Сабақтың типі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік



жүктеу 36.05 Kb.
Дата22.01.2018
өлшемі36.05 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік шаруашылығы.

Мақсаты:өсімдік шаруашылығы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Мәдени өсімдіктерді айыра білуге уйрету, өсімдік шаруашылығы жайлы білімдерін молайту.

  2. Оқушылардың дүниетанымын, тілін дамыту.

  3. Өсімдік шаруашылық өнімдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: көкөністердің суреттері, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру. 

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру.

5. Жаңа материалды талдау, бекіту.

6. Қорытынды.

7. Үйге тапсырма беру.

8. Бағалау.



Сабақтың барысы:

I.Психологиялық дайындық.

Қоршаған орта табиғат,


Жануар ,өсімдік ,адамзат.
Сүю,қорғау-парасат,
Білейік мұны жамағат.

II. Алған білімінің диагностикасы:

Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін нелер қажет?

Тақтаға гүл ілініп және оған қажетті жарық, жылу, ауа, қоректік заттар, топырақ жабыстырылады. Осылайша өткен тақырыпты қорытындылап, жаңа тақырыпқа көшеміз.

III. Жаңа сабақ.

Ауылшаруашылық

Өсімдік шаруашылығы Мал шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы- мәдени өсімдіктерді өсіру деген сөз. Өсімідік шаруашылығы- адамды тағамдық азықтармен, жануарларды- жем-шөппен, өндірісті- шикізатпен қамтамасыз етеді.

Қазақстан егіс далаларында астық өсіріледі. Астық дәнінен нан және жарма дайындалады. Ал сабағы мен жапырақтары малға азық болады және шаруашылық мұқтаждықтарына жұмсалады.

Дәнді дақылдардың ең бастылары- бидай мен қарабидай. Олардың масағы ұзын болады. Масаққа дән шоғырланады. Күзде оларды комбайнмен жинап, қауызынан тазартады да, элеваторға жібереді.

Жемістер мен жидектер- өте бағалы тамақтық азық. Олардың құрамында адамға керекті алуан түрлі дәрумендер болады. Оларды бақта өсіреді. Бақта өсірілетін жеміс ағаштары: алма, алмұрт, алхоры, шие, өрік. Бұтада өсетін жидектер: қара қарақат, қызыл қарақат, қойб.лдірген, таңқурай, қарлыған. Бақта жемістерді белгілі бір арақашықтықпен қатар-қатар отырғызады.

Егіс даласында көкөністер отырғызылады. Бұлар – біздің күнделікті тамағымыздың ажырамас бір бөлігі. Тамаққа өсімдіктердің әртүрлі бөліктерін пайдаланамыз.Олар: жапырағы, сабағы, тамыры, жемісі.

Көкөніске жататындар: орамжапырақ, сәбіз, қызанақ, картоп, қызылша және тағы басқалар.

Агроном мамандығы жайлы айтып, соған байланысты видеоролик көрсету.

III. Оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру.

1.Суреттермеен жұмыс. Қандай көкөністер, жеміс-жидектер бар?

2. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқу, талдау.

Ойын «Себетті толтыр». Екі себет беріледі, біріншісіне жемістерді, ал екіншісіне жидектерді жинауы қажет.
Кестені толтыру.

Өсімдік аты

Қай өсімдік тобына жатады? (ағаш, бұтаұ шөп)

Қайда өсіріледі? (егістік, бақ, бақша)

Кім өсіреді? (маман)

Өсімдікті қалай күтіп баптайды?

алма













қарбыз













қияр












3. Сергіту сәті.

Видеоролик «Қара жорға».

4. Өзекті сұрақ, жағдаятты шешу:

Сен өсімдік шаруашылығының маманы болсаң не істер едің?

IV. Жаңа материалды талдау, бекіту.

Дәптермен жұмыс.

Ауылшаруашылығы деген не?

Қандай өсімдіктерден жарма мен ұн алады?

Күріштің өсуіне қандай жағдай керек?

Сенің жеріңде қандай жеміс-жидектер өсіріледі?



Инсерт картасы

(толық толтыру) 



Не білеміз?

Не үйрендік?













V. Қорытынды.

Сабақты бекіту.

Балалар, біз бүгін қандай тақырыпты өттік?

Сендерге ұнады ма?



Несімен ұнады?
VI. Үйге. 65-68бет, оқу, мазмұндау.

VII.Бағалау. Бағалау бетшесі арқылы.
: uploads -> doc -> 013b
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
013b -> Древесная лягушка




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет