Салауаттану денсаулықты сақтау



жүктеу 37.05 Kb.
Дата30.03.2017
өлшемі37.05 Kb.
Салауаттану - денсаулықты сақтау
«Қоғамымызды құруымызға қарай

азаматтардың өз өмірінің аяғына дейін

сау болуы және оларды қоршаған табиғи

ортаның таза болуы үшін күш салу керек»

Н.Ә.Назарбаев /2030 стратегиясынан/
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Өйткені дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашанда құлшына кіріседі.

Денсаулықты нығайтуда спрт, денешынықтыру, ырғақты қимыл, мәдениетті түрде тынығу, дұрыс тамақтану. Ретімен киінудің де мәні зор.

Спортпен айналысқан адамның бұлшықеті шымыр, тұлғасы сымбатты, ауру-сырқаудан аулақ болады. Сондықтан да халқымыз «Дені саудың-жаны сау» , деп орынды айтқан. Аз қозғалатын й еңбегінен кейін, міндетті түрде дене еңбеімен шұғылданған пайдалы. Әйтпесе, адамның еңбекке деген қабілеті төмендеп, дене қимылы ауырлайды. Семіздік те ауру. Осыған байланысты омыртқа жотасында құяң, жүректің, бүйрек пен бауырдың майлануы және басқа аурулар үйір болады. Денешынықтыру адамның жасына, мамандығына қарамайды. Сондықтан ерте бастан шынығып, үйренген дұрыс.

Жақсы әдет-адам көркі, рухани өйткені ол еңбекті жеңілдетіп, іскерлікке шабыт береді.

«Адам денесінің жетілуі-оның денсаулығы. Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау блмаса, онда денеңді сауықтыру керек.» Әл-Фараби.

Салауатты өмір салты организімнің тәулік бйы қозғалыста болуы, қозғалыстың білгендігі; шынығу жүйесінің қызметін арттырады; сыртқы ортамен аурулар секілді жайттарға қарсы тұруына көмектеседі; уақытында сапалы, дұрыс тамақтану; гигиена талаптарын дұрыс қадағалауға әрекет жасау; жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау; дұрыс мінез-құлық; өз қасиеттерін басқара білуге арналған және жүйкесі тозудан сақтандыруды қалыптастырудағы психогигиена; жыныстық тәрбие; жыныстық сақтандыру; күнделікті тұрмыста, көшеде, мектепте жарақаттанудың алдын алу; зиянды әрекеттерге берілмеу секілді компоненттерді қамтиды.



Шылым, арақ, апиын-атадан қалған ас емес. Салауатты өмір салты-бұл денсаулықты нығайту және дамытудың үйлесімділігін қамтамасыз ететін кешенді алдын-алу шаралары. Бүгінде республикада ерлердің-75%, әйелдердің-34%, жасөспірімдердің-40%, шылым тартса, ересек адамдардың 65% үнемі арақ ішеді екен. Ал мектеп оқушыларының 29,5% нашақорлықпен ауызданған.

Шылым шегу зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ауа арқылы ауызға, жоғары тыныс жолдарына өтіп, кілегейлі қабықшамен өкпе көпіршіктері бетіне қонады.

Темекі түтіні құрамындағы 200-ден астам химиялық зат денсаулық үшін қауіпті, ал лардың 50-ге жуығының аса қауіпті екені анықталған. Олардың қатарында никотин, көмірқышқыл газы, азот қышқылы, аммиак, висмут, эфир майы, сірке қышқылы т.б. бар.

Темекі шеккеннен кейінгі әсер және никотин. Шылым шеккеннен 2-3 минуттан соң қан арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидың белсенділігін төмендетеді. Себебі никтин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректік заттар мен оттегінің келуі азаяды.

Темекі тартқаннан кейін адамның естуі мен көруі, түсті ажырату қабілеті төмендейді. Темекі тартудан жасөспірімдердің жүйке жүйесі тез зақымданады. Темекі тартқан жасөспірімдер тез ашуланшақ, жалқау болып, олардың ұғу қабілеті төмендейді.

Темекі түтіні құрамындағы улы заттардың бірі – никотин. Ол өсімдікпен алынатын у. Таза күйінде түссіз, жағымсыз иісі бар майлы сұйықтық. Суда, спиртте, эфирде тез ериді. Адамға бір тамшы никтин берсе сеспей қатады.

Адам шылым шеккен кезде оған әбден үйренуі үш сатыда өтеді;



  1. Шылымды алғаш шеккен кезде адамға онша ұнамайды, жағымсыз болады, ағза жеңіл түрде уланады.

  2. Темекі-есірткі, адамның біртіндеп темекіге деген зауқы арта түседі. Оның түтінінен қанағат алады.

  3. Шылым шегетін адам темекінің зияны бар екенін түсінеді, бірақ тастап кете алмайды.

Түтін түтеткендер. Шылым шегетіндердің тыныс жолдары қабынып, қинала жөтеледі. Тыныс жолдарының үнемі қабынуына сілекейлі қабықшаның қорғаныштық қаблеті кемиді, өйткені фагоциттер өкпені темекі түтінімен қоса енетін ауру тудыратын микроптар мен зиянды заттардан тазарта алмайды. Сондықтан шылым шегетіндер салқын тигіш және аурулармен де жиі ауырады. Ондай жұқпалы ауру туғызатын химиялық қосылымдар: бензпирен, полоний, қара май темекі түтінінде бар екені анықталып отыр. Сол себепті темекі тартушылар арасында өкпе рагымен ауыратындар қатары 6-10 есеге көп екені белгілі болды.

Шылым шегетін шылым шекпейтін адамнан оңай ажыратуға болады. Себебі, шылым шегетін адамның бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді, саусағы сарғыш тартады, өз жасына қарағанда үлкен көрінеді, тісі ерте бұзылады жантерісінің созылғыштық қасиеті кемиді. Шылым шегетіндерде әрбір шылым шеккен сайын тамырлардың 30 минут тарылатыны байқалады. Бұл жүректің атқаратын қызметін күшейтеді де көп күш түскен жүрек қажиды.

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Тастыбастау ауылы


Салауаттану –

денсаулықты сақтау
баяндама

Тастыбастау шағын жинақталған



бастауыш мектебі


2016-2017 оқу жылы
: uploads -> doc -> 0d43
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0d43 -> Сабақтың тақырыбы: Организімдердің көбею формалары. Жыныссыз және жынысты көбею Сабақтың мақсаты: Білімділік
0d43 -> Сабақ жоспарлары сынып: 10 а сыныбы Мұғалім: Токабаева К. К. Сағат саны: 68 сағат Аптасына: 2 сағаттан




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет