Сабақтың тақырыбы: «Салауаттылық өмір салты» Мақсаты: оқушылардың «салауатты өмір»



Дата08.07.2017
өлшемі49.93 Kb.
түріСабақ
Беркутова Алия Мейрамгалиевна (учитель самопознания)

Сабақтың тақырыбы: «Салауаттылық – өмір салты»

Мақсаты: оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

* оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;

* оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу;

* сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: слайд

Шаттық шеңбері

Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен сәлемдеседі. Ш. Сариевтің «Дені сау адамдарға өмір жұмбақ» атты өленің оқиды. Сонымен қатар өмір, денсаулық туралы оқушылардың өздері шығарған немесе жатқа оқитын өлендері болса айтуларына болады.

Дені сау адамдарға өмір-жұмбақ,

Кәусардай мөлдірейді көңіл бұлақ.

Кеуденің сәулесіндей көз жанары,

Тірліктен жайнап өтер небір шырақ.



Әңгелемесу

Оқушыларды сабақ тақырыбына бағыттау үшін әңгімелесу жүргізіледі. Әңгімелесу кезінде мұғалім балалардың салауатты өмір туралы түсініктерінің қандай екенін бағдарлайды. Әңгімелесу сұрақтары төмендегідей:



Адамдардың салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?

Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

Зиянды әдеттерге нелер жатады?

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, өзі қорытындылайды.



Мәтінмен жұмыс

Сабақтағы негізгі әдістің бірі ретінде мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Мәтін оқу арқылы оқушылар сабақтың негізгі идеясы туралы түсінік алады. Мәтінді оқып, талдайды. Сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын білдіреді. Оқуға Б. Сопақпаевтың «Жекпе-жек» әңгімесінен үзінді ұсынылады. Мұғалім мәтін талдату кезінде адам өміріндегі денсаулықтың маңызына оқушылардың назарын аударады. Оқушылар мәтін кейіпкерінің спортпен айналысу, қызығу, жаттығу нәтижесінде қандай жетістікке жеткеніне көз жеткізеді. Спортпен айналысу салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі екенін біледі. Балалар мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап баріп, өз ойларын түйіндейді.

... Мұрат басқалардан артқарақ оқшау отыр. Мүйізделген сиырдай жарылып шығып, қораштанып бүгіле түскен. Көзі шекарашылардың ойынында болса да, көңілі басқада. Әлгінде Садықтан тапқан жеңілісі титықтатып, намысын шоқтай қарып, күйдіріп отыр.

«Япыр-ай, осыншама әлсіз болып, нәзік болып туармын ба? Күшті болып, Садықтай болып неге тумадым? Сонда мен оған танытар едім».

***

Мұрат Батырбаев әуелде Николай Трофимович үшін елеусіз қораш қана біреу еді. Түр-тұрпатынан спортқа бейімділіктің ешқандай нышаны байқалмайтын. Бірақ бара-бара осы бала аңдағыш ұстаздың көзіне дараланып түсе бастады. Оның қоп-қораш тарамыс арық денесінде ұшқын атқан өжеттілік, от бар тәрізді. Нені болса да, табанда үйреніп, игеріп алғысы келеді, көрсеткеннің бәрін жан салып, мүлтіксіз орындауға тырысады. Бұл әрекеті және табыссыз да емес.



«Осы баладан түбінде жақсы спортшы шығуы мүмкін!»

Мұрат жөнінде Николай Трофимович Мұндай пікірге былтыр «Қызылшекарада» келген болатын. Сол ойының жаңсақ еместігіне көзі енді әбден жетті. Ешкімнің үйретуінсіз өздігінен жаттығып, ол қандай дәрежеге көтерілген! Бокстасудың әр қилы айла-тәсілдерін қалай жақсы меңгерген!

Әуелге бір күні Николай Трофимович Мұратты сынап қарамақшы болып, онымен бокстасып көріп еді. Жаныған ұстарадай лыпып тұрған даяр боксшыға кездесті. Соққылары сондай өтімді, тез-тез, дәл. Қорғанысы берік. Ара қашықтығын сезінуі алғыр. Тіпті осы күйінде алып барып разрядты боксшылардың жарысына қосып жіберсе де, әбден жарап тұр.

Николай Трофимович сезген- түйгендерін бір-ақ ауыз сөзбен жинақтап айтты:



  • Осы бетіңнен айнымасан, жақсы боксшы боласын! – деді.

Бұл сөзді естіп Мұраттың өзіне деген сенімі еселеп арта түсті.

Николай Трофимович дене шенықтыру пәнінен сабақ береді. Және бокс секциясында тренер.

Мұрат бұл секцияға бірінші күннен бастап қатынасып жүр.

Осыдан осылай оның өмірінде спорттық кезең басталды...

Келесі жылдың август айында Париж қаласында студент боксшылардың халықаралық

біріншілік жарысы өткізілетіні жайлы хабар жастар баспасөзінің бәрінде жарияланды.

Алматы физкультура техникумының студенті, он алты жасар боксшы Мұрат Батырбаевтың аты осы кезде спортшылар қауымының арасында ерекше шықты. Жеңілуді білмейтін керемет талантты боксшы ретінде ауыздан-ауызға алынып, даңққа бөлене бастады.

... Жарыс басталды. Рингке бірінші болып, аса жеңіл салмақты боксшылар Питер Сандересс (АҚШ) пен МҰрат Батырбаев (СССР) шақырылды.

Мұратқа қарағанда Сандересс бойшаңдау екен. Бірақ оның есесіне Мұрат кеуделі, шымыр. Спортпен шұғылдана бастағалы бері үш жылдың ішінде үзбей жаттығудың, шынығудың арқасында осы дәрежеге жеткен. Қолмен сылап өсіргендей сұлу да сергек тұлғаға ие болған. Бұл тұрған Мұрат – көктемде жаңбырдың астында қалғанда ауруға шалдығатын – нәзік Мұрат емес. Спорт ол Мұратты болаттай берік етіп, шыңдап қайта жасаған.

Мың-мыңдаған ынтық көздер залдың дәл ортасындағы ақ шаршыда біріне-бірі тап беріскен екі боксшыны бағып қадалуда.

Осыдан он шақты минут өткенде не болады? Немен тынады бұл айқас? Кім жеңіп чемпион болады? Осыны біліп тыңғанша әр кеудеде шыдам жоқ.

Мұрат әуелгі сәтте тұмшалана қорғанумен болды. Жаңбырдай сабалаған берекетсіз соққылардың ентігі басылуын аңдып еді. Шегіне, қорғана жүріп, бірнеше рет Сандерессті ұрып-ұрып та жіберді.

Бірінші раунд аяқталғанша Сандересс өшіге, құтырынып шабуылдаудан тынбады. Мұрат оны бойына дарытпаған сайын асқынып, ызаланып қимылдайды.

Екінші раундтың басында Сандересс Мұратты қалайда тізе бүктірмей қоймайтындай тағы да жанталасқан жойқын шабуыл бастады. Раундтың соңына таман тізгін енді Мұраттың қолына көшкендей болды.

Енді ең шешуші үшінші раунд қалды. Үш қана минут уақыт! Тас түйін боп белдескен жекпе-жектің тағдыры сонда шешіледі.

Мұрат қорғана отырып шегініп барады. Бұрышқа жетті. Арқасы арқанға тиді. Содан күш алғандай кенет ол садақ оғындай атылып кетті. Сандерессті құлақ түптен соқты. Соққы барынша жойқын еді. Және бірнеше соққыны көміп-көміп жіберді. Сандересстің көзі бұлдырап, жер-дүние төңкеріліп бара жатқандай болды...

У-шудан адам құлағы тұнады. Кімнің жеңгені айтпаса да белгілі.

Рингтегі судья Мұраттың қолын көтерді.



Мұратты спортқа жетелеген не нәрсе?

Ол жеңіс биігін қалай бағындырды?

Ойланып көрейік

Сабақ тақырыбы бойынша оқушыларға берілетін білім түйіндеме арқылы нақтылана түседі.

С. Мырзалы

Денсаулық – адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық- денсаулық» деп халық тегін айтпаған. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңуге, қабілет-дарынын дамытып, шығармашылық деңгейге көтеріле алады. Сондықтан денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық жолына түсу денсаулығыңды өз қолыңнан құрту болып есептеледі.



Дәйексөз

Мұғалім оқушылармен сабақтың дәйексөзі бойынша жұмыс жүргізу арқылы олардың білімдерін толықтыра түседі.

Оқушылар сабақтың дәйексөзі ретінде ұсынылған В. Суворовтың «Кімде-кім өзін жеңсе, өз қорқынышын, өз жалқаулығын, өз сенімсіздігін жеңсе, бұл өмірде сол жеңіске жетеді» - деген нақыл сөзімен танысып, мағынасын қалай түсінетіндерін таратып айтады.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, олардың ойларын қорытындылайды.



Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңберге жиналады. Балалар бірі-біріне жақсы тілек, жылы сөз айтады.
Каталог: 111
111 -> Отравления фтором, фенолом, формальдегидом. Токсикодинамика, токсикокинетика, лечение, профилактика. Освоение методов определения
111 -> Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Сабақтың мақсаты: Сан есім жайлы түсінік беру
111 -> Неоднородность поголовья
111 -> Сабақтың түрі : кіріктірілген сабақ Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру стратегиясы, жарнамалау
111 -> Кіріспе Кіріспе
111 -> Кат. №1113 Фасовка 500 г. Срок годности 4 года. Хранить при температуре 20°с основа кровяного агара с азидом
111 -> 5. изменения в геноме вариантов вируса кори, выделенных от пациентов, страдающих хроническими заболеваниями центральной нервной cистемы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет