Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі. Пәні: Физика Сыныбы: 8



жүктеу 36.28 Kb.
Дата05.07.2018
өлшемі36.28 Kb.
түріСабақ
Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімі

Қойгелді атындағы орта мектеп


Сабақтың тақырыбы:
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі.
Пәні: Физика

Сыныбы: 8

Пән мұғалімі: Ғ. Жақсыбеков

Тамды ауылы

Сабақтың тақырыбы : Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы .

Электр кедергісі.

Сабақтың мақсаты : а) Тізбектің бөлігіндегі ток күші , кернеу мен кедергі

арасындағы тәуелділікті тағайындау. Алған теория-

лық білімдерін есептер шығаруда қолдана білу дағды-

сы мен қабілетін қалыптастыру.

ә) Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сабаққа деген қызы-

ғушылығын арттыру, есте сақтау, ойлау қабілетін

дамыту.

б) Оқушыларды ұжымшылдыққа , ізденімпаздыққа

бірлесе жұмыс істеуге, бірін-бірі тыңдауға , шапшаң-

дыққа тәрбиелеу.
Сабақтың ұстанымы : «Естігенімді –ұмытып қаламын,

көргенімді есімде сақтаймын,

істегенімді түсінемін»

Конфуций
Сабақтың түрі : аралас, жаңа білімді қалыптастыру, тәжірибелік .
Сабақтың әдіс-тәсілі : Жаңа технологиялық әдістер ББҮ кестесі ,

«Үш қадамды сұхбат» стратегияларын қолдану.

Жұппен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: математика, электротехника, сызу.
Сабақтың көрнекілігі : электрлік аспаптар; амперметр, вольтметр,

реостат, кілт, шам, спираль сым, жалғағыш сымдар,

құрылымды сызбалар, интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы : І Ұйымдастыру кезеңі .

А) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

Ә) Психологиялық әзірлеу;

Б) Сабақтың мақсат, міндетін айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Электр кернеуі деп нені айтамыз?

2.Кернеудің өлшем бірлігі не?

3.Ішкі тізбекке не жатады?

4.Сыртқы тізбеке не жатады?

5.Ток күші дегеніміз не?

6. Ток күші өлшем бірлігіне не алынған?

7. 1-А неге тең шама?

8.Ток көздері дегеніміз не оларға не жатады?

9.Электр тогы дегеніміз не?

10.Электр тогы болу үшін орындалатын шартты ата.


І. Қызығушылықты ояту.

А) «Білемін» кестесін толтыру.

ББҮ кестесін толтыру

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім











ІІ. Мағынаны тану.

Ә) «Білгім келеді » кестесін толтыру

1.Тібектің бөліміне арналған Ом заңының тұжырымдамасын енгізу.

2. Электрлік кедергі туралы түсінік беру.

3.Кедергі және оның өлшем бірліктері .

4. Электр тізбегін құрау.
ІІІ. Ой толғаныс.

Б) «Үйрендім » кестесін толтыру

І тапсырма . Есептер шығару.

І топ.

1 карточка



1.Өткізгіш ұштарындағы кернеу 220 В тең болған кезде амперметр 5 А ток көрсетеді. Сондағы кедергінің қанша болғанын есепте.

2.Электр сорғыту қондырғысының кернеуі 45кВ. Су мен мұнай араласқан қоспаның кедергісі 15кОм болса, онда қоспа арқылы өтетін токтың шамасын есептеңдер.

ІІ топ

2 карточка



1.Егер тізбектегі кернеу 220 В, кедергі 4 Ом болса, тізбектегі ток күші неге тең ?

2.Өткізгіштен 0,40 А ток өткенде, өткізгіштің ұштарындағы потен-циалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең ?

ІІІ топ.

3 карточка



1.Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом . Егер электрбұрғы 19А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?

2.Электрплитка 220В кернеуге арналған. Оның спиралінің кедергісі 75 Ом тең. Ток күшін тап.

Үйрендім кестесін толтыру. Карточка бойынша есептер шығару.
«Үш қадамды сұхбат стратегиясы ».

А- журналист

В- жауап беруші

С- хатшы
IV . Бағалау

V. Үй тапсырмасы . Ертегі құрау. № 7-8 . § 18.


448bfea3




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет