Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, жемістер Сабақтың барысы



жүктеу 38.37 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі38.37 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Тұқым және жеміс

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тұқым және жеміс арасындағы ерекше байланысты білуге үйрету. Өсімдіктердің өсіп өнуіне, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.


Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін, ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Табиғатты қорғауға, еңбексүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, жемістер

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар мен сендерді 4 топқа бөліп қойдым.

1.Сабақ

2.Тамыр

3.Өсімдік

4.Жапырақ

Ендеше әр топ сабаққа белсене қатысып,ұйымшылдықпен сабаққа қатысып отырамыз.Шапшаң,ойланып жауап беріп отырамыз.Енді сендердің жауаптарыңды мына ойыншықты беріп,санын санау арқылы бағалаймын.Қай топ көп ойыншық жинаса сол топ белсене қатысқан болып саналады.Енді назарымызды мына ұяшықтарға аударамыз.

II.Үй тапсырмасын тексеру

«Ойлы болсаң,озып көр»

1.Өсімдік қандай мүшелерден тұрады? (Тамыр,сабақ,жапырақ,гүл,жеміс)

2.Тамыр қандай қызмет атқарады? (Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды. Тамыр топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді.Тамыр арқылы өсімдік қорек алады)

3.Сабақта нелер бекиді,нелер піседі? (Жапырақ,гүлдер,бүршіктер бекиді,жемістер піседі)

4.Жапырақ қай мезгілде сарғаяды? (Күзде)

5.Жапырақтың қызметі қандай? (Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады.Өсімдік бойындағы артық мөлшерін буландырады.)

6.Жапырақтың пішіндері қандай болады? (Әр түрлі)

7.Өсімдік қандай топырақта жақсы өседі? (Шіріндісі көп топырақта)

8.Жыл бойы жасыл болып тұратын қандай ағаш? (қарағай,шырша)

4 топқа тапсырма өткенді қорыту

III. Жаңа сабақ

Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар шешу. (Слайд№1) (5минут)
1. Көктемде жерге енемін,
Ылғалда өсіп - өнемін.
Менің өскен жемісім,
Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)
2. Аспай піскен,
Қайнамай түскен. (Жеміс)
Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.

Жақсы балалар жалпы тұқым дегенге қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары.

Слайд көрсетіледі.Электронды оқулықтан тыңдау.1. Сонымен тұқым нешеге бөлінеді екен ? (2-ге бөлінеді). Сүйекті және жұмсақ.Сүйектіге: Өрік,шие,алхоры. Жұмсаққа: қызанақ,құлпынай,қияр.

2.Жеміс нешеге бөлінеді? 2-ге. Шырынды,құрғақ. Шырындыға:Өрік,шие,жүзім,қияр,қарбыз,қызанақ,алма. Құрғаққа: Бидай,жүгері,жаңғақ,бұршақ,күріш,тары,үрмебұршақ.

Оларға не жатады? Слайдтан атату. Жемістерді кесіп тұқымын көрсету.

1-тапсырма Кітаптан мәтінді оқу.(оқушыға оқыту)

1-2 топ Тұқым және жеміс

3-4 топ Мәдени өсімдіктер,өз ойларын түсінгендерін айту.

Сергіту жаттығуы

2-тапсырма Постер қорғау

1-топ

Өсімдіктің тұқымнан өсу кезеңінің суретін салу.

2-топ

Шырынды жемістер

3-топ

Құрғақ тұқымдар

4-топ

Май алу үшін қолданылатын өсімдіктер

Ойын: Шырынды және құрғақ жемістерді ажыратып себетке салу
3-тапсырма Тест

  1. Өсімдіктің қай мүшесі топырақ астында жатады?

а) бұтақ

б)жапырақ

в)тамыр

г) сабақ

2.Өсімдік неден көбейеді?

а)тұқым

б)жапырақ

в)гүл

3.Тұқым нешеге бөлінеді?

а) 3

ә) 2

б) 4

4. Жануарларға қандай жағдайлар қажет?

а) жарық,су,жылу

б) тас,тау

в)су,топырақ

5. Шөлге шыдамды жануар?

а)балық

ә)ақбөкен

б) түйе

6.Жарықсыз не өсе алмайды?

а) су

б) өсімдік

в) ауа
7.Сусыз не жоқ?

а) әлем

ә)тіршілік

б)зат
IV.Қорытынды

Бағалау ,мадақтау

V.Үйге тапсырма

мазмұндау
: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет