Шемонаиха қаласының Әкімі м. Е. Желдібаевтың 2016 жылғы есебінің тезисі



Дата21.12.2017
өлшемі52.9 Kb.
ШЕМОНАИХА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ М.Е.ЖЕЛДІБАЕВТЫҢ

2016 ЖЫЛҒЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕЗИСІ
желдыбаев

Шемонаиха қаласы – ауданның орталығы болып табылады, тұрғын халықтар саны 18,1 мың адам, олардың -10 166 экономикалық белсенді адамдар. Орташа еңбекақы – 73,2 мың теңге. Округ аумағы – 6786 га, соның ішінде қоныстандырылған аймақ – 1033 га, ауылшаруашылыққа пайдаланатын жер – 1731 га.



АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қаланың аграрлық секторында үш щаруашылық қожалығы, 8 бау-бақша серіктестігі және 4 840 жекеменшік үйлер бар. 30.12.2016 жылғы қала жағдайы бойынша мал басы - ІҚМ – 548 соның ішінде 204 сиыр, КҚМ (қойлар, ешкілер) – 989, жылқылар – 115 бас, шошқалар - 377 бас, құстар саны- 2850. 2850 цент. ет, 10 730 ц. – сүт, 890 мың дана жұмыртқа өндірілді. Орташа сауым сүт, жылына бір сиырға – 3710 кг. Жұмыртқалайтын бір тауықтың орташа жылдық жұмыртқа саны – 170.



ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

Шемонаиха қаласында 11 өнеркәсіптік кәсіпорын қызмет етеді, оның ішінде 3 ірі, ЖШС – 36, кооперативтер – 4. Тіркелген жеке кәсіпкертлер саны 1,3 мың адамды құрайды. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 2,3 мың адамнан астам.



ЖОЛДАР

Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 120 шақырымды құрайды (140 көшелер мен тұйық көшелер), соның ішінде 45 шақырымы қара-қиыршық таспен жабылған, 30 шақырымы тротуарлар, темір жолдар 20 шақырым, үш автомобиль көпірлері – Уба өз., Березовка өз., Шемонаиха өз., 7 жаяу жүргіншілер көпірі. 2016 жылы жолдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 23409,4 мың теңге ұсталды.



ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ

«ШҚ АЭК» АҚ-мен жүзеге асырылады. 100 ТП бар, олардың 13-і ірі аралық станциялар, 12 КТП және 1 қала аралық станция жөнделді. Шемонаиха қаласы көшелерін жарықтандырумен 70 шақырым қамтылған, онда 1 000 аса жарық көздері пайдалануда. 2016 жылы қала көшелерін жарықтандыруды қамтамасыз етуге 21 269,7 мың теңге бөлінген, соның ішінде қолданылған электр қуаты 4 877,0 мың теңгені құрайды, көшелерді жарықтандыруға – 7 529,2 мың теңге, көшелер жарықтарын қалпына келтіруге 8 863,5 мың теңге ұсталды.



СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ КӘРІЗДЕР

Шемонаиха қаласында сумен жабдықтаумен тұрғындар 100 % қамтылған. Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 92, 21 % қамтамасыз етілген, жергілікті көздерден қала тұрғындарының 7,79 % қамтылған. Шемонаиха қаласын сумен жабдықтауда келесі ұйымдар айналысады: «Маракана» ЖШС, «Востокэгерго» ЖШС және «Шемонаихинский водоканал» ЖШС. Сумен қамту жүйелерінің ұзындығы 75,3 км құрайды. 30.12.2016 жыл жағдайы бойынша тұрғындар үшін су тарифы 1 куб/м 46,98-ден 104,8 теңгеге дейін құрайды. Кәріз қызметін келсі кәспорындар көрсетеді: «Востокэнерго» ЖШС қаланың орталық бөлігіне, «Шемонаихинский водоканал» ЖШС қаланың ықшам аудандарына, ЖК «А.К. Каимов» теміржолшылар ықшам ауданына. Желілердің жалпы ұзындығы 12,6 км. Тұрғындарға тариф 44,33 –тен 80, 90 теңгені қүрайды. Канализация қызыметімен қамтылған үй-пәтер қорының үлесі 45,2%.



ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Қаланың орталық бөлігін және ықшам ауданды жылтытумен қамтамасыз етуді қаладан 6 шақырымдағы МХК «Корпорация Казахмыс» ЖШС жүзеге асырады. Қала бойынша жылумен қамту құбыр жолының ұзындығы 26,6 км құрайды. Орталық жылыту қызыметімен қамтылған үй-пәтер қорының үлесі 40,11 %.

2016 жылы елді мекенді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасы бойынша сомасы 3 000,0 мың теңге, қаланы көгалдандыру және абаттандыруға 14 679,6 мың теңге қаражат игерілген, Шемонаиха қаласының тазалығын қамтамасыз етуге 9 630 мың теңге ұсталынған.

БІЛІМ БЕРУ

Қала аумағында 4 мектеп, 2 колледж орналасқан. Қала мектептеріндегі оқушылар саны – 2278, ҰБТ орта балы 71,7.

Ыстық тамақтандырумен 2153 бала, тегін тамақтандырумен - 161 бала қамтылған. Қала мектептерінде 3 шағын-орталықтар қызмет етеді, онда жалпы саны 161 бала қамтылған. Мектепке дейінгі білім беру екі балабақшамен ұсынылады: «Ақбота» балабақшасы ҚМКК және «Аленушка» балабақшасы» ҚМКК, жалпы саны 676 баланы қамтиды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Орталық аурухана – 1, дәрігерлік амбулатория – 2, басқадай – 6. Қала тұрғындарына 9 медициналық мекемеде дәрігерлік көмекті 64 дәрігер, 189 орта медицина қызметкерлері көрсетеді.



МӘДЕНИ ЖӘНЕ СПОРТ

1 мәдениет Үйі, 1 достық Үйі, 4 кітапхана.

Спорттық ғимараттар: барлығы 9, соның ішінде 7 спортзалдары, 1 спорт кешені, 1 стадион.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

2016 жылы жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 452 адам қамтылды, с.і. - 197 адам жұмысқа орналастырылды, 191 адам қоғамдық жұмысқа жіберілді, 47 адам әлеуметтік дайындықты өтті, 29 адам жастар тәжірибесін өтті. Жыл басынан 157 жаңа жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасының екінші бағыты бойынша өткен жылда «Көмек беру және ауылда кәсіпкерлікті дамыту» 7 адам жалпы сомасы 20 млн. теңге микрокредит алды.

«Мүгедектерге, егде адамдарға және мүмкіншілігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша бөлімше 200 жалғызбасты адамдарға (с.і. 3 мүгедек) және 11 мүмкіншілігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді.

ҮЙ-ПӘТЕР ҚҰРЫЛЫСЫН ДАМЫТУ ТУРАЛЫ

Шемонаиха қаласының тұрғын үй қорында 4429 жеке сектор аулалары және 105 көп пәтерлі тұрғын үйлер бар, қала бойынша пәтер алуға кезекте 500 адам тұр.Тұрғын үймен камтамасыз ету проблемасы сақталуда.



ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ

2016 жылдың есеп беру кезеңіне қала бойынша 270 қылмыс жасалды. Жүргізілген жедел- алдын алу шаралар, рейдтер және қоғамдық тәртіпті және ішікі қауіпсіздікті сақтауда құрама жұмыстарды өткізу қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Қоғамдық тәртіпті бұзған 1500 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жол қозғалысы ережелелерін бұзуда 2300 адам жауапқа тартылды.



АЗАМАТТАР ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАУ, ОЛАРМЕН ЖҰМЫС

2016 жылы Шемонаиха қаласының әкім аппаратына 432 өтініш жеке тұлғалардан және 49 өтініш заңды тұлғалардан, 4 сұраныс түсті. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» 61. «Саудаластықты талап етпейтін (конкурстар, аукциондар), мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық алуға» 43. Барлық өтініштер заңмен белгіленген мезгілде қаралды, өз құзырлығы шегіне сәйкес шаралар қабылданды.

Өткізілген есеп беру кездесулер және азаматтар жиындарының талдауы әлеуметтік сферада, коммуналдық қызмет көрсетуді қамтамсыз ету бойынша, тазалық және абаттандыру жағдайы, көше жолдарын жөндеу туралы, апатты ағаштарды кесу жөнінде қойылған сұрақтарды шешу көрсетілген. Сонымен, өткен жылы 3 есеп беру кездесулері (203 адам қатысқан) және 4 жиын өткізілді, жалпы қатысушылар саны 752 адам. 17 сұрақ қойылды, оның 14-не кездесу кезінде түсіндірме жауап берілді. Урицкий көшесі бойынша апатты және ескірген ағаштарды кесу мәселесі төтенше жағдайлар бағдарламасы аясында шешілді (8 терек ағашы кесілді).

Ақшадай қаражаттың болмауына байланысты 2 сұрақ үнемі қала әкімінің жұмыс бақылауында болады (Транспортный көшесі жолын тегістеу, қиыршық тас салу, Урицкий көшесінедегі балалар алаңын абаттандыру).



ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

2016 жылы Шемонаиха қаласында 3 жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілді, онда жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері қаралды.



ҚАРЖЫЛЫ-БЮДЖЕТТІК САЛА

«ШҚО Шемонаиха қаласы әкімінің аппараты» ММ-не 2016 жылы 113201,8 мың теңге бөлінді, бюджет қаражаттарын игеру 80 % құрайды.

Салықтар: есептелген жер және мүлік салықтарының сомасы 3 464 200 теңге, салық толық көлемде жиналды.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК

Шемонаиха қаласы бойынша «Туған жерге тағзым» және бизнес –серіктестік акциясы аясында жалпы сомасы 9,9 млн. теңгеден аса шаралар орындалды. «Қамқорлық» айлығы жөнінде әртүрлі көмектер бойынша 861 адам қамтылды, жалпы сомасы 1 902 377 теңге. 2016 жылы Шемонаиха қаласында қайрымдылық аясында мұқтаж адамдарға сомасы 1 млн. 254 мың теңгеге көмек көрсетілді.



Шемонаиха қаласында «Құрбан Айт» мерекесін мерекелеу кезінде сомасы 989 мың теңге қайрымдылық көмек көрсетілді, қамтылған адамдар саны 644 адам. Осы бағытта жұмыс жалғастырылуда.

2017 жылға Шемонаиха қаласының келешекте дамуы

2016 жылдың қортындысы бойынша оң үдіріс- қысқа мерзімді және стратегиялық тапсырмаларды шешу бойынша алдағы жұмыстар негізі. 2013-2020 жылдарға Шемонаиха қаласының даму бағдарламасының шаралар кешенінде оларды жүзеге асыру көрсетілген, аймақтың тұрақты және динамикалық экономикасының дамуына және қала тұрғындарының тұрмысының жақсаруына бағытталған.
Каталог: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет