Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану өмірді тану



жүктеу 66.25 Kb.
Дата25.06.2017
өлшемі66.25 Kb.
түріСабақ
Күні:

Мектеп:

Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану – өмірді тану

Құндылық: адамгершілік Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т.б

Мұғалім:

Сынып: Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.


Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,

аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару Сабақ тақырыбына тарту мақсатында сұрақтар арқылы әңгімелесу өткізіледі:

Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?

б) Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін...

Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.



Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

2. Үй тапсырмасын тексеру





Әңгімелесу мәтінді әңгімелеп беру Мәтінмен жұмыс «Екі дос және қария» аңыз әңгімені оқып шығу.

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Дәйексөз туралы айта кету

Халық мақалы

Шығармашылық жұмыс: Оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып,сабақты түсіндіру.


Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Топпен ән айту: «Шымшық»

Сөзі Қ.Мырзалиевтікі
Әні Қ.Қуатбаевтікі

 Шымшықтың өр тырнағы,


Құдды шабақ қармақтай.
Бар тұлғасы, болғаны,
Бармақтай-ау, бармақтай!
Сонда да ол, асылы,
Мешкейлікке меңзейді,
Күнде жеке басының,
Салмағындай жем жейді!
Күнде жеке басының
Салмағындай жем жейді!

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді

Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.


Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінікайту


Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті:

  • Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.




Оқушылар көздерін жұмып демалады.

Күні:

Мектеп:

Сабақтың тақырыбы: Білімге құштарлық

Құндылық: Құштарлық Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т.б

Мұғалім:

Сынып: Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білім,даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

Білімге,оқуға қызығушылықтарын дамыту;

Білімді бағалауға тәрбиелеу.

Мақсаты:Оқушылардың «білім»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.


Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,

аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері


Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті



Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гул түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басының түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан - жануарларға өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымен... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

2. Үй тапсырмасын тексеру





Әңгімелесу мәтінді әңгімелеп беру Білімнің адамға пайдасын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. С.Баязитовтың «Мақал мәнісі» атты өлеңін оқушылармен қосылып айту.

  • «Білекті- бірді жығар,білімді-мыңды жығар»деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  • «Кітап-білім бұлағы,білім-өмір шырағы».-дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?

Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс Оқушыларға Қ.Толыбаевтың «Құштарлық»әңгімесін оқу.

  • Талапты баланың біліиге деген құштарлығын қалай аңғаруға болады?

  • «Оқу-инемен құдық қазғандай жинайтын қазына»дегенде нені түсінесіңдер?

  • Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандый жақсы қасиеттерді көрдіңдер?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Дәйексөз:

Тақтаға жазылған «Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы»деген мақалдың мәнін түсіндіру.



Халық мақалы

Шығармашылық жұмыс

Білімнің пайдасы эссе жазу


Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Топпен ән айту: Ерден Атайдың әні
Сөзі: Ә.Асылбековтікі
Әні: Е.Хасанғалиевтікі

 Кел,балалар,тұрмаңдар


Бізде қызық думан бар.
Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар

 Қайырмасы:

 Ерте,ерте,ерте,екен,
Ешкі-ай жүні бөрте екен.
Ертегі сөз қашанда
Тамашаның көркі екен

 Түрлі-түрлі ертегі,


Тұла бойды ертеді.
Ерте өткен ерлердің,
Ерлік ісін шертеді.


Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді

Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.


Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінікайту


Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті:

  • Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.




Оқушылар көздерін жұмып демалады.

Күні:

Мектеп:
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет