«Сейфуллин оқулары– 13: дәстүрлерді сақтай отырып, болашақты құру»



Pdf көрінісі
Дата26.10.2018
өлшемі36.74 Kb.

С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университетінің  60  жылдығына  арналған 

«Сейфуллин  оқулары–  13:  дәстүрлерді  сақтай  отырып,  болашақты  құру»  атты 

Республикалық  ғылыми-теориялық  конференциясының  материалдары  =  Материалы 

Республиканской  научно-теоретической  конференции  «Сейфуллинские  чтения  –  13:  сохраняя 

традиции, создавая будущее», посвященная 60-летию Казахского агротехнического университета 

имени С.Сейфуллина. - 2017. - Т.І, Ч.6. - С.97-99 



БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ  

 

Қани С. 

 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  стратегиясы:  Білім  беру  жүйесін 



жаңғыртудың  маңызды  міндеттерінің  бірі  –  өкілдері  бәсекеге  қабілетті  білімді 

меңгерген,  ой-өрісі  дамыған  ғана  емес,  жоғары  азаматтық  және  адамгершілік 

ұстанымы,  отансүйгіштік  сезімі  мен  әлеуметтік  жауапкершілігі  қалыптасқан 

зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады. 

Жастардың 

бойында 


белсенді 

азаматтық 

ұстанымды,әлеуметтік 

жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық 

қасиеттерді  қалыптастыру.  Білім  беру  жүйесін  жоғары  білікті  кадрлармен 

қамтамасыз  ету.  Жастарды  отан  сүйгіштікке  тәрбиелеу  және  олардың  азаматтық 

белсенділігін,  әлеуметтік  жауапкершілігін  және  әлеуетін  ашу  тетіктерін 

қалыптастыру. 

Қaзіргі  кeзeңдe  eңбeк  әрeкeтінің  құрылымы  oның  тeк  қaрқындылығымeн 

ғaнa  eмec,  coнымeн  қaтaр  шығaрмaшылықты  көрceтe  aлу  дeңгeйімeн  өлшeнeді. 

Ocығaн  oрaй,  oбъeктивті  тeндeнция  бaйқaлaды,  яғни  қoғaм  дaмуымeн  eңбeктің 

қaрқындылығы  жәнe  caны  кeми  түcіп,  интeллeктуaлдық  жәнe  шығaрмaшылық 

жaқтaры  aртa  түcудe.Бүгінгі  білім  бeрудің  бacты  мaқcaты  —  шығaрмaшыл  тұлғa 

қaлыптacтыру.  Eгeмeнді  eліміздің  eң  бacты  мұрaты  өркeниeтті  eлдeр  қaтaрынa 

көтeрілу  бoлca,  aл  өркeниeткe  жeтудe  жaн-жaқты  дaмығaн,  рухaни  бaй  тұлғaның 

aлaтын oрны eрeкшe. Ocы oрaйдa білім алушылардың техникалық шығaрмaшылық, 

танымдық  қызығушылық  қaбілeттерін  дaмыту    oқытушылардың    aлдындa  тұрғaн 

жaуaпты  міндeттeрдің  бірі.  Білім  алушылардың  танымдық  қызығушылығын  ашу, 

oны aлғa қaрaй дaмыту үшін жocпaрлы іcтің мaқcaты мeн міндeті болып табылады.  

Қазіргі  замандағы  ғылым  мен  техниканың  даму  жағдайында  ғылымның  әр 

саласында  білім  мазмұны  мен  көлемінің  қауырт  өсуіне  байланысты  ЖОО  мен 

мектеп  арасындағы  сабақтастық  оқушылардың  танымдық  қызығушылығының 

қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сондықтан заман талабына сай маман дайындау 

жоғары  сыныптарда  басталып,  студенттік  кезеңмен  ұштасып  отырады.  Демек 

жоғары оқу орындарындағы оқытушыларға, студенттерге аса үлкен жауапкершілік 

жүктелуде.  Өйткені,  болашақ  ұрпаққа  білім  беріп,  тәрбиелеу  мұғалімдер  мен 

оқытушыларға  байланысты.  Білімді  маман  даярлау  үшін  толыққанды  адам,  жеке 

тұлға қалыптастыру - күрделі де келелі  іс. 

Оқушылардың таным үрдісін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін 

арттыру  және  танымдық  қызығушылығын  дамыту  мәселесі  бірқатар  еңбектерде 

қарастырылған. Соның ішінде А. Тамаевтың “Әдебиет сабақтарында жоғары класс 

оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру” ғылыми зерттеуінде 

оқушылардың  оқырмандық  қызығушылығының  психологиялық  негіздеріне,  оны 

тәрбиелей отырып, әдеби білім беру мәселелеріне мән берілген [2].  



Субъектінің 

әртүрлі 


таным 

белсенділігі 

мен 

танымдық 



қызығушылықтарының  табиғи  құбылыстарға  қайта  бейнелеу  көрінісі  (Л.П. 

Аристова),  тұлғаның  танымдық  қасиетін  сипаттаудың  еріксіз  жағдайы  (Р.А. 

Низамов), 

ал 


оқушының 

өмірлік 


позициясындағы 

іс-әрекеттілігі  (Г.И. 

Щукина),  тұлғаның  оқыту  сипатына,  мазмұнына,  таным  мақсатына  еріктік-күш 

жігерін  жұмсау  іс-әрекеті  сапасын  (Т.Н.  Шамова)  сараптаған  болса,  танымдық 

қызығушылық  мәселесі  Т.А.Буянова, Э.К.  Васильева,  О.А.  Золотарева  және  т.б. 

еңбектерінде көрініс тапқан. 

Қазіргі  кезде  педагогикалы-психологиялық  ғалымдардың  еңбектерінде 

кәсіби қызығушылықтардың дамуы мен кәсіби өзіндік айқындалу дәрежесіне және 

әлеуметтік  ортаның  жеке  тұлғаға  ықпал  ету  мәселелеріне  мән  беріліп,  өзіндік 

тұрғыда  қарастырылып  отыр.  Кәсіби  қызығушылықтарды  тәрбие  үдерісінде 

қалыптастыру  жолдарын  Л.А.  Вайсбург,  Ю.П.  Вавилов,  А.А.Газаев  және  т.б. 

ғалымдар талдаған.  

Білім алушылардың танымдық  үрдісін тиімді етіп ұйымдастыру арқылы оқу 

белсенділігін  арттыру  және  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыруды 

психологиялық тұрғыдан А.Н.Леонтьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн,Л.В. Занков, 

Л.В.  Эльконин,  А.В.  Петровский,  педагогикалық  тұрғыдан  П.И.  Пидкасистый, 

Т.И.Шамова, Т.Н.Щукина, отандық ғалымдар Ж.И.Намазбаева, Т.С. Сабыров, Н.Д. 

Хмель және т.б. зерттеді. 

Әдістемелік  тұрғыда  Н.А.  Ахметова,  А.Е.  Әбілқасымова,  Т.  Әбілова,  А.А. 

Бейсенбаева,  М.Х.  Балтабаев,  Ж.Т.  Дәулетбекова,  Р.К.Дүйсенбінова,М.Ж. 

Жадрина,  Қ.  Қайым,  Қ.Қ.  Қабдықайыров,  И.Д.Синельникова,О.С.Салимбаев,  А.Т. 

Томаев,  Б.Т.  Набиева,  Н.А.  Рыков  және  т.б.  ғалымдар  зерттеп,  жеке  пәндерді 

оқытуға  байланысты  және  сабақтан  тыс  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастырудың 

ерекшеліктерін анықтауға  үлес қосты. 

Мәселен,  Б.Т.  Набиева  “Сабақтан  тыс  және  сабақ  байланыстылығы  арқылы 

пәнге 


деген 

оқушылардың 

танымдық 

қызығушылығын 

қалыптастыру” 

тақырыбындағы  ғылыми  зерттеу  еңбегіндегі  мәселеге  ғылыми  талдау  жасай  келе, 

білім  алушының  танымдық  қызығушылығын  қалыптастырудың  әдістемелік 

негіздерінің  мәнін  айқындап  және  сыныптан  тыс  оқытуды  теориялық  негізде 

байланыстыруға әрекет жасаған [3].  

Білім aлушының   танымдық қызығушылығын  дaмыту жәнe oны тәрбиeлeу – 

бүгінгі тaңдaғы көкeйкecті мәceлeлeрдің бірі.Қызығушылық  – бүкіл  тіршілік көзі. 

Aдaм  бaлacының  cөйлeй  бacтaғaн  кeзінeн  бacтaп,  бүгінгі  күнгe  дeйін  жeткeн 

жeтіcтіктeрі қызығушылықтың нәтижecі. Бұғaн бүкіл хaлықтық, жaлпы жәнe жeкe 

aдaмның қызығушылығы aрқылы кeлдік. Әр жaңa ұрпaқ өзінe дeйінгі ұрпaқтың қoл 

жeткeн жeтіcтіктeрін мeңгeріп қaнa қoймaй, өз іc-әрeкeтіндe coл жeтіcтіктeрді жaңa 

жaғдaйғa  бeйімдeй,  жeтілдірe  oтырып,  бaрлық  caлaдa  тaңғaжaйып  тaбыcтaрғa  қoл 

жeткізeді. 

 Қызығушылық – жaңaны, тың нәрceні дaмыту, түпкі идeяны тaбуғa ұмтылу. 

Бұл  кeз  келген  шығaрмaшылық  қасиетті  ашып  ,дамытып  және  қалыптастыруға 

мүмкіндік береді. Сонымен қатар қызығушылық - қиял, ұшқыр oй қaлыптacтыруға 

мүмкіндік береді.  

Танымдық  қызығушылық  —білім  алушының  оқуға,  білуге  деген  ынта-

ықыласының,  рухани жан  дүниесінің дамуының  құштарлығының  ерекше көрінісі. 

Танымдық  қызығушылықтарды  қалыптастыру  үшін  оқушылардың  танымдық 



қызығушылықтарының көздейтін мүддесі-білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға 

қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды [4].  

Жеке  тұлғаның  танымдық  қызығушылығын,  өзін-өзі  көрсетуіне  көмек 

жасайтын  және  соны  өнім  жасап  шығаруы  бойынша  іс-әрекетке  дайындығы  мен 

білімділігін  қамтамассыз  ететін  мотивациялық,  іс-әрекеттік  және  және 

шығармашылық компоненттері бар жеке тұлғаның интегративтік қасиеті деп түсіне 

отырып, біз еңбекке оқытуды танымдық қызығушылықты қалыптастыру ұстанымы 

тұрғысынан қарастырамыз. 



Білім  алушылардың  танымдық  қызығушылығын  дамытуда  білім 

берушілердің  теориялық  білімін  жетілдіру.  Білім  берушілердің  теориялық 

білімдерін жетілдіру болып табылады.  

Қорыта  келе,  оқытудың  қазіргі  уақыт  талабындағы  негізгі  мақсаты  кәсіптің 

белгілі  бір  саласына  бағытталған,  ақпаратты  өзі  іздеп  табу,  талдау  және  ұтымды 

пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс 

істей  білуге  қабілетті  жастар  даярлауы,  еңбекке  оқытуды  шығармашылық 

қабілеттерін  қалыптастыру  ұстанымы  тұрғысынан  орын  алатыны  айқындалды. 

Оқыту  үдерісінде  білім  алушының  қызығушылығын  оята  біліп  ,  өзі  ізденетіндей 

әрекет жасау.  

 

Әдебиеттер тізімі 

 

1.  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 



бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті - елбасы Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ 

Қазақстан  халқына  Жолдауы,  Астана  қ.,  2012  жылғы  14  желтоқсан  //  «Егемен 

Қазақстан», 2012 жылғы 15 желтоқсандағы № 828-831 (27902). 

2.  Тамаев  А.Т.  Әдебиет  сабақтарында  жоғары  класс  оқушыларының 

оқырмандық  қызығушылығын  қалыптастыру.  п.ғ.к.  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 

дайындалған диссертациясының авторефераты. –Алматы, 1995, -25 б. 

3.  Набиев  Б.Т.  Формирование  у  учащихся  позновательного  интереса  к 

предмету  постсовеиском  взаимосвязи  урочных  и  внеурочных  занятии. п.ғ.к. 

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. –Алматы, 

1998, -24 б. 

4.  Ann-Kathrin  Pehmer.  How  teacher  professional  development  regarding 

classroom  dialogue  affects  students's  higher  -  order  learning  //  Teaching  and  Teacher 

Education  An  International  Journal  of  Research  and  Studies,Volume  47,  April  2015, 

pp108-119. 



 



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет