Сабақтың тақырыбы: Сабақ және тамыр. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты



Дата24.01.2018
өлшемі117.72 Kb.
түріСабақ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Заттардың тасымалдануы


Мектеп: «» КММ

Күні

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:7

Қатысқандар: Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:

Сабақ және тамыр.



Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

7.1.3.3 Тамыр және сабақтың ішкі құрылысын зерттеу;



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

-Тамыр бөлімдерін бір-бірінен ажыратып, өзіндік ерекшеліктерін анықтайды.

-Тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсетеді.

-Сабақтың түрлері мен құрылысын және өсімдік үшін маңызын атқаратын функциясын мұғалімнің көмегімен түсіндіре алады.


Оқушылардың басым бөлігі:

Тамыр бөлімдерін бір-бірінен ажыратып, өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама береді.

-Тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап өсімдіктің қоректену үшін маңызын ашып көрсетеді.

-Сабақтың түрлері мен құрылысын және өсімдік үшін маңызын атқаратын функциясын түсіндіріп талдайды.


Кейбір оқушылар:

-Тамыр жүйесі мен тамыр типтерінің мәнісін ажыратып, өзіндік ерекшеліктерін практика жүзінде талдап зерттейді.

-Сабақтың түрлері мен құрылысын және өсімдік үшін маңызын атқаратын функциясын ажыратып қортынды жасайды.





Бағалау критерийлері:

Тамырдың және сабақтың құрылысын талдап , атқаратың қызметтеріне сипаттама бере алады.

Тамыр және сабақтың түрлері мен құрылысын және өсімдік үшін маңызын, атқаратын функциясын түсіндіріп талдай алады.

Тамыр жүйесі мен тамыр типтерінің мәнісін ажыратып ,алған білімін практика жүзінде іске асыра алады

Сабақтың өсімдік үшін маңызын тәжірибе арқылы талдап бағалай алады.



Тілдік мақсат:

Негізгі терминдер мен сөз тіркестер

Жанама тамыр, кіндік тамыр, шашақ тамыр, өткізгіш аймағы, сору аймағы, тің, тоз, қабық, сүрек, камбий, өзек,жылдық сақина, лиана, шырмалғыш сабақ, өрмелегіш сабақ ,орталық цилиндр, перицикл,ксилема,флоэма




Құндылықтарды баулу:

  1. Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана

  2. Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім




Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану, химия. Физика

Акт қолдану дағдылары:


Интербелсенді тақта, планшет, электронды оқулық.

Бастапқы білім:

«Дүниетану»және «Жаратылыстану» курсы бойынша оқушылар өсімдіктің негізгі мүшелерімен танысқан. Олардың атқаратын қызметтерін біледі



Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңі:

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
3 мин

10мин

2 мин
4мин



Сабақ басында

Ұйымдастыру (амандасу,оқушыларды түгендеу) (1мин)

Психологиялық ахуал. . Шаттық шеңберін құрып « Жүректен жүрекке» тренингі арқылы оқушылар бір-біріне бере отырып жылы тілектерін білдіреді.

Үй тапсырмасын тексеру

Адамзат үшін атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерінің артуы маңызды ма немесе оның мөлшерін сақтау маңызды ма?

(Пікірталас)
Топқа бөлу: «SMART Бейдж» әдісі арқылы топқа бөлу

Жаңа тақырыпты ашу және қызығушылықты ояту үшін «Ой шақыру» стратегиясын қолданам

- Балалар жыл бойы жауын шашын жаумаса да кейбір шөл, шөлейт жерде өсетін өсімдіктер өз тіршілігін қалай сақтап қалады деп ойлайсыздар?

-Оқушылар топта талқылап ортақ ойларын түйіндеп баяндайды.

Мұғалім бүгінгі сабақта өсімдіктің тіршілігіне маңызды мүшелері: Тамыр мен сабаққа жан-жақты сипаттама беретінін айтып оқушылардың қызығушылығын арттырып алып жаңа сабақтың тақырыбы мен критерийімен таныстырады.




Әр оқушы өз ойларын топқа салып қорытады


«SMART Бейдж»


Сабақтың ортасы
14 мин

4 мин


Сабақтың мақсаты мен критерийімен таныстырам .



1.Мәтінді «Джиксо-2 арқылы берем.

1-топ тамырдың құрылысымен таныстырады

2-топ сабақ құрылысымен таныстырады

3-топтамырдың атқаратын қызметімен таныстырады

4-топ сабақтың атқаратын қызметімен таныстырады

Бағалау «Бас бармақ» әдісі





Топты бағалау парағы бағалайды 1 оқушы

критерий

дескрипторлар

балл

І топ


ІІ топ

ІІІ топ

IV

топ


Тамыр Тамырдың және сабақтың құрылысын талдап , атқаратың қызметтеріне сипаттама беру


Тамыр түрлерімен тамыр жүйесін анықтай алады

1













Тамырдың өсімдік үшін маңызын сипаттай алады

1













Сабақтың құрылысын сипаттай алады

1













Сабақтың түрлері мен өсімдік үшін маңызын айқындайды

1













Тамыр және сабақтың түрөзгерістерінің себептеріне тұжырым-болжам жасайды

1













Жалпы саны

5














Сараланған тапсырмалар:

Барлық оқушылар: А-тапсырмасы

Жеке жұмыс.

әр оқушыға мәлімет бойынша не жауабы бар,не сұрағы бар қағаз беріледі. Жеке – оқушының тапсырманы өздігінен орындайды.Мыс:



Тест тапсырмасы:

1. дұрыс жауабын белгіле.

1. тамыр оймақшасы қызметі

А)қорек заттарды сорады Ә) тамырды ұзартып өсіреді Б)қорек заттарды өткізеді

В) тамырды жуандатады Г) жас жасушаларды қорғайды

2. тамыр түктерінің дамитын бөлімінің орналасуы

А)өсу бөілімінде Ә)сору бөлімінде Б)бөліну бөлімінде В)өткізгіш бөлімінде

3. жанама тамырлар дамитын бөлім

А)тамыр оймақшасы Ә)өсу бөлімі Б)сору бөлімі В)өткізу бөлімі

4.Сабақтың қай қабатынан су және минералды тұздың ертіндісі жылжиды?

А) камбий қабатынан Ә)сүректен Б)өзектен В) кабықпен

5. Камбий қабатының қызметі қандай?

А) жуандап өсу Ә)ұзарып өсу Б)мықтылық қасиет беру В)қор затын жинақтау


Критерий

дескриптор

балл



Тамыр және сабақтың құрылысы

Тамыр оймақшасының қызметін атайды

1

Тамыр түктерінің дамитын бөлімінің орналасуын біледі

1

Жанама тамыр өсіп жетілетін бөлімді дұрыс белгілейді.

1

Сабақтың қабаттарының атқаратын қызметін біледі

1

Сабақтың жуандап өсу заңдылығын түсінеді

1


Оқушылардың басым бөлігі: Б - тапсырмасы

Жұптық жұмыс
1.Тамыр аймақтарының атаулары, олардың қызметі мен құрылысының ерекшеліктерін анықтаңдар.

2.Өсу, сору, өткізу аймақтарындағы жасушалардың мамандану ерекшеліктерін сипаттаңдар.




Критерий

Дескриптор

балл

Тамыр аймақтарының атаулары және құрылысы мен қызметіне талдау



Тамыр аймақтарындағы ұлпалардың түзілу заңдылықтарын біледі

1

Тамыр типтерін атап өзара айырмашылықтарына сипаттама береді.

1

Тамыр жүйесі мен тамыр типтерінің мәнісін ажырыратып, өзіндік ерекшеліктерін практика жүзінде талдай алады.

1


Кейбір оқушылар: С тапсырмасы

Өзара бағалау

Орталық цилиндр құрылысы мен тамырдың өткізгіш қызметінің арасындағы өзара байланысты анықтаңдар

2.Перицикл мен камбийдің орналасуы және жасуша құрылысының ерекшелігі, рөлі арасындағы байланысты анықтаңдар.


Критерии

Дескриптор

балл

Өсімдіктің сабағы мен тамырындағы зат тасымалдау үдерісінің жүру механизімін түсіндіреді



Сүректегі орталық цилиндрдің атқаратын қызметін тұжырымдайды

1

Өсімдік мүшелеріндегі зат тасымалының рөлін сипаттайды

1

фотосинтез өнімі- органикалық заттың тасымалдану механизімін түсіндіреді

1

Орталық цилиндр құрылысы мен тамырдың өткізгіш қызметінің арасындағы өзара байланысты анықтайды.


1


Жиынтық бағалау балы

ның пайыздық мазмұны


Бағалау көрсеткіші


Баға


0%

бағаланбайды

1

1-20%

қанағаттанарлықсыз

2

21- 50%

қанағаттанарлық

3

51- 80%

жақсы

4

81- 100%

Өте жақсы

5




Оқушылар өз тобына берілген мәтінді оқып талдайды және алған білімін жанұясына келіп басқа мүшелерге түсіндіріп береді





Сабақтың соңы

8 мин


Рефлексия

1 мин


Жаңа сабақты бекітіп қорыту үшін

Суретпен жұмыс. «Венн диаграммасы» әдісін қолдандым

Тамырдың өзіндік

ерекшелігі

Сабақтың өзіндік ерекшелігі

Ішкі құрылысындағы

ұқсастық








Тамыр және сабақ құрылысымен айырмашылығын салыстырады.


2.«5-5-1» стратегиясы топпен жұмыс

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. Одан кейін сол 5 сөйлемдерін 5 сөзге қысқартады. Соңында олар 5 сөзді 1 сөзге қысқартады.Сол түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.


1.Өсімдіктің жер асты мүшесі- тамыр.

2.Сабақ : қабық, камбий, сүрек, өзек деген қабаттардан тұрады.

3. Камбий қабаты түзуші ұлпадан тұрады.

4.Шөл-шөлейт жерде өсетін өсімдіктердің тамыры кіндік тамыр.

5.Сору аймағы топырақта еріген минералды заттар мен суды сіңіреді.

Тамыр, сабақ, камбий,кіндік тамыр,сору аймағы


Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:

- толық түсіндім

- орташа түсіндім

- маған мұғалімнің көмегі керек

Білім ағашына түрлі түсті жапырақтарды іледі.

Жасыл жапырақ -толық түсіндім

Сары жапырақ - орташа түсіндім

Қызыл жапырақ - маған мұғалімнің көмегі керек


Оқушылар топта талқылап постер қорғайды



Интербелсенді тақта, Әр түрлі стикерлер





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет