Сабақтың тақырыбы: Отырықшы және көшпелі өмір. Сабақтың мақсаты



жүктеу 47.84 Kb.
Дата11.04.2018
өлшемі47.84 Kb.
түріСабақ
Пән мұғалімі: Қартабаева Күнқияш Әбуқызы
Сыныбы: 6 «б»

Сабақтың тақырыбы: Отырықшы және көшпелі өмір.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен пайда болу себебін, малшылардың ғасырлар бойы мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, үзбей көшіп жүруін және баспаналары туралы ашып айтып , жаңа сабақты меңгерту.

Дамытушылық: Жыл мезгілдеріне , төрт түлік малға байланысты оқушылардан өз білетіндерін сұрай отырып,пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Қазақ халқының салт дәстүрін, тарихын, тыныс тіршілігін білуге, құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Сабақтың типі: Аралас

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта , слайдтар ,карта

Пәнаралық байланыс: Тарих, география , әдебиет, биология, технология.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру: Мұғалім қызметі: Оқушының қызметі:

-амандасу; -амандасу;

-түгелдеу; -кезекшілік міндетін атқару

-оқушылардың -сабаққа дайындалу;

назарын сабаққа

аудару;

Оқушылармен амандасып, түгелдеп , оқу құралдарын қадағалап назарларын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.(сұрақ-жауап) Мына менің қолымдағы тоқпан жілік. Тоқпан жілікпен қазақтың ұлттық ойыны «Ақ сүйек» ойыны арқылы үй тапсырмасы сұраймын. Ойынның шарты мынадай. Мен түн дегенде көздеріңді жұмасыздар, сол кезде мен бір оқушының алдына қоямын. Күн дегенде ашасыздар. Сол оқушыға сұрақ қойылып жауап береді.

1) Малды қолға үйрету қай кезеңнен басталды?

2) Мал шаруашылығы туралы не білесіз?

3) Ертедегі адамдардың мал шаруашылығына көшуіне қандай себептер болды?

4) Ертедегі адамдар мал шаруашылығының қандай түрлерін таңдаған?

5) Қазіргі таңда қандай шаруашылық түрлерімен айналысады?

6) Төрт түлік малдан қандай өнімдер алынады?

7) Батыс Қазақстанның шөлді аймақтарында өсірілетін түлік?

8) Жергілікті жердің мал шаруашылығы туралы айтып беріңіз?

ІІІ.Өткен материалды қорыту.

Атадан балаға дарып келе жатқан мал шаруашылығы ата кәсібіміз деп білеміз.



IV.Жаңа сабақ

Жоспар: (слайдтар)

1. Дәстүрлі мал шаруашылығы көші –қон

2. Көшпенділердің баспанасы.

3. Мақал – мәтел.

1. Дәстүрлі мал шаруашылығы көші –қон.

Мал баққан адамдар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру , баптау мәдениетін сақтай отырып, жазда- жайлауга, қыста- қыстауға үзбей көшіп жүрген. Олар қолда бар табынды шөппен және сумен қамтамасыз ететін жыл мезгілі мен қолайлы орынды мұқият таңдады.Қыстау- жылы қоралы бар тұрақты орын. Ерте көктемде мал сонда төлдейді. Қыстан әрең шыққан малдарды бөлек қорада баптап көгін алдырады. Көктемгі жайылым- көктеу ұсақ шоқылармен қыратты аймақтарды мекендеген. Көшпелілер бар уақытын таң ертеңнен кешке дейін үйден тысжерде өткізеді. Қыстан шыққан мал қоңданып қой қоздап, жылқы құлындап, түйе боздап төлдейді. Көктемгі, күзгі жұмыс қой мен түйені жүндеу. Қойды 2-рет қырыққанда-2-2,5 км жүн, түйе -4-8 км жүн береді. Қой жүндері киіз үйдің киіз жабдықтарын жасайды, жүн шұлық тоқиды т.б Түйенің жүрінен көрпе, киімдер токиды т.б. Көктемде малшылар түрлі мерекелелерді тойлап соның бірі Наурыз мейрамы бір-бірімен төс қағыстырып амандасатын болған. Жазғы жайылым алысқа ұзатып жаятын жайылым суы мол, шөбі шүйгін жерлерді мекендеген. Жаз айларында қандай тойлар дасаған? Адамдар қыз ұзату, келін алу тойларын жасап, қандай ұлттық ойындар ойнатылған ? ат жарыс, күрес өткізу, ақындар айтысы, көкпар сияқты ойындар ойнатылған. Қысқы азықтарын жинап алады. Әрбір үйде құрт,ірімшік, айран шайқалып май алынып, шұбат, қымыз алынады. Жылы күздің басында қой қырқым болғаннан кейін күзеуге көшеді.Күзде –күзеуге қыс жақындағанда қоныстанатын, қыстауға жақын жайылым.



Мал шаруашылығы 3 –ке бөлінеді

1)Көшпелі мал шаруашылы

2) Жартылай көшпелі мал шаруашылы

3) Отырықшы мал шаруашылығы

Қазақстан жерінде көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі қалыптасты.

Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі тұрмыс қалыптасты.

Шығыс Қазақстанда, Алтай мен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыған.

Оңтүстік Қазақстанда Сырдария, Шу өзендерінің аңғарында орырықшы шаруашылық дамыды. Отырықшы деп отырғанымыз мал шаруашылығымен қос егін шаруашылығылен көп айналысатын аймақтар.

Қазіргі таңда Қазақстанның қандай аймағы мал мал шаруашылығы түрлерімен айналысады?

1)Солтүстік аймақта ірі қара өсіру сүтті, етті бағытта.

2)Батыс аймақта түйе, жылқы шаруашылығы.

3)Оңтүстік аймақта жібек құрты, ара өсіру егін шаруашылығымен айналысады.

4)Шығыс солтүстік-шығыс аймақтарында, қой шаруашылығымен айналысады.


2. Көшпенділердің баспанасы.

Көшпелілердің негізгі баспанасы киіз үй. Киіз үй туралы не білеміз? Киіз үйдің сүйектері қайың ағаштан жасалады. Кереге, шаңырақ, уық, сықырлауық есік тен тұрады. Кереге жайылып шаңырақты үйдің егесі ер адам көтерген 7 уық тігілгенше сөйлемеу қажет. Сыртқы жабдықтары қойдың жүнінен қошқар мүйізді оюлар бастырып салынған. Тез жиналып тез тігіледі, көшіп қонуға ыңғайлы. Киіз үйдің үлкен кішісі 4-30 қанатқа дейін көбейтіледі. Қыста кірпіш үйлерде немесе жертөледе тұрған.Үйдің ортасында ошақ болған . Ошақты тастан қалаған. Көшпелілер ошақты киелі санаған. Әлі кезге дейін сақталған.



3 Мақал мәтел . Оқушылардан сұралады.

V Бекіту сұрақтары


Оқулықпен жұмыс

1.Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы?

2. Көшпелі мал шаруашылығы қашан қалыптасты?

3. Көшпелі өмір салтының отырақшы тіршілікте  айырмашылығы қандай?



4. Көшпелі мал шаруашылығы түрлерін ата?

VI.Қорытынды:

Сәйкестендіру.

1

Көктемгі жайылым қалай аталады?

Түйе

2

Шығыс Қазақстан қандай мал өсіруге қолайлы?

Түйе

3

Киіз үйдің негізі?

Қой

4

Киізге қай малдың жүні пайдаланылады?

Солтүстік Қазақстан


5

Сиыр малын көптеп өсірген Қазақстанның қай аймағы?


Көктеу

6

Ұзақ уақыт бойы сусыз, азықсыз жүре беретін малдың түрі?


Кереге

VII Бағалау.

VIII Үйге тапсырма. Түсінік айту




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет