Сабақтың тақырыбы: Өсімдік шаруашылығы географиясы Мақсаты



жүктеу 105.76 Kb.
Дата06.07.2017
өлшемі105.76 Kb.
түріСабақ
Пән мұғалімі: Оспанова Аманкүл Сырдария ауданы, Айдарлы ауылы pict0185

№ 139 орта мектебінің биология және география пәні мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Өсімдік шаруашылығы географиясы

Мақсаты:
Білімділік: Өсімдік шаруашылығы географиясымен ,оның ішінде дәнді дақылдар мен техникалық дақылдар географиясы, бақша мен жеміс –жидек географиясымен таныстыру .

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу,өз ойларын жеткізе білуге ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу . Географиялық мәдениетін қалыптастыру .

Дамытушылық: Жалпы табиғат туралы көзқарастарын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру , танымдық, іскерлік қабілеттерін дамыту .
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта , дүние жүзінің саяси картасы , жарты шарлардың физикалық картасы ,Атлас ,оқулық жұмыс дәптері , кескін карта .тірек сызбалар.

Сабақ түрі : Аралас сабақ

Сабақ әдісі : Сұрақ –жауап , түсіндіру , баяндау ,
Сабақтың барысы :

I. Ұйымдастыру .

II .Үй тапсырмасын сұрау .

III. Жаңа сабақ

IY. Жаңа сабақты бекіту .

Y. Қорытынды

YI. Бағалау .

YII.Үйге тапсырма беру.



І. Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)
II. Үй тапсырмасын тексеру: (7 минут)
1. Дүние жүзілік шаруашылық қандай салалардан тұрады ?.

2. Ауыл шаруашылығының қандай басты салаларын білесіңдер ?

3. Дүние жүзі бойынша ауыл шаруашылығында қанша адам жұмыс істейді ? 4. ЭБХ дегеніміз не, оның а/ш қандай қатысы бар ?

5. Жерге қандай меншік түрлері тән ?

6..А/Ш қандай үш топқа ажыратылады ?

7 .Интенсивті шаруашылық дегеніміз не?

8. Экстенсивті шаруашылық деген ше?.

9. Жасыл революция мәні неде?

10.Шаруашылық ұйымдасуының қандай типтері бар?

III. Жаңа сабақ: (20 минут)

Тақырыбы: Өсімдік шауашылығы географиясы

(Оқушыларға осы тақырып бойынша іздену жұмыстары тапсырылған.)


Іздену жұмыстары бойынша оқушылар сөйлейді.Өсімдіктердің түрлі кеппе шөптері (гербарий ) таныстырылады.
Мұғалімнің түсіндірмесі:

Адамзатқа азық –түліктің көп бөлігі мен жеңіл өнеркәсіп үшін қажетті шикізатты өсімдік шаруашылығы береді. Өсімдік шаруашылығы а/ш басты саласы. Өсімдік шаруашылығы егіншілік, бақша мен жеміс –жидек шаруашылығынан тұрады. Дәнді дақылдар -өсімдік шаруашылығының негізін құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының ½ -інен астамын алып жатыр. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдардың өндірілетін мөлшері 2 млрд асып отыр .Өнімділігінің артуы егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әр гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде .



Дәнді дақылдардың шығымдылығы :

Дамушы елдерде 15-20 ц /га

Дамыған елдерде 35-40 ц/га
Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл : бидай , күріш , жүгері құрайды.
Басты өндіруші елдер :

Оқулықтағы 24 кестені талдау




р/с



Елдер

өнім мөлшері

млн т

Елдің дәнді дақылдар

жинаудағы үлесі %

1

Қытай

448,9

21,6

2

АҚШ

341,0

16,4

3

Үндістан

220,8

10,6

4

Ресей

67,1

3,2

5

Франция

64,6

3,1

6

Индонезия

59,0

2,8

7

Канада

53,0

2,6

8

Бразилия

44.7

2,2

9

Германия

44,1

2,1

10

Аргентина

33,6

1,6


Дүние жүзіндегі егіс көлемі :

КҮРІШ


20 %

ЖҮГЕРІ


18 %

БИДАЙ


32 %

Н.И.Вавилов –орыс ғалымы, мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын зерттеді. Бидайдың негізгі шыққан Отаны –Алдыңғы Азиия мен Жерорта аймағы. Дүние жүзінде 70 –тен астам ел бидай өсіреді.

Негізгі маманданған ірі шаруашылықтары бар аудандарға : АҚШ пен Канада Қазақстан,Украина , Ресейдің оңтүстік бөлігі ,Африканың оңтүстігі Аустралия, Аргентина Пампасы жатады. Виннипег қаласын « Бидай астанасы «деп атайды. Қазақстанда дәнді дақылдардың 415 түрі өсіріледі .Д. ж.10000-ға тарта түрі бар. Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидай ,оңтүстігінде күздік бидай өсіріледі. Бидайдың 5/4бөлігін Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары береді .
Күріш –тропиктік дәнді дақыл . Негізгі Отаны –Қытай .Егіс көлемі бидайдан аз болғанымен өнімі бірдей . Оның басты себебі субтропик , тропиктік субэкваторлық белдеуде орналасқан. Қытай, Үндістан Жапония,Египет т.б елдерде жылына екі рет өнім жиналады. Д. Ж.-де 100-ге жуық ел егеді . 9/10-ын Азия елдері өндіреді. Қазақстанда суармалы , жылуы мол Сырдария ,Іле өзендері бойында өсіріледі .Қызылорда облысында Ы. Жақаев атамыз әр гектардан 174 ц күріш алып әлемдік рекорд жасады. Дүниежүзілік диханшылықта әр гектардан 24 ц күріш алынады . Д. Ж: суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр .

Жүгері( Маис)- Шыққан жері- Америка .Дәнді дақыл ретінде ғана емес, мал азығы есебінде де өсіріледі. Өндіруші елдер: АҚШ, Кытай, Мексика, Бразилия, Еуропаның оңтүстік елдері. АҚШ-тың Ұлы көлдерінің оңтүстігі жүгері белдеуі. Экспортқа: Египет , Ресей Иран , Қытайға шығарады .

ТМД елдері дәнді дақылдарды сырттан алады. Жылына 30-40 млн т астық алынады .Қазақстан астықты экспорттаушы ел.


Техникалық дақылдар - кез келген мүшелерінен өндіріске қажетті шикізат алуға болатын өсімдіктер .Оларға майлы дақылдар. Талшықты., крахмалды , қант өндіретін сергітпе , дәм –татымдық дақылдар жатады .Азық түліктік маңызы бар ж/е азық түлікке жатпайтын деп ажыратылады.

Майлы дақылдар : дәнді дақылдардан кейінгі 2 орында .Оған соя, күнбағыс, жержаңғақ. Пайдаланатын майдың2/3 осы өсімдіктерден алынады .Соя –АҚШ, жержаңғақ -Үндістан ,күнбағыс –Ресей өндіруден алдыңғы орында .Азия , Латын Америкасы елдері пальмадан мақта майлары алынады .

Қант дақылдарынан жылына 100 млн т кант өндіріледі .60 пайызын қант құрағынан , 40 пайызын қант қызылшасынан алады .Қант құрағы-Бразилия Үндістан,Қытайда . Қант қызылшасын өндірушілер –Франция , АҚШ , Ресей,Украина.

Мақта –талшықты дақыл. 20 млн т. Дүние жүзінде өндіріледі. Мақта өндіру және жинау жөнінен 1 орын-Азия елдері, 2 орын-Америка, 3 орын-Африка елдері. Зығыр өндіру Ресейде, Беларуссияға 2/3 бөлігі тиеді . Джут өндіру Үндістан мен Бангледеште .Табиғи каучук –Тайланд, Малайзия елдері егеді. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан да мақта егуге маманданған .

Картоптың Отаны- Оңтүстік Америка . 1 орын-Ресей, 2 орын-Польша ,

3-орын Қытай.

Шай- Қытай , Үндістан,Грузияда

Кофе-Африкада. Оның 2/3 –ін Латын Америкасы елдері экспортқа жібереді .
Бақша және жеміс-жидек шаруашылығы жылдық өнімділігі - 600 млн т

70 пайызы Азияда егіледі .



Жеміс –жидекті көп өндіретін елдер :

1.Қытай

2.Үндістан

3.Бразилия

4.АҚШ

5.Италия елдері



Банан да азиялық жеміс,бірақ қазір барлық жерде өседі .

Жүзімді - Италия, Франция ;Испания ;АҚШ егеді .

ІV. Жаңа сабақты бекіту. (7минут)

1.Кескін картамен жұмыс:

Дәнді дақылдардың орталықтарын түсір



2.Жұмыс дәптері бойынша тақырыптық тапсырмалар орындау.

3. Тест сұрақтарына жауап беру .

V. Қорытынды: (5 минут)

VІ. Бағалау: (2 минут)

VІІ. Үй тапсырмасын беру. (3 минут)

1.Тақырыпты оқу

2. Кескін картамен жұмыс (Техникалық дақылдардың ірі орталықтарын түсіру)

Пәні: Биология 7 сынып

Тақырыбы : Астық тұқымдастар –бағалы азықтық өсімдіктер

Мақсаты :

а)Оқушыларға астық тұқымдастар –бағалы азықтық өсімдіктер

туралы мағұлмат бере отырып негізгі ұғымдарды қалыптастыру

ә) Оқушылар белсенділігін арттыру. ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше

шығармашылықпен ізденуіне мүмкіндік туғызу.
б) Болашаққа көзқарасын қалыптастыру.Табиғи ортаны қорғауға үйрету.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта ,Суреттер, Кеппешөптер. Таратпалы карталар

Түрі: Жаңа білім беру

Пәнаралық байланыс: География , химия .
Сабақтың барысы :

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Үй тапсырмасы

II.Жаңа сабақ

1.Бекіту.

III.Үйге тапсырма


1.1.Өткен сабақты пысықтау үшін үлестірмелі карталар таратылады.
II.Жаңа сабақ:
Бүкіл әлемге таратылған маңызды дақылдар –даражарнақтылар класына жататын-астық тұқымдас өсімдіктер.Олардың 10000-ға жуық түрі бар. Қазақстанда астық тұқымдастардың 418 түрі бар. Астық тұқымдастардың басым түрі шөптекті өсімдіктер.

Астық тұқымдастардың жалпы сипаты (интерактивті тақтадан суретін көрсету). Астық тұқымдастардың сабағы бунақталған цилиндр тәрізді .Оның сабағын сабан сабақ деп атайды. Жапырақтары қатар жүйкелі,сабаққа кезектесіп орналасады. Жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілше пайда болады.

Астық тұқымдастардың гүлдері ұсақ . Олар жинақталып гүлшоғырын құрайды.Гүлшоғыры-сыпыртқы гүлдер,күрделі масақ,собық,шашақ түрінде кездеседі. Гүл негізінде 2- қабыршақ,2-гүлүлпегі ,Аталығы-3, Аналығы-1,

3-жеміс жапырақшасынан тұрады. Аналық аузы қауырсын тәрізді 2тілімді болады. Жатыны жоғары орналасады . Жемісі –дәнек . Тамыр жүйесі –шашақ. Гж2А3Ж(3)Гж- гүлжапырақ.Гүлжапырақ гүл құрылысына жатпайды, ол түрі өзгерген жапырақ.

Астық тұқымдастардың көпшілігі азықтық өсімдіктер. Оған:бидай, күріш, тары, жүгері, қант қызылшасы тағы да басқа адам тағамға пайдаланатын өсімдіктер жатады. Малазықтық түрлеріне қарабас, бидайық, атқонақ, бетеге ,тарғақ, арпа .т.б. Сүректі бамбуктарда астық тұқымдасқа жатады,(бамбук,алып сүрек қамыс) құрлыс материалдары ретінде пайдаланады.Қара сұлы, жатаған, бидайық, арпабас,қонақ –арамшөптер.

Барлық өсімдіктердің кеппешөптері таратылып, оқушылар табиғи түрімен таныса алады

Өзімізге жақсы таныс астық тұқымдасы-екпе күріш,биіктігі-50-150см бір жылдық даражапырақты өсімдік. Жасыл күлгін немесе қызғылтым, жапырағының ұзындығы 50см, ені 1см болады. Гүлшоғыры 10-40 см. Масақшалары тік өседі. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы,ұзын қырлы болады. Күріштің аталығы-6-ау. Дәнегі жұқа қабықша. Гүл формуласы Гс2А3+3Ж3. Екпе күріш-азықтық дақыл. Дәнегінде 9-12 % нәруыз, көмірсу- 65-70 % ,

4-6 % май болады. Жылусүйгіш өсімдік,тұқымы+10-12С өсе бастайды. Негізгі Отаны Оңтүстік Батыс Азияның тропиктік елдер ,Үндістан, Қытайда 4-5 мың жыл бұрын егілген. Күріш егуден дүнежүзілік рекорд жасаған Шиелі ауданының Қызылту колхозының звено жетекшісі екі мәрте Еңбек Ері атанған күріш өсіруші Ыбырай Жақаев.Тары егуден рекорд жасаған тары өсіруші Шығанақ Берсиев еді.


Сабақты бекіту:

1.Астық тұқымдастарға қандай өсімдіктер жатады.?

2.Сабансабақ дегеніміз не ?

3.Күріш қандай өсімдік?

4.Астық тұқымдастардың қандай маңызы бар?

5.Күріш атасы деп кімді атаймыз?

6 Кеппешөптер бойынша бидай, арпа тары, сұлы, бидайға сипатама жасау .

Кестені толтыру.



Қорытынды:

Кестені толтыру.

Астық тұқымдас өсімдіктер

Азықтық өсімдіктер

Малазықтық өсімдіктер

Құрылыс материалы ,қағаз өндіру шикізаты болатын өсімдіктер

Сыпырғыш дайындауға қажетті өсімдік

Зиянды өсімдік















№ 11 зертханалық жұмысты орындау.



III. Үйге тапсырма: параграф 34

Ы. Жақаевтің еңбек жолы туралы реферат жазып келу.



Сабақтың тақырыбы: Балықтар класына жалпы сипаттама

Сабақтың мақсаты:

1. Омыртқалылар типіне және балықтар класына жалпы сипаттама бере отырып, ерекшеліктеріне тоқталу.

2. Жануарлар дүниесін қорғау, экологиялық тәрбие беру.

3. Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Таблица, Карта, тақырыптық тірек сызба, тест,

оқулық, жұмыс дәптері.


Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ барысы:

Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қандауыршаны желілер типіне жатқызу себебі неде?

2. Ас қорыту ерекшелігі.

3. Қандауыршаның қозғалыс мүшелері қандай?

4. Қабықтыларға тән ерекшеліктер?

5. Халық шаруашылығындағы маңызы.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Балықтар класы суда тіршілік ететін омыртқалылар. Бас сүйектілер тип тармағына жатады. Бас сүйектілердің негізгі ерекшеліктерінің бірі-миы бассүйектерінің ішінде орналасқан. Денесі үш бөліктен: бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Екі жұп көкірек, екі жұп құрсақ қанаттарымен бірге құйрық қанаттары бар. Денесі бұрылғанда, тоқтағанда, баяу ғана ілгері жылжығанда және дене тепе-теңдігін сақтауда қанаттарының маңызы зор. Денесінің сырты қабыршақпен қапталған. Қабыршақ сыртын шырышты қабыршақ қабық қоршаған. Ол қорғаныш қызметін атқара отырып судың үйкелісін азайтып, бактериядан қорғайды.

Балық қаңқасы тірек қызметін атқарады. Балық торсылдағы балықтың суда жоғары және төмен көтерілуіне мүмкіндік жасайды.

Тыныс алуы: Балықтар суда еріген оттегі мен желбезек арқылы тыныс алады.

Қантамырлар жүйесі тұйық. Ол жүректен және қантамырларынан құралған. Бір құлақша мен қарыншадан тұрады. Қан бұлшықеттердің жиырылуы арқылы денеге тарайды.

Зәр шығару жүйесі: Екі бүйрек пен несеп жолы арқылы аналь тесігіне ашылатын қуыққа өтеді.

Сезім мүшелері: Сипап сезу және бүйір сызықтары су ағынының бағыты мен күшін анықтайды.

Көбеюі: дара жынысты , уылдырық шашу арқылы көбейеді.

Түрлері: Балықтар қаңқасының құрылысына қарай шеміршекті және сүйекті балықтар деп бөлінеді.

Шеміршекті балықтар: Қаңқасы шеміршектен құралады. Оларда желбезек қақпасы болмайды. Шапшаң қозғалады, көбі жыртқыштар.
Кәсіптік маңызы: Халық шаруашылығында кәсіптік маңызы зор. Тамақ өнеркәсібінде азық-түлік, тағам түрі ретінде және медицинада кең қолданылуында. Балықтарды қолдан өсіру кең дамуда. Балықтың сирек кездесетін түрлері заңмен қорғалған.
Балық түрлері таблицасы бойынша балықтардың түрлерімен таныстыру. Карта бойынша балықтар мекен ететін ірі мұхиттар мен өзен, теңіздерді көрсету.

Бекіту: 1. Балықтың құрылысы қандай бөліктен тұрады?

2. Қандай түрлері бар?

3. балықтардың адам өміріндегі маңызы туралы эссе жазу.

4. тест сұрақтары.



Оқулықты пайдала отырып, биологияға арналған жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.

Бағалау. Қорытынды.

Үйге тапсырма беру: 57 тақырыпты оқу.

«Жергілікті жердегі балық түрлері» тақырыбында реферат жасау.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет