Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты электр тоғы»



жүктеу 103.03 Kb.
Дата05.07.2018
өлшемі103.03 Kb.
түріСабақ

Алматы облысы

Қаратал ауданы

Панфилов атындағы орта мектеп

«Тұрақты электр тоғы » тарауын қайталау

(ашық сабақ)

Физика пән мұғаліміː Толқымбекова Айлита Кобесовна.

Ортатѳбе ауылы



8 сынып

Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты электр тоғы» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тұрақты электр тоғы тарауы бойынша алған білімдерін тексеру және оны ѳмірде дұрыс пайдалану.

Сабақ түрі: қайталау сабағы. 

Сабақ әдісі: ойын, жарыс,сайыс.

Пән аралық байланыс: математика, информатика.

Сабақ көрнектілігі: тірексызбалар, портреттер, компьютер, тәжірибеге арналған құрал-жабдықтар,Вен диаграммасы,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. А) Амандасу. Сабаққа келмеген оқушыларды анықтау . Сабақ өтуге оқушыларды дайындау.Сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарлау. Бағалау парағын түсіндіру. Сабақты бастамас бұрын сынып оқушыларын екі топқа бөлемін. Бірінші топ «Кернеу», екінші топ «Кедергі».

Ә) шаттық шеңбері арқылы сабақты бастаймыз.
-Балалар, енді қолымыздан ұстап алақан жылуы арқылы бір-біріне жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық.
Қуанамын мен де, (өзімді көрсетемін)
Қуанасың сен де, (жанындағы досымды көрсетемін)
Қуанайық ,достарым, (бір-біріміздің қолымыздан ұстаймыз)
Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз)

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыз күнделікті сабақтардан сәл өзгешелеу болып өткелі отыр. Бүгінгі физика сабағы сайыс, жарыс түрінде өтеді. Осыған дейін өтіп келген тарауды қайталаймыз. «Тұрақты электр тоғы» тарау бойынша алған білімдеріңіздің деңгейін көрсетейік, сарапқа салайық.



Мұғалім сөзі:«Өзің білмесең, білгендерден үйрен, үйренгеннен ештеңең кетпейді.»- ұлы Төле би атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызды топтық жұмыс арқылы өткіземіз, бір – бірімізден үйренеміз және үйретеміз.

(оқушылар тапсырмалар орындау кезінде жұлдыздарды ұпай ретінде жинайды, бірдұрыс берген жауапқа1 – жұлдыз беріледі және жиналған ұпайлар бойынша бағаланады: 2 - 4жұлдыз-«3», 5 - 7жұлдыз -«4»және8 - 10жұлдыз -«5», практикалық тапсырмаларға жұлдыздар деңгейіне қарай беріледі: І деңгей дұрыс жауап - 1 жұлдыз, ІІ деңгей дұрыс жауап - 2жұлдыз, ІІІ деңгей дұрыс жауап - 3жұлдыз бағалау кестесі бойынша

1. Викториналық сұрақтар Сұрақ –жауап ( тұрақты ток тарауын қайталау )

2. Ой толғаныс (Өлең жолдарын құрастыру)

3.Кім жылдам? (формулалардың сыңырын табу)
4. Орнына қой (сұрақтарды аяқтау)
5. Постер қорғау
6. Ғалымдар тақтасы

7.Сызбадағы қолданылатын шартты белгілерді дұрыс тауып, бағытталған кесінділер арқылы көрсету

8. Есеп эстафетасы (есеп шығару)
9. Оқушылар сабақты қалай меңгергенін тексеру:

Сөзжұмбақ



1-тур. Викториналық сұрақтар. Жауап нақты тез болуы керек. Сонымен Кернеу тобынын сұрақтары. Бағалануы-1 балл.

1.Электр тогы дегеніміз?

2.Ток күші деп нені айтамыз?

3.Ток күшінің өлшем бірлігі,өлшейтін құралы қалай аталады?

4.Электр кернеуі деп нені айтамыз?

5.Кернеу бірлігі,құралы?

6.Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы қалай айтылады?

7.Өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді?

8.Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда қандай шама тұрақты болады?

9.Параллель жалғағанда ше?

10.Токтың жұмысы неге тең? Жұмыстың өлшем бірлігі ,өлшейтін құралы қалай аталады?

11.Электр қуаты неге тең? Өлшем бірлігі,құралы?



Кедергі тобына сұрақтар

  1. Тұрақты ток бағыты қалай бағытталады ?

  2. . Ток көздерін атаңдар?

  3. Кедергінің өлшем бірлігі қандай?

  4. Өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді

  5. 10 кОМ неге тең?

  6. Меншекті кедергінің өлшем бірлігін ата.

  7. Р әрпімен матиматикалық және физикалық мағынасы қалай?

  8. Электр тогын үйде өлшейтін құрал

  9. Керуен” сөзін физикалық шамаға өзгерт.

  10. Джоуль-Ленц заңы

  11. 12.Токтың жылулық әрекетін зерттеген ғалымдар кімдер?

2.“Ақын жанды болмаған адам физик те бола алмайды”

2-тур Ой толғаныс (Өлең жолдарын құрастыру)

Берілген тапсырма мынадай болады I, U, R заңдылықтарына екі топ өз өнерлерін көрсетулері керек.


---------------------------өмір сүргеніміз

---------------------------------көргеніміз.

-------------------------------- өсірсең де, 


------------------------------ төлейміз біз.
--------------------------------сенің арқаң,
-------------------------- қылдың дархан 
----------------------------- жарқыратып
-------------------------------шырағымыз. 


3-тур.Кім жылдам?

а)физикалық шамалардын белгіленуін және ѳлшем бірлігін табу

ә)формулалардың сыңырын табу
а)шамалар

Физикалық шамалар

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Ток күші







Кернеу







Кедергі







Меншікті кедергі







Заряд 







Жұмыс 






Электр қозғаушы күш








ә)формулалар (Шамалардың арасындағы байланыс )



1.Ом заңы
2.Тізбектей жалғау
3.Параллель жалғау



4.Джоуль-Ленц заңы
5.Меншікті кедергі


6.Электр қуат


P=U^2/R

Q=I^2 Rt

R=R_1+R_2+⋯+R_n 
1/R=1/R_1 +1/R_2

ρ=RS/L


R=U/I



4. Орнына қой
Тақтадағы ережелердің түсіп қалған сөзін тауып, көп нүктенің орнына қою. 
3 ұпаймен бағаланады.
1.Өткізгіштің екі ұштарының арасындағы потенциалдар айырмасы ……… деп аталады
2. Тұйық тізбектегі токтың өтуіне қарсы әсер жасайтын шама … деп аталады.
3.Тұйық тізбектегі бос электрондардың бағытталған қозғалысы … ток деп аталады
4.Тұрақты ток тізбегіндегі энергия көздеріне …, …, … жатады.

«Ауызша айтсаң – тез ұқтым,


Көрсетсең – есте сақтаймын,
Іске кіріссең – үйренем.»
(қытай мақалы)
5-тур.Постер қорғау

«Кернеу» тобына  тізбектей қосу(ерекшеліктері)

«Кедергі» тобына параллель қосу(ерекшеліктері)

«Топтастыру стратегиясы». Бұл кезеңде Венн диаграммасы арқылы тізбектей және параллель жалғаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жазып шығады, әр топқа беруге болады .



6-тур.«Ұлы ғалымдар» туралы

Топ мүшелеріне ғалымдар суреттері таратылып беріледі. Кім, қандай жаңалық ашты, айтулары керек.

1. Ш. О. Кулон 1785 жылы зарядталған денелердің өзара әрекет заңын ашқан француз физигі. Оның құрметіне электр зарядының бірлігі аталған.

2. Роберт Милликен алғаш рет тәжірибе жүзінде электрон зарядының мәнін анықтаған америакан физигі. Нобель сыйлығының лауреаты.

3. Георг Симон Ом 1827жылы тізбектегі ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашқан неміс физигі. 1787 жылы 16 наурызд Эрланген қаласында туған. Оның ебектерінің негізгі бағыты - электр, оптика, кристалло оптика және акустика салаларына арналған.

4. Андре Ампер алғашрет «электртогы» түсінігін физикаға енгізген, магнетизм табиғаты туралы болжамды ұсынған француз физигі. Оның атымен ток күшінің бірлігі аталады.

5. Александро Вольта 1800жылы алғашқы болып, тұрақты ток көзін алған итальян ғалымы. Бұл тұрақты ток көзі «Вольт бағанасы» деп аталады.

6. ФАРАДЕЙ, МАЙКЛ (1796 - 1832), ағылшын физигі, 1791 жылы 22 қыркүйекте Лондон маңында шебердің отбасында дүниеге келген. «Электр өрісі» ұғымын енгізген. 1833 жылы электролиз (Фарадей) заңынашты.



7-тур.Сызбадағы қолданылатын шартты белгілерді дұрыс тауып, бағытталған кесінділер арқылы көрсетеді.


Гальванометр

Қыздыру шамы

Кілт

Гальванн элементі

Амперметр

Өткізгіш сымдар

Кедергі









А





8-тур. Есеп эстафетасы (есептер шығару)

1. Заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1кВ өрісте 40 кДж жұмыс атқарады. Заряд неге тең?

2. ұзындығы 4 м, ауданы 0,4 мм2 болат сымның кедергісі? (Ƿ=12*Ом*/м)

1. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6 В, ал оның кедергесі 2 Ом. Ток күші неге тең?

2. Кедергісі 20 Ом ширатылымдағы ток күші 5 А. 100 с ішінде қандай жылу мөлшері бөлініп шығады?

1. Өткізгіштің көлденең қимасы 1 мин. 30 мКл электр мөлшері өтетін болса, ондағы ток күші?

2. Ұзындығы 2,5 м ферхалдан жасалған өткізгіш сымның көлденең қимасы 0,5 және кедергісі 5,47 Ом. Ферхалдың меншікті кедергісі?

1. Өткізгіш сымның ұштарындағы кернеу 200 В, ал тізбектегі ток күші 5 А болса, сым арқылы 3 минутта қанша жылу бөлініп шығады?

2.Электр шамының қыл сымы арқылы 10 минутта мөлшері 300 Кл электр өтеді деп алып, шамның ток күшін анықтаңдар.
9-тур. Оқушылар сабақты қалай меңгергенін тексеру:

Сөзжұмбақ

1.Аттас зарядталған денелердің әсерлесуі (тебіледі)

2. «Электр өрісі» ұғымын енгізген ғалым (Фарадей)

3.Янтарь сөзінің мағынасы (электрон)

4. «Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым (Ампер)

5.Ток күші,кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең физикалық шама (жұмыс)

6. Алып планета (Юпитер)

7.Атомның бөлігі (Ядро)

8.Кедергіні өзгертетін құрал (реостат)

9.Кулонмен өлшенетін физикалық шама (Заряд)

10.Кернеудің өлшем бөлігі (Вольт)

11.Электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген ғалым (Гальвани)



1. Ток күші мен кернеудің көбейтіндісінен тең физикалық шама(қуат)

2. Ток күшінің өлшем бірлігі (Ампер)

3.Амперметр тізбекке қалай жалғанады? (тізбектей)

4.Токтың жылулық әрекетін зерттеген орыс ғалымы( Ленц)

5.Өткізгішітң қасиетіне байланысты физикалық шама (кедергі)

6.Қуатты өлшейтін құрал (Ваттметр)

7.Меншікті кедергі қандай шамаға кері пропорционал (аудан)

8.Өткізгіштерді параллель жалғағанда қандай шама тұрақты? (кернеу)

9.Вольтметр тізбекке қалай қосылады?( параллель)

10.Электронның заряды қандай (теріс)

Оқушылар, бүгінгі сабағымыздан қандай қорытындыға келдік, «Тұрақты электр тогы» деген сөзді естігенде не есімізге түседі?




Сабақ бойынша оқушылар ойын білу мақсатында «Бүгін сізге сабақ ұнады ма?» түріндегі парақшалар таратылады.
c:\users\101\desktop\сабак\hello_html_m789b889b.png

10. Бағалау. Әр топтағы бағалау парағы бойынша баға қою.




Аты-жөні

Викториналық

сұрақтар


Ой толғаныс (Өлең жолдарын құрастыру)


Кім жылдам?

Орнына қой

Постер қорғау


«Ұлы ғалымдар» туралы

Сызбадағы қолданылатын шартты белгілерді дұрыс тауып, бағытталған кесінділер арқылы көрсету.


1

























2

























3

























4

























5

























6



























11.Үйге тапсырма:Қайталау

  1. Бекіту. Электр тогының пайдасы мен зияны. 

  2. Рефлексия



e:\семинар сабак\аилита\sam_2198.jpg e:\семинар сабак\аилита\sam_2199.jpg
e:\семинар сабак\аилита\sam_2200.jpg e:\семинар сабак\аилита\sam_2201.jpg

e:\семинар сабак\аилита\sam_2202.jpg e:\семинар сабак\аилита\sam_2203.jpg

e:\семинар сабак\аилита\sam_2207.jpg e:\семинар сабак\аилита\sam_2208.jpg

e:\семинар сабак\аилита\sam_2209.jpg e:\семинар сабак\аилита\sam_2210.jpg

e:\семинар сабак\аилита\sam_2213.jpg e:\семинар сабак\аилита\sam_2214.jpg
e:\семинар сабак\аилита\sam_2216.jpg e:\семинар сабак\аилита\sam_2218.jpg
e:\семинар сабак\аилита\sam_2220.jpg e:\семинар сабак\аилита\sam_2222.jpg

e:\семинар сабак\аилита\sam_2198.jpg

: uploads -> 2018 -> post02
post02 -> Сабақтың тақырыбы Бөліп шығарудың маңызы
post02 -> Тобы: Еркетай Білім беру саласы: Әлеумет Бөлімі: Экология Тақырыбы
post02 -> Сабақтың тақырыбы: Жабайы андар
post02 -> Сабақтың тақырыбы : §39. Шөл және шөлейт зонасы Мұғалімнің аты-жөні
post02 -> 2 бөлім Гидросфера
post02 -> Дене тәрбиесі (баяндама)
post02 -> 1-нұсқа Генетикалық психология адамның несін зерттейді?
post02 -> Рухани жаңғырту- ұрпақ санасының дамуы
post02 -> Қыз және ер баланың психологиялық ерекшеліктері




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет