Сабақтың тақырыбы: «Малсақ бала»



Дата18.12.2017
өлшемі106 Kb.
түріСабақ
Қызылорда облысы Қазалы ауданы

Әйтеке би кентіндегі

Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі

Ерекешова Маржанкуль Онбосыновна


Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:

«Малсақ бала» Өтебай Тұрманжанов




СЫНЫП: 3 "В"

Қатысушылар саны: 19

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Өтебай Тұрманжановтың малсақ бала өлеңін оқып, талдайды.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Өтебай Тұрманжановтың малсақ бала өлеңін оқып, талдайды,әңгімелейді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Автордың ойын түсінеді, сипаттайды



Кейбір оқушылар:

Өлеңнің мазмұнын сипаттай алады, салыстырады, суреттейді.



Тілдік мақсат

Оқушылар:

Автордың ойын, сөзін пайдаланып, сөздерді толтырады. өлеңді әңгімеге айналдырады.






Негізгі сөздер мен тіркестер:

Жаңа сөздердің мағынасын ашады






Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

Өлеңнің ұйқасын табады,сөздерді жазады.






Талдауға арналған тармақтар:

Өлеңдегі сөздердің мағынасын ашу, талдау






Жазылым бойынша

Сәйкестендіру тесті



Алдыңғы білім

Өлең туралы ақпараттары бар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

8 мин


1.Ұйымдастыру кезеңі .

Оқушылармен амандасу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сынып ішінде жағымды орта қалыптастыруға ықпал жасау.

2.Үй тапсырмасын сұрау

«Еркін микрафон» арқылы үй тапсырмасын сұрау

3.Оқушыларды топтастыру



«Пазл» әдісі арқылы топтасады.

Лақтар тобы

Бұзаулар тобы

Құлындар тобы

Қозылар тобы

«Миға шабуыл»

1.Суреттердің жарты бейнесін көрсету арқылы төрт түлікті табады.https://ds02.infourok.ru/uploads/ex/0e69/0005dac8-6d7d209a/hello_html_1749e8bb.jpg

2.Терісі,сүті,еті,жүні,майы...т.б. өлең шумақтары есеріңде бар ма? 3.Төрт түліктің пірлерін атау.



Зеңгі баба, Ойсыл қара, Қамбар ата, Шопан ата, Сексек ата.

Әдебиеттік оқу

«Атамұра» баспасы 2014жыл

3 сынып

c:\users\user\desktop\img15.jpg


Ортасы

35 мин




Тұлғаны таны


Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Шымкент облысы, Бөген ауданындағы "Жалғызағаш" ауылында туған. Тұңғыш жинағы "Таң өлеңдері" (1925 жыл) жарық көрді. "Қазақтың мақал - мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө. Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Ө. Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында дүние салды.




- Балалар ,өлеңде біз бұрын білмейтін сөздер бар ма? 
Малсақ- малды жақсы бағып , малдың жайын жақсы білетін , малжанды , малқұмар адам. 
Оқушыларға тізбектей оқыту.

Жаңа сөздермен жұмыс


Жайғау- малды жайлап,шөбін, суын беру. Көгенде –Қозыларды байлау, түгендеу

Ығын –шығын- малды ит-құс жеген жоқ па, түгелме Бақташы- мал бағатын адам Малсақ бала- малды жақсы бағып , малдың жайын жақсы білетін , малжанды , малқұмар адам. 






Аудио жазбадан тыңдату Төрт түліктің бізге пайдасы өте көп. Сондықтан да амандасқанда, сұрасқанда ең әуелі малды, сосын жанды сұрайды. «Мал-жан аман ба?» дегендей.
Қойшылар бағып жүрген қойларының жүні арқылы ауа райын болжай білген.Мәселен,өрісте жүрген қойдың жүнін уыстап көреді.Егер қой жүні құрғақ болса,онда күн ашық болады.Егер жүн дымқылданып,суланып тұрса,онда көп кешікпей жаңбыр жауады.Тілімізде жүнге байланысты жүн балақ(әлжуаз,әлсіз,ынжық),жүні үрпию(мұздау,тоңу),жүн-жыбыр(ұсақ-түйек) сияқты тұрақты сөз тіркестері, жүндей жұмсақ тәрізді теңеу, «Жүйкесі – жүн,жігері – құм» , «Күндіз қойын күтерсің,кешке жүнін түтерсің» секілді мақал-мәтелдер қалыптасқан.
«Әз жүру» - халық даналығы.Халық санатында наурыздың 20 – 22-сі аралығында «әз кіреді»деген ұғым бар.Ол әуеде болар-болмас діріл мен гүрсілдің пайда болуы арқылы білінеді.Әздің жүруімен табиғатқа жан бітеді.Әздің жүргенін тек өрісте жүрген қойлар ғана сезеді.Олар жайылғанын қойып,көкке қарап жамырай маңырап қоя береді. Шопан оны көріп мәз болады.«Әз болмай,мәз болмайды» деген мақал содан қалған.

Топтық жұмыс

«Ойлан, бөліс, топтас»

1-топ Өлеңнің алғашқы бөлігін мазмұндау, әңгімеге айналдыру.

Атасы немересіне не тапсырды?



2- топ

Өлеңнің сонғы бөлігін мазмұндау әңгімеге айналдыру.

Өлеңде иттің пайдасы туралы не делінген?

3 -топ

Жаңа сөздерді табу, мағынасын жазу. Жайғау, көгенде ығын-шығын, бақташы.

Малсақ бала дегеніміз не?

4 -топ

Осы өлеңнен не түсіндің, көз алдарыңа не елестеді? Суретін салу.

Бағалау- «Бағдаршам»

Қызыл- мүлдем түсінбедім

Сары- орташа

Жасыл-толық түсіндім

Сергіту сәті

Әр топ өздерінің дыбыстарын

әуенге қосыла отырып дыбыстайды.

Жұптық жұмыс

Сәйкесін табу.

Малсақ бала тіл алғыш болады. Анам қойдың жүнінен шәлі тоқыды. Атасы немересіне мал жайғауды тапсырды. Сиырдың сүті өте дәмді. Түйе шөлге өте төзімді. Бақташы малды өрістен алып қайтты.



Бағалау-«Керемет жұп» медалімен марапаттау
Жеке жұмыс

Тест 1.Бақташы деген кім? а) мал бағатын адам ә) егін егетін адам б) құс өсіретін адам 2.Күйіс қайыратын жануар? а) ит ә) қасқыр б) қой 3.Малды жақсы бағып, малдың жайын жақсы білетін, малжанды баланы кім дейміз? А) оқушы бала ә) малсақ бала

б) жұмысшы бала



4.Қойшылар ауа райын не арқылы болжаған А) қойлардың жүні арқылы ә) аспанға қарау арқылы б) күнге қарау арқылы 5.Атасы немересіне не тапсырды? А) сабаққа баруды ә) қозыларды көгендеуді б)жер жыртуды Бағалау-Өзін-өзі бағалау

Дәптер,түрлі- түсті қағаздар.

Медальдар таратылады.
c:\users\user\desktop\eqejdnp-001.jpg

Смайликтер арқылы бағалау



c:\users\user\desktop\424815_1.jpeg


Соңы

2 мин



Үйге тапсырма

Малсақ бала өлеңін мәнерлеп оқып келу


Кері байланыс

Қозы суретін бояу.



Басы

Жасыл

Ұнады

Денесі

Сары

Орташа

Тұяқтары

Қызыл

Түсініксіз



c:\users\user\pictures\my image garden\img_20171117_0001.jpg


Бастауыш сынып мұғалімі Ерекешова Маржанкуль Онбосыновнаның рефлексивті жазбасы


Мен әдебиеттік оқу пәнінен «Малсақ бала» тақырыбында сабақ өттім. Бұл сабақтағы менің мақсатым балаларды топқа бөлу, топ ережесін таныстыру,топтық жұптық, жеке жұмыстар жасауды меңгерту және «малсақ бала» деген кім екенін таныстыру. Өлеңдегі негізгі ойды ашу. Үй тапсырмасын сұрау барысында оқушылар «Еркін микрафон» арқылы ойларын еркін жеткізе білді. «Пазл» әдісі арқылы топтасты. Топтасқан топ оқушыларына «миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар бердім. Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбан жарияладым. Тұлғаны тану арқылы Өтебай Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылығына тоқталдым. Аудио жазбадан төрт түліктің пайдасы туралы тыңдаттым.Сөздікпен жұмыс жасаттым. Топтық жұмыс барысында «Ойлан, бөліс, топтас» әдісін қолдандым. 1-топқа өлеңнің алғашқы бөлігін мазмұндау, әңгімеге айналдыру, 2-топқа өлеңнің соңғы бөлігін мазмұндау, әңгімеге айналдыру, 3-топқа жаңа сөздерді табу, мағынасын жазу, 4-топқа осы өлеңнен не түсіндіңдер соның суретін салу берілді. Топтық жұмыс барысында А,В,С деңгейлі оқушылар 2-топта болды. А деңгейлі оқушы сабақта өлеңнің соңғы бөлігін әңгімеге айналдырып, топта белсенділік көрсете білді. В деңгейлі оқушы сабаққа араласуы баяу болды, ашылып ештеңе айтпады.

С деңгейлі оқушы белсенділік көрсетіп, ойын ашық айтып отырды. Жұптық жұмыс барысында шашылған сөздердің сәйкесін табу қажеттілігі ұсындым.. А,С деңгейлі оқушы шапшаңдық танытып тапсырманы орындай білді. В деңгейлі оқушы шапшаңдық таныта алмай бірқалыпты отырды. Жеке жұмыс барысында тест берілді. Тестті орындау барысында В деңгейлі оқушы екі сұраққа жауап беріп, қалған тапсырманы орындай алмады. Кері байланыс кезінде Қозының суреті берілді. Бүгінгі сабақ ұнаса қозының басын жасыл түспен бояды, орташа болса денесін сары түспен, түсініксіз болса аяқтарын қызыл түспен бояды. Оқушылардың көпшілігі қозының басын жасыл түспен бояу арқылы сабақты түсінгендерін білдірді.. Үй жұмысына өлеңді мәнерлеп оқып келуге бердім.Балалардың сабаққа қызығушылықтары артты.

Сабақтағы кейбір сәтсіз тұстар:

топқа бөлуге уақыттың көп кетіп қалуы, в деңгейлі оқушының сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында жеке тапсырма беру арқылы көшбасшылыққа ұмтылдыру.

Сабақтағы ұтымды шыққан тұстар:
1.«Еркін микрафон»әдісі арқылы оқушылардың өз ойларын шынайы ашық жеткізулеріне ықпалы мол болды.Қолына микрафон ұстаған оқушыларда ерекше сезім пайда болды.Мұғалімге керегі де осы «белсенділік» d:\рабочи стол++++++++\малсақ бала 3 сынып\img-20170413-wa0010.jpg

d:\рабочи стол++++++++\малсақ бала 3 сынып\img-20170413-wa0013.jpg


2.Топқа бөлу сәтінде оқушылардың сыни ойлау қабілеттерінің жоғары екендігі байқалды.

3.Аудиотаспадан ұсынылған тыңдалым тапсырмасында оқушылардың оқу әрекетіне белсенділігі көрінді.

d:\рабочи стол++++++++\кеш 3 сынып\20170418_152401.jpg

4.Кері байланыс жұмысын бейнелеу өнерімен байланыстыра бергенімөте сәтті шықты.Балалар шапшаң сыни ойлап,қажетті тұсты бояумен бар ынталарымен бояды.d:\рабочи стол++++++++\малсақ бала 3 сынып\20170413_162603.jpg


5.Оқушыларды «Керемет жұп» медалімен марапаттау өте сәтті шықты. Балаларда келесі сабаққа деген қызығушылықтары қалыптасты «Үздік сабақ» болғандарын жеткізді.d:\рабочи стол++++++++\жанбыр 3 сынып\20170419_161703.jpg
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет