Сатып алынған асыл тұқымдық және/немесе селекциялық малды пайдалану туралы келісім



жүктеу 24.91 Kb.
Дата15.07.2017
өлшемі24.91 Kb.
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің
өнімділігі мен сапасын арттыруды
субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 3-қосымша

нысан


Сатып алынған асыл тұқымдық және/немесе
селекциялық малды пайдалану туралы келісім

1. Тараптарды анықтау

      1. __________ облысы __________ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі атынан бөлімнің басшысы_________________ (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) (бұдан әрі - Басшы) бірінші тараптан және шаруашылық басшысы атынан______________ (Т.А.Ә.) (бұдан әрі – Тауар өндіруші) екінші тараптан, келесілер туралы осы Келісімді жасасты.

2. Келісім мәні, мақсаттары мен міндеттері

      2. Өз төлінен ____ бас өсіру мақсатында тауар өндіруші өзіне алған сатып алынған асыл тұқымдық және селекциялық малды ________ (жаңуардың түрі) пайдалану бойынша міндеттенеді.



3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3. Тауар өндіруші:


      1) асыл тұқымды және селекциялық малдарды зоотехникалық талаптарға сәйкес және барлық қажетті ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруға;
      2) өз төлінен өсіру мақсатында сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық аналық басын – екі жылдан кем емес/ асыл тұқымды аталықтарды - екі шағылыстыру маусымынан кем емес пайдалануға;
      3) Табынды өсімін молайту үшін сатып алынған ірі қара малды тек Қазақстан Республикасының аумағында үш жыл ішінде пайдалануға;
      4) етті мал шаруашылығында шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруда пайдалану және/немесе өсімін молайтуда ұрпағының сапасы бойынша және/немесе өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалануға;
      5) сүтті мал шаруашылығында шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100 % қолдан ұрықтандыруда пайдалануға;
      6) кәсіптік шығылыстыру үшін сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын пайдаланбауға;
      7) сатып алынған асыл тұқымды төлді мақсатты пайдалану үшін шаралар қабылдауға міндеттенеді.
      4. Басшы:
      1) сатып алынған асыл тұқымды төлдің мақсатқа сай пайдаланбау тәуекелдерін басқару бойынша шараларды уақытылы қабылдауға;
      2) егер Тауар өндірушімен қабылдаған міндеттемелер орындалмаған жағдайда тиісті облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына төленген субсидияны қайтару мәселесін ұсынуға міндеттенеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      5. Тауар өндіруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзіне алған міндеттемелері үшін, осы келісімнің қолдану мерзімі ішінде мақсатқа сай қолдау үшін жауапты болады.


      6. Басшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тауар өндіруші субсидияланған асыл тұқымды және/немесе селекциялық малдарды мақсатсыз сай пайдаланған фактілері табылған кезде уақытылы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін жауапты болады.

5. Дауларды шешу

      7. Осы Келісімнен туындайтын немес оған байланысты кез келген даумен келіспеушілік Басшы мен Тауар өндіруші арасында өзара келіссөздер жүргізу жолымен шешілетін болады.


      8. Басшы мен Тауар өндіруші:
      олардың арасындағы өзара тиімді шешімді іздеу мақсатында туындаған мәселенің талдануын қамтамасыз етеді;
      олардың арасындағы өзара тиімді шешімді таппаған жағдайда жоғары тұрған органға немесе сотқа жүгінеді.

6. Қолдану мерзімі

      9. Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және үш жыл ішінде қолданылады.



Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
_______________ облысының
_______________ ауданы
__________________ (Т.А.Ә., мөрі)
Мөр орны

Тауар өндіруші
____________(шаруашылықтың атауы)
_______________ (орналасқан жері)
__________________ (Т.А.Ә., мөрі)
Мөр орны





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет