Сабақтың тақырыбы: Пысықтау Сабақтың мақсаты



жүктеу 38.05 Kb.
Дата21.12.2016
өлшемі38.05 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

Сабақтың мақсаты: 1. Кестелік көбейту және бөлудің өтілген түрлері туралы білімдерін бекіту; екі-үш амалмен берілген өрнектерді құрастыру және шығара білу; санның үлесін табу, үлесі бойынша санды таба білу дағдыларын арттыру;

2. Ауызша және жазбаша өз бетімен есептей білу машықтарын жетілдіру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Ұлттық ойындарды ойната отырып ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, жарыстыра отырып ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі: ойын сабақ.

Әдісі: ойын, өз – бетімен жұмыс, жарыс, машық жұмысы, сұрақ- жауап.

Көрнекілігі: ұлттық ойындар сурет, карточкалар.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Кестелік көбейту және бөлудің өтілген түрлері туралы білімдерін бекіту; екі-үш амалмен берілген өрнектерді құрастыру және шығара білу; санның үлесін табу, үлесі бойынша санды таба білу дағдыларын арттыру;



ІІ. Үй жұмысын тексеру.

№ 5 ә), 138 бет.

-Бүгін бізде пысықтау сабақ болғандықтан.

-Оқушылар, біздерде ерекше сабақ,сабағымыз ұлттық ойындарға арналмақ.



  • Бүгін біздер ұлттық ойындар ойнай отырып, жарысамыз. Яғни, өз білімдерімізді, ұйымшылдығымызды көрсетеміз.

  • Бүгін мен сендерге бәйге тігемін.

  • Сабаққа жақсы қатысып 5 алсаңдар – ұшақ, 4 алсаңдар – машина, 3 алсаңдар – мотоцикл мініп қайтасыңдар. Сондықтан сабаққа жақсы қатысыңдар.

ІІІ. Білімдерін пысықтау.

Суретке назар аударайық. Мына суретте қандай ұлттық ойын ойналып жатыр? (теңге алу).



  • Қазір мен сендерге қысқаша түсіндіріп өтемін.

  1. «Теңге алу»

Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті , ат құлағына ойнайтын шабандаздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі.

Теңге ілу ойыны арқылы 1- тапсырманы ауызша орындаймыз.

«Артық ақшаны қайырып беру» қайтаратын ақшаны санап бер.

-Суретке назар аударайық. Осы суретімізде қандай ұлттық ойынды көріп тұрсыңдар? (көкпар)



  1. «Көкпар»

Көкпар – Ұлттық ат ойыны. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір – бірінен ала қашып, мәз –мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.

2- тапсырма. Тақтада жұмыс (өрнектердің мәнін есепте)

(3+5)·5 4·5+(3+6) 9·6-4:2

3+5·5 4· (5+3)+6 9·(6-4):2

-Суретке назар аударайық. Бұл қандай ойын? Қалай ойлайсыңдар? (бәйге)


  1. «Бәйге»

Бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Аламен бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

Ат жарыстыру арқылы 3- тапсырманы орындау (карточкамен жұмыс).





100

145

220

75

80

115

50 42 10

22 18 37


23 48 34

50 40 10

25 55 37


23 5 34

100 40 10

15 55 100

23 20 34


20 40 16

22 13 25


50 30 15

10 40 16

30 13 25


50 30 15

50 40 60

22 13 25


50 30 5

Сергіту сәті

-Суретке назар аударайық.



  1. «Қыз қуу»

Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр жүйрік аттарға мініп шығады. Ат мінген қызды жігіт қуып жетіп, бетінен сүюі тиіс. Жігіт қуып жете алмаса, жігітті қыз қуып жетіп, жігіттің атын, әйтпесе өзін қамшының астына алады. Мұнда қыз жеңді деп есептеледі.

Дәптерде жұмыс №4 «Кім жылдам?»

-Суретке назар аударайық.


  1. «Аударыспақ»

«Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе – жеке шығып, бірін – бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады.

№5 қажет санды қой.

-Суретке назар аударайық.

6. «Арқан тартыс» (сөзді есеп)

Арқан тартыс. Ойынға ұзындығы 8-10 метірлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушыға екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады.

«Арқан тартыс» ойыны. Біздер күшпен емес біліммен күш сынасамыз.

№6 сөзді есеп



  1. Қорытынды: Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Үйге тапсырма беріледі: №7 141 бет

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

Изанов С.К.

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Өткенді пысықтау»



(Математика 3-сынып)

Сынып жетекшісі:Сабыркен Н.К.


©stom.tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет