Сабақтың тақырыбы: Пайыздар мен дәрілік өсімдіктер



жүктеу 41.61 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі41.61 Kb.
түріСабақ
Үлкен Шаған орта жалпы білім беретін мектебі

5 «А» сыныбы

Жаратылыстану мен математика пәндерінен кіріктірілген сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Пайыздар мен дәрілік өсімдіктер.

Сабақтың мақсаты: Пайызды есептеу білімдерін практикамен ұштастыру. Өзіміздің облысымызда өсетін өсімдіктер туралы білімдерін жетілдіру.

Пайызды есептеуге деген танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Оқушыларды табиғатты қорғауға және саламатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қорытынды сабақ және өткен материалдарды бекіту.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі:СТО стратегиялары, видеопроектор,оқулық, дәрілік өсімдіктер.

Пәнаралық байланыс: математика,биология, жаратылыстану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі



ІІ. Қызығушылықты ояту сатысы

А) Ассоциация әдісі



Ал енді біздер дәрілік өсімдіктер ассоциация құрдық, олардың емдік қасиеттеріне тоқталайық. Жақсы балалар сонымен біз дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың емдік қасиеттерін білдік. Адамдардың өмірі үшін өсімдіктердің алатын орны ерекше. Сонымен қатар өсімдіктер ауаны тазалайды, өсімдіктер кисек киім, ішсек тамақ, емделсек дәрі екенін ғалымдар дәлелдеді. Сонымен қатар біздің күнделікті тамағымызда белгілі бір мөлшерде өсімдіктің түрлері болуы керек. Мысалы біздің денсаулығымызға жеміс – жидектерден жасалған шырындар өте қажет. Біз білеміз көктем уақытында адамдарға дәрумендер жеткіліксіз болады, сол кезде кептірілген дәрілік шөптер мен жеміс- жидектерден шырын жасап ішу керек.Дәрілік өсімдіктер туралы алған білімімізді математика сабағымен байланыстырып есептер шығарайық.



Ауызша есеп.

Мына берілген жинақтағы түрлерді пайызбен есепте.

1.Итмұрын – 50 ℅, таңқурай - ?, құлпынай – 12 ℅.

2.Қалақай – 0,3, қызыл қарақаттың жапырағы – 0,4, қызыл қарақаттың жемісі - ?

3.Алма -35 ℅, алмұрт -30 ℅, өрік – 25 ℅, алхоры - ℅

Кітаппен жұмыс

Дәрілік өсімдіктер туралы оқу.



Есеп

Өсімдіктану оқулығы авторының фамилиясын саннан пайызды есептеу арқылы анықта.

И. 1. 72 санынан 5 ℅

Е. 2. 40 санынан 25 ℅

К. 3. 12 санынан 6 ℅

Ү. 4. 10 санынан 95 ℅

Н. 5. 200 санынан 2 ℅

Р. 6. 60 санынан 15 ℅

Д. 7. 25 санынан 30 ℅

0,72

9,5

7,5

10

9

3,6

4

К

Ү

Д

Е

Р

И

Н


Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин бұрынғы Семей, Қазіргі Шығыс Қазақсиан облысы Аягөз қаласында 1891 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келіп, 1938 жылы 7 наурызда Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында дүниеден озған. Ж.М.Күдерин қазақтың алғашқы биолог ғалымдарының бірі, қоғам қайраткері.1911 жылы ауыл мектебін, 1913-1917 жылдары Қапал ауылшаруашылық мектебін бітірген. Лепсі қаласында Кеңестердің І сьезінде делегат және Жер коммисары болып сайланған. 1920 жылы «Қытайға кеткен қазақтарды қайтару» коммисиясында жұмыс істеп, Күдериннің тікелей араласуымен Қытайдан 6 мың отбасы еліне қайтып оралды.1921 жылы Жетісу өңірін жайлаған тырысқақ індетіне қарсы емдеу жұмыстарына қатысты.Күдериннің «Қытайдағы босқындар өмірі» (1920), «Қазақтардың ата - тегі туралы материалдар» (1930) деген этнографиялық еңбектер, «Ботаника» (1927), «Қой мен оның жүні» (1930), «Кендір» (1931) және т.б. биологиялық еңбектері жарық көрді.

Есеп

Батыс Қазақстан өңірінде өсетін өсімдіктерден ерте көктем шыға әзірлейтін тағамның құрамындағы түрлердің массасын есепте.

1 Борщтың құрамы – 400 г

Орамжапырақ – 50

Картоп – 7,5 ℅

Көк жуа – 12,5 ℅

Желкен – 5 ℅

Қаймақ – 7,5 ℅


2 Бақбақтан жасалған салаттың құрамы – 200 г.

Бақбақ жапырағы – 50 ℅

Көк жуа – 15 ℅

Аскөк – 14,5 ℅

Желкени- 12,5

Өсімдік майы – 8 ℅


3 Винегрет салатының құрамы – 300 г.

Картоп – 25 ℅

Қызылша – 30 ℅

Тұздалған қияр – 15 ℅

Тұздалған орамжапырақ – 20,5 ℅

Өсімдік майы – 9,5 ℅



Жаңа сабақ бойынша эссе жазу стратегиясы

Тестпен жұмыс

1.140 санының 30 ℅ -ын есепте

А. 70

Ә. 42


Б. 14

В. 112


С. 98

2. 25 – ы 60 – қа тең санды табыңдар.

А. 240

Ә. 15


Б. 150

В. 85


С. 35

3. 30 саны 160 санының қанша пайызын құрайды?

А. 48 ℅

Ә. 54 ℅


Б. 16,5 ℅

В. 19,225 ℅

С. 18,75 ℅

4. Дәруменге бай өсімдік

А. итмұрын

Ә. ошаған

Б. бақбақ

В. қарағай

С. Алоэ

5. Оранжерия сөзі қай тілден алынған.



А. грек

Ә. қытай


Б. орыс

В. француз

С. Неміс
Бағалау. Бағалау парағы бойынша оқушы өзін – өзі бағалайды.

Үйге тапсырма. № 1285 есеп, бес жолдық өлең жазу.

Пән мұғалімдері: Жумагазиева Жанат Дәулетшиевна



Турсынгалиева Манат Сагынгалиевна

2014 жыл




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет