Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласының 2012 жылдың 9 айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Медициналық ұйымдар жүйесі



жүктеу 75.1 Kb.
Дата18.02.2017
өлшемі75.1 Kb.
Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау саласының 2012 жылдың 9 айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Медициналық ұйымдар жүйесі

2012 жылдың 1 қазан жағдайы бойынша облыс тұрғындарына медициналық көмекті 92 ауруханалық ұйым көрсетеді, оның ішінде 13- жеке меншік түріндегі ауруханалар, 79- мемлекеттік, 258- амбулаторлық-емханалық ұйымдар, 64- жеке ұйымдар. Дәрігерге дейінгі көмекті 58 фельдшерлік-акушерлік, 355 медициналық пунктер және 72 аурухана ғимараты жоқ медқызметкер көрсетеді.3-ші тоқсанда аурухана ғимараты жоқ 4 медқызметкер қысқартылды, екеуіне ғимарат берілді, олар медициналық көмек көрсетуге көшірілді.


Кадрлар бойынша ақпарат
Облыс бойынша мемлекеттік және жеке меншік емдеу-алдын алу ұйымдарында5573 дәрігер және 10723 орта буын медқызметкерлер жұмыс істейді. Облыс бойынша дәрігерлердің жетіспеушілігі – 439 адамды құрайды (2011 жылдың желтоқсан айында – 510 адам болған).
2012 жылдың 9 айындағы әлеуметтік маңызы бар аурулардың көрсеткіші
2012 жылдың 9 айы ішіндегі туберкулез ауруы 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға 78,7-ні құрады. (2011ж. 9 айында – 85,0) Қазақстан Республикасы бойынша 2012 жылдың 9 айында 100 мың тұрғынға 63,1 құрайды.

Туберкулезден болған өлім жағдайлары 100 мың тұрғынға шаққанда 2012 жылдың 9 айы ішінде 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға төмендеді (2011ж. 9 айында –11,8), 100 мың тұрғынға шаққанда 9,7 құрады.

Қатерлі ісіктермен ауру 2012 жылдың 9 айы ішінде 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда абсолютті мағынасында 2732 жағдайдан (2011ж( 2812-ге өсті, 100 мың тұрғынға шаққанда бұл көрсеткіш 201,4 құрайды, яғни 2011 жылдың осы кезеңімен (195,6) салыстырғанда 2,7%-ға артық.

Қатерлі ісіктен болған өлім жағдайлары 100 мың тұрғынға шаққанда 2012 жылдың 9 айы ішінде 107,5-ті құрады, яғни 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға төмендеді (2011ж. 9 айында –109,8).

Қатерлі ісіктің шоғырлануын (1-2 кезеңін) анықтау 82,1-ді құрады (2011ж. 9 айында-80,4). 5 не одан да көп жыл өмір сүретін адамдардың үлес салмағы 50,2-ні құрайды (2011ж. 9 айында – 52,4).

2012жылдың 29 наурызында № 366 Үкімет қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмек көрсетуді дамыту Бағдарламасы жалғасуда, бұл бағдарлама мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жетілдіру – Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары бойынша жалпыұлттық жоспардың 27 тармағын іске асыруға бағытталған.

Бағдарлама мақсаты – тұрғындардың онкологиялық аурулардан қайтыс болуын төмендету арқылы қазақстандықтардың өмірін ұзарту және өмір сапасын жақсарту болып табылады.

Онкологиялық диспансерлердің төсек қоры тәулік бойы істейтін 439-ды құраса, күндізгі бөлімде 30 төсекорынды құрайды.

2011 жылы онкологиялық диспансерлер 16 компьтерлік томографиямен, ал Өскемен қаласының сәуле орталығы сызықтық үдеткішпен қамтамасыз етілген.

Облыста 23 маммограф (оның ішінде біреуі ғана сандық - Семей онкологиялық диспансерінде), оның 2-уі жылжымалы және 2-уі жылжымалы мобилді құрамда.

Облыстың барлық аудандарында және қалалық емханаларда онкологтардың кабинеттері ашылуда, 2012 жылдан оларды медициналық құрал-жабдықтармеен қамтамасыз ету және қызметкерлерді оқыту жоспарлануда.

Өңештің, ұйқы безінің, жатыр мойнағының қатерлі ісіктерін емдеуде жоғары мамандандырылған хирургиялық әдістемелер енгізілген.

Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансер базасында ядролық медицина орталығын салу. Бүгінгі күні радиологиялық орталықтың 1,2 кезектегі ғимараттары салынды, құрылысты аяқтауға медициналық құралдармен жабдықтау қажет. Бүгінгі күні құрылыстың 3 кезегі жүріп жатыр, 2013 жылы аяқтау жоспарланған.

Семей қаласының онкологиялық диспансеріндегі радионуклидтік диагностика бөлімшесі радиологиялық орталықтың құрылысы біткен соң ашылады.



Жоғары мамандырылған медициналық көмек (ЖММК)

Облыс бойынша ЖММК 6 медициналық ұйымдар көрсетеді: «Шығыс-Қазақстан болыстық ауруханасы», Семей қаласының «Мемлекеттік медициналық университеті», «Ана және бала орталығы», «№1 Өскемен қалалық ауруханасы», Өскемен қаласының КМҚК «Медициналық жедел жәрдем ауруханасы», Семей қаласының КМҚК «Медициналық жедел жәрдем ауруханасы».

ЖММК бойынша 2012 жылдың 9 айында төлеуге 1514 жағдай ұсынылған, 2011 жылдың осы кезеңінде ЖММК бойынша 667 адам емделді.

2012 жылдың 9 айында 1688 коронарлық ангиография орындалды, соның ішінде шұғыл түрде -1334, жоспар бойынша-354; стентировалар-472, соның ішінде шұғыл түрде -404, жоспар бойынша-68, өткізілді-73.



2012 жылдың 9 айында тұрғындардың 18 жасқа дейінгі балаларының профилактикалық қаралудан өткізу бойынша ақпараты.

2012 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тұрғындардың 18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық қаралудан өткізу 80,2 пайызға (2011 жылы-70,3%), қанайналым жүйесінің ауруларын ерте анықтауға қаралу-87,4% (2011 жылы-62%), қант диабетін анықтауға -87,4% (2011 жылы-58,4%), глаукоманы анықтауға қаралу-78,5% (2011 жылы-49,1%), жатыр мойнағының обырын анықтауға -84,9% (2011 жылы-71,7%), емшектің шеткейлік обырын анықтауға -85,5% (2011 жылы-71,8%), жуан және тікішекті анықтауға-79% (2011 жылы-34,9%) орындалды.




  • 18 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық қаралудан өткізу:

Облыс бойынша профилактикалық қаралудан өтуші 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың барлығы 333055 адам. 30.09.2012 жылы 267074 бала қаралды (жылдық жоспардан 80,2%). Анықталған науқастар 41589 (қаралған балалардың санынан 15,6%). Сауыққан балалар17026 (анықталған науқастардан 40,9%). Диспансерлік тіркеуде 30666 бала тұрады (қаралған балалардың санынан 11,5%), соның ішінде диспансерлік тіркеуге алғашқы рет алынғандар 11941 (38,9%).

  • Қанайналым жүйесінің ауруларын ерте анықтау үшін 18,25,30,35,40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64 жастағы әйелдер мен еркектерге скриниг тексеру өткізу:

Облыс бойынша профилактикалық қаралуға – 199600 адам жатады. 2012 жылдың 9 айында 174395 (жылдық жоспардан 87,4%). Анықталған науқастар 16395 (қаралғандардан 9,4%), диспансерлік тіркеуде 11948 (анықталғандардың санынан 72,9%) тұрады.

2012 жылдың 9 айында скриниг тексеруді өткізу кезінде қанайналым жүйесінің ауруларын анықтау құрылымында артериялық гипертензия басым. АГ ауруының барлық анықталғандары -15847 (қаралғандардың санынан 9,1%), ЖИА/ИБС-839 (қаралғандардың санынан 0,5%).





  • 18,25,30,35,40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64 жастағы ер және әйел адамдарды қантты диабетті анықтау үшін скринингті тексеру жүргізу: Облыс бойынша тексеруге 199600 адам жатады. 2012 жылғы 9 ай бойынша тексеруден өткендер саны – 174379 (жылдық жоспардың 87,4%). Қантты диабет диагнозымен 490 науқас (тексерілгендердің арасынан алғанда0,3%) анықталып, 363 адам (алғаш анықталғандар санының74,1%) диспансерлік тіркеуге алынды.

  • 40,42,44,46,48,50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы ер және әйел адамдарды глаукома дертін анықтау үшін скринингті тексеру жүргізу: Облыс бойынша тексеруге 174113 адам жатады. 2012 жылғы 9 ай бойынша тексеруден өткендер саны – 136655 (жылдық жоспардың 78,5%). 330 науқас (тексерілгендердің арасынан алғанда 0,2%) анықталып, 1598 адамда (тексерілгендердің арасынан алғанда1,2%) жоғары көзішілік қысымы анықталды, диспансерлік тіркеуге 225 адам (анықталғандар арасынан 68,2%) тұрады.

  • 50,52,54,56,58,60,62,64,66,68,70 жастағы ер және әйел адамдарды жуан және тікішек обыры дерттерін анықтау үшін скринингті тексеру жүргізу: Облыс бойынша тексеруге 100900 адам жатады. 2012 жылғы 9 ай бойынша тексеруден өткендер саны – 79662 (жылдық жоспардың 79%). 3 науқас (тексерілгендердің арасынан алғанда 0,004%) анықталып, диспансерлік тіркеуге 3 адам (анықталғандар арасынан 0,1%) тұрады.

  • 30,35,40,45,50,55,60, жастағы әйел адамдарды жатыр мойнағы обыры дертін анықтау үшін скринингті тексеру жүргізу: Облыс бойынша тексеруге 49258 адам жатады. 2012 жылғы 9 ай бойынша тексеруден өткендер саны – 41813 (жылдық жоспардың 84,9%): 1391 науқас (тексерілгендердің арасынан алғанда 3,3%) анықталып, 17 адамда (0,04%) жатыр мойнағы обыры және 1374(3,3%) әйелде обыралды ауруы анықталды, диспансерлік тіркеуге 773 адам (алғаш анықталғандар арасынан 55,6%) тұрады..

  • 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйел адамдарды омырау безі обыры дертін анықтау үшін скринингті тексеру жүргізу: Облыс бойынша тексеруге 40891 адам жатады. 2012 жылғы есеп беру кезеңі бойынша тексеруден өткендер саны – 39944 (жылдық жоспардың 85,5%): 4540 науқас (тексерілгендердің арасынан алғанда 13%) анықталып, соның ішінде 18 адамда (0,1%) омырау безі обыры және 4522 (12,9%) әйелде обыралды ауруы анықталды, диспансерлік тіркеуде 2947 адам (алғаш анықталғандар арасынан 64,9%) тұрады.

Есеп беру деректері 2012 жылғы қырқүйек айында өсу қорытындысымен қалалар мен аудандарда профилактикалық медициналық тексерістер нәтижесі бойынша электрондық базадан алынған.

Медициналық жылжымалы комплекстер жұмысы (бұдан әрі МЖК)

5 МЖК жұмыс істеп тұр: Аягөз, Үржар№2, Зырян, Зайсан аудандарында және Семей қаласындағы консультативтік-диагностикалық орталықта. Қызмет көрсету аймақтары: Абай, Бесқарағай, Абыралы және Жаңа Семей ауылдық округтеріне. Зайсан ауданының МЖК қосымша Тарбағатай және Күршім аудандарын тексереді.

Жұмыс істеп тұрған МЖК 7 медициналық мамандар бригадасы тартылған. Барлық аудандарда бір бригададан, Семей қаласындағы ҚДО 3бригада жұмылдырылған. Мамандар негізгі мамандықтары бойынша оқытылып, сертификаттарын алған. Қырқүйек айында ұйымдастырылатын дублер бригада үшін қосымша 6 маман оқуға жіберілді.

2012 жылдың есеп беру кезеңінде барлық 5 МЖК жұмыс істеді: Аягөз, Зайсан аудандарында (МБ-АОА), Үржар№2(№2МБ-АА), Зырян ((№1МБ-қалалық аурухана), Семей қаласындағы (ҚДО). Семей қаласындағы ҚДО жанындағы МЖК елді мекен бекітілмеген, бірақ 3 аудан(Абай, Бесқарағай, Бородулиха) тұрғындарына консультативтік-диагностикалық қызметтің барлық түрлерін көрсетеді.



Жетістіктер

  1. Есеп беру кезеңінде МЖК жұмысының нәтижесінде 124 шалғай жатқан елді мекеннің 74 370(жоспардың 78,3%) тұрғыны, бұрын қол жетпейтін АМСК деңгейіндегі мамандар кеңесі мен тексерулерден өтті;

  2. МЖК-гі зертханалық анализаторларын пайдалану нәтижесінде 29,9% науқасқа биохимиялық, 14,2% гематологиялық зерттеулер жүргізуге; 11,5% -ЭКГ, 23,8% -УДЗ және рентгенологиялық зерттеу, сонымен қатар 1,8% маммография және 7,7% басқада зерттеулер жасауға мүмкіндік алдық, 79% науқасқа бейінді мамандардың қызметі көрсетіліп, кеңестері берілді;

  3. 59 023 келушіге дәрігерлердің медициналық қызметі көрсетілді: соның ішінде 33,4% - терапевт, 25,9% -хирургтер; 12,6% -стоматолог; 10,7% -акушер-гинеколог.

  4. МЖК барлығы 3 512 науқасты алғаш қойылған диагнозымен анықтады, «Д» тіркеуде -6 579, соның ішінде 137-сі омырау безі обыры, 109 - жатыр мойнағы обыры, 195 –глаукомамен, 556 - қантты диабетпен және т.б.; 1295 бала (88%) сауықтырылған.


Санитарлық авиация жұмысы

2012 жылғы 9 ай бойынша облыстың қалалары мен аудандарына 108 ұшулар болып, 151 науқасқа көмек көрсетілді, 13-не сол жерде, 138-і облыс орталығына жеткізілді. Шақыртулар ішінде басым болып тұрғандары: 68-дәрігер-реаниматолог, 30 –педиатр. 8 ай ішінде 215 дәрігер жұмылдырылды, соның ішінде хирургиялық бейінде (травмотолог, уролог, анестезиолог) – 140 (65,1%), гинеколог -50 (23,2%), терапевт (невропатолог, кардиолог, гематолог) – 8 (3,7%), неонатолог – 14 (6,5%) және тағы басқалары-3 (1,4%).



Телемедицина 9 ай бойынша науқастарға кеңес беру бойынша 97 сеанс жүргізілді, соның ішінде кардиологиялық- 80, 1 –неврологиялық. 79 ЭКГ, ФД зерттеулері және 71 рентген түсірілімдер талдауға жіберілді.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет