Шардара қаласы А. Иманов атындағы жалпы орта мектеп



жүктеу 46.21 Kb.
Дата22.04.2018
өлшемі46.21 Kb.
О. Қ.О. Шардара қаласы

А.Иманов атындағы жалпы орта мектеп

Сапарова Жаңыл


Баяндама
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін жаңа технология бойынша оқыту.

Мақсаты:


Шәкірттерге қолөнер арқылы жан-жақты эстетикалық тәрбие беру , оларды баулу, азамат қоғамында бұрын-соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік беру. Жалпы әлеуметтік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу.

Міндеті:


Болашақ ұрпақтың сана сезімін ұлттық психологиясына ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап,барымен жоғымызды түгендеп,жүйелеп,келер ұрпаққа аманаттау. «Мәдениет мұра» бағдарламасының басты мақсаты деп, ел басымыз Н.Назарбаев өзінің ұлттық мәдениетімізді дамыту жолындағы үндеуінде көрсеткен. Қазіргі қоғамымызда рухани бай , терең білімді сән дік қолданбалы өнерінің туындыларын, әсіресе, көнеден келе жатқан асыл қазыналарды бағалап, оны ары қарай жалғастыру.

Қазақ халқының мәдени асыл қазынасының бір саласы және ұлттық келбетін айқындап бейнелейтін өнер түрі ою-өрнек. Қазақтың ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Ою-өрнек өте ежелгі өнер. Оның ұзақта қызықты тарихы бар. Бұдан бір-екі жүз жыл бұрынырақ адамдар табиғатқа қазіргіден гөрі мүлдем өзгеше қараған болатын.

Қазақты ою-өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Оюшы шебер іскерлігімен қатар аталып, құрметтелетін өнерде өзіндік өнері бар адам. Ол өзіне дейінгі дәстүрді ою-өрнектің бүкіл сырын толық меңгеріп, оны әрі дамытушы. Оөрнек халықтық мұра. Кез-келген халықтық дәстүрлері өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастап келген өмір салтының, нанымы түсінігінің, арман –аңсарының жарқын айғағы. Қазақтың қол-өнері, оның ішінде өрнегі өзінің төл тума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәдениетіне халқымыздың уақыт тезінен өткен асыл қазынасы. Соңғы кезде рухани өміріміздегі өзгерістерге байланыс ты жас ұрпақты ұлттық дәстүр негізіде тәрбиелеуге бет бұра бастағанымыз белгілі.

Ою - өрнек адам баласының ақыл-ойларының толып-толқуымен, жүрегінің лүпілімен өзінің айнала қоршаған ортадан туған образдар. Ою-өрнектің пластикалық мәнері үшке бөлінеді .

Бірінші - геометриялық ою-өрнектер.

Екінші - зооморафты – (жан-жануар аң пішіндес) ою-өрнектер.

Үшінші - өсімдік пішіндес гүл оюлары жатады.

Ою-өрнек (латынша орнамент -әсемдеу,сәндеу.)- геометриялық және бейнелеу элементтері. Жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын, әрі үйлесімділікке құрылған өрнек нақыштары. Ата-бабаларымыздың ерекше қасиеттеріне бағалап, ән-жырға күйге қосқан. Күн көрісі төрт-түлік мал болған. Көшпелі қазақтың мал жүнінен, қыл-қыбырынан иіріп киіз үй жасауларын, киімдерін тоқығаны, ал сүйегінен, мүйізінен терісінен илеп, күнделікті тұрмысқа қажетті зататарын дайындағаны, осы асыл бұйымдарға қиынынан қиыстырып алуан түрлі шытырман ою-өрнектерді түсіріп, отырғаны тарихтан мәлім.



«Өнер көзі - халықта» дегендей өнер түрлері мол, халықпен бірге жасап келеді және жасай береді. Осындай өнер түрлерінің бірі ұлттық ою-өренктерінің тәрбиелік мәнін аша түсіп оқушыларға меңгеру жолдарын қарастыру. Халық бұрын ғылым мен білімге қол жеткізбесе де, сұлулық пен әсемділікті таңдай да, талғай да білген. Өз тұрмысымен мәдениетінде қол-өнерін мұрат тұтып жетілдіре білген. Сәндік қол-өнері халықтың мәдениет пен өнердің айқын көрінісі. Жалпы жер- жерлердегі байқаулар мен көрмелерде қолөнерімен айналысатын адамдардың азайып бара жатқандығын байқай отырып осы еңбегңмде халық өнерлерін одан әрі дамытуын баяндаймын. Қазақ халқының мәдениетін өмірде күні бүгінге дейін маңызын жоймаған өнер. Сондықтан ұлттық мектептерімізде, яғни ауылдық, қалалық тәрбие орындарында осы бағытқа арнайы факультативтік сабақтар өткізілетін болса деймін.



"Қошқар мүйіз" — ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріліп түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ, мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсык, пішіні анғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада, кілемде,бұйымдардың барлық түрінде кездеседі.

Киізден жасалған бұйымдарда бұл өю түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликация лық өрнек түрінде де тігілледі.


«Гүл» өю-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің тұр! Қол өнер бұйымдарында үш жапырақдан басталып, он екі жапырақтан өю-өрнекке дейін кездеседі


үйемойын" — ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап, иіле көтерліп барып, тармақталатын мүйіз өюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз өюларымен тұтас келеді де,-"түйемойын" өрнегі сол топта өз алдына оқшаланып, өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойынына ұқсайды.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет