Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті. пунктуация Сабақтың мақсаты



жүктеу 87.29 Kb.
Дата01.04.2018
өлшемі87.29 Kb.
түріСабақ



Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 9

Оқыту тілі: қазақ тілінде

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Тіл мәдениеті. пунктуация

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға пунктуацияның қолданылуын меңгерту

Сабақтың міндеттері:

Алған білімін кеңейту;

Өз ойын еркін жеткізу;

Тыныс белгідердің тіл мәдениетіне әсері жайлы білімін толықтыру


Сабақтың нәтижесі:

  1. Тыныс белгілердің тіл мәдениетіне тигізетін әсері туралы білімдері толығады.

  2. Бір-бірін тыңдап, пікір айтуға дағдыланады.

Сабақтың табыс критерийлері:

1. Пунктуацияның қолданылатын орындарын түрлі тапсырмалар арқылы ұғынады;

2. Оқулықтағы тапсырмаларды жазбаша орындайды.;

3. тыныс белігдердің тіл мәдениетіне әсерін зерттеу, салыстыру, пайымдау арқылы жүзеге асады;


Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сұрақ-жауап, ізденушілік. Сыни тұрғыдан оқу мен жазуды дамыту технологиясының элементтері, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, жұппен жұмыс, топпен жұмыс.

Көрнекілігі:

тақырыпқа қатысты, тірек – сызбалар, кестелер

Сабақта қолданылған құралдар:

интербелсенді тақта, ноутбук.

Пән аралық байланыс:

Әдебиет

Сілтеме:


1.

Сабақтың барысы:

45 минут




САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

МОДУЛЬ

УАҚЫТЫ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ

Ұйымдастыру кезеңі


ОЖЕСОжО,ОмОЖТ

1 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

1. Сәлемдесу.

Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу. Тренинг өткізу. Шаттық шеңбері. «Жылы лебіз» тілектер айту.



1. Оқушылар дөңгеленіп шаттық шеңберін құрады, бір-бірлеріне «жылы лебіз, тілектер» айтады, мысалы: Қандай әдемісің! Ерекше құлпырып тұрсың! Сенің мінезіңе қызығамын. т.б.





2 минут

2. Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушылар тыныс белгілер бойынша топқа бөлінеді. Сөйлем ішіне келетін ТЫРНАҚША («»), ҮТІР (,), СЫЗЫҚША (-) және сыртына келетін НҮКТЕ (.), СҰРАҚ БЕЛГІСІ (?), ЛЕП БЕЛГІСІ (!) тыныс белгілер бойынша бөлінеді.



2. 1. Оқушылардың жезде, аға, іні, сіңлі, апай, әпке деген сөздерді алады;

2. жезде, аға, іні деген сөздерді алған балалар жеке, апай, сіңлі, әпке деген сөздерді алған балалар жеке топтарға бөлінеді.



І. Білу.


АКТ, СТО, ОмОЖТ, ОүБжОБ

3 минут

3 минут

3 минут

5 минут


«Инсерт» әдісі мен «Серпілген сауал» стратегияларын қолданамын, яғни сабақтың басында, ортасында және аяғында (ауызша түрде сұраймын):


Білетінім

Білдім

Нені білгім келеді?














1. Зерттеушілік диалог әдісі. Жоғары деңгейдегі сұрақтар (оқушылардың зерттеушілік диалогы бойынша сабаққа қызығушылығын аңғару).

1. Тіл мәдениетіне көзқарасың қандай?

2. Тыныс белгілер қандай жағдайда қолданылады?

3. Тыныс белгілерсіз сөйлемнің ара жігін ажыратуға бола ма?



Оқушылар «Миға шабуыл» әдісі арқылы тақырыпқа шығатын сұрақтарға жауап береді. Бұл әдістің мақсаты: оқушылардың пікірін еркін тыңдап, олардың ойын басқа біреу бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды.

«Серпілген сауал» стратегиясының мақсаты: тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтар қойылады. Олар кішкентай доп арқылы жүзеге асады.

1. Жеке жұмыс. Сұрақтарға жауап береді.

2. Слайдты мұқият тыңдап көреді, естерінде сақтайды.

«Бас бармақ» бағалау түрі.
Оқушылардың жауаптары:


Тыныс белгілер



Сөйлем ішінде келетін

Сөйлем соңында келетін


(оқушылар өздері пікірлерін қорғайды)


ІІ. Түсіну.


СТО, ОмОЖТ, АКТ, ТжДБО

6 минут

3 минут
2 минут



1-тапсырма.

  1. Пунктуацияның өзіне тән белгілері

  2. Пунктуацияның ережесі

  3. Пунктуацияның түрлері

«Кім жылдам?» ойыны

Көркем шығармадан тыныс белгілерді тауып, түрін ажырату.


  1. топ: сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер

  2. топ: Сөйлем сыртына келетін тыныс белгілер.


Ойтолғау сатысы:

«Шығармашылық – білімді адам жететін шың».

Әр топқа суреттер таратылады. Осы суретті негізге ала отырып, тыныс белгілерді қатыстырып етіп шағын мәтіндер құрастыру.





Топтық жұмыс. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыстың алгоритмі ұсынылады:

  1. Әр топ өздеріне берілген мәтінді топ ішінде оқиды, оны талқылайды, бір-біріне түсіндіреді

  2. (3 минут)

2. «Кім жылдам» ойыны ойналып, көркем шығармадан тыныс белгілері бар сөйлемдерден тыныс белгілерді тауып ажыратады.

4. «Түртіп алу» кестесіне Тыныс белгі туралы білгенін түсіреді.

Кесте толтырылғаннан кейін оны хатшы оқиды және «Бас бармақ» бағалауы арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

«Бас бармақ» бағалауы:

Жоғары қараса – үздік, жанына қараса – жақсы, төмен қараса – нашар.

2 «Түртіп алу» кестесі.


ІІІ. Қолдану.

ТжДБЖ, ЖЕСОжО, АКТ, ОмОЖТ, ОүБжОБ

4 минут


Сен қалай ойлайсың?

  1. Топқа:

Тау басында бұлақ-ай,

Қу Құлтайдың құлағы-ай?

Қайда кетіп барасың,

Қарағымның аманат қойған лағы-ай?

Шөрей, жаным, шөрей! («Алпамыс батыр» жыры)


  1. Топқа:

«Аһ», - деді қыз сорлы

Арылдым ба сорымнан?!

... Аман барып, есен жүр,

Жолыңа мен бір құрбаның.

Қош енді ерім, қош енді,

Қош деп айттым ұш енді.



2-тапсырма.

Батырлар жыры туралы слайд көрсету. Ол көргендерін көнерген сөздерді пайдалана отырып суреттеп мәтін құрастырып айту.



Шағын мәтін құрастырады.

Өлеңдегі үзінділердің тыныс белгілерін қояды.



Жұптық жұмыс.

Топтар бір-бірін бағалайды.
(Оқушылар бір-бірімен пікір алысып, бір-біріне қойған сұрақтарына жауап алады)


ІҮ. Талдау (анализ).

СТО, ОмОЖТ

1 минут

«Инсерт» әдісін сабақтың соңында да ауызша түрде қолданамын:

Білетінім

Білдім

Нені білгім келеді














Оқушылар «Инсерт» әдісі арқылы тыныс белгілер тақырыбы бойынша Не білетінін? Нені білгенін? Нені білгісі керектігін? өз ойларын, пікірін айтады.



Ү. Жинақтау (синтез).

ОүБжОБ, СТО, ОмОЖТ

3 минут

Балама тест: («иә», «жоқ» жауаптарын айтады)

  • Тыныс белгісі бар сөйлем интонациямен оқыла ма? (иә)

  • Үтір сөйлем соңында келеді (жоқ)

  • Тыныс белгіні фонетика қарастырады (жоқ)

  • Пунктуация – тыныс белгі термині (иә)

  • Тыныс белгінің тіл мәдениетіне қатысы жоқ (жоқ)

  • Құрмалас сөйлемде тыныс белгісі болады (иә)

  • Ауыр-ауыр, ата-ана сөздерінің арасына дефис қойылады (иә)

Балама тест орындатамын. Ауызша



Оқушылар стикерге «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» жазып бағалайды.

ҮІ. Бағалау.

ОүБжОБ, СТО, ОмОЖТ, ТжДБО

3 минут

«Ой толғау» стратегиясы.

- Сонымен, импровизацияны қолданып, өздерін бір-екі шумақ өлең шығарыңдар.




Топ – тыныс белгілер бойынша шағын өлең жазады.


: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет