Сабақтың тақырыбы: Құстардың жазғы тіршілігі Мақсаты: а білімділік



Дата23.12.2017
өлшемі47.06 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Құстардың жазғы тіршілігі

Мақсаты:

а) білімділік: Барлық тыныс - тіршіліктің қызған кезі жаз мезгілінің ерекшелігімен таныстыру, құстар туралы білімдерін кеңейту, құстардың атын, маңызын, ерекшеліктерін білу.



ә) дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттырып, ойлауын, тілін дамыту.

б) тәрбиелік: Құстарға қамқорлық жасауға, оларды қорғауға тәрбиелеу. Халық қазынасы мақал, ырым - тыйым, жұмбақ, болжамдарды тиімді пайдалана білу.

Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, топтастыру.

Көрнекліктер: Ұнтаспа, күн және күнің шуақтары, үй жануарларының, жабайы аңдардың, құстардың суреттері, гүлдер, ағаш, көбелектер.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығын қалыптастыру.

Сүйейік, табиғатты аялайық!

Біз де онан жақсылықты аямайық!

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Оқушыларды топқа бөлу.

1топ- «Құстар» 2 топ -«Аңдар» 3 топ- « Үй құстары»

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қазір көктем мезгілі.

Көктем мезгілінде үш ай бар.

Қандай айлар?

- Наурыз, сәуір, мамыр. Мамыр айы көктемнің соңғы айы.

Көктемнен кейін қандай жыл мезгілі?

- Жаз мезгілі.

Балалар! Бізге жайдарлы күніміз қонаққа келді. Кәне бәріміз күнімізді қарсы алайық.

- Сәлем саған жайдарлы күн!

- Сәлем саған Нұрлы күн!

- Сәлем саған шуақты күн!

- Сәлем саған Алтын күн!

- Сәлем саған Ашық күн!

- Сәлем саған жарқын күн!

- Сәлем саған жазғы күн!

- Сәлем саған жарық күн!

- Балалар күн бізге тапсырмалар әкелді. Егер біз сол тапсырмаларды орындасақ күніміздің де шуағы молайып, жарқырай түседі.

Күннің 1 шуағының тапсырмасы:

Үй тапсырмасы.

1топ. Үйге берілген «Аңдардың жазғы тіршілігі»мәтінін тізбектей оқиды.

2 топ . Мазмұнын баяндайды.

3 топ . Төлдерін тап. Ойын «Қай аңның баласы?»

Семантикалық карточка.




күшік

Бөлтірік

қонжық

Көжек

Аю













Түлкі













Қасқыр













Қоян













Үй тапсырмасын қорытындылау. Аңдардың көктемгі тіршілігі мен жазғы тіршілігін салыстыру. Гүлге орындау.

ІІІ Жаңа сабақ

Жұмбақ: Көкте ұшады тізіліп,

Біз қараймыз қызығып. (құстар)

Ой шақыру. Құстар дегенді ойымызға не түседі?

Құстар - пайдалы, адамға дос, бау - бақша, ағаштарды қорғайды, ән салады, сән береді, егінге пайдалы, зиянды құрттарды жояды.



Күннің 2 шуағының тапсырмасы: (тапсырманы ұяға орындайды.)

- Балалар, құстарды қалай қарсы аламыз? (ұя жасап)

2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді тізбектей, түсініп оқу

1 топ. Жазда құстар балапанын өргізеді. Олар енесімен бірге жүріп, тоя қоректенеді. Құстардың бұл кездегі азығы алуан түрлі: өсімдік дәні, жидек, бунақденелілер.

2 топ. Балапандардың жүні қауырсынданып, қанаты қатаяды. Балапандар өседі өздігінен азық тауып жейді. Ана құстар ұшуға, жауларынан сақтануға, су құстары балапандарын суда жүзуге үйретеді.

3 топ. Оқулықтағы сурет бойынша әңгімелейді.

Авторлық стол арқылы түсінігін айтады.

Күннің 3 шуағында мынадай тапсырма бар екен: (Көбелектерге орындау)

1 топ. Үй құстарын тауып аттарын жазу, тіршілігі туралы әңгімелеу.

Тауық, қаз, үйрек.

Үй құстары - қолда бағылады, жұмыртқасын, мамығы пайдаланамыз

2 топ. Жабайы құстарды тауып аттарын жазу, тіршілігі туралы әңгімелеу..

Қараторғай, көкек, қарға, қарлығаш.

Жабайы құстар - өздігінен тіршілік етеді, табиғат сәні, орман емшісі

3 топ.Үй құстары мен жабайы құстар тіршілігін салыстыру. Вен диаграммасы.

Сергіту сәті. «Утята» биі.

Күннің 4 шуағында мынадай тапсырма бар екен: (Құстар)

Балалар! Балалар! Жаз мезгілінде құстар бізге оралды «Дала құстары мен үй құстарын ажыратындар» деген.

Сурет бойынша жұмыс.

Күннің 5 шуағында мынадай тапсырма бар екен:

Ситуациялық сұрақ: Орманда келе жатырсың, ағаш басынан құстың балапаны құлап түсті. Не істер едің?

Ойын «Қай құс?» (Құстардың дауысынан қай құс екенін ажырату) құстардың дауысы компьютерден шығып тұрады.

Күннің 6 шуағында мынадай тапсырма бар екен:

Балалар! Құстар немен қоректенеді? Бунақденелілермен.

1 топ. Қанқыз. Қанқыз үсті қызыл, қара дөңгелек дақтары бар. өз сүйкімді . қанқыз өсімдікке пайдалы.

2 топ. Ара. Ара өсімдіктерді тозаңдандырады. Бал арасы табиғатта өздігінен тіршілік етеді. Гүл шырынын сорып, бал жинайды.

3топ. Көбелек. Көбелек түрлі түсті болады. Олар гүлдердің қасында ұшып жүреді.

Күннің 7 шуағында мынадай тапсырма бар екен:

Шығармашылық жұмыс.



Ұйқасқа өлең құрау

------ айтпаймыз,

------ баспаймыз,

------ сатпаймыз,

------ қорғаймыз.

V Қорытындылау.

Көрнекіліктер бойынша тақтаға бейнеленген «Жаз» мезгілі бойынша әңгіме жүргізу.

Рефлекция.

Балалар! Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса өз ойларынды түрлі түсті қағаздар арқылы білдіріңдер.

VІ. Балаларды бағалау



VІІ. Үйге тапсырма: 1.Құстардың жазғы тіршілігі оқу, мазмұндау.

2. Қалаған бір құстың суретін салып келу


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет