Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары



жүктеу 0.69 Mb.
бет1/5
Дата15.08.2018
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4   5
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы,

Айнабұлақ ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған

кешенді даму жоспары


  1. Кіріспе




  1. Айнабұлақ ауылдық округінің жалпы көлемі -87694 га

  2. Ауылшаруашылық мақстындағы жер көлемі -78090 га

  3. Егістік - 3231 га

  4. Орташа бал бонитеті - 2840

  5. Шабындық - 3742 га

  6. Жайылымдық - 71117 га

  7. Ауылдық округтің орталығы - Айнабұлақ ауылы

  8. Ауылдық округте- 6 елді мекен бар.

  9. Айнабұлақ ауылдық округәнәі орталығы Айнабұлақ ауылы облыс орталығынан - 460 км, аудан орталығынан -10км, темір жол станциясынан 375 км қашықтықта орналасқан. Айнабұлақ ауылы ыңғайлы географиялық аймақты алған.Ол аудан орталығымен және басқа округтермен шектеседі.

  10. (Айнабұлақ ауылында – 1719 адам, Жаңатұрмыс ауылында - 318 адам, Шүршітсу ауылында -91 адам, Қайнар ауылында -420 адам, Талды ауылында – 30 адам, Сартұмсық ауылында – 32 адам).

  11. 2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық округтегі халық саны - 2610 адам, соның ішінде экономикалық белсенді халық саны– 1521 адам, жұмыспен қамтылған адам саны-1487 , осының ішінде өзін-өзі жүмыспен қамтыған адам саны -1163 .

  12. Зейнеткерлер саны - 205 адам, мүгедектер 1,2,3 топтағы -85 адам, тылға қатысушылар -71 человек, интернационалист-жауынгерлер -2 адам, көп балалы аналар -110, оның ішінде «Алтын Алқа» иегерлері -70 адам.

  13. Округте 1 орта мектеп, 2 негізі орталау мектеп, 1 ауылдық амбулатория, 2 фелдшерлік пункт,1 клуб, 1 кітапхана, 2 спорт зал, 4 сауда дүкені, 1 наубайхана, 1 дәріхана бар.

2. Талдау

2.1 Округтің экономикасы және ауыл шаруашылығы саласы.

Ауылдық округтің негізгі кәсібі-ауыл шаруашылық саласы.

Ауылдық округтің экономикалық мамандандырылуының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы. Ауылда ауыл шаруашылығы негізінен мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы саласымен ұсынылған. Ауылдық округтегі 59 шаруа қожалығы және 5 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі мал шаруашылығымен айналысуда. Ауылдық округтегі «Жәнібек» ауылшарушылық өндірістік-кооперативі мемлекеттен 62 млн теңге мал бордақылауға, 5 млн. теңге сүт қабылдау пунктін сатып алуға несие алып жұмыстар атқаруда. Қазіргі уақытта Айнабұлақ ауылынан сүт қабылдау пунктін орналастыруға жер телімі бекітіліп берілді. Ауылдық округте Қазіргі таңда мал өсірумен айналысып отырған шаруа қожалықтарына мемлекеттік бағдарлама арқылы құдықтар, күн тоқ орнатып беру мәселелері қарастырылуда.ал шаруашылығын дамытуға байланысты ауылшаруашылығы құрылымдарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отыр, 2017 жылы оругтегі 41 шаруа қожалығы мемлекет тарапынан 29 012 мың теңге субсидия алды.

Мал басының көрсеткіштері:



Мал түрі

2014

2015

2016

2017

2017/2014

Ірі қара, бас

7004

8227

8284

9106

130,0

Қой-ешкі, бас

13676

13533

9669

9870

72,2

Жылқы, бас

1564

1909

2053

2262

144,6

Құс, бас

5180

5030

4500

3467

66,9

Мал шаруашылығы саласы бойынша алынған өнімдер көрсеткіші:

Көрсеткіш атауы

2014

2015

2016

2017

2017/2014, %

Ет, тонна

1342,0

1870,

1669,0

2905,0

216,5

Сүт, тонна

5651

6057

4922

5605

99,2

Жұмыртқа, мың дана

692000

715000

385000

382100

55,23

Жүн, тонна

300

301

220

227

75,7

ЕГІН ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Округ көлемінде 38 шаруа қожалығы және 3 өндірістік кооператив егіншілік шаруашылығымен айналысуда.



Егін шаруашылығы бойынша көрсеткіштер:

Көрсеткіш атауы

2014

2015

2016

2017

2017/ 2014, %

Егіс көлемі

1399

1469

913

1001,5

71,6

Бидай,га,

413

434

130

107,0

25,9

Алынған өнім, тонна

743,4

954,8

234.0

196,5

26,4

Арпа,га,

21

22

30

25

119,0

Алынған өнім, тонна

37,8

44

54.0

47,0

124,3

Сұлы,га,

21

22

7

7,0

33,3

Алынған өнім, тонна

37,8

44.0

9.0

13,0

34,4

Тары,га,

21

22

5

5,0

23,8

Алынған өнім, тонна

42,0

39.6

9,0

10,0

23,8

Майлы дақыл, га

140

147.0

23

49,0

35,0

Алынған өнім, тонна

126,0

132.8

195,5

43,0

34,1

Картоп, га

148,0


155.0

156,0

140,0

94,6

Алынған өнім, тонна

2220,0

2480.0

2542,0

2740,11

123,4

Бау-бақша, га

16,0

17,0

45,0

60,0

375,0

Алынған өнім, тонна

352,0

323.0

900,0

1768,04

502,3

Көкөніс, га

63,0

66,0

115,0

103,0

163,5

Алынған өнім, тонна

1134,0

1188

2070,0

1854,0

71,6


Шағын және орта бизнес

Шағын және орта бизнес саласында Айнабұлақ ауылдық округі бойынша 5 жеке кәсіпкер тіркелген, Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану саласында «Ағайын» тойханасы, «Балғын» наубайханасы жұмыс істейді, оларда 5 адам жұмыспен қамтылған.

Ауылда шағын бизнестің дамуы үшін негізгі фактор «Өрлеу», «БЖК - 2020» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және басқалар сияқты бағдарламалар бойынша мемлекеттік қолдау жеткілікті.

Осымен қатар басқа шектейтін фактордың шағын бизнестің несиелерге қолжетімділігінің біраз төмендігі болып табылады. Бұның негізгі себебі екінші деңгейдегі банкттердің кепіл ретінде ауылда бар жылжымайтын мүлікті оның төмен өтімділігіне байланысты қабылдауды қаламауы болып табылады.



Айнабұлақ ауылдық округінің экономикалық дамуын шектейтін негізгі факторлар:

  • Ет өндірісінің төмен тиімділігі. Бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдауға ие болу мәселелері –банктік институттардың ауылдық жерлерде кепілді төмен бағалау салдарынан (кепілге қабылдауды қаламау) несиелендіру қиындықтары

  • Округ өнімін ҚХР-ға экспортқа шығару үшін тауарларды сертификаттау бойынша рәсімдердің күрделілігі және талаптарды орындау қиындылығы

  • Жүнді өткізу нарығының болмауы, дайындау бекетінің болмауы

  • Ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін бос жерлердің, әсіресе жайылымдық жерлердің шектеулілігі.

  • Егін шаруашылығы субсидияның төленбеуі(элита тұқымныа ғана субсидияның төленуі)

  • Ауыл шаруашылығы техникасының ең ежелгі материалдық-техникалық базасы.

  • Мал сою алаңының болмауы.

  • Өнімді сату үшін келешегі бар нарықтарда ауылшаруашылық тауар өндірушілерінен ақпарат жетіспеуі, Зайсан қаласындағы сенбілік жәрмеңкеден басқа өнім сатылымын ұйымдастыруға қолдау болмауы (делдалдардың мал бағасын арзан бағада сатып алуы ).

  • Мал азығын, тұқым мен асыл тұқымды мал сатып алуды ұйымдастыру үшін ресурстардың жетіспеушілігі .

Ауылдық округтің экономикасының даму перспективалары:

  • Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, асыл тұқымды мал басын көбейту;

  • Осы арқылы жұмыс көздерін ашу;

  • Мал сою және сүт қабылдау пунктерін ашу;

  • Шаруа қожалықтарын ірілендіру,кооперативтер құруды жалғастыру және мемлекеттік қолдау шараларын тиімді іске асыру;

  • Жүн, ауыл шаруашылық жануарларының терісін қабылдау бойынша дайындау бекеттері желісін құру есебінен мал шаруашылығы өнімін пайдалану дәрежесін арттыру, бұл өз кезегінде мал шаруашылығының тиімділігін арттырады

SWOT – Талдау

Ауылдық округ экономикасының даму перспективалары:

1 Ет пен сүтті сату арналарын ұйымдастыру арқылы кеңейту.

2. Ет өңдеу қондырғыларын олардың кірістілігін арттыру үшін дамыту.

3. Бордақылау алаңдарын ұйымдастыру.

SWOT талдау:

Күшті жақтары:

Әлсіз жақтары:

Ауылдық жерлерде жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріледі.
Ауданда жақсы табиғи жағдайлар бар (жоғары бонустық рейтингісі бар сапалы жер).
Әртараптандырылған ауыл шаруашылығы (астық, майлы дақылдар, сүт және ет мал шаруашылығы,). Экологиялық таза өнімдер. Ауыл шаруашылығының барлық салаларын дамыту .


Сенбілік жәрмеңкеден басқа арнайы сату арналары жоқ.
Шикізат сатып алуға, жабдықтарды жеткізуге, өнімдер сатуға арналған логистика жоқ
Тәуекелді ауыл шаруашылығы аймағы.
Өнімдерді маркетингке қатысатын өндірушілер қауымдастығының жоқтығы.
Шағын және орта бизнес нашар дамыған, әр тараптандырылмаған (қызметтер дамымаған).

Мүмкіндіктер ;

Қатерлері

Мемлекеттік бағдарламалар және мемлекеттік қолдау арқылы ауылшаруашылық техникаларын жаңарту.

Ауыл шаруашылығын және шағын бизнесті қолдау бағдарламаларының болуы.

Кәсіпкерлікті жаппай қаржылық қолдау «Бизнестің жол картасы-2020»

Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында тілек білдірген азаматтарды кәсіпкерлік курстарында оқыту.



Агроөнеркәсіптік кешенге мемлекеттік қолдау көлемінің қысқаруы.






Басым жақтары

Осал жақтары

  • Жемшөп өндіру саласында өңіраралық (ауылдық округ аралық) ынтымақтастықты дамыту әлеуеті.

  • Ауылдық округтің маңында «Майқапшағай» шекаралық өту бекетінің орналасуын ескере отырып, жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту әлеуеті.

  • Бөлшек сауда желісін дамыту әлеуеті.

  • Жүн, теріні өңдеу немесе дайындауды ұйымдастыру.

  • Тері және жүнді өңдеу бойынша шағын-цехтарды ұйымдастыру үшін шикізаттың бар болуы. Қосымша құны жоғары өнім беретін ет өңдеуді ұйымдастыру.




  • Шағын ауылдарда қатты қалдықтар төгетін ,мал өлексесін тастайтын арнайы орындардың болмауы.

  • Округ өнімін ҚХР-ға экспортқа шығару үшін тауарларды сертификаттау бойынша рәсімдердің күрделілігі және талаптарды орындау қиындылығы

  • Жүнді өткізу нарығының дайындау бекетінің болмауы

  • Ауыл шарушылығы және жалпы экономиканың дамуын тежейтін айтарлықтай су тапшылығы

  • Жайылымдық жерлердің шектеулілігі

  • Өсімдік шаруашылығына субсидиялардың болмауы

  • Ет, жүн, тері, сүтті өткізу мәселелері




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, кадрларды оқыту (с.і. ЖЖК – 2020, БЖК – 2020)

  • Тері және жүн қабылдау және өңдеу бойынша дайындау бекеттерін (немесе шағын цехтарды) құру

  • Ауылда шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыру

  • Бөлшек сауда желісін дамыту

  • Ауылдық округтің маңында «Майқапшағай» шекаралық өту бекетінің орналасуын ескере отырып, жол бойындағы қызмет көрсетуді дамыту .




  • Ет бағаларының төмендеуі (өсуі емес), бұл оның өндірісін тиімсіз етеді

  • Мемлекеттік бюджетте қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты АӨК мемлекеттік қолдау көлемдерінің қысқаруы

  • Округте өндірілетін негізгі өнім үшін өткізу нарықтарының азаюы.





2.2 Әлеуметтік инфрақұрылым және қызметтер

Білім беру

Орта білім беру

  1. Айнабұлақ ауылындағы Айнабұлақ орта мектебі 2013 жылы ағымдағы жөндеуден өткен, онда -261 оқушыға, 36- мұғалім, оның ішінде – жоғары категориялы-9, 1-і категориялы-12, 2-і категориялы -7 мұғалім дәріс береді, -193 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.

  2. Жаңатұрмыс ауылында шағын жинақталған Жаңатұрмыс мектебінде 15 мұғалім 43 оқушыға оқу тәрбие жұмысын жүргізеді. . Мектеп ғимараты типтік үлгіде.



Қайнар ауылында шағын жинақталған Октябрь негізгі орта мектебінде 18 мұғалім тәрбиеші 58 оқушыға оқу тәрбие жұмысын жүргізеді. Мектеп ғимараты типтік үлгіде. Мектеп жанындағы шағын орталықта 10 бала тәрбиеленуде Мектеп жанында спорт модулі орналасқан.

Жастар,балалар және жасөспірімдердің тынығуы

Жергілікті қоғамдастық мүшелері жастардың,жасөспірімдер және балалардың мектептегі сабақтан кейін бос болуына алаңдауда, бос уақытты өткізу үшін жағдай жасалмаған. Себебі ауылдық округтің орталығы Айнабұлақ ауылында мәдениет үйі, спорттық типтік кешен жоқ. Басқа Қайнар,Жаңатұрмыс Шүршітсу ауылдарында клуб үйлері жоқ.

Ауылдық елі мекендерде клубтар үшін ғимараттардың болмауы қосымша үйірмелердің ашылуын шектейді. Ауылдардағы тұратын ата-аналар балаларын аудан орталығындағы спорттық кешендерге бару қиындықтар туғызады – көптеген ата-аналарда балаларын алып жүру мүмкіндіктері жоқ, себебі ауыл тұрғындары өзін-өзі жұмыспен қамтығандықтан жолға кететін қаражат жағыда кедергі келтіреді.

Бұдан басқа,мектептер базасында оқушылар ата-аналарының қаражаттары есебінен математика, физика, биология, ағылшын және орыс тілдері бойынша қосымша сабақтарға бара алатын қосымша білім беру орталықтарын дамытуға болады.

Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дамуы тұлғалық өсуге және бәсекеге қабілеттілікке мүмкіндік тудырады.

Тұрғын үй қоры

Ауылдық округтегі тұрғын үйлер саны -534. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілмеген, орталықтандырылған су жүйесімен 340 тұрғын үй қамтылған. Үйлердің барлығы пешпен жылытылады. Округте жеке қаражаттары арқылы жаңа тұрғын үйлер салу көрсеткіші жоғарылауда.



Спорт

Спорт секцияларына баратын балалар мен жасөспірімдер санынының артуымен бірге жаңа жұмыс орындары құрылады. Ауылда ат спорты жақсы дамуда. Осыған байланысты ипподром үшін жер телімін беру мәселесі қарастырылуда.

Балалар мен жасөспірімдердің спорттағы жетістігі олардың жүріс-тұрысына оң әсерін береді. Жасөспірімдер құқық бұзушылығы азаяды, маңайындағыларға агрессия жойылады, достары және ата-аналарымен қарым-қатынас бекиді.

Мәдениет

Айнабұлақ уылдында клуб үйі, кітапхана бар. Кітапхана және клуб балабақша ғимаратында орналасқан. Клуб үйі және кітапхана филиал болып табылатындықтан, қаражат бөлу аудандық мәдениет бөліміне байланысты. Басқа ауылдарда мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу мүмкін емес себебі клуб үйлері жоқ, кітапханалар тек мектептер базасында. Жергілікті қоғамдастық мүшелері Айнабұлақ ауылдық округіне жастар және спорт маманы қажет деп санайды. Маман болған жағдайда жастар ауылдың қоғамдық саяси өміріне өз дәрежесінде тартылар еді.

Жастарды қатыстыра отырып, түрлі мәдени іс шаралар өткізу талантты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік қорғау.

Өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық болып табылады. Жыл сайын ауылға 20-тан астам колледждер және университеттер түлектері қайтып оралады. Жастар тәжірибесіне Айнабұлақ ауылдық округіне орындар жеткіліксіз бөлінеді. Және де жыл сайын жастар арасында жұмыссыздық өсіп келеді. Жастар тәжірибесін 10 орынға арттырған жағдайда жұмыссыздық азаяды және жастар тәжірибе алады.

Ауылдық округте мүмкіндігі шектеулі адамдар саны 85 адамды құрайды. Ауылдық округтегі қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға 2 әлеуметтік қызметкер үйден қызмет көрсетеді.

Денсаулық сақтау

Ауыл округіндегі 1-дәрігерлік емхана, 2-дәрігерлік акушерлік пункт бар, 2 дәрігер, 5 медбике ,3 фельдшер барлығы 10 маман жұмыс істейді. 1 жедел жәрдем көлігі бар.

Округ бойынша 2016 жылы 40 бала дүниеге келсе 2017 жылы 34 бала дүниеге келді, 2016 жылы 11адам қайтыс болса, 2017жылы 11 адам қайтыс болды.

Ауылдық амбулатория дәрігері айына бір-екі рет қабылдауға барып отырады. Әлеуметтік дәріхана жұмыс істеп тұр. Медицина қызметкерлері тарапынан алғашқы медициналық көмек тегін көрсетіліп, әлеуметтік жағдайы төмен және жасы 70-тен асқан қарттар мен мүгедектердің үйлерін аралап көмек көрсетеді.Ауылдық округ орталығы Айнабұлақ ауылында ауылдық емхана ғимараты 2015 жылы пайдалануға берілген. Жүкті әйелдер гинекологқа, ауыл тұрғындары тіс дәрігеріне қалаға барады, себебі стоматология кабинеті жоқ.Медициналық мекемелерді жабдықтау және мамандардың біліктілігін арттыру денсаулық сақтау басқармасының айырықша құзыреті. Жергілікті қоғамдастықтар медициналық мекемені құралмен жабдықтау мүмкіндігі туралы хабардар емес және ақпаратқа ие емес.



Айнабұлақ ауылдық округінің әлеуметтік инфрақұрылымда және қызмет ұсынудағы кемшілік факторлар:

  • Округ мектептерінің материалдық-техникалық базасының тозуы және толымсыз қамтамасыз етілуі

  • Ауылдық округтің кейбір ауылдарында медициналық пункттердің ғимараттарының болмауы

  • Округте дене шынықтыру және спорт саласында кадр бірлігінің болмауы.

  • Тіс дәрігері және УДЗ кабинеттерінің жарақсыздығына, сонымен қатар білім беру саласындағы,денсаулық саласындағы жас мамандардың баспанамен қамтамасыз етілмегендігі, соның ішінде коммуналдық және жалдамалы.

Айнабұлақ ауылдық округі бойынша әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет ұсыну саласын дамыту перспективалары:

  • Балалар аулалық және спорт клубтары желісін дамыту, оларда спорт секцияларының жаңа түрлерін ашу

  • Жастарға бизнесті жүргізу негіздеріне оқыту курстарын өтуге мүмкіндік беру, жастарды жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың шаралары туралы хабардар ету.

Елбасымыздың алға қойған Цифрлы Қазақстан бағдарламасын орындау мақсатында халық арасында электронды түрде мемелекеттік қызмет көрсетулерді алуға байланысты түсінік жұмыстарын одан әрі жалғастыруымыз керек. Одан басқа да бағдарламада көрсетілген мақсаттарды орындау біздің бірінші кезектегі міндеттеріміздің бірі.Елбасымыздың биылғы жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдаиындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында біздің алдымызға таяу жылдары іске асырылуы тиісті үлкен он міндеттерді қоиып отыр.Әсіресе Агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру жөніндегі міндеттерді іске асыру ауыл халқы үшін ерекше маңызды. Елбасымыздың биылғы жолдауы жаңа әлемге яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне беиімделу және жетістіккке жету жолын табу үшін не істеу қажет екендігін анықтап берді. Енді осы міндеттерді іске асыру біздің күнделікті жұмысымыздың бағыт бағдары болуы тиіс.


Мақсаты: спорт және денешынықтыру арқылы халықтың денсаулығын нығайту. міндеті:

: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять


  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет