Сарыағаштағы емдік туризмді дамыту Орындаған:Əмзе Қанат



жүктеу 155.62 Kb.
Дата20.06.2017
өлшемі155.62 Kb.
Мақала

Сарыағаштағы емдік туризмді дамыту


Орындаған:Əмзе Қанат

Жетекші:Жылқыбаева Маржан

ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Емдік туризмнің даму тарихы

Әлемдік емдік туризм тарихы өзінің бастауын ежелгі рим моншалары мен шипалы бұлақтарынан алады. Алғашқы кезде шипалы бұлақтарды пайдалану гигиеналық мақсатта болған. Уақыт өте келе адамдар ол бұлақтардың емдік қасиеті бар екендігін ұғынған. Ежелгі Рим дәуірінде мұндай шипалы суларды пайдалану өте кең қолданысқа енген.

Алғашқылардан болып Ежелгі Грекияда курорт шаруашылығы мен емдік туризм қалыптасқан. Емдеу құдайы Асклепий ғибадатханалары атам заманда тұрғызылып, классикалық дәуірде (б.з.д. V-IV ғ.) олардың саны 60 шамасына жеткен. Олар қалалардан алшақ, биік және климаты жайлы да шипалы жерлерде орналасқан. Бұл ғибадатханалардың абыздары медицинамен шұғылданатын адамдар болған. Сауығуды іңкәр еткен мінажат етушілер құдайға баруға рұқсат алу үшін белгілі бір: ораза ұстау, дәрет алу, моншаға түсу және таза діни рәсімдерден өтуі керек болған. Осындай дайындықтан кейін азаптыларды ғибадатханаға түнеуге кіргізген – бұл рәсім инкубация деп аталған. Таң ата ауру көрген-естігенінің бәрін абыздарға әңгімелеген, осыған қарап «құдай жазған» ем берілген. Емі жаққан кісілер ғибадатхана колонналарына есімдерін қашап, жазбалар, тіпті, толық әңгімелер қалдырған. Гректер шипалы суларды (күкіртті, тұзды-күкіртті, кейде темірлі, бірақ оларда қышқыл су болмаған) гераклей сулары деп атаған. Оны өте жоғары бағалаған. Шипалы сулар көп болған, бірақ Фермопилы мен Элидадағы курорттар ең жақсы болып есептелген. Иониядағы тау көздеріндегі емделу мен демалыс үшін керемет жабдықталған шомылу орындары жөнінде Страбон мен Павсаний хабарлаған.

Климаттық факторларды да римдіктер жақсы қолдана білген. Бұлар шипалы бұлақтар мен теңізге шомылу секілді емдеу шарасы ретінде рим цезарлары дәуірінде пайда болған. Қазіргі Щвейцарияның Санкт-Мориц крортының аймағында су құралдарының қалдықтары табылған және олар Рим дәуіріне жататындығы анықталған. Ол дәуірде емдік мақсатта күн, шипалы су, климат және теңіз қолданылған. Римдіктердің арасында танымал емдеу орны Анцио болған.

Емдік мақсатта күн мен ауаны қолдануды ең алғашқы болып ұсынған Гиппократ екен. Оның ұсыныстары ғылымға көп жаңалықтарды әкелген. Римдіктердің империясы құлағаннан соң шипалы сулардың қолданысы тоқтап, рим моншалары тоналып, қирандыға айналған. Осы уақыттан бастап бірнеше ғасырлар бойы емдік туризм тоқырауда болды. Ерте Орта ғасырларда емдік шипалы суларды пайдаланған жалғыз Ұлы Карл болған. Ол қазіргі Германия жеріндегі Пломбер ле Бен және Ахен курорттарын қалпына келтіріп, өзі тұрақты түрде пайдаланып отырған. Ұлы Карлдың қамқорлығымен Абона Терме бұлағы жұмысын жалғастырып келген.

Еуропадағы шипалы бұлақтар уақыт өте келе кейінгі орта ғасырларда қайта қалпына келе бастады. Бұл уақытта олар шіркеулердің меншігі ретінде тіркеле бастады. Өйткені қарапайым халықтың да, мемлекеттің де бұған көңіл бөлуге артық қаржы жұмсағысы келмеді. Қайтадан қалпына келтірілгендер ішінде ең көзге түскендері Карлсбад қазіргі Карловы-Вары, Баден-Баден болды. XVI ғасырдың өзінде Баден-Баденде 12 ванналық ғимарат болған.

Кейінгі Орта ғасырларда еуропада климаттық факторларды емдік мақсатта қолдану бойынша зерттеулер басталды. Гумболть (1769-1859) өзінің еңбектерінде бірінші болып теңіздің континенталды климатын ойлап тапты. ТТаулы климаттық орындарда ауа мен күннің ерекше қасиетін пайдаланып, ауруларды емдеу жолдары жөнінде алғаш зерттеулерін жариялағандар Вернард (1902), Роллер (1903) және тағы басқалар болды.

XVIII-XIX ғасырларда көлік түрлерінің дамуы емдік туризмнің дамуына үлкен үлес қосты. Курорттық жобаның кеңеюіне зиялы қауымның арасындағы келушілердің артуымен байланысты болды. 1792 жылы ағылшын дәрігерлері Р.Рассел Маргите қаласында бүлдіршіндерге арналған бірінші теңіз-жағажайлық санаторийдің негізін қалады. Кейінірек осыған ұқсас курорттар Франция мен Италияда ашылды.

Қазақстандағы емдік туризмнің даму тарихы

Қазақстан Республикасында табиғи емдік факторлар медицина саласында бұрыннан Қазақстан территориясына қоныстанғандары қолданатын. Бірінші күннен бастап Кеңестік өкіметтің орнығуын Коммунистік партиясы Кеңес үкіметіне көптеген назарларын аударып еңбекшілердің жағдайларын жақсарту мақсатында санаторлы-курорттық емдік жерлерде медициналық тарапынан көмектесуді ұйғарды.

Қазақстан территориясындағы ең бірінші табиғи емдік факторлар туралы мағұлматтар ХІХ – ғасырдың ортасына жатады. 1834 пен 1880 жылдардың аралығында баспасөз беттерінде Рахманов кілті Арасан– Қапалдың геологиялық бұлақтарын, және Боровой өзені, Жусалы мен Барлық – Арасандық батпақты көлдері мен бұлақтары туралы мағұлматтар шыққан болатын.[20]. Бұрындары басқа бұлақтардан Қазақстан территориясында Шығыс Қазақстан обылысының Катон – Қарағай ауданындағы Рахманов бұлақтары зерттелген болатын

Бұқтырма өзенінде қоныстанған орыс көшіп қонушылары ең бірінші рет 1763 жылы Рахманов пен танысқан екен, Белой ауылында тұрғылықты аңшы Рахманов аң аулап жүрген кезде буддалық аластағыш бір құралды көріп қалады, соның қарамағында ыстық бұлақтар ағып жатыр екен. Рахмановтың айтуы бойынша осы бұлақтар бүкіл әлемге әйгілі болды.

1826 жылы Қарқаралының ішкі айналасының бұйрығы шыға салысы мен осы бұйрықтың отырықшысы Д. Арто Қарқаралының солтүстік-шығысына қарай 80 шақырымды жерде Жусалы өзенінің жағалауынан Әулие – Бұлақ атты жаңа минералды бұлақтың көзін тауып алды.

ХІХ – ғасырдың 40 жылдарында орыстардың қоныстанған аймағында Жетісу өңірінде Арасан – Қапалдық минералды бұлақтарын ашқан болатын. Ең алғашқы рет 1840 жылы казактар Биен өңіріндегі шекаралық қызметте жүрген кезінде тауып алған екен. Осы бұлақтардың құрамын тексере келе Аягөздегі әскери лазареттің емшісі Светаев бастық болып сайланған. Өзінің хабарлауы бойынша Арасан деп аталған бұлақтан құрамында су мен қышқыл – хлоридтің бөлшектерінің бар екендігін растап осы бұлақтың емдік қасиетіне көздері ашылғандар тастарынан монғол және қытайдың жазбаларын байқайды. Арасан – Қапалдың минералды бұлақтары әр түрлі ауруларға мысалы Қозғалу аппараты мен жүрек – қан тамырларына жүйке, тері, және әйелдердің ауруларына шипа беретін болып шықты.

1811 жылы Бұқтырма таможнясының аудармашысы Путимцев Құлжаға сапарында Барлық – Арасандық бұлағына келген екен Бұлақтардың орнында буддалық аластатқыш құралын көргеннен кейін осы судың емдік қасиетіне көзін жеткізеді.

Кешірек Барлық – Арасан бұлағына емдік – курорттық саяхаттарды ұйымдастырып шақырымының ұзақтығы салдарынан қараусыз қалған екен.

Аталған минералдық бұлақтардан басқа Қазақстан территориясында әр түрлі уақытта өзге де бұлақтар басқа да сипат пен ашылып, бөлшектене зерттелмей емдік мақсатта қолданылған жоқ. Қазақтар үшін танымал болған жердің бұлақтарын олар арасан деп атаған еді.

Табиғи зоналардың көптігіне қарамастан минералды бұлақлақтары емдік батпақтары жайлы климаттық жағдайын әңгіме тәріздес ландшафт әсемдігіне көтеріліске дейінгі Жазық аймақтың ең үлкен территориясында Боровой мен Бек – Шоғыр курорттарында 30 дейін санатрйлар болған секілді. Шындығына келетін болсақ Қазақстанның табиғи емдік байлықтары Кеңес өкіметі қарсаңында пайдалана басталды. 1920 жылы ең алғашқы рет мемлекетке маңызы зор Боровой курортының ашылу салтанаты өткен болатын. Ал 1922 мен 1925 жылдары аралығында “Мұланды” “Ауыл” “Сор” “Рахманов бұлағы” “Шымған” “Жаңа Қорған” курорттарының негізі қалаған болатын.

1930 жылдары ғалым – балнеологтар, климатологтар, гидрологтар, геофизиктер, химиктер, курортолог – дәрігерлері 20 астам табиғи – емдік орындарына өздерінің туризмді дамыту перспективаларын орнатты. 27 наурыз 1931 жылы Қазақтың курорттық трестінің негізі қаланды. Осыған орай Арасан – Қапал мен Барлық – Арасанның бірәгуіне септігін тигізді.

Курорттық байлықтардың осы қарқын мен зерттелуіне ықпалын тигізген ғалымдар арасында: Славянов, Н.Н. Зарницын, П.И. В.И. Иванов-Незнамов, Курлов, М.Г. Климовицкий В.А. т.б.

«Аяк-Калкан» курортының ұйымдасуына ең үлкен үлес қосқан және «Жаңа – Қорғанның» ғылыми жұмыстарына атсалысқан профессор Сызғанов А.Н. еді. 1950 жылы Қазақ ССР дің ғылыми Академиясының өлкетану патологиясы институтының курортология бөліміне кірген қызметкерлер профессор Н. Д. Беклемишевтің басқаруы мен көптеген ғылыми – зерттеулік және генералдық жоспардың Көкшетау, Павлодар, мен Қарағанды облыстарында дамуын қолға алды.

Өлкетану патологиясы институтының курорттық ресурстарды іздеу бөлімінің меңгерушісі медицина ғылымының кандидаты Замятин С.И. өзімен батпақтық өзендерді зерттеп республикадағы минералды бұлақтардың көзін ашты. Санаторлы – курорттық емделу мен демалу еңбек етушілер үшін мемлекеттегі әр түрлі аурулардың асқынбауына қарсы алдын – ала ескертулер аурудың төмендеуіне көмектеседі.

СССР ыдырауы мен Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізген соң 1991 жылы Қазақстан үкіметі Республикадағы санаторлы – курорттық жоба көңіл бөле бастады. 1991 мен 2001 жылдардың аралығында кейбір санаторлы және демалыс үйлері жекешелендіріліп жатты. Басқа да пайданың көзін көрмеген санаторийлар алшақ жерде орналасқаны барысында тоналып, жабылып қалған. Осы уақытқа орай Қазақстан халқының арасында қазіргі заманғы инфрақұрылымы мен емделудің басқа да түрінің арқасында шетелдің курорттары мен демалыс орындары Қазақстандықтарды қызықтырады. Соңғы жылдары Қазақстанның санаторийлері мен демалыс үйлері жекеменшікке өткеннен кейін жөндеу жұмыстарынан өтіп тұрғындардың талаптарына сай келе бастады. Қазақстанның табиғи емдік байлықтары – минералды су бұлақтары және әр түрлі химиялық құрамы мен көптеген өзендерін өзгеше климат бойынша емдік қасиеті бар батпақ пен көркем орындарының көптігі тұрғылықты санаторийлар мен курорттардың дамуына жағдай жасап отыр.

Сарыағаш – Оңтүстік Қазақстанның құрамындағы ең ірі аудандардың бірі, сонымен қатар сол ауданның орталығы болып табылатын қала. Соңғы санақтар бойынша 7613 шаршы шақырым аумағы бар ауданда 40-тан астам ұлт өкiлдерiнен құралған 250,3 мыңнан астам халық тұрады. Тарихы 1928 жылдары Келес ауданы, кейін 1939 жылдан Сарыағаш аталуынан басталады. Сарыағаш Өзбекстанның астанасы Ташкенттен 15 шақырым жерде орналасқан.

Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары болып табылады. Қазiргi кезде 55 су ұңғымалары аймақты термальды сумен қамтамасыз етіп отыр. Осының негізінде елімізден тыс жерлерге де мәлiм Сарыағаш шипажайы сияқты 10 шақты демалыс аймағы танымал.

Сарыағаш ерте кездерден-ақ белгілі, себебі Ұлы Жібек жолы осы аймақпен өткен. Сондықтан Сулы Келес өзенінің жағасынан табылған Күлтөбе және басқа тарихи ескерткіштер туристерді қызықтыратын орын.

Сарыағаштағы алғашқы шипажай 1951 жылы ашылды. Ол өзінің бастауын 1949 жылдан алады. Өйткені сол жылы геологтар бірінші рет 1400 м тереңдіктен ыстың, тұнық су тауып алды. Кейіннен оның минералды су екені анықталған. Сол жерге қойылған алғашқы су бұрғылау апаратының жанында екі жылдан соң алғашқы шипажай салынған. Ол “Сарыағаш” шипажайы деп аталды.
САРЫАҒАШТЫҢ ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ОРНЫДАРЫНА БАҒА БЕРУ

Сарыағаш шипажайларының сипаттамасы

Сарыағаш – Оңтүстік Қазақстанның құрамындағы ең ірі аудандардың бірі, сонымен қатар сол ауданның орталығы болып табылатын қала. Сарыағаш Өзбекстанның астанасы Ташкенттен 15 шақырым жерде орналасқан.Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары болып табылады. Қазiргi кезде 55 су ұңғымалары аймақты термальды сумен қамтамасыз етіп отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында бірегей табиғат жағдайлары мен минералды су көздерінің арқасында ондаған шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орындары салынды. Жыл бойы мұнда ТМД мен алыс шетелдерден ондаған мың адам келіп, ем қабылдайды.

«Алтын Бұлақ» емдеу-сауықтыру орны әсем көлдің жағалауындағы орманды алқапта, «Сарыағаш» минералды су көздерінің тұсында орналасқан. «Сарыағаш» шипажайы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД аумағына танымал. «Сарыағаш» шипажайының тарихы 1946 жылдан бастау алады, сол жылы геологтар ізденіс бұрғылауларын жүргізген кезде 1400 метр тереңдікте ыстың мөлдір су көзін тауып, оның минералды екені анықтады. «Жансая» шипажайы «Сарыағаш» курортының аумағында, қайнарлар мен курорт саябағының қасында орналасқан. «Көктерек Сарыағаш» шипажайы Сарыағаш қаласының табиғаты әсем ауданында орналасқан. Жылы климат жағдайлары, таза ауа, самал жел, күн сәулесінің мол түсуі, минералды су, осының бәрі – шипажайдың аса құнды табиғи және климаттық емдік факторлары. «Арман» шипажайы 1982 жылы КСРО ІІМ қызметкерлері үшін арнайы салынған. Ол – Қазақстанда да, таяу шетелде де белгілі демалыс және сауықтыру орны. Заманның ең жаңа талаптарына сай Aray Deluxe Thermal Resort сауықтыру кешені Сарыағаш қаласында орналасқан. Бұл – медициналық қызметтер көрсетілетін минералды курорт.

Сарыағаштың минералды суының табиғи емдік қасиеті болып, құрамы сутек карбонатты, метокремныйлі оттекті, жоғары термальді (48-51 С), тынық және түссіз, иіссіз, тартымды дәмге ие, тұрақты химиялық құрамы бар және судың емдік қасиетін арттыратын 1 кестеде көрсетілгендей магний, темір, марганец, молибден, цинк секілді микроэлементтерден тұрады. Ол бальнеологиялық тәжірибеде кең қолданылатын ерекше топқа жатады.



Гидрокарбонаттар



- 400.0 мг/л

Калий,натрий

- 227.7 мг/л

Кальций

- 4мг/л

Магний

-0,9

Сульфаттар

-91,7

Хлор

-56,7

Фтор

-1,2

Цинк

-0,075

Барий

-0,05

Йод

-0,05

Бор

-1,5

Молибден

-0,025

Медь

-0,002

Ванадий

- 31 мг/л.

Кремнийлі оттек

- 25мг/л.

Нафтеновая кислота

- 0,6 мг/л.

Фосфорная кислота

- 0,1 мг/л.

Органикалық заттар

- 10мг/л.

Радон

- 3-4.нК/л.

1-кесте. Сарыағаш минералды суының құрамы

Сарыағаш минералды суы организмдегі зат алмасу үрдістерін ретке келтіруге қатысуымен қатар, одан токсиндер мен ауыр металл тұздарының шығуына көмек береді. Минералды судың адам денесінде жақсы әрі қауіпсіз қозғалатындығы дәлелденген. Оның организмге кері әсері өте аз кездеседі. Сарыағаш минералды суының организмге әсері химиялық, механикалық және термалді факторлармен есептеледі.

Химиялық факторы су құрамындағы микроэлементтердің организмге әсеріне негізделеді. Гидрокарбонаттар ионы ас қорыту мүшелерінің жұмысын жақсартады. Организмнің сөл бөлуіне қосылып, зат қорытуды жылдамдатуға көмектеседі.

Сарыағаш минералды суы адам организміне қажетті болып саналатын микроэлементтерге бай болып табылады. Олардың 1 литрдегі көлемі аз болуы мүмкін, бірақ маңызы өте жоғары. Академик И.М. Воронцова организмдегі макро және микроэлементтердің өзара баланста болуының рөлі генетикалық құрылымнан еш кем түспейді деп есептейді. Табиғатта кездесетін 92 химиялық элементтің 81 адам бойында кездеседі. Солардың 12-сі құраушы элементтер деп аталып, адам денесінің 99 процентін құрайды. Оларды макроэлементтер деп те атайды. Микроэлементер деп организмдегі өте аз кездесетін химиялық элементтерді атайды. Бірақ олар өмірлік маңызды болып табылады.

Бүгінде адамдар арасында микроэлементтердің жетіспеушілік жағдайлары жиі байқалады. Бұл әр түрлі себептермен байланысты: күнделікті бірдей тамақтану, демалу уақытының бұзылуы, әр түрлі ауруларға шалдығу. Кальцийдің жетіспеуі бала көтеру уақытында, рахит ауруы салдарынан, хлор жетіспеуі көп құсу салдарынан және магный жетіспеуі диарейадан, күнделікті бірдей тамақтанудан, алькогол ішімдіктерін жиі пайдаланудан туындайды. Организмде микроэлементтердің жетіспеуі көбіне қан кетуі, анимияға алып келуі мүмкін.

Микроэлементтер біздің организмімізде өте аз мөлшерде кездеседі. Соған қарамастан денсаулығымызға үлкен әсер етеді. Оның сыры бұл элементтердің біздің өмір сүруіміздің катализаторы болып саналуында тұр. Макро және микроэлементтер зат алмасуды жүзеге асырып, әр күні тұрақты түрде 50000 биохимиялық үрдістерді жүзеге асырады. Минералды су табиғи элементтер обы болып, емдеп қана қоймай, организмімізді минералды заттармен толықтырады. Сондықтан да сарыағаш минералды суын ішерде өзге тағамдарда кездесе бермейтін макро және микроэлементтерге организміңізді байытасыз.

Минералы сулардың термалды факторлары деп ас қорыту жүйесіндегі химиялық заттардың бөліну жылдамдығына әсер етуін айтамыз. Жылы су ас қорыту процесін баяулатады. Секреция сөлінің бөлінуін азайтып, асқазаннан судың өту жылдамдығын азайтады. Ал суық су, керісінше, асқазанның жұмыс жылдамдығын көбейтеді. Механикалық факторы - минералды су дам асқазанында белгілі бір қабаттар түзуге қатысады.

Емнің эффективті болуы үшін минералды ванналардағы судың химиялық құрамының концентрациясы маңызды орынды алады. Мәселен сульфидті судағы сутектің артық болуы емделушінің өзін нашар сезінуіне себеп болуы мүмін. Сондықтан минералды ванналарда әлсіз емделушілерге сульфидтің аз қосындысы бар су қосылады. Минералды сулардың әрбір түрі өзінің құрамындағы химиялық элементтердің процентіне байланысты организмге түрліше әсер етеді. Сульфидті минералды су жүрек қан тамырлары, жүйке жүйесі ауруларына, көмірқышқылды су қан айналым жұмысының жақсаруына, радонды су зат алмасуға көмектессе, азотты су аурудан айрықтырушы және тынышталдырушы рөл атқарады.

Сарыағаш минералды суы көптен бері Қазақстан нарығындағы брендке айналған. Мұнадағы су құбырларының тереңдігі 2000 м-ге жетеді. Суды емдік қасиетін жоғалпастан және экологиялық қауіпсіз түрде тазалайды. Сарыағаш минералды суы ерекше құрамға ие. Жердің өте тереңінен шығып, калий, натрий, кальций, магный, темір, хлор, ванадий және тағы басқа сирек және өте аз кездесетін элементтермен байыған. Мұндағы шипажайларға адамдар имунитетін қалпына келтіру, жүйке жүйесін жақсарту, қан айналу мен зат алмасу процестеріндегі аурулары бар адамдар келеді. Табиғи минералды құрамы әлсіз минералданған және аз кезедесетін гидрокарбонатты-натрийлі, жоғары термалды болып табылады. Ұзақ зерттеулер нәтижесінде минералды сулардың ең пайдалылары гидрокарбонатты су екені дәлелденген. Сарыағаш суы күрделі химиялық құрамына қарамай тәтті болып келеді.

Сарыағаш минералды суы организмге пайдалы табиғи элементтерге бай екені айтылды. Еуропадағы Белгия су институтының зерттеуінше сарыағаш минералды суы өте сирек кездесетін ванадий және йод секілді элементтерге толыққан екендігі дәлелденген. Оны қант диабеті ауруларына қарсы қолдануға болатыны айтылған. Оны құрамы жағынан француздың Виши шипажайындағы минералды суға ұқсас екені айтылады.

2.2 Сарыағаш емдік-сауықтыру орындарына баға беру




Қорытынды

Ал енді осы тоқсан ауыз сөздің толықтай түйінін қорытындылайтын болсақ, емдік туризм қоғамдық құбылыстың ерекше бір түрі болып келеді, себебі емдік туризмнің тарихы ұзаққа созыла отырып өте ертедегі тарихтың беттерінен кездестіруге болады. Әр түрлі әдебиеттерде ең алғашқы курорттар мен санаторийлардың пайда бола бастағаны туралы мағұлматтар алуға болады.

Қазіргі уақытта адамдардың денсаулықтарына мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп жатыр сол себепті кез – келген мемлекеттің мәдени саясатында шешім қабылдаудың басты рөлін туризм саласы алып отыр. Туризм белгілі бір орында тұрған функцияларды орындайды. Санаторлы – курорттық емделу адамзаттың денсаулығын қалпына келтіру үшін өте қажет.

Туризмнің даму қарқыны – оның ішіндегі емдік туризм әлемнің көптеген елдерінде экономика саласының өркендеуіне өз септігін тигізеді, ал Қазақстан Республикасы үшін де осы жәйт қапыда қалмайды деген ойды ұстанып отырмын. Осы жағдайға орай егер де мемлекет тарапынан туризмнің осы түрін дамытуға қолдау көрсетілмесе емдік туризм саласы құлдырауға ұшырауы ғажап емес. Осы істің жалғасын өрбіту үшін мемлекеттің назарын аудару біздің міндетіміз. Қараусыз қалған санаторлы курорттық орындарды халқымыздың игілігіне қолдана білуіміз керек, олардың ішіне ертеде зерттелген табиғи емдік ресурстарды жатқыза аламыз.

Емдік туризмнің дамуындағы біркелкі мінездемелерге зер салып қарастыратын болсақ, Республикамыздың оңтүстік өңірінде емдік туризмнің мәдени – экономикалық бөлшегінде табиғи ұйымдастыру шаралары өтуде. Осыған байланысты жайлы климатқа сай өте ұзақ комфортты периодтарына минералды бұлақтардың және емдік батпақтардың құбырларының көп болғаны құлақ қағыс ету керек.

Осы факторлардың барлығына аймақтың территориясын санаторлы курорттық емделу шараларын ұйымдастыруға перспектива жағынан қарауға мүмкіншілік береді.

Санаторлы – курорттық өндірістің дамуына байланысты Республикамыздың оңтүстік өңірінде табиғи емдік қасиеті бар өңірлерді зерттеу нәтижелері мен табуға өз үлесімізді қосуымыз керек. Халқымыздың денсаулығына назар аударатын болсақ – оларда ең басты мәселе жанұясы мен бірге бақытта ғұмыр бойы өмір сүру болып табылады. Емдік туризмнің дамуы мемлекет пен онда өмір сүріп жатқан тұрғындардың денсаулығына байланысты. Оңтүстік Қазақстан обылысындағы жоғарыэффектілі кешендегі емдік туризмнің дамуы оларға Қазақстан экономикасына шетелдің капиталының орнығуына септігін тигізеді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Полторанов В.В. СССР – дегі Емдік – санаторлы курорттар М.: 1971. – 255б

Квартальнов В.А, Зорин И.В Туристер терминалогиясының сөздігі М.:Кеңестік спорт, 1999. – 856 б.

Мироненко Н.С., Твердохлебов И.Т. Рекреациялық география – Мәскеу Университетінің баспасы, М.: 1981. – 207б.

Рекреациялық географияның теориялық негізі / редакциялық коллегия И.П.Герасимов, пен В.С.Преображенский – М.:Ғылым, 1975. – 221б.

Танымал медициналық энциклопедия / ред. Бакулева А.Н., Петрова Ф.Н. – М.: Кеңестік энциклопедия, 1965.-1039б.



6 Ердаулетов С.Р. Туризм географиясы: тарихы теориясы қолдану әдісі практикасы – А.: «Атамура»,2000.- 336б.

7 Курортология және курортлтерапия справочнигі редакторы проф Данилов Ю.Е. проф Царфис П.Г. – М.: «Медицина», 1973 – 647б
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет