бастап Балалар Туристік орталығы ұйымдастырылды, онда балаларға арналған бағдарламалар ұйымдастырылады. Фирманың өз автопаркі бар, онда комфортабелді автобустар және өзге де жоғары сапалы техника қызмет көрсетеді.

«Рахман қайнарлары» тек ем алу ғана емес, белсенді демалыс орны. Бұл жерге бара қалсаңыз көңіліңізді лезде серпілтетін бағдарламаларға тап боласыз. Бұған асу «Радостный» айлығына көкке шығуды, Патшалар жазығына саяхат жасауды, Язовое көлін аралауды қосса болады. Бірақ табиғаттың бұл жердегі сыйы осымен таусылмайды. Белуха тауының бауырын атпен аралап, Равновесие көлінің таңғажайып келбетін тамашалап, адам жанын баурайтын өсімдіктер де осында. Кез – келген балық аулауды сүйетін азамат осы жақтағы Күршім өзенінің жоғарғы ағысында және Бөкен жылғаларында немесе Марқакөлде, Ақ Берелде ау салып рахатқа бата алады.

Қазақстанның туризм саласының бәсеке қабілеттілігі барлық қатысушылардың туристік қызметті жоғары деңгейде ұйымдастыру және оның беделін қалыптастыруына байланысты.туристік инфрақұрылымның дамуын ынталандыру үшін туристік индустрия обьектілерінің қызмет етуіне қажет инженерлік-коммуникациялық жүйесінің құрылысы бойынша шаралар дайындалуда. Яғни, электр қуатын беру жүйесін тарту, су тартқыш және канализация жүйелерінің құрылысы, жол салу мен оны қалпына келтіру барысында телефон жүйелерін жүргізу және спутниктік байланыс орнату.

Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігінің мәлеметтері бойынша, республикада Қазақстанның бәсекеге қабілетті туризм саласын қалыптастыруда бірқатар жалпы жүйелік шаралар қабылданды. Бұл сала экономикалық қызмет түрлерінің басымды даму бағыты бойынша сала тізбегіне кірген. Ол өз кезегінде инвестициялық жеңілдіктер және преференцияларды қарастырады.

Туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін дамыту мақсатында, мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы туризмді дамытуға, туристік қызметтің басымды бағыттарына бағытталған инвестициялар үшін қолайлы жағдайларды жасауға, туризмнің озық жобаларын мемлекеттік тұрғыдан қолдауды арттыруға бағытталған туризмнің нормативті-құқықтық базасын ары қарай жетілдіру бойынша мәселелерді шешудің нақты жұмыстарын кешенді түрде жүргізу қажет. Туризм мен саяхатты дамыту үшін осы салада жұмыс істей білетін білікті кадрлардың қажет екендігі түсінікті. Облыста осы бағытта да жұмыстар жүргізілуде. «Квансон» Қазақстан - Корея колледжімен 2015 жылға дейінгі бірлескен жұмыстың жоспары жасалған. Облыстың туризм са­ласына шетелдік озық тәжірибемен қаруланған мамандар келсе, істің оңға басары даусыз.

Шығыс Қазақстан облыстық туризм, дене - шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сүйене айтсақ, өткен жылы облыс аумағында 216 туризм нысаны болса, 2011 жылдың бес айында олардың саны 219-ға жеткен екен. Әлемдік туризм саласына көңіл аударсақ, одан түсер пайданың шаш етектен екенін көреміз. Тіпті бір туризмнен түсетін пайдамен ғана өмір сүріп жатқан мемлекеттер де барын ескерсек, бұл саланы дамытудың қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Туризм индустриясы пай­даның қайнар көзі ғана емес, ол мыңдаған, миллиондаған адам­дардың күнкөріс көзі де. Сон­дықтан да туризм мен саяхаттың көкжиегін кеңейтуге әр ел құштар болып отыр. Ал Шығыс Қазақ­стан­ның әлеуеті осы саланы да­мытуға жетерлік. Облыстың тарихымен , табиғатымен танысамын деуші туристер жаяу және атпен, тау шаңғысы жолымен, велосипед, мотоцикл; сол сияқты, бүркітпен аң аулау, балық аулау арқылы таныса алады. Туристік саяхат маршруттарын "Голубой залив", "Кругозор", "Орион", "Геоцинт-Восток", "Интурист", "Экосистем" тәрізді туристік фирмалар мен компаниялар ұсынады. Жарқыраған тау шыңдарын қызықтап, күркіреген сарқырамалардың мұзды лебімен тыныстауға, альпі көгалдарының жасыл алқабы мен сұлу маралдарды тамашалауға, көне кен орындарын аралауға шақырады. Шығыс Қазақстан облысы туризм үшін үлкен мүмкіндіктер жасайды.[1]

Батыс-Алтай ұлттық табиғи қорығы

Рудный Алтайда, Иванов, Линейск, Ульбинск, Холзун және Көксін жоталары кездесетін,Ақ және Қара Ұба,Үлкен және Кіші Тұрғысын көлдері бастау алатын, таулы орманды өңірлерді сақтау мақсатында 1992 жылы Батыс-Алтай қорығы құрылды. Оның ауданы 56,1 мың га құрайды. Ол екі ауданда орналасқан:Зырян және Риддер қаласының әкімшілік аумағы. Қорықтық аумақта майда таулы көлдердің көптеген түрлері бар. Олардың шығу тектері сонау мұз дәуірінен бастама алады. Бұл жерде көптеген ағынды батпақ пен өзендердің бастауын пішіндейтін майда жылғалардың жүйесі дамыған.14 үлкен емес мұздықтар 1,1 км.шаршыны құрайды. Қардың соншалықты көп жауатыны,тіптен кейбір жерлерде сегіз метрге жетеді. Бұл аймақ Республикадағы ең ылғалды жер болып саналады. Сондықтан да бұл жерде тундра аймақтарына байланысты тарихи жануарлар мен өсімдіктер әлемі қалыптасқан. Олар бұл жерге соңғы ғаламшарлық мұзданудан «келген». Мысалыға,жоталардың шыңдарында полярлық қайыңдар мен үйеңкілер,батпақтарда-солтүстік қияқ өседі. Осы жерде ғана мыңжылдық жасы бар жартылай қираған балқарағайды табуға болады. Діңгектің периметрі сегіз метрге дейін жетеді. Бұл ағаштар-Алтай мен Сібірдің тайга ормандарының нағыз патриархы!  Қорықтың өсімдік жамылғысы қылқанды орман белдеуін,қарайтылған және қаратікенді тайганы, альпілік және субальпілік көгалды, және де биік таулы тундраны құрайтын бай алуантүрлілікпен ерекшеленеді. Жапырақты орман аса көп таралмаған. Екінші қатарды мойыл,шетен,ақшатыр,сары мамыргүл құрайды. Күшті шөпті жамылғыны сібірлік балдырған,сасық балдырған,аққылтан күресшең,жалпақ жапырақты соссюрия,сырғытпа сәлдегүл,дәрілік бақ-бақтарды құрайды.[2]

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Алтай тауларының көп бөлігін алып жатқан Шығыс Қазақстанда туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар. Шөл даладан бастап ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпі  шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы. Орман  мен өзендерге, балық пен балға, емдік шөп пен кенге, туристердің көзін тартар табиғи естеліктерге бай бұл жердің анағұрлым аумағының табиғаты тұмса және экологиялық таза болып сақталынған. Мұнда Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы-қасиетті тау Белуха. Табиғатының әсемдігі жақсы сақталынған, терең өзендерге бай, «қара» және «қызыл» балығы мол, аң және құс аулау мүмкіндігі, қарлы маусымы ұзаққа жалғасатын  таулы аймақтар, курорттар (радонды бастаулар мен пантымен емдеу) - мұның барлығы  зор табыс әкелетін қуатты туристік индустрияны құруға мүмкіндік туғызады.


Қазақстанның Алтай аумағында ТМД және Прибалтика елдерінің туристері  көп жылдар бойында әр-түрлі саяхат құруда, бұл:альпі шыңдарын бағындыру және ат үстіндегі саяхаттар. Жыл сайын біздің аудан Европа және Америка елдерінің туристерін, балық аулаушыларын және аңшыларын қабылдайды. Соңғы екі-үш жылда антропогендік көлем анағұрлым ұлғайды. Осыған байланысты жергілікті тұрғындардың орналасқан мекенін  бұзбай, берілген аумақты қолдануды  және қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын структура құрудың қажеттілігі туып отыр.
Белуха тауы

Белуха тауы Солтүстік Шығыста ақ қарлы шыңымен (4506 м) Сібірмен мен Алтайдағы ең биігі. Бұл қар, мұз, құлама сырғымалар мен жарқыраған су сарқырамаларының хандығы. Онымен Бүркіт аулы тауы көршілес, оның биіктігі - 3 373 м. Бүркіт аулы - Белухадан кейінгі Оңтүстік Алтайдың әйгілі шыңдарының бірі.[3]



Болашақта Шығыс Қазақстан негізгі туристік орталық болып табылады. «Рахман қайнары» Белуха тауы, Марқакөл ұлттық саябағы, Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Батыс-Алтай ұлттық табиғи қорығы және т.б. рекреациялық нысандар арқылы шетелдік туристерді көбейту нәтижесінде мемлекеттік бюджетке валюта қорын өсіру біздің міндетіміз болып табылады. Мемлекеттің экономикасында дағдарыстың көріністері болуына қарамастан, бір адамға шаққандағы табыс деңгейі күнделікті өсуде, осыдан адамдардың демалуға шығындарын көбейту бағыты орын табады. Шетелге бару туризмі қызметтерінің бағасын өсуіне және халықтың табыс деңгейінің төмендеуіне байланысты ішкі туризм әлеуеті жоғарылайды. Салыстырмалы түрде бағасы төмен болғандықтан адамдар ішкі туризмді көбірек қолдайды. Ол экскурсиялық, сауықтыру, экологиялық туризм, лагерьдегі балалар демалысы. Өзінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін және болашақта өздерінің туристік өнімдерінің сапасын жақсарту үшін қазақстандық туристік орталықтары осы туризм түрін қолдануы қажет.
Пайдаланған әдебиеттер


  1. М. В. Соколова «История туризма» издательский центр «Академия» ,2004

  2. С. К. Сұрағанова, Б.О. Сабатаева «Туризм инфрақұрылымы» Алматы,2012

  3. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті // 24/06/2009

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет