Сабақтың тақырыбы: Температура. Температураны өлшеу әдістері. Сабақтың мақсаты



Дата25.06.2017
өлшемі37.85 Kb.
түріСабақ
8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Температура. Температураны өлшеу әдістері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: дененің жылулық күйін сипаттайтын негізгі физикалық шама ретінде температураны енгізу,температураны өлшеу әдістерімен таныстыру, Цельсий және Кельвин шкаласын енгізу; оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру;

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.



ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.

ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

1) Жылулык қозғалыс дегеніміз не? Оның механикалық қозғалыстан айырмашылығы неде? Неге жылулық деп аталады?

2) Броундық козғалыс деп нені айтады? Оның себебі неде?

3) Диффузия дегеніміз не? Қаггы денелер, сұйықтар және газдарда диффузия қалай жүреді?

4) Диффузияның жылдамдығы дененің температурасына, тығыздығына қалай тәуелді?

V.Жаңа материалды меңгерту:

Сабақтағы негізгі материал:

Бізді қоршаған ортадағы жылулық құбылыстар-температураның өзгеріне байланысты құбылыстар.Салқын және жылы денелер. Температура-дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. Температура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші.Температура скаляр шама. Жылу алмасу- екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қатты қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.

Жылулық тепе теңдік.

Жылу алмасу денелер арасында жылулық тепе-теңдік орнағанға дейін жүреді.

Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал-термометр.Оның жұмыс істеуі денелердің жылулық ұлғаюына негізделген.

Термометр-температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.

Термометрлердін түрлері. I .Сұйық термометрлер.

а) сынапты, өлшеу шегі -38°С-тан 260 °С-ка дейін;

б) спиртгі термометр, өлшеу шегі

в) термопара (-269 °С-тан 2300 °С-қа дейін)

г)термисторлар кедергісі температураның өзгеруіне негізделген құралдар.
2. Газды термометрлер.

Цельций шкаласы-негізгі екі нүктесі ретінде мұздың еру(0°С) және судың қайнау(100°С) температуралары алынған шкала.

Абсолют нөл температура- табиғаттағы ең төменгі шекті температура ол -273,15 0°С-қа тең.

Кельвин шкаласы-халықаралык бірліктер жүйесі бойынша қабылданған температураның абсолюттік термодинамикалық шкаласы. Бұл шкала бойынша есептеу -273 ОаС-қа тең абсолют нөлден басталады.

1 Кельвин -Цельций шкаласы бойынша температура бірлігіне, яғни 1 градусқа тең:

1 К =1 °С.

Цельций шкаласы бойынша температура 1°(С) мен абсолюттік температураның Т(К) арасындағы байланыс:

Т = (1+273) К немесе 1 = (Т-273) °С.

Ремюр, Фарангейт шкалалары.

Температураны өлшеу эдістері (тәжірибе көрсету)

Термометрді қолда ұстап тұрып, ондағы сынап (спирт) бағанасының көтерілуін бақылау. Сынап (спирт) бағанасының көтерілу себебін айқындау. Сынап (спирт) бағанасы көтерілуін қашан тоқтатады? Термометр нені өлшейді? Термометрді температурасы өлшенетін ортадан алып қарауға бола ма? Неліктен? Түтікше бойымен көтерілген кезде сынап (спирт) молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы жөнінде не айтуға болады?

VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§2 сұрақтарын талдау.



  1. Молекулалық теория негізінде жылы су мен салқын судың айырмашылығы неде екенін түсіндіріңдер.

  2. Абай болмаған жағдайда медициналық термометрді сындырып алуғаболады. Неліктен бұл жағдайда төгіліп қалған сынапты бір түйір тамшысы қалмастай жинап алу қажет?

Қандай да бір уақыт мезетінде ауадағы отгегінің бір молекуласы 900м/с жылдамдықпен, ал екінші молекула 1200 м/с жылдамдықпен қозғалады. Екінші молекуланың температурасы жоғары деген ұйғарым дұрыс бола ма?

VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есептер шығарту



VIІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §2, 1-жаттығу, №1үйде орындалатын эксперименттік тапсырма.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет