Сабақтың тақырыбы: Пысықтау. Сабақтың мақсаты



жүктеу 50.36 Kb.
Дата21.12.2016
өлшемі50.36 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.

Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың екі таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлу, есептерге өрнек құру тәсілі арқылы шығара білу дағдыларын бекіту.

2.Ауызша және жазбаша өз бетімен есептей білу машықтарын жетілдіру.Логикалық ойлау қабі леттерін дамыту.

3.Ұлттық ойындарды ойната отырып ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, жарыстыра отырып ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі: ойын сабақ.

Әдісі: ойын, өз –бетімен жұмыс, жарыс, машық жұмысы, фигуралар.

Көрнекілігі: интерактивті тақтада слайд, ұлттық оцындар суреті, фигуралар.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

  • Оқушылар, біздерге бүгін ерекше сабақ, сендер ұлттық ойындар ойнап көрдіңдер ме?

  • Бүгін сіздермен ұлттық ойындар ойнай отырып, жарысамыз.Яғни, өз білімдерімізді , ұйымшылдығымызды көрсетеміз.

  • Сабаққа жақсы қатысып ,5 алсаңдар – ұшақ , 4 алсаңдар – машина, 3 алсаңдар – мотоцикл мініп қайтасыңдар.Сондықтан сабаққа жақсы қатысыңдар.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Ой шақыру.


3

2

8

2012


  • Мұнда назар аударыңыздар, мынау қандай фигуралар, мына сандар қандай сыр шертеді?

Слайдқа назар аударайық. Мына суретте қандай ұлттық ойын ойналып жатыр.

  1. Слайд.Ақсүйек ойыны.

Ең алдымен , ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөледі.Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады.Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады.Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды.Ақсүйек алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне – бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады.келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.

Ақсүйек ойынын ойнау арқылы үй тапсырмасын тексеру.

III.Білімдерін пысықтау.

  1. Слайд.Бәйге.

Бәйге.Мұнда жүйрік ,жарыс аттар 25- 100 шақырымдық қашыққа шабады.Оның жолында айналып өтетін көл, сай- сала, бел- белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті.Аламан бәйге үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.


002

00!»»»»!»»»»!

009

06
Ат жарыстыру арқылы 1- тапсырманы ауызша орындау.Топтық жарыс.


40*?

?*2

10*?

?*50

20*?

?*300

45*?

?*30


3- слайд.

Теңге алу.Жерде жатқан теңгені атпен шауып келк жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді.Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі.

Теңге ілу ойыны арқылы тапсырмаларды орындау.

2 1- топ 2- топ 3- топ



Өз бетімен жұмыс

90:15˭ 6 84:12 ˭ 7 72:18 ˭ 4 69:23 ˭ 3

100:25 ˭ 4 63:21 ˭ 3 96:32 ˭ 3 96:48 ˭ 2

4-слайд.Көкпар.

Көкпар- ұлттық ат ойыны.Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз- мәйрам болған.Кейін ол ұлттық ойынға айналған.Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны.Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс деп екіге бөлінеді.Көкпарда басы кесілген серке тартылады.

3 Суретке қарап , төмендегідей шығарылатын есептер құрастыр.



А.96+24 Ә.(96+24)*2 Б.96/24 В.96-24 Г.96*3 Д.24*3+96*2

5- слайд.Аударыспақ.

Аударыспақ.Ол- қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын.Атқа мінген екі жігіт жекпе- жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады.Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады.

4 Теңдеулерді шешу.



х *30 ˭900 х / 6 ˭45 у / 4 ˭ 70 х -652 ˭ 652- 348

6-слайд.Ұшты-ұшты ойыны

Сергіту сәті.

Ұшты ,ұшты- қарғақ ұшты!(ұшады)

Ұшты ,ұшты- марқа ұшты!(ұшпайды)

Ұшты ,ұшты- тырна ұшты!(ұшады)

Ұшты ,ұшты- тырма ұшты!(ұшпайды)

Ұшты ,ұшты- ұшақ ұшты!(ұшады)

Ұшты ,ұшты- ошақ ұшты!(ұшпайды)

Ұшты ,ұшты- қарлығаш ұшты!(ұшады)

Ұшты ,ұшты- қарындаш ұшты!(ұшпайды)

7- слайд.Асық ойыны.

5 Суретке қара.Сурет бойынша сұрақтарға жауап бер.



А.- Жусандыдан Ақсайға ең қысқа жол қайсысы? 19+4+14 ˭37

- Жусандыдан Ақсайға ең ұзые жол қайсысы? 42+12 ˭54

- Көктал арқылы жүргендегі Ақкөл мен Жиделінің арақашықтығын тап. 25+12 ˭37

Ә.Есепке өзің сұрақ ойлап , достарыңа шығаруға ұсын.

8-слайд.Сақина салу.

Бұл- қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны.Ойын ережесі бойынша қыз- жігіттер үйде дөңгелене отырып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созадыОйынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі.Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен,Тұр сақинам, тұр,- дейді.Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті,Сақина менде,-деп.Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді.

6 Есептеп, дұрыстығын тексер.



962-462 ˭500 900-451 ˭449 378+65 ˭443

902-765 ˭137 138+702 ˭840 79+379 ˭458

600-379 ˭221 92+646 ˭738 700-58 ˭642

9-слайд.Қыз қуу.

Ойын үшін жігіттер мен қыздар іріктеліп, ұшқыр, жүйрік аттарға мініп шығады.Жарыс жекелей де өтеді.Егер екі топқа бөлінсе,онда қыздар мен жігіттердің саны тең болуы қажет.Жігіт қызды бұрылысқа дейін қуып жетіп, жең ұшына ілінген орамалды алып қашуы керек.Егер жігіт сол бетімен- қарақшыдан сөреге дейін қуғыншыға жеткізбесе,онда- жеңгені.Ал егер қыз қуып жетсе, жігіттің атын ,әйтпесе өзін қамшының астына алады.Мұнда қыз жеңді деп есептелінеді.

7 Тир ойыны.Ойыншылардың әрқайсысы қанша ұпай жинағанын анықтау.



18*2 ˭36 37*1 ˭37

IV.Бекіту.

10-слайд.Арқан тартыс.

Арқан тартыс.Бұл ойынның екі түрі бар.Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады.Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса,ойын қызықты болады.Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді.Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды.Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойынбастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады.

Арқан тартыс ойыны.Біздер күшпен емес біліммен күш сынасамыз.

Қағаздан арқан жасап, өрнектер жазамын.Әр топтан үш оқушыдан шығып өрнек шығарып, арқандыөз жағына қарай тартады.

V.Қорытынды.

Үйге тапсырма беріледі:

3- тапсырманың в ,г ,д, 8-тапсырма

Оқушыларды бағалау .5- ұшақ, 4-машина, 3-мотоцикл.

Ән:Қазақтың дәстүрлері.


©stom.tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет