Сагындыкова Эльвира Багдаулетовна Тәрбиеші Жамбыл облысы, Тараз қаласы



жүктеу 55.01 Kb.
Дата03.12.2017
өлшемі55.01 Kb.


Сагындыкова Эльвира Багдаулетовна

Тәрбиеші

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

43 «Еркеназ» балабақшасы



ІІ-кіші топтарға арналаған

ds_43_2015@mail.ru

Тақырыбы: Құстардың қысқы тіршілігі

Білім беру саласы:Таным, Шығармашылық,

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: 1. Балаларга құстардың тіршілігі жайында түсінік беру.

2. Қыстап қалатын құстарды таныстыру.

3. Құстарға қамқор, мейірімді болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:құстардың суреттері,слайд, жемсауыт, қыс мезгілінің суреттері, жем, уй кұстары,жабайы кұстардың суреттері.

Билингвалды компонент: құстар-птицы, жем-корм, жемсауыт-кормушка,

Сөздік жұмыс:жем, жемсауыт, уй құстары, жабайы құстар.

Оқу іс-әрекет

кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық



Шаттық шеңбері

Біз Балдәурен тобымыз,

Доспыз бәріміз.

Құстай қанат қағамыз,

Биікке біз самғаймыз.

Келгендеріңізге рахмет,

Қош келдіңіздер!

Салеметсіздерме!

Здравствуйте!

Good morning!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

Дұрыс айтасыңдар балалар!

Қыс мезгілі суық болғандықтан, жер бетіндегі тіршілік иелері індеріне кіріп, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Балалар бүгінгі біздің ашық оқу қызметіміздің такырыбы :

Құстардың қысқы тіршілігі-деп аталады. Бүгін сендерді құстармен таныстырамын.

Құстар 2топқа бөлінеді;

үй құстары және жабайы құстар.

Кәне балалар сендер қандай үй құстарын білесіңдер, атап беріңдерші:

Дұрыс айтасыңдар балалар,

бұлар- үй құстары деп аталады, себебі: бұларды біз үйде, қолда өсіреміз,етін жұмыртқасын жейміз.

Ал, балалар қандай жабайы құстарды білесіңдер?

Балалар бұл құстардың ішінде қыстап қалатын құстарда бар екен, олар суыққа тоңбайтын, суықты жақсы көретін,яғни қыстап қалатын құстар деп аталады.

Қыстап қалатын құстарды атайықшы-

Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы өте көп.Олар өсімдіктер мен ағаштарды зиянды жәндіктерден,құрттардан қорғайды.Балалар біз құстарғаа мейірімді,қамқор болуымыз керек.Оларды атпай,жаман адамдардан қорғауымыз керек,Оларға ұя жасап,жем шашып қамқор болуымыз керек.Құстар өз азықтарын қардың астынан шұқып,тырнағымен тырнап тауып жейді.

Ата-бабаларымыз құстарды қасиеттеген,оларды құрметтеп аққуды махаббаттың,қарлығашты мейірімділіктің,бүркітті ержүректіктің символы ретінде айтқан.

Құстар туралы слайд тамашалаңыздар!

Ал,балалар енді құстарға арналған тақпақтарымызды айтып берейік

Билингвалды компонент

Птицы-құстар

Жем- корм

Ұя-гнездо

Жемсауыт-кормушка

Қарлығаш-ласточка

Қораз-петух

Ғажайып сәт

Әтеш қонаққа кірді.

Сәлеметсіңдерме балалар,мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Балалар мен сендерден көмек сурап келдім қыс мезгілі болғандықтан менің даладағы достарыма жем тауып жеу өте қиынға соқты,сендер мейірімдісіңдерғой,біздің досымызсыңдарғой,бізге көмектесесіңдерме, жем жасап бересіңдерме!

Шығармашылық жұмыс

Қарлығаш тобы-

Жемсауытты жапсыру

Балапан тобы-

Жемді мүсіндеу

2бала ортаға шығып жұмысымен таныстырады.

Әтешке жасаған жұмысты беріп қоштасады.

Сергіту сәті

1,2,3-қарға болып ұш,

4,5,6-қарға болып қалқы,

7,8,9,10-қарға болып қон.

Дидактикалық ойын:

«Дауысын ажырат»



Балалар шеңбер жасап,

педагогпен бірге қайталайды.

-қыс мезгілі.

-қар жауады, боран соғады,

аяз болады,

күн суытады

Тауық, қаз, үйрек, қораз, күркетауық.

Балалар жауап береді.

-қарлығаш,қарға,

торғай,сауысқан, кептер,бұлбұл, тоқылдақ,шымшық

және т.б

Қарға,шымшық,сауысқан,

Торғай,аққу,кептер және т.б жатады.

Балалар мұқият тыңдайды.

Балалар қызығушылықпен қарайды.

Аида


Ала қанат сауысқан,

Құртты көрсе жабысқан.

Бір томардан-томарға,

Секең-секең ауысқан.

Кәусар

Қарға,қарға,қарғалар



Қар үстінде жорғалар

Боран соқса қар болар,

Бұтаға келіп қонар.

Алдияр


Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Заңғар

Құстар,құстар келеді,



Жерді шуға бөледі.

Көктем келді деп бізге,

Жақсы хабар береді.

Райана


Сары бауыр шымшықтар,

Қыстан аман шығыңдар.

Жазды көріп жайнаңдар,

Қуанғаннан сайраңдар.

Балалар қайталайды.

Сәлеметсізбе әтеш!

Жарайды, сіз қамықпаңыз,біз сізге көмектесеміз,айтқаныңызды орындаймыз.

Балалар тапсырманы орындайды.

Қимыл-қозғалысын келтіріп орындайды.

Балалар ойынға белсене катысады.



Рефлекциялық түзетушілік

Оқу қызметін сүрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Балаларды мадақтау.



Балалар өз ойларын айтып,қуаныштарын білдіреді.

Кутілетін натиже:

Біледі: Қысқы құстардың тіршілігі туралы;

Игереді: Құстарға ермексазбен жем жасауды және түрлі-тусті қағаздан жемсауыт жасау әдістерін;

Меңгереді: Құстардың қысқы тіршілігімен танысып, менгереді.


: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет