СабақТЫҢ тақырыбы: КҮзде жапырақ неге сарғаяды? сабақТЫҢ мақсаты: жаңа білім беру міндеттері



жүктеу 38.93 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі38.93 Kb.
түріСабақ
ПӘНІ : ДҮНИЕТАНУ

СЫНЫБЫ: 2

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: КҮЗДЕ ЖАПЫРАҚ НЕГЕ САРҒАЯДЫ?

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ

МІНДЕТТЕРІ:

БІЛІМДІЛІК: Оқушыларға жапырақ жайлы түсінік бере отырып, күзде жапырақтың неге

сарғаятындығы жайлы түсіндіру. Жапырақ өсімдікке қандай қызмет

атқаратынын ұғындыру, мәтінді түсініп оқуға үйрету

ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың

байқағыштарын, білімқұмарлығын дамыту. Танымдық белсенділігін,

ой- өрістерін кеңейту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

ТӘРБИЕЛІК: Табиғатты аялай білуге, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

I. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:



  • Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.

  • Бүгін бізге сыныпқа қонақтар келгенін ескеру

  • Психологиялық дайындық:

  • Бүгінгі біздің дүниетану сабағымыз қандай болсын деп ойлайсыңдар? (көңілді өтсін, жақсы бағалар алайық, сәтті болсын, әдепті болайық)

  • Олай болса келісім шартқа отырайық. Сабағымыз сәтті өтсін десеңдер біз бір-бірімізді сыйлауымыз керек. Бір-бірлерімізді тыңдап отыруымыз керек. Тыныштық сақтайық. Келістік пе?

ІІІ. ӨТКЕН САБАҚТЫ ПЫСЫҚТАУ

СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП АЛУ.

- Өсімдіктің өсіп жетілуіне жапырақтың пайдасы қандай?

- Жапырақ қоректі қайдан алады?

- Қураған жапырақтың пайдасы қандай?


ІҮ. ЖАҢА МАТЕРИАЛДЫ ТҮСІНДІРУ КЕЗЕҢІ:

Мақсат қою

БҮГІНГІ САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ – күзде жапырақтың неге сарғаятындығын білу.

V. МҰҒАЛІМНІҢ ТҮСІНДІРМЕСІ.



«Миға шабуыл»

  • Қазір жылдын қай айы?

  • Ол жылдың қай мезгіліне жатады?

  • Күздің қандай ерекшелігін білесіңдер?

  • Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

«ЖАПЫРАҚТЫҢ ТҮСІ НЕГЕ ЖАСЫЛ НЕМЕСЕ ОЛ НЕГЕ КҮЗДЕ САРҒАЯДЫ?»

Көктем келді. Ағаштарда жапырақтар көбейді. Олар күннің көзіне жылынып өсе берді. Бір күні жапыраққа хлорофилл келді:



  • Жапырақ, көмектес маған. Менің мекенім, тұратын үйім жоқ. Мені өзіңмен қоса алшы, - деп жалынды

  • Жоқ, сен маған керек жоқсың. Мен сенсіз-ақ та өмір сүремін, сенсіз-ақ та әдемімін, - деп хлорофилді қуып жібереді. Хлорофилл жылап әрі қарай кете береді.

Біраз уақыт өтеді. Жапырақтың түсі өзгеріп, бозарып кетіпті. Әлгі әдемі, жасыл түсінен түк те жоқ. Оған сонда ағаш айтады:

- Сен өткенде бекер хлорофиллді қуып жібердің. Олсыз сенің түсің бозарып, сарғайып кетіпті. Қазір күз емес қой.

Сонда жапырақ біраз ойланады да хлорофилге барып кешірім сұрайды:


  • Шырағым, хлорофилл, кешірші мені. Менің сенсіз күнім жоқ екен. Кел, екеуміз бірге өмір сүрейік.

Содан бастап хлорофилл жапырақпен бірге өмір сүріп, оған әдемі, жасыл түс береді екен.

Күндерден күн өтіп жатады. Міне күз мезгілі де келді. Жаз бойы күннің жылуына еркелеген жапырақ күннің көзіне зар бола бастайды. Себебі күзде күн суытып, жаңбыр жиі жауа бастайды. Бұнын салдарынан хлорофилл де әлсізденіп қалады. Бір күні ол жапыраққа былай дейді:



  • Жапырақ, міне күз келді. Күннің көзінің қызуы азайды. Мен де өз еліме қайтайын. Келесі көктемде біз міндетті түрде кездесеміз, - деп қоштасып кете береді. Ал жапырақ хлорофиллсыз жасыл түсін жоғалтып, сарғайып, қурап қалады.


ОЙЫН: «АҒАШТАҒЫ ЖАПЫРАҚТЫ ЖИНАУ»

  • Балалар, біздің ағашымызда біраз жапырақтар қалып қойыпты. Қане, соны біз теріп алайық. Егер ағашта жапырақ қалып қойса не болады? (Қар жауғанда қардың салмағымен ағаш сынып кетуі мүмкін)

  • Дұрыс. Олай болса біз ағашта қалып қойған жапырақты жинап, ағашқа көмектесейік. Бірақ бұл ағаш жай ағаш емес, бұның жапырағының артында бізге берілген жұмбақтар, сұрақтар, мүмкін есептер де бар. Қане соны орындап көрейік. Егер біз бұларды орындасақ, онда ағашқа көмектескеніміз.

жасыл


сары ағашта өседі
ЖАПЫРАҚ


ауаны тазартады

хлорофилл

қант пен крахмал

Жапырақ өсімдікке көрік беріп тұрады. Күзде күн суыта бастағанда ағаш

жапырақтары сарғайып жерге түседі. Оның себебі өсімдік тамырының суды нашарсіңіруі, күн көзі аз мөлшерде түсуі. Осының бәрі өсімдіктің өсуін баяулатады.Бұлжағдай да өсімдіктің жапырағы сарғаяп жерге түскені мен ағаштар өліп қалмайды, олар уақытша тіршілігін тоқтатады.


3. СУРЕТПЕН ЖҰМЫС:

Суреттердегі ағаштарды ата. Суретші қай мезгілді бейнелеген? Олардың жемісі қалай аталады?


ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

Оқушыларға оқыту:

Мәтінді дауыстап оқиды.Талдайды.
3. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

Сұрақ – жауап арқылы.



  • Жапырақтағы жасыл бояу қалай аталады?

  • Жапырақ түсі неге өзгереді?

  • Жапырақ неге түседі?

  • Құраған жапырақтың қандай пайдасы бар?

VII. ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау



VIII. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ: Мәтінді мазмұндау.
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет