Сабақтың тақырыбы :



жүктеу 100.3 Kb.
Дата25.06.2017
өлшемі100.3 Kb.
түріСабақ
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Темір қаласы, Сақтаған Бәйішев атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі  Кошмуратова Жанар Койшыбаевна

Сабақтың тақырыбы :

«Атмосфера» тарауы бойынша сарамандық жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды сарамандық жұмыстар арқылы жаттықтыру.

Сабақтың білімдік міндеті:

Сарамандық жұмыстар арқылы атмосфералық қысымды, температураны өлшеуді, графиктерді сызуға машықтандыру.

Сабақтың тәрбиелік міндеті

Сарамандық жұмыстар орындай отырып, табиғат заңдылықтарын ортамен байланыстыра білуге; есептеуге үйрету;дүниетанымдылыққа баулу;

Сабақтың

дамытушылық міндеті:

Оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше кесте толтырту, терминдермен, географиялық құралдармен жұмыс жасауға дағды қалыптастыру, қосымша материалдар арқылы интеллектуальды деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, тілін дамыту;.сарамандық жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:

Сарамандық жұмыс

Сабақтың әдісі:

Сарамандық

Сабақтың көрнекілігі:

Карта, кестелер, қиықтар, суреттер

Оқыту технологиясы:

Деңгейлеп оқыту технологиясы, СТО технологиясы

Пәнаралық байланыс:

Физикалық географиясы, жаратылыстану

Қолданылған әдебиеттер:

1.Оқулық ( «Мектеп»баспасы), физикалық география

2. әдістемелік құралдар

3. «География және табиғат»журналы


1.Ұйымдастыру бөлімі

1. Оқушыларды түгелдеу.

2. Оқушылармен сергіту минуттарын өткізу.



2.Жаңа сабақ

Сабақ 3 бөлімнен тұрады:

І.Қанат қақты

ІІ. Асу

ІІІ.Шарықтау шыңы

І. Қанат қақты

  1. Атмосфера дегеніміз не? (ауа қабығы)

  2. Ауаның құрамындағы газдар (78%- азот, 21%-оттегі, 1%-басқагаздар)

  3. Ауа қабаттарын ата.(тропосфера, страсфера, мезосфера, ионосфера)

  4. Атмосфералық қысым дегеніміз? (ауаның жер бетіне түсірген салмағы)

  5. Атмосфералық қысымды өлшейтін құралды ата. (барометр)

  6. Атмосфералық жауын-шашынның түрлері (жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау)

  7. Бұлт дегеніміз не? (жер бетінен біраз биікке, атмосферада жинақталған су мен бу тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры)

  8. Әрбір 100 м биікке көтерілгенде температура қалай өзгереді? ( 0,60С төмендейді)

  9. Бұлттардың түрлерін ата (будақ, қатпарлы, шарбы)

  10. Абсолюттік ылғалдылық дегеніміз ... . (1м3 ауадағы су буының нақты мөлшері)

  11. Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз не, қандай өлшеммен өлшенеді? (1м3 ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температураға қатынасы, пайызбен (%) өлшенеді)

  12. Жел дегеніміз ... . (жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын атайды)

  13. Ауа райы дегеніміз ... (тропосфераның белгілі бір жердегі белгілі бір қысқа мерзімдік жай-күйі)

  14. Ауа массаларының типтері ... .(экваторлық, тропиктік, қоңыржай, арктикалық (оңтүстік жарты шарда антарктикалық) ауа)

  15. Қазақстанның аумағында қандай ауа түрі? (қоңыржай)

ІІ. Асу

1)деңгейлік тапсырмалар


а)Желдің күштілігін немен түсіндіруге болады? Қандай бағытта соғып тұрғанын стрелкамен көрсет.

а) 760 мм ..... 740 мм ә)763 мм .... 770 мм б)745 мм .... 768 мм в) 780 мм .... 770 мм
Жауабы:

а) 760 мм 740 мм ә)763 мм 770 мм

б)745 мм 768 мм в) 780 мм 770 мм
  

а)Төменде көрсетілген жоғары қысымның астын түзу, төменгі қысымның ирек, қалыпты қысымның астын екі сыз.



740 мм, 760 мм, 768 мм, 850 мм, 730 мм,780 мм.

ә) Есепте:



0 м – 760 мм; 100 м -... ; -50 м - ...; 40 м - ...; 2000 м - ... .

Жауабы:

а)Бір қалыпты қысым – 760 мм;

Төменгі қысым – 740 мм, 730 мм;

Жоғарғы қысым – 768 мм, 780 мм, 850 мм

ә)0 м – 760 мм; 100 м -750 мм ; -50 м – 765 мм; 40 м – 756 мм; 2000 м – 560 мм .
 


  • Егер барометр төбенің етегінде 750 мм, ал басында 590 мм тұрса, онда төбенің биіктігі .... м-ге тең.


Жауабы: 750 мм-590 мм = 160 мм, 160 мм=1600 м (1000 м=100 мм)
2)деңгейлік тапсырмалар
ә) Тәуліктің орташа температурасы мен амплитудасын есепте.

  • Сағат 800- -60С; Сағат 1200- -20С; Сағат1600- -80С;

Сағат 2000- -100С;
Жауабы: ТОt0C= (-6)+(-2)+(-8)+(-10)= 26: 4= 6,50C

 

2 км биіктікте температурасы +220С болса, жер бетінде, 5 км биіктікте ше?


Жауабы: 2 км =+220C,

О м= +220C + (2·6)= +340C

5 км-2км= 3 км, +220C -(3·6)= +40C

 


а)Жел кестесін сыз.

С- 6 күн;С.Ш. – 3 күн; Ш – 4 күн; О – 5 күн; О.Б. – 3 күн; Б – 3 күн.

ә) жылдық температураның графигін сыз.




қ

а

н

с

м

м

ш

т

қ

қ

қ

ж

-100

-120

+50

+60

+100

+160

+200

+150

+100

+80

-20

-80




2)Адасқан объектіні табу

  1. Муссон температураны өлшейді

  2. Барометр желдің бағытын анықтайды

  3. Тропосфера ауа құрамы

  4. Желбағар ылғалдылықты өлшейді

  5. Қоңыржай атмосфераның жоғарғы қабаты

  6. Бұлт қысымды өлшейді

  7. Атмосфералық жауын-шашын жел

  8. Оттегі будақ

  9. Термометр шық

  10. Гигрометр ауа түрі

3)Құрал аттарын ата




4) жауын-шашынның түрлерін ата





ІІІ. Шарықтау шыңы

  1. Тест сұрақтарын орында

I нұсқа

1.Ауаның құрамындағы оттегінің мөлшерін көрсетіңіз.

А) 78%. Б) 0.1 % В) 21 %

2. Ауаның қысымын өлшейтін құрал.

А) барометр. Б) гигрометр В) термометр.

3.Жазда нөсер жаңбыр, қыста жапалақтап қар жауатын бұлттың түрі.

А) Қабат бұлт. Б) шарбы бұлт. В) будақ бұлт.

4.Әрбіл 100 м-ге көтерілген сайын ауаның қысымы неше мм-ге түседінін көрсетіңіз.

А) 10 мм-ге. Б) 1 мм-ге. В) 100 мм-ге.

5.Тәуліқте ең жоғарғы температура +300С, ең төменгі температуры +200С тәуліктік амплитуданы көсетіңіз.

А) 100С . Б) 200С В) 300С

6.Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал.

А) барометр. Б) термометр. В)анемометр.

7.Жылына екі рет бағытын өзгертетің жел.

А) муссон желі. Б) бриз желі. В) батыс желі.

8. Тәулігіне екі рет бағытын өзгертетін жел.

А) Муссон. Б) бриз. В) батыс желі.

9.Ауанаң ылғалдылығын өлшейтін құрал.

А) анемометр. Б) барометр. В) гигрометр.

10.Жел жылдамдығының өлшем бірлігі.

А) градус. Б) метр-секунд В) грамм.
IІ нұсқа

1.Ауаның құрамындағы азоттың мөлшерін көрсетіңіз.

А) 78%. Б) 0,1 %В. 21 %

2.Ауа температурасын осы құралмен өлшейді.

А) барометрмен. Б) термометрмен. В) гигрометрмен.

3.Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі.

А)граммен Б) пайызбен В)мм-мен.

4.Әрбір 100 м-ге көтерілгенде ауа температурасы төмендейді.

А) 60СБ) 0,6 0С В) 100С

5. Ауа температурасын өлшейтін құралды ата

А) барометр. Б) термометр. В)анемометр.

6. Тропосфераның белгілі бір жердегі қысқа мерзімді жай-күйі

А) қысым Б)ауа райы В)жауын-шашын

7.Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын

А)температура Б)қысым В)жел

8.1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері.

А) салыстырмалық ылғалдылық Б)абсолюттік ылғалдылық В)ауадағы су буы

9.Тропосфераның бір-бірінен осындай қасиеті (температурасы, мөлдірлігі, ылғалдылығы) жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктері

А)ауа массалары Б)жел В)қысым

10.Жер бетіне атмосферадан сұйық немесе қатты күйінде түсетін ылғал

А)атмосфералық қысым Б)атмосфералық жауын-шашын В)ауа массалары

2)Жұмбақтар шешу

1.Қанатсыз құс маңып барады,

Көзіне жас тамып барады.

Бұлт

2.Аумағын қар,



Жаумаған қар.

Таңертең бар,

Сәскеде жоқ.

Қырау


3.Ашуланып бұртиды,

Аузы көпіріп құтырды.

Ашушаң ақымақ

Кез келгенді ұшырды

Құйын

4.Жиегіне шатырдың,



Судан шеге қатырдым.

Сүңгі


5.Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті.

Күннің күркіреуі

6. Көк жүзінде көк жолақ,

Қойды екен оны кім бояп.

Кемпірқосақ

7. Аспан менен жердегі,

Тұтылған боз пердені.

Ұстайын деп көріп ем,

Ұстауыма келмеді.

Тұман

8. Мөлдір моншақ,



Өзі жұмсақ.

Шық


9.Қаһарын тіге келеді,

Төріңе шыға өледі.

Үйге кірген суық

10. Су татыған

Суық бауырсақ,

Көкте піскен

Жерге түскен

Бұршақ



3.Оқушылар білімін бағалау

Оқушылардың аты жазылған бағалау парағы таратылады (сабақ басында)


Өзін-өзі бағалау парағы

Реті

Оқушы аты


Сұрақ -жауап

Деңгейлек тапсырмалар

Адасқан объектіні табу

Суретпен жұмыс

Тест

Жұмбақ

Қорытын-ды ұпай


Баға


І

ІІ

1



Аружан
































4.Үйге тапсырма.

Қайталау

: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет