Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз»



Дата27.10.2018
өлшемі96.27 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: әр түрлі тәсілдер арқылы шығарманың негізгі мағынасын меңгерту, талдау жасату арқылы алған білімдерін тексеру, жаңа сөздерді меңгерту, танымдық қызығушылықтарын ояту.

ә) тәрбиелік: табиғатты аялай білуге, ынтымақ пен бірлікті, адамгершілікке тәрбиелеу.

б) дамытушылық: ой қорытып, өз тұжырымын жасай білуге үйрету, ұжымда жұмыс жасай білу, өз пікірін дәлелдей алу қабілеттерін жетілдіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: сын тұрғысынан ойлау стратегиялары,өзін-өзі бағалау, сөздік жұмысы, топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: география,биология, музыка

Көрнекілігі: флипчарт, Есіл өзенінің, саятшының суреттері, алты қырлы кубик.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысын тексеру

1. Психологиялық дайындық «Шаттық шеңбері»

Адамдарға кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын,

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

2. Үй тапсырмасын тексеру



  • Сәбит Мұқанов кім? Оның шығармалары туралы біздер не білеміз?Ендеше қазір сандар сөйлейді ойынын онап көрелік.

Сандар сөйлейді

1900

26 сәуірде СҚО, Преснов аулында дүниеге келді

1925

«Октябрь өткелдері» поэмасы

1928

«Сұлушаш» поэмасы, «Адасқандар»/ «Мөлдір махаббат» романы

1938

«Ботагөз» /Жұмбақ жалау/

1950

«Сырдария» романы, «Ш.Уәлиханов» пьесасы

1955

«Өмір мектебі» трилогиясы




  • «Есіл бойында» әңгімесінің тақырыбы не? /өнер, ән құдіреті/

  • Әңгіменің кейіпкерлері кімдер? /Мырзатай, Мұратбек, Ұлпа/

ІІІ. Кубизм әдісі.

Суреттеңіз: Есіл өлкесінің көрінісін жазушы тілімен берілген пейзаж арқылы суретте.

Салыстырыңыз: «Есіл бойында» әңгімесін Ж. Аймауытовтың «Әнші» әңгімесімен салыстыр.

Қолданыңыз: «Есіл тасып барады» әнінің тарихын айт

Дәлелдеңіз: Есіл өзеніне арналған 1 ән орындап бер

Қарсы шығыңыз: Әңгіме кейіпкерлерінің «Халық әндерінің сөздері әр пікірден құралған қойыртпақ» деген пікіріне мен...

Зерттеңіз: «Есіл» өзенінің географиялық орнын зерттеңіз.

ІҮ. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Итпен алу

Түтін салу Бұлғар ату









Із шалу інді қазып алу

Бағалы терісі Қақпан құру Құс салу тұйғын

еті қаршыға






мүйізі

тор сойыл бүркіт ителгі
сойыл қақпан


арқан мылтық


Ендеше, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы саятшылыққа қатысты болмақ. Өткен сабағымызда «Өмір мектебі» трилогиясынан алынған «Есіл бойында» әңгімесімен танысқан болсақ, бүгінгі сабағымызда осы романнан үзінді «Саятшы Ораз» әңгімесімен танысатын боламыз.

Сабақтың мақсатын таныстыру

Сәбит Мұқанов «Саятшы Ораз» («Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясынан үзінді)
Мағынаны ашу сатысы

Сөздік жұмысы

Саятшы – құсбегі, құс баптаушы.

Сауға беру – ақысыз олжа үлестіру .

Шілік -өсімдік.

Ителгі – жыртқыш құс .

Қаршыға – өте алғыр құс, қарғадан көлемдірек. Қазақстанда Алтай, Алатау тауларының бөктерлерінде мекен етеді.

Тұйғын – қанаты қысқа,құйрығы ұзынырақ қаршығаның бір түрі. Ұсақ аңдар мен құс аулауға өте ыңғайлы.


Топтық жұмыс





І топ

ІІ топ

1-тапсырма


Әңгімеге жоспар құру

  1. Жаңа қоныс

  2. Саятшы Ораз

  3. Ораздың мергендігі

  4. Ораздың құс баптау шеберлігі

  5. Оразға үйір болған балалар

  6. Ораздың адамгершілігі

  7. Аңшылық туралы әңгімелер

Композициялық құрылысына талдау жаса

Басталуы –Мұқан үйінің Сүлейменнің аулына көшіп келуі

Дамуы –Ораз үйімен қатар қоныс тебуі

Шиеленісуі –Мұқанның сырқаттануы

Шарықтау шегі –Арқа сүйеген Сүлейменнің сараңдық танытуы

Шешімі –Ораздың адамгершілік танытуы, көмегі

2-тапсырма Мәтінмен жұмыс

Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табады



  1. Портрет – шығарма кейіпкерлерінің сыртқы түр-тұлғасын суреттеу.

Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, мұрнының екі жақ сайынан басқа бетін түгел жапқан, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл-күрең кескінді, ықшам сыртқы киімдерін шалбарланып алатын, кең шалбарының балағынішіне сала қонышын тізеден ысыра етік киетін, беліне қазақша кісе буынатын, кісесінің төңірегінде: мылтықтың оғын, дәрісін, тазалайтын саймандарын салатын салпыншақтары көп, кішігірім тебінгідей оқшантайлы, сол жақ бүйірінде қынды ұзын кездігі салбырап жүретін, арқасынан асынған шиті мылтығы түспейтін адам...


Пейзаж – жазушы шығармада табиғатты барынша көркем суреттеу.

Біз көшіп барған ауыл қыстауының ұзын тұрқы батыстан шығысқа қарай созылған биік дөңнің қырқа жотасында. Жотаның ұзындығы төрт-бес шақырымдай, қапталының кеңдігі екі-үш шақырымдай. Осы жотаның батыс пен шығыс жағын және екі жақ қапталдығын жаба өскен қалың ну ағаш. Ағаштары түп-түгел қайың мен терек. Ауыл қалың ағашты қырқа жонның арасында тұрады. Төбеден жауған қар болмаса, қысты күні қалың ағаштан бұл ауылға боран беттей алмайды. Қырқа жонның нақ биігінде сай бар, көктем кезінде бұл сайда аттың бауырлығынан келерлік су жатады, да, төңіректей қалың ағаш өскен ауыл осы сайда дөңгелене орналасқан.




3-тапсырма

Сәйкестендір

  1. Сүлеймен – Сәбиттің ........., .................., .................. адам.

  2. Сәбиттің ағасы, жездесі, кедей, бай, орта дәулетті, қолы ашық, сараң

Ораз - ..............., ................, ................, .... . Өзі ............... ....................,

туысы, көршісі, мал бағады, аңшылықпен айналысады, мерген,сараң, адамгершілігі мол, елге сауға береді, қара басының қамын ойлайды, ермек үшін аң аулайды, күн күріс қамында саятшылықпен айналысады , жарқын мінезді, кісіге телмірмейтін, қалжыңшыл адам.





Ой толғаныс сатысы

І топ

Бес жолды өлең

1.1 зат есім /кім?/ -саятшы

2.2 сын есім /қандай?/ -әзілқой, мейірімді

3. 3 етістік /не істеді?/ -құс салды, аң аулады, сауға берді

4. 4 сөзден сөйлем – Саятшы Ораз олжасын үлестірді.

5. 1 синоним –құсбегі



ІІ топ

Концептуалдық кесте

кейіпкер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерге берілетін баға

Ораз

Өте жоғары, кедейшілікке мойымай, аң аулап күн көрді, елге көмектесті, әрдайым жайдары жүрді.

Мол, олжасын елге сауғаға берді, мейірімді, аса жайдары мінезді адам

Өте жақсы


Сергіту сәті




V. Бекіту

Тест жұмысы

І .Ораз құс салумен жылдың қай мезгілінде айналысады?

а/ қыста ә/қысы-жазы б/жазда

ІІ. Әңгіме кімнің атынан баяндалады?

а/ Сәбит ә/Ораз б/Мұқан

ІІІАлғыр құстардың ішінде ілуде біреуі ғана болмаса, бабын тауып қайыра алмайтыны қай құс еді?

а/ қаршыға ә/тұйғын б/ителгі

ІҮ. «Биыл қыс мылтықтың қарауылына, бүркіттің тұяғына ілінген олжаға екеуміз ортақ болайық» .Кімнің сөзі?

а/Ораз ә/Сүлеймен б/Мұқан

Ү. «Айғайдан қашпайтын аң бола ма, ар жағынан дыбыс шықса, бері қарай өздері де жөңкиді,» -дейді Ораз. Қандай аң туралы айтылған?

а/ қасқыр ә/қоян б/түлкі

ҮІ. Ораз қыста бүркіт салды, ал жазда қандай құстарды салатын еді?

а/ лашын, тұйғын ә/қаршыға, тұйғын б/ ителгі, бүркіт

Тесттің дұрыс жауаптары:


  • І – ә

  • ІІ – а

  • ІІІ – б

  • ІҮ – а

  • Ү –ә

  • ҮІ - ә




Бағалау реті

«5»

«4»

«3»

5-6 жауап дұрыс болса

4 жауап дұрыс болса

3 жауап дұрыс болса


І топ – Аңшылыққа қатысты тыйымдар мен ырымдар:

1. Аңға шығар алдында аңшыға «Қаңжығаң майлансын» деген тілек айтылады.

2. Аңдағы алғашқы олжа ешкімге сыйланбайды. Алғашқы олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да солай етіледі.

3. Атып алған арқардың, тау ешкінің басын немесе сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшы өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшылармен бірдей етіп бөліседі.

4. Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оны үйдің төріне немесе бесікке іліп қояды.

5. Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімде ғана аулау керек.



ІІ топ –Аңшылық кәсіпке байланысты мақал-мәтелдер:

Бүркіт қартайса, тышқаншыл болады.

  • Бүркіт самғап ұшып, сорғалап түседі

  • Қыран ұясын қияға салар


VI. Үйге тапсырма

Эссе «Қазақтың саятшылық дәстүрі» немесе «Құс салу –жан рахаты»



VII. Бағалау

«Өзін-өзі бағалау парағы» бойынша қорытынды баға қойылады.



1 жалпы орта білім беретін мектебі



Ашық сабақ

С.Мұқанов «Саятшы Ораз»

7 сынып



Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Т.Алипова



2010-2011 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет