Сабақтың тақырыбы: Топ және ұжым психологиясы. Сабақтың мақсаты



Дата26.10.2018
өлшемі54.3 Kb.
түріСабақ



Күні:

Топ: ББМ-02

Пән: Психология

Сабақтың тақырыбы: Топ және ұжым психологиясы.

Сабақтың мақсаты:

Топ және ұжым психологиясы тақырыбын толық жан-жақты ашып түсіндіре отырып,теориялық жағын практикамен байланыстыра отырып оқушыларға меңгерте білу.



Білімділік мақсаты:

Әрбір оқушыны өздігінен білім алуға үйрету, және оқыту. Білім алудағы негізгі талаптарды іске асыру,білімді терең толық жүйелі саналы түрде игерту.

Дамытушылық мақсаты:

А) Оқушының сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту,сөздік қорын арттыру,ойлау қабілетін арттыру,өз ойын нақты ,дәл жеткізе білуге үйрету.

Ә)Оқушының дүниетанымын және ғылымға деген қызығушылығын тудырып ,дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

Халықтық салт сана мен халықтық тәлім тәрбие беру.Өз Отанын ,ұлтын, туған жерін сүйе білуге,ерлікке ,адамгершілікке ,тіл өнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:баяндау, әңгіме, түсіндіру, жаттығу, кітапты пайдалану, салыстыру,жүйелеу, ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыс.

Көрнекі құралдар:тақта,бор, кітап, кеспе карточкалар,техникалық құрал жабдықтар.

Пән аралық байланыс:анатомия, физиология,педагогика.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010.

2.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет

3.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет

4.Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет

5.Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушылармен амандасу.

Ә)сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ оқушыларды белгілеу.

Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

А) топ бойынша үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

Ә)үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.

Б)Оқушылар назарын сабаққа аудару.

3.Білімді жан-жақты тексеру.

Бұрынғы өтілген материалды қайталау.

4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі.

А)жаңа сабаққа назарын аударту.

Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.

5.Жаңа сабақ. Тақырыпты сұрақ –жауап түрінде түсіндіріп өту.

Тақырыбы: Топ және ұжым психологиясы.



Жоспар:

1.Топ туралы түсінік.



2.Топ пен ұжымның айырмашылығы.

Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада,триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөніненреферентті және мүшелік топтар болады. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады. Топ мүшелерінің бірлескен қызметінің мазмұны топ ішіндегі динамиканың барлық үрдістеріне себепкер болады, бұлар: тұлғааралық қатынастардың дамуы, серіктестердің бір-бірін қабылдауы, топтық нормалар мен құндылықтардың, ынтымақтастық және өзара жауаптылық нысандарының қалыптасуы. Өз кезегінде топта қалыптасқан қатынастар топтық іс-әрекеттердің нәтижелілігіне әсер етеді. Топтар, әдетте, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің объектісі болады. Бұл орайда, топ ішінде дамитын үрдістерде, сондай-ақ іс-әрекеттің тұтас субъектісі ретінде басқа топтармен өзара әрекеттестік үрдісінде әлеуметтік қатынастар жүйесіне қамтылған топтың өзі де зерттеледі. Әлеуметтік топ; бір топ оқушы; Топталып оқу. Топ белгілі біріккен іс-әрекеттерімен сипатталатын адамдар жиынтығы. Ішкі және сыртқы топтық қасиеттеріне қарай топтарды келесі түрлерге бөлуге болады: санына, байланысына, ұйымшылдығына, ынтымақтастығына, тұрақтылығына, тұлға үшін маңыздылығына т.с.с.

  • 1. Санына байланысты үлкен топтар (ұлттар, партиялар, таптар), шағын топтар (отбасы, ұшақ экипажы).

  • 2. Байланысына қарай алғашқы шынайы (сынып, студенттік топ, өндірістік бригада), соңғы жағдайға немесе шартқа байланысты (университеттің студенттері, қаладағы немесе аудандағы мектепті бітірушілер, қаладағы зейнеткерлер);

  • 3. Ұйымшылдығына қарай: ұйымдасқан, ресми (сынып, студенттік топ), ұйымдаспаған бейресми (көпшілік, жиын, жұрт).

  • 4. Ынтымақтастығына қарай ынтымақты жоғары дамыған (студенттік топ, өндірістік бригада), ынтымақсыз төмен дамыған (бірінші сынып оқушылары).

  • 5. Тұрақтылығына қарай тұрақты (ұлт, отбасы), тұрақты емес (мерзімдік, уақытша бригадалар).

  • 6. Тұлғаға маңыздылығына байланысты эталоиды, референтті (шынайы немесе үлгі болатын қиялдағы топ), топтар.

  • 7. Қоғамның дамуына байланысты прогрессивті (ұжым), регрессивті.

  • 8. Іс-әрекеттің түріне қарай ойын, оқу, еңбек топтары.

Топтағы тұлғааралық қатынасты социометрия әдісімен зерттейді. Бұл әдісті енгізген Дж. Морено. Топтағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) жәнс жеке (бейресми) қатынаста болады. Біріншісі топтың бүкіл құрамымен бірге құжатқа түсірілу, ал екіншісі ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда болады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес. Іскерлік және жеке қатынастар тұлғааралық қатынас жүйесін құрайды. Тұлғааралық қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әр түрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістердің бірі — таңдау болып саналады. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологі Дж. Морено. Бұл өз бетінше объективті әдіс және оны әлеуметтік психологияның басқа әдістерімен бірге тұлғааралық қатынасты зерттеген кезде қолдануға болады. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы.
6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.Жаттығулар мен жағдаяттарды орындату.Жаттығулар жүргізу. Қайталау және бекіту сұрақтары:

7.Бекіту сұрақтары.

8.Үй тапсырмасын беру.Топ және ұжым психологиясы тақырыбын оқып келу.Терминдермен жұмыс.

9.Оқушыларды бағалау: біліміне, сабақта берген жауабына қарай бағалау
: portf -> zhailaubaeva -> files -> лекциялар%20жинағы
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Ми және психика Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Психика мен сананың дамуы. Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Нәресте мен мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы. Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы : Көру және есту түйсіктері Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Темперамент және мінез Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Психологиядағы қайшы көзқарастар Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Психика туралы жалпы түсінік Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Түйсік және оның түрлері Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Қиял түрлері Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Қиял туралы түсінік Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет