Сабақтың түрі: Сыныптан тыс сабақ Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, қызықты сұрақтар салынған газеттер



Дата03.12.2017
өлшемі41.12 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы: «Табиғат және оның экологиясы»

Мақсаты:
1.Оқушылардың биология пәнінен алған білімдерін жинақтап,қорытындылау.

2.Оқушыларға әртүрлі сұрақтар беру арқылы биология пәні бойынша білімдерін,шығармашылық қабілетін,дүниетанымдығын дамыту.

3.Оқушыларды шапшаңдыққа,тез ойланып және өз ойын толық әрі еркін жеткізуге, биологиялық тілде сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, қызықты сұрақтар салынған газеттер

Сабақтың жүру барысы:
Биология

Табиғатың құпиясы тұңғиық,


Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Табиғаттың қадірлеп қасиетін


Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін


Жүргізуші: Ортаға 8-9-10-класс оқушыларын шақырамыз

1-тур.«Ойланайық, ойнайық» оқушыларға арналған сұрақтар жауап берейік

1.Табиғатта ең көп тараған элемент(оттек)

2.Пікірлер және олардың байланыстары туралы ғылым (логика)

3.Жер серігі (ай)

4.Табиғат байлығын бастапқы табиғи қалпында келешек ұрпақтардың игілігі үшін сақтайтын ғылыми зерттеу ордасы(қорық)

5.Тізбектегі кедергіні өлшейтін құрал(реостат)

6.Төртбұрыштың түрі (трапеция)

7. Жарықта түзілетін органикалық зат (крахмал)

8.Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм (тіктөртбұрыш)

9.Оттектің физикалық қасиеттері (түссіз,иіссіз,дәмсіз)

10.Темірдің құймалары(шойын мен болат)

11.Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)



2-тур «Тіл өнері»

Шарты: Жұмбақ жасырылады, жауабын тапса қазақша, орысша, ағылшынша жауап беру керек.Толық жауап берсе 30ұпай,10 немесе 20ұпай.2-турдан соң ұпайы аз 1 оқушы шығады.

Жұмбақтар:

1.Көкке қараған,жұлдыз санаған

(телескоп,teleskop)

2.Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді

(күш,сила,strength)

3.Құрғақ жерде сақтайсың,

Онсыз тамақ таппайсың

(тұз,соль,   soil )

4.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің

(ауа, воздух,aer)



3-тур «Ғажайып үштік»

Шарты: 20,30,40 ұпайларға сәйкесінше сұрақтар жасырылған, ұпайы аз оқушы ұяшықтың біреуін таңдайды,жауап дұрыс болса ұпай алады.ал қате болса бәсекелестері жауап беріп ұпайды алуға болады.

20

30

40

20

30

40

20

30

40

Сол жақтағы 20:Темірдің физикалық қасиеті (иілгіш, серпімді,металдық жылтыры бар)

Ортадағы 20: Түйе қандай екі түрге бөлінеді (қос және дара өркешті)

Оң жақтағы 20 : Дүние жүзінің негізгі наны деп аталатын өсімдік (бидай)

Үстіңгі 30:Периодтық кестені құрастырған кім (Менделеев)

Ортаңғы30: Периодтық кестеде неше элемент бар(109-110)

Астыңғы 30: Барлық қабырғалары тең параллелограмм(ромб)

Үстіңгі 40 : Буып-түйілген файл(архив)

Ортаңғы 40:Электр тогының жылулық әсерін анықтаған ағылшын ғалымы кім (Д.Джоуль)

Астыңғы 40:Өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал қалай аталады( вольтметр)

3-турдан кейін ұпайы аз 1 оқушы шығарылады.



4-тур. «Слайд шоу» 10-сынып оқушылары слайдтарымен таныстырылады

5-тур. «Жорға»

1.Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күшінің өлшем бірлігі (ампер)

2.1 топ,1 период элементі (сутек)

3.Түйенің салмағы жобамен неше кг тартады (800)

4.Курсордың сол жағындағы символды жояды (backspase)

5.Дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)

2-оқушы:1.Экранның төртбұрышпен қоршалған аумағы (терезе)

2.Курсордың оң жағындағы символды жояды (delete)

3.Есік қорғанынан табылған сақ жауынгері (алтын адам)

4.Ең жеңіл металл(литий)

5.Адам организмінде кальций қайда кездеседі (қанда,сүйекте,тіс эмалында)

6-тур«Ой толғаныс» : «Кім тез?»

1.Организмнің ішкі ортасына нелер жатады- (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа)

2.Қанның сұйық бөлігі- плазма

3.Қан жасушаларын атаңыз- эритроцит, лейкоцит, тромбоцит

4.Қан қандай ұлпа- дәнекер

5.Қантамырларды атаңыз- артерия (салатамыр), вена (көктамыр), капилляр (қылтамыр)

6.Гемоглобиннің қызметі- оттегін тасымалдау

7.Лейкоцит қайда түзіледі- сүйек кемігі, көкбауырда

8.Қан топтарын атаңыз- I II III IY

9.Қан ұйымайтын ауру- гемофилия



10.қандағы ерекше нәруызды зат- Резус-фактор

7-тур«Дода» (Биологиялық эстафета)

Бұл турда 1 оқушы 1 жемістің не өсімдіктің атын айтып, келесі оқушы сол өсімдіктің не жемістің соңғы әрпінен басталатын өсімдіктің атын айтуы керек. (Мысалы: алма-алмұрт, шие-емен.....)
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет