Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылдың 8 айында атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі



жүктеу 226.3 Kb.
Дата11.04.2018
өлшемі226.3 Kb.
Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылдың

8 айында атқарған жұмыстары және алда

тұрған міндеттері туралы
ЕСЕБІ


«Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-сі ҚР Президентінің Жарлықтарын, Үкімет қаулыларын, ҚР «Саяси партиялар», «Бұқаралық ақпарат құралдары», «Діни қызмет және діни бірлестіктер», «Мемлекеттік жастар саясаты», «Қоғамдық бiрлестiктер» туралы Заңдарының талаптарын, облыс, аудан әкімінің қаулылары мен шешімдерін, тапсырмаларын басшылыққа ала отырып жұмыс атқарады. 



Ақпараттық насихат жұмыстары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында 11 ауыл округінде 11 ақпараттық - насихат топ құрылып, құрамына 91 адам қамтылды. Жолдауды аудан аумағында насихаттау, кеңінен түсіндіру бойынша аудан әкімі тарапынан арнайы желілік кестесі бекітілді. Бекітілген желілік кестеге сәйкес аудандық ақпараттық-насихаттық топтар тарапынан 143 кездесу ұйымдастырылды, қамтылған адам саны – 14710. Сонымен қатар, республикалық, облыстық ақпараттық-насихаттық топтар тарапынан 18 кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. Қамтылған адам саны -3375.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының Сайрам ауданында іске асырылу барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі МЕДИА-ЖОСПАРы әзірленіп, бекітілді. Бекітілген медиа – жоспарға сәйкес, «Мәртөбе», «Пульс Сайрама», «Сайрам садоси» газет беттерінде Жолдауға байланысты арнайы айдарлар ашылды, атап айтқанда: «Жолдауға қолдау», «Жолдау – көшбасшымыз», «Ел назары – Елбасы Жолдауында», «За строкой Послания», «Элбоши Мактуби – умумхалқ мухокамасида» атты айдарлармен 118 мақала жарияланды. «ELNUR TV» телеарнасында Елбасының Жолдауына байланысты «Жолдауға қолдау», «Жүздесу» арнайы айдарлар ашылып, барлығы 86 бейнесюжеттер көрсетілді.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарын ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттау және түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің қатысуымен ауылдық округтерде «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институционалдық реформа» тақырыбында 61 кездесу өткізілді.

Бұдан бөлек, 2016 жылдың наурыз айында 1 наурыз – Алғыс айту күні, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз», 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні, 6 шілде – Астана күні мерекелерін жоғарғы деңгейде атап өту бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сай жұмыстар атқарылды.
Діни ахуалды тұрақтандыру бағытында

Бүгінгі таңға аудан аумағында 107 Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының филиалдары, оған қосымша 45 саны аз діни топтар (намазханалар) және 3 исламдық емес діни бірлестіктер, барлығы 155 ғибадат үйлері жұмыс жүргізуде. Жоғары білімді имамдар-6, орта арнаулы білімді имамдар -10, орта білімділер - 88, барлығы -104 имам жұмыс атқарады, соның ішінде 3 мешіттің имамы жоқ. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының ұсынысымен, дін істері комитетінің қолдауымен мешіт имамдарына деген сұранысын қамтамасыз ету мақсатында 2017-2020 жылдар аралығында «Сарығаш» және «Шымкент» медреселеріне арнайы грант бойынша 18 азаматты оқуға жіберу жоспарланып отыр.

Сайрам ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен терроризмнің, кереғар діни ағымдар мен секталар іс-әрекеттінің алдын алу бойынша 2016 жылдың қаңтар айында аудандық терроризмге қарсы комиссия жанынан ақпаратық түсіндіру тобы құрылды. Аудандық ақпараттық түсіндіру тобының құрамына мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, білім беру бөлімінің мамандары, мешіт имамдары, дінтанушы- теолог мамандары еңгізіліп қамтылды. Аудан аумағындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары, орта арнаулы оқу орындарының студент жастары, аудан тұрғындары, мекемелердің қызметкерлері арасында діни экстремизм мен терроризмнің, кереғар діни ағымдар мен секталар іс-әрекеттінің алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін ақпараттық- түсіндіру тобының (АТТ) 2016 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған кездесулер жоспары ОҚО дін істері басқармасының келісімімен аудан әкімімен бекітілді. Бекітілген жұмыс жоспарға сәйкес 2016 жылдың 6 айында 110 рет жиналыс-семинарлар өткізілді. Атап айтқанда: елді мекен тұрғындарымен -20, арнаулы орта оқу орындары студенттерімен -5, мекемелерде -15, мектептерде - 70 рет жиналыс-семинарлар өткізіліп, 9700 азамат қамтылды. Сонымен қатар, облыстық дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-інің дінтанушы, теолог мамандары тарапынан аудан аумағында 6 жиналыс-семинарлар өткізіліп, қамтылған азаматар саны - 1758.

Қазақстан Республикасы дін істері агентігінің тапсырмасы бойынша азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесшілік және психологиялық көмек көрсетуге арналған «114» үш санды нөмірімен қосылған «Қауырт желі» туралы ақпарат аудандық телеарна мен БАҚ беттерінде тұрақты түрде жариялануда.

Діни экстремизмнің алдын алуға, олардың қоғамға- мемлекетке тигізер зияндығы жөнінде және дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар ұйымдастыру үшін 2016 жыл басынан бері бекітілген медиа- жоспарға сәйкес жалпы 32 мақала жарияланды. «Elnur TV» телеарнасында арнайы «Елім менің» бағдарламасы 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жарыққа шықты, бүгінгі күнге 4 рет көрсетілді.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, діни экстремизмнің және терроризмнің профилактикасын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың І-жарты жылдығында Сайрам ауданында орналасқан Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының әр бір мешіттің паспортары және барлық мешіттердің діни қызметкерлері туралы ақпарат базасы жаңартылды. 2016 жыл басынан бері аудан аумағындағы дәстүрлі емес діни ағымдардың мүшелерін анықтау және олардың іс-әрекеттеріне бақылау жасау мақсатында талдау және нақтылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, дәстүрлі емес діни ағымдары мүшелерінің баратын табыну орындары (мешіттері) нақтыланды. Террористік тұрғыдан осал обьектілердің (мешіттер) басшыларымен және ауданның бас имамымен бірлесе отырып қауіпсіздіқ жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында ең қауіпті 25 мешіттерге бейнебақылау камералары орнатылған болатын. Бүгінгі күнге барлық мешіттерге бейнебақылау құралдарын орнату жұмыстары қолға алынып, жүзеге асырылуда.



Мемлекеттік жастар саясатының жұмыс жүргізу бағытында

Қазіргі таңда ауданымыздағы жастар саны (14-29 жас аралығы) 62 914. (Оның ішінде ер: 29 758, қыз: 33 156).

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жұмыстарды жүйелендіретін және үйлестіретін жұмысшы орган, аудан әкімі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі Кеңес жұмыс жүргізуде. Оның құрамына жастар мәселесімен айналысатын дербес бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар өкілдері енгізілді.
Жастардың жұмыспен қамтылуы және жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сәйкес басынан бері 738 жас жұмыс іздеп, өтініш білдірген. Оның ішінде: 229 жас «Жастар практикасына» жолданған, 131 жас тұрақты және уақытша жұмысқа тартылған, 78 қоғамдық жұмыспен қамтылған, 9 жас қайта даярлау курсына жіберілді. Бос жұмыс орындары туралы мәлімет enbek.gov сайтында жариялануда.

Аудан жастары арасында мемлекеттік жастар саясаты мен мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау, жасалынып жатқан мүмкіндіктерден хабардар ету, студенттердің диплом алғаннан кейін жұмыссыз қалмауына ықпал жасау мақсатында 10 рет (әр колледжде 2 реттен) кездесу ұйымдастырылды. Оған арнайы мамандар қатысып, жастардың сұрақтарына жауап берді. Жалпы қатысқандар жастар саны - 671.

Аудан бойынша шағын және орта кәсіппен шұғылданатын 1652 жас бар. Жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында «Өркен» жастар жобасы бойынша 42 жас оқып, сертификат алды. Ал кәсіпкерлік негізінде оқығандар 66 азамат болса, оның ішінде жастар саны 17. Әзірге жастар бизнес-жоспарларын әзірлеп, несие алуға дайындық үстінде.

Жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің артуы қоғамдық мәселеге айналып отыр. Оның себептерінің бірі – жастардың мамандықты дұрыс таңдамауы. Қазіргі таңда еңбек рыногына кәсіби-техникалық мамандықтар сұранысқа ие. Мамандық таңдау бойынша мектептердің 9-11 сынып оқушылар арасында тиісті бөлімдермен бірлесе отырып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ауданымызда «дуалды жүйе» негізінде білім беретін Оңтүстік Қазақстан индустриялды-иновациялық колледжі жұмыс жасауда. «Дуалды жүйеде» білім алып жатқан жастар өздерінің мамандықтары бойынша болашақтағы жұмыс орнында тәжірибеден өтеді.

Сонымен қоса, аудан тұрғындарының сұранысына сәйкес оқушы жастарымызды кәсіптік-техникалық білім беру мақсатында арнайы Қарабұлақ ауылында Д.Қонаев атындағы колледжі жастарға білім беріп келуде. Айта кетерлік жәйт, аталмыш екі колледж студенттері жұмыспеy толық қамтылуда.



2016 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Кәрібжанова Роза Самидоллақызы Оңтүстікке сапары барысында арнайы Сайрам ауданында болып, ауыл шаруашылығымен айналысатын жастардың кəсібімен танысып, Көлкент, Қарабұлақ ауыл округтеріндедегі жастармен кездесіп, пікір алмасты.

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық жайлы

Жастар арасындағы өзекті мәселелердің бірі – қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу. АІІБ-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінде 2016 жылдың 6 ай көлемінде 37 жасөспірім профилактикалық есепке тіркелген. 7 қылмыс орын алған. 18-29 жас аралығындағы сотты болған жастар саны – 53.

Жыл басынан бері профилактикалық есепте тұратын 14 жастың ата-анасымен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ұл-қыздарын себепсіз сабақтан қалдырмау, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстыруға қолхат алынды және бақылауда тұр. Сондай-ақ профилактикалық есепте тұратын жастар «Жастар ресурстық орталығы» тарапынан өткізілетін спорттық-мәдени, қоғамдық жұмыстарға жиі қатысып, белсенділік танытуда.

Сонымен қатар алкагольді сусындар, наркотикалық заттар, өзге де қатты әсер етуші қоспаларды тұтынатын жастар саны 14 (оның ішінде 7-марихуана және 7-алкоголь өнімін тұтынушы жас).





Іс-шаралар атауы мен бағыты

(кездесу, семинар, дөңгелек үстел, акция, т.б)

Саны

Қамтылған жастар саны

1

Жастар арасындағы ұлтаралық татулық

13

900

2

Қылмыс пен құқықбұзушылықтын алдын алу

22

1350

3

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға үндеу (нашақорлық пен есірткіге тәуелділіктің алдын алу)

5

380

4

Арнайы психолог мамандардың қатысуымен жастарға психологиялық көмек көрсету

5

260

5

Жазғы шомылу мезгілінде жастардың қауіпсіздікті сақтауын, келеңсіз жайттардың алдын алу

12

720

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 2016 жылға арналған күндізгі және түнгі уақыттарда рейд жүргізу жоспарына сай аудандық ішкі істер басқармасының КТІЖБ инспекторларымен бірлесе 12 рет (оның 10-еуі түнгі, 2-еуі күндізгі мезгілде) рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 13 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылып, 2 әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тиісті шара қабылданды. (КТІЖБ тарапынан)

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, талантты

жас өнерпаздар мен спортқа бейім жастарды қолдау

Аудан көлемінде жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, жастарды білімділікке, қоғамда белсенді болуға шақыру мақсатында бір қатар іс-шаралар өткізілді.

Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ардагерлерді ардақтау, ерлік өнегесі арқылы жастарды тәрбиелей отырып, Ұлы Жеңістің 71 жылдығын атап өтуде жастардың өз үлестерін қосуға ықпал ету мақсатында 2016 жыл бойына «Туған күніңмен, Ардагер» акциясы жоспарланып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ауданымыздағы 22 (жиырма екі) ардагердің ішінде 12 (он екі) ардагердің туған күнімен құттықтап, үй шаруасына көмектер берілді. Одан бөлек Жеңіс күні қарсаңында ерікті жастар барлық ардагерлердің үйінде болып, көмек көрсетті.

«4-маусым – Қазақстан Республикасының Рәміздері күніне» орай «Туың биік болсын – Туған елім, Қазақстан» атты жастар акция болып өтті Акция барысында жастарға "Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы" атты әдістемелік кітапша таратылып, жиналған жастар әнұранды бірге шырқады. (жалпы 100 адам).



Ауданымыздың талантты жастары да облыстық, республикалық сайыстарда жеткен жетістіктері де, жеңізстері де аз емес. Атап айтқанда, 2016 жылғы 26-мамыр күні өткен ХІІ Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық байқауында «Журналистика» номинациясы бойынша ауданымыздан Мүсірепхан Қызжібек 3-орын, Төлегенов Әділхан 1-орынға ие болды. «Жайдарман» ойындарынан республикалық сайыстарда «Ақсукент» құрамасы өнер көрсетуде.

«Тәуелсіз Қазақ елінің болашағы – білімді жастар қолында». Елбасымыз осы қанатты сөзді тектен-тек айтпаса керек-ті. Ауданымызда жалпы 72 мектеп, 5 арнаулы орта оқу орны бар. Аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен барлық мектептерде өзін-өзі басқару ұйымдары құрып, құрамы жалынды жастармен толықтырылған.



Іс-шаралар атауы мен бағыты

(кездесу, семинар, дөңгелек үстел, акция, т.б)

Саны

Қамтылған жастар саны

1

Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында насихаттау

16

1285

2

Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммит аясында жария еткен «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін және Чернобыль апатына 30 толуын жастар арасында насихаттау

4

220

3

Ауғанстан Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 27 жыл толуына арналған «Ерлікке тағзым» іс-шарасы

12

350

4

«Серпін-2050» бағдарламасын кеңінен насихаттау

7

300

5

«Жайдарман» ойындарын өткізу

3

1000

6

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың бойындағы талантты шыңдау мақсатында

18

-


Көрнекі үгіт құралдары және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыс жүргізу бағытында

ҚР мемлекеттік рәміздер мен көрнекі үгіт құралдарының жай-күйі туралы жұмыс жүргізу үшін 2016 жылға перспективалық жоспар және тексеру үшін арнайы топтың құрамы бекітілді. Бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес, мемлекеттік рәміздер мен көрнекі үгіт құралдарының заң талаптарына сай орнатылуына мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Ауданымызда 166 көрнекі үгіт құралдары бар, оның ішінде: билбордтар – 31, панно мен щиттер – 135.

2016 жылдың сәуір айында облыстық топ мүшелерімен бірлесе отырып, жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдар мен білім беру мекемелерінің мемлекеттік рәміздерінің жағдайына мониторинг жұмыстары жүргізіліп, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы «Мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережесі» №862 және ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесі» №873 қаулысының талаптарына сәйкестендірілді.

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезгілде орындауды (Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де) аудан бойынша барлық елді-мекендерде қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, 4 маусым күні, сағат 11-30 да, аудан әкімшілігінің мәжіліс залында жастардың қатысуымен «Туың биік болсын – Туған елім, Қазақстан» атты акция өткізілді.



Үкіметтік емес ұйымдар туралы

Сайрам ауданында 26 ҮЕҰ ресми түрде тіркеліп, белсене жұмыс атқаруда. Ауданымыздағы ҮЕҰ-дардың өзара әрекеттестігі, ақпарат алмасуы және оларға қолдау көрсету мақсатында демеушілер есебінен ҮЕҰ-дардың ақпараттық – ресурс орталығы ашылды. Бұдан бөлек, тегін заңгерлік кеңес беру қызметті ұйымдастырылды. Аталған орталыққа бүгінгі таңда «Сайрам селолық тұтынушылар кооперативі» ғимаратында арнайы 1 бөлме бөлініп, техникалық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілді. Сайрам ауданында үкіметтік емес секторды дамыту, атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасын күшейту мақсатында ҮЕҰ-ның арнайы веб-сайты ашылды. Ауданда үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтар және т.б. азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері және үкіметтік емес секторды дамыту проблемалары бойынша семинар-тренингтер, дөнгелек үстелдер ұйымдастырылып, өткізілді. Сонымен қатар, ҮЕҰ-дардың ұйымдастыруымен 2016 жылы түрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда: Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 27 жыл толуына орай, «Ауған соғысының ардагерлері одағы» ҮЕҰ-ның мүшелері ақпан айының 5-15 күндері аралығында «Ерлікке тағзым» атты ұранымен 10 күндік акциясы өткізілді; 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, «Дарья» ҮЕҰ-ы және аудандық әйелдер кеңесі тарапынан ауданның ардақты аналардың қатысуымен іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді; 1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне аудандық 7 этно-мәдени бірлестігі және «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы белсене қатысып, қомақты үлесін қосты; 9 мамыр - Жеңіс күніне орай, 2016 жылдың 4 мамыр күні аудандық «Ардагерлер үйінде» Ұлы Отан Соғысы және Семей ядролық полигоны ардагерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.



Этномәдени орталықтар туралы

Біздің ауданымызда 7 этно-мәдени бірлестік (өзбек, славян, кәріс, неміс, түрік, күрд, татар-башқұрт) жұмыс істейді. Бұл орталықтар ауданда тұратын ұлт-ұлыстардың өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттауда, сондай-ақ әр этностың ділі мен тілінің сақталуы жөнінен өте зор мән-маңызға ие. Олардың жұмыстарына қолдау көрсету мақсатында аудан бюджетінен жыл сайын қаржы бөлініп келеді.

Аудандағы ұлттық-мәдени орталықтар бірі-бірімен барынша байланыста жұмыс жасау үшін 2012 жылы аудандық Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінің жанынан «Достық үйі» ашылған. Мұндай фактор ауданымыздағы этно-мәдени орталықтарының өзара байланысына, бірін-бірі толықтырып, байыта түсуіне ықпал етуде.

Бүгінгі таңда әрбір этно-мәдени орталық өзінің қоғамдық орны мен салт-дәстүрін сақтауда, жергілікті халықтар арасында достық қарым-қатынас орнатуға, дінаралық достық пен ұлтаралық татулықты сақтауға, жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, тұрмысы төмен отбасыларды көмек қолын созуға бағытталған шараларды өткізді.

Славян мәдени орталығы қаңтар айында «Рождество Христова», наурыз айында «Масленица» атты іс-шараларын өткізді. Кәріс ұлттық мәдени орталығы Ай күнтізбесі бойынша өз жаңа жылдарын ақпан айында және 1 наурыз – «Алғыс күні» атап өтілді. Сонымен қатар, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше атап өтілді, бұл мерекеге тек көркемөнерпаздар ғана емес, сонымен бірге әр ұлт өкілдерінің қолөнершілері мен ұлттық тағам әзірлеудің шеберлері де қатысып, шығармашылық талант-дарынымен танылды.

Саяси партиялар туралы

Сайрам ауданында аймақтық партиялар филиалының саны 4 .





р/с




«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық

партиясының аудандық филиалы



«Ауыл» халықтық демократиялық, патриоттық партиясының аудандық филиалы

Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясының аудандық филиалы

1.

Төрағасының

аты – жөні



Сапарбаев Самат Айдарханұлы

Абдірасулов Рустам

Жайлаубеков Есіркеп

Исаев Атажан

2.

Партия мүшелерінің саны

5495

220

172

200

Қазіргі таңда белсенді қызмет атқарып жатқаны партия - «Нұр Отан» партиясы. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы тарапынан қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылып, бір жүйеге қойылды, басты мақсат: адамдардың шешілмей жүрген мәселелерді шешу жолдарын қарастырып беру, жағдайы төмен отбасыларға демеушілер тарапынан көмек көрсету.

2016 жылдың 20 наурыз - Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс және жергілікті мәслихат депутаттарының кезекті сайлау науқаны кезінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы тарапынан түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Баспасөз ақпарат құралдары туралы

Ауданда тіркелеп, әрекет етіп тұрған 9 БАҚ бар, оның шінде 8 – баспа басылымдар (7-газет, 1- журнал), электрондық БАҚ – 1 (телеканал). Барлығы жекеменшік. Көрсетілген БАҚ-тың барлығы заңды тұлға ретінде әділет органдарынан тіркеуден өтіп, ҚР Мәдениет министрлігінде есепке қойылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары:100 нақты қадам» 5 институционалды реформасын жүзеге асыру, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы «Мәртөбе», «Пульс Сайрама» және «Сайрам садоси» газеттерінде 2016 жылдың І жарты жылдығында жарияланатын материалдардың бекітілген медиа-жоспарына сәйкес тұрақты түрде мақалалар жарық көруде. Газет беттерінде шыққан мақалаларға әр апта сайын сараптама жасалып отыр. 

2016 жылдың І жартыжылдығында Сайрам ауданында атқарылып жатқан оңды жұмыстар жайлы республикалық БАҚ-та - 14, облыстық БАҚ-та - 43 мақалалар мен материалдар жарияланды.

Сонымен қатар, аудан тұрғындарының мәдениетілігін арттыру, елді мекендерін абаттандыру мен тазалықты сақтау жөнінде жергілікті телеарна мен газет беттерінде жарияланымдар ұйымдастыру үшін медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді. Медиа-жоспарға сәйкес, «Мәртөбе» газетінде – 11 мақала, «Пульс Сайрам» газетінде – 6, «Сайрам садоси» газетінде - 13 мақала жарияланып, «ELNUR TV» телеарнасында 28 бейнесюжет, оған қосымша арнайы дайындалған бейнеролик күнделікті үш реттен көрсетілуде.

Жер мәселесін түсіндіру бойынша 11 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, жалпы 42 кездесу өткізілді. Жергілікті телеарна мен газет беттерінде жарияланымдар ұйымдастыру үшін әзірленген медиа-жоспарға сәйкес, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында 26 мақала жарияланып, телеарна арқылы 12 бейнесюжеттер көрсетілді.

Бұдан бөлек, «Жаз айларын кезінде өзен және су арналарында ауыл тұрғындарының суға бату және тұншығу оқиғаларын болдырмау мақсатында қауіпті аймақтарда ескерту тақтайшаларын орнатуды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-насихат жұмыстарын жариялауды, ауыл тұрғындарымен кездесулерді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілсін» хаттамалық тапсырмаға сәйкес, жастар арасында жазғы айларында шомылу мезгілінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің алдын алу мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және аудандық төтенше жағдайлар басқармасының мамандарының қатысуымен мектеп оқушылары арасында 11 кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Жергілікті «Мәртөбе», «Сайрам садоси», «Пульс Сайрама» газет беттерінде маусым айында 6 мақала жарияланды. «ELNUR TV» телеарнасында 2 бейнесюжет және жүгіртпе жол арқылы «Құрметті тұрғындар! Өзен арнасындағы су деңгейінің көтерілуіне байланысты рұқсат етілмеген жерлерде шомылудан абай болыңыздар! Тек рұқсат етілген орындарда ғана шомылуды және судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтауларыңызды сұранамыз» атты хабарлама күнделікті көрсетілуде.

Облыстық ішкі саясат басқармасында республикалық және облыстық БАҚ-та Сайрам ауданына қатысты 7 жағымсыз материалдар тіркелген. Атап айтқанда: 04.02.2016 ж. «Корреспондент» газетінің №6 санында «Ханқорғандықтар қол жинап жатыр», 19.02.2016 ж. «Уақыт» газетінің №04 санында «Садыра сасыған Қарабұлақтың жайына кім жауапты? немесе әкімдер заң бұзушылыққа көз жұмып отыра бере ме?», 06.05.2016 ж. «Бизнес және саясат» газетінің № 03 санында «Сайрамның Сарыарығында жер дауы өршіп тұр», 15.06.2016 ж. «Жемқорлықсыз Қазақстан» газетінің №11 санында Сайрам ауданында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген №20 мектептің сапасындағы кемшіліктер туралы, «31» телеарнаның 14.01.2016 ж. Сайрам ауданы Қарабұлақ елді-мекенінде ойын-сауық лото орталығы ашылғалы жергілікті тұрғындардың тыныштығы бұзылғандығы туралы, 18.01.2016 ж. Сайрам ауданы, Сарыарық елді-мекен тұрғындары өндірістік кооперативке өткізген жер үлестерін кері қайтара алмай жүргендеріне өз наразылықтарын білдіргендігі туралы және 17.03.2016 ж. Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының 50 жастағы тұрғыны Раушанбек Убайдуллаев қоғамдық орында полиция инспекторы ешқандай себепсіз өзін аяусыз соққыға жыққандығына өз наразылығын білдіргендігі туралы материалдар. Осы 7 жағымсыз материалдар бойынша тиісті бөлімдер тарапынан атқарылған жұмыстар туралы мәліметтері облыстық ішкі саясат басқармасына жолданған.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясаты бойынша

Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты жөнінде комиссия құрамы жасақталынып, жұмыс жоспары бекітілді, тоқсан сайын тұрақты түрде комиссия отырыстары өткізілді.

2016 жылы ауданымызда үш тілде шығатын газет беттерінде 18 мақала жарияланды. Гендерлік саясатты насихаттау мақсатында 11 бейнематериалдар жарияланды. Атап айтсақ, аудандық әйелдер ісі жөніндегі комиссияның отырысында қаралған мәселелер телеарна арқылы көрсетілді. Сондай-ақ, АІІБ-ның әйелдерді зорлық, зомбылықтан қорғау бөлімінің атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берілді.

8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, аудан көлемінде кәсіпкерлік, бюджеттік мекемелерде басшылық қызметте жүрген қыз-келіншектердің жұмысы жайлы, отбасы, ошақ қасында жүрген айел-аналар өмірі жайлы бейнематериалдар көрсетілді.

Бұдан бөлек, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысушыларды аудандық деңгейде анықтау бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкімімен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия туралы ережесін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларының негізінде, ауданда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы арнайы комиссия құрылды. Ағымдағы жылдың мамыр айының 13 жұлдызында аудандық Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінде конкурстың бірінші кезеңі бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысушылардың жеңімпаздарын аудандық деңгейде іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді. Аталған комиссияның шешіміне сәйкес, аудандық байқауында жеңімпаз болып атанған екі отбасы облыстық деңгейінде өткізілген іріктеу байқауына қатысып, облыс тарапынан арнайы сый-сияпаттарға иеленді.
Аудандағы қоғамдық саяси ахуал туралы

Сайрам ауданында 56 ұлт өкілдері, 203828 халық тұрады. Оның ішінде: қазақ-49977, өзбек-135325, орыс-5766, басқа ұлттар-12760 құрайды. Ауданымызда ұлттық бірлікті нығайту мақсатында 7 этно-мәдени бірлестіктері (өзбек, славян, кәріс, неміс, түрік, күрд және татар-башқұрт) жұмыс істейді. Бүгінгі таңда әрбір этно-мәдени орталықтар өзінің қоғамдық орны мен салт-дәстүрін сақтауда ұйымшылдықпен жұмыс атқарып келеді. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 10 ақпандағы №129 «Аудан әкімі аппараты, атқарушы органдар және ауыл округтері әкімдері аппараттарының штат санының лимиттері мен санаттарын бекіту туралы» қаулысы негізінде аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің Қазақстан халқы Ассамблеясының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты Ассамблея хатшылығымен өзара іс-қимыл жөніндегі бас маманы штаттық бірлігі қарастырылды. Ауданда және барлық ауыл округтерде Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім және Аналар кеңестері құрылды.

Аудан жұртшылығының бірлігін нығайту, дамыту, мемлекеттік ұлтаралық, дінаралық келісім жөніндегі саясатты жүзеге асыру үлес қосатын, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының тиімділігін арттыру мақсатында Сайрам ауданының әкімі жанындағы «Ырыс алды ынтымақ» қоғамдық Форумы құрылды. Форум мүшелігіне мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес құрылымдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдарының және діни бірлестіктердің өкілдері қамтылған.

Сайрам ауданында жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік шиеленіс жағдайларының алдын-алу бағытында атқаратын іс-қимыл жоспары негізінде төмендегі мәселелерге күнделікті тұрақты түрде зерделеу жұмыстары атқарылуда:



  • Тұрғындар арасындағы қылмыстық іс-әрекеттер оның ішінде түрлі ұлттар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар;

  • Кәсіпорындардағы, мекемелердегі еңбек даулары, жалақы қарыздары;

  • Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ауданға қатысты жарияланған сыни материалдар.

Бүгінгі күнге шиеленіс тұдыратын түрлі ұлттар арасындағы қылмыстық іс-әрекеттер фактілері тіркелмеген. Наразылық митингтер, шерулер, демонстрациялар өткізу туралы өтініштер түспеген. Республикалық, облыстық және жергілікті БАҚ-на ауданға қатысты жарияланған сыни материалдарға тұрақты түрде сараптама жасалынып, аудандағы әрбір елді-мекендер бойынша жасалынған қоғамдық-саяси ахуалының төлқұжаты мен әлеуметтік ахуал картасына өзгерістер енгізілуде.

Аудан көлемінде кездейсоқ жағдайларын алдын алу мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топтар саны - 12. Оның ішінде: аудандық -1, ауылдық округтері -11, оларға қамтылған азаматтар саны -143.



Барлық ауыл округтерде жергілікті халықтар арасында достық қарым-қатынас орнатуғағ дінаралық достық пен ұлтаралық татулықты сақтауға, жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, жергілікті тұрғындар арасында даулы мәселелерді талқылауға, тұрмысы төмен отбасыларды, жалғызілікті қарияларды анықтап, көмек қолын созуға т.б мәселелерге бағытталған шараларды жүзеге асыруға ардагерлер, билер, әйелдер, жастар кеңестерінің, «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының, қоғамдық ұйымдарының, діни бірлестіктердің барлық мүмкіндіктері жұмылдырылды.

Бүгінгі күнге біздің ауданымызда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет