Сабақтың тақырыбы: Шеңберді пайдаланып қағаздан гүл жасау Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қағаздан



жүктеу 37.01 Kb.
Дата07.01.2018
өлшемі37.01 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Шеңберді пайдаланып қағаздан гүл жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қағаздан «раушангүл» композициясын жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып, шеберлік, шығармашылық деңгейі арқылы әсемдікпен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзбетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, оқушылардыңалғанбілімдерінөмірдеөзбетіншеқолданабілуінебағыттаужәнешығармашылықіскерліктерінарттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды талғаммен жұмысжасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:СТО әдісі (Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы) және шығармашылықпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша сұрақ-жауап, жасап көрсету, өз бетімен жұмыс жүргізу.

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, сызу, биология, математика, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыпқа сәйкес суреттер мен мәліметтер, гүлдер, слайдтар, гүлді жасау технологиялық картасы.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, т. б
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:

1.Оқушылармен амандасу.


2. Оқушыларды түгендеу, журнал толтыру.
3. Оқушылардың дайындығын тексеру, класты топқа бөлу.

4. Сергіту жаттығуы. ( слайд №1)


ІІ. Негізгі бөлім:

1. Адасқан құралдар( слайд №2)
Қайшы -------------- өшіреді
Өшіргіш ------------ өлшейді
Желім --------------- қияды

Сызғыш ------------- біріктіреді



М-м: - Міне, балалар, бүгінгі сабағымызда осы құрал – жабдықтарды пайдаланатын боламыз.

(Сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз. )

Сұрақтар:

1.Ол не?Ол қандай?

2.Гүл деген не?

3.Гүл сыйлау ненің белгісі?




2.Рефлексия:
«Синкуейн» әдісімен өлең құрастыру.
Не? Гүл.
Қандай?Әдемі, хошиісті.
Не істейді? Гүлдейді, аңқиды, құлпырады.

Гүлденген жаз табиғаты әр жанның көңілінен шығарлық. Табиғаттың байлығы өзінің әркелкілігімен, түстердің байлығымен көздің жауын алады. Табиғатта сан алуан гүлдердің түрлері көп.



  • Гүл – өмірдің, өсудің, алға басудың символы.

  • Гүл – табиғат сыйы.

  • Барлық гүл атаулысының өзіндік ерекшеліктері: дәрілік, емдік қасиеттері болады.

  • Гүлдер көктемде, жаз, күз мезгілдерінде өсіп, гүлдейді.

  • Гүлдер мәдени өсімдіктерге жатады.

  • Гүлдер үй және дала гүлі болып бөлінеді.

  • Гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы болады.

  • Гүлдерді безендіру өнері VI – VII ғасырларда пайда болған.


3. Раушангүл туралы мәлімет.

Раушангүл

тұқымдасына жататын көпжылдық, жуашықты өсімдіктер. Қазақстанда кездесетін жалғызтүрі — бұйра Лалагул (L. maztadon) — Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Орманды, таулы, шалғынды жерлерде өседі. Биіктігі 60 - 100 см, сабағы түкті. Жапырағы таспа немесе

қандауыр


пішінді, ұзындығы 8 - 10 см, ені 1, 5 - 2 см. Гүлдері ірі, жеке немесе шашақгүл шоғырына топталған.

М-м: - Ендеше, бүгін раушангүл композициясын құрастырамыз.

Композиция – латын тілінен аударғанда құрастыру, біріктіру, шығару деген мағына береді. Бұл белгілі бір затты үйлестіру.Композицияның негізгі заңдылықтары болады.

1.Композициядағы барлық құралдар бұйымның қолдануына сай келіп, оны айқындай түсуі қажет.

2. Композициядағы барлық элементтер мен бөліктер бір – бірінемөлшері мен өлшемі жағынан ұқсас болуы қажет.

3. Міндетті түрде композициялық орталық болуы тиіс.

4. Композиция тұтас болуы қажет.

ІІІ.Іс – әрекет бөлімі:
Жұмысқа қойылатынталаптар:
1. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау.
2. Жұмысты технологиялық нұсқау картаны көмегімен орындау.
1. Қағазды бүктеу арқылы, яғни оригами техникасы бойынша « лалагүл» гүлін құрастырамыз.
Гүл дайындау нұсқау картасы:
1. Түрлі – түсті қағаздарды шаршы пішінд іетіп қиып аламыз.
2. Қағазды диагональ бойымен бүктейміз.
3. Үшбұрышты қағаздың төбесіне қарай екі бүйір қабырғаларын бүктейміз.

Содан кейін бүктелген бөлігін қайта кері бүктейміз.


4. Бүктелген буынның арасын ашып, суреттегідей қалыпқа келтіреміз.
5. Қағаздың кіші ұшын ішке қайырып, қайта бүктеуіміз керек.
6. Ендігіде бүктелген бөліктерді желімдеп, қосамыз.
7. Осы бөліктерді бір – бірімен желімдеп, әдемі гүлшығарамыз.

8. Гүлдерді біріктіріп, топтап , заңдылықтарды сақтай отырып композиция құрастыру.

Оқушылар техника қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, технологиялық карта бойынша гүлді жасап, композиция құрастыру.
4. Қорытынды.

1.Гүлдерді толық аяқтап, шеңбер құрып бір –бірімізге жақсы сөздер айтып гүлдерді сыйлаймыз.

2. Ребус шешу. /Шебер/
/Шар бес көбелек орақ /
«Біз шебер балалармыз» , -деп сабақты пысықтау.

3.Оқушыларды бағалау.



4. Жұмыс орнын жинақтау.
: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет