Сабақтың тақырыбы: Пән мұғалімі: Медеуова А. Т. 2012-2013 оқу жылы



жүктеу 25.22 Kb.
Дата05.06.2018
өлшемі25.22 Kb.
түріСабақ
Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебі

Сабақтың тақырыбы:


Пән мұғалімі: Медеуова А.Т.

2012-2013 оқу жылы
Сабақ тақырыбы: Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер.

Сабақ мақсаты:

  • Сұйық ішіндегі денеге ауырлық және кері итеруші күш әсер ететіндігін, егер осы күштердің бірі көп болған жағдайды тәжірибе жасай отырып, меңгерту.

  • Өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту.

  • Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, электронды оқулық. су құйылған 3 шыны ыдыс, мұз, қант.

Демонстрациялар: денелердің жүзу шарттарын демонстрациялау

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин

ІІ. Бақылау жұмысын талдау. 10 мин

ІІІ. Жаңа сабақ. 20 мин

механика 039

Егер денеге әрекет етуші ауырлық күші мен архимед күшіне тең болса, онда дене сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдік қалпын сақтай алады.



Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа батады.



Егер ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі.



Егер дене сұйық бетінде жүзіп жүрсе, дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлемі сұйық пен материалы тығыздықтарының арақатысына байланысты болады:



Ареометрлер-сұйықтың тығызығын анықтауға арналған құрал.



Құрылысы:


механика 040
1-шыны құты

2-металл кесектері

3-жіңішке түтікше

4-шкала.

Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер-лактометрлер деп аталады.

механика 040

V. Пысықтау. 5 мин

Денелердің жүзу шарттарын атап көрсет.

Ареометр құрылысы қандай?

Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер қалай аталады?



VI. Қорытындылау. 5 мин

Егер денеге әрекет етуші ауырлық күші мен архимед күшіне тең болса, онда дене сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдік қалпын сақтай алады.

Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа батады.

Егер ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі.


VII. Бағалау. 2 мин

VIII. Үйге тапсырма: Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер.

30-ж. Эксперименттік тапсырма.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет