Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру



жүктеу 1.11 Mb.
бет1/6
Дата11.04.2018
өлшемі1.11 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Cабақтың мақсаты
Білімділік:Оқушыларға есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi
жайлы түсінік беріп өту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,тәрбиелікке,тиянақтылыққа,жауапкершілікке баулу,тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілетін,логикалық-абстракциясын дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, ж/дәптері, слайдтар, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен сәлемдесу
-оқушыларды түгелдеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
-зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.

II. Үй тапсырмасын тексеру:


Ауызша, сұрақ – жауап, қауіпсіздік техника ережелерімен білімдерін тиянақтау.

III. Жаңа сабақ: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi

1. Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.

Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.

3. Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:

ЭЕМ – мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60 – 70 см қашықтықта ұстау керек;
Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай – ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.

4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:

Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;
Өрт сөндiруде көмек көрсету қажет;
Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;
Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет. Оған құм және т. б. өрт сөндiргiш құрал – жабдықтарын пайдалануға болады;
Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:


Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;

Жұмыс орнын ретке келтiру;


Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
1. Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);
2. Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан) босату;
3. Дәрігер шақыру;
4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына
байланысты көмек көрсету.

І. Күйген жағдайда:


● Ауырғанда сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян және т. б.) беру;
● Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу;
● Зақымданған жерге суық су құю;
● Алдын – ала жараланған жерді, микроптар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен (целлофанмен) орау.
ІІ. Есінен танып қалған жағдайда:
● Зақымданушы жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына қаратып, қырымен орналастыру керек;
● Нашатыр спиртін иіскету керек.
ІІІ. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:
● Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексерту керек, егер ол күрмеліп қалса оны қолмен дұрыс қалпына керек;
● Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолмен дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасату;

Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар


Бас жаттығуларын жасау:
1. Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;
2. Басты жан-жаққа, жоғары – төмен, оңға – солға бұру.
3. Саусақтарды жұмып – ашу және қолдың білезігін босаңсыту.
4. Денені босаңсытып және оны кетіріп ширықтыру.
5. Көз жаттығуларын жасау:

Көзге арналған жаттығулар:


1. 1 – 4 – ке дейiн санап көздi қатты жұмып, сонан кейiн ашып, жайбарақат ұстап,
1 – 6 – ға дейiн санай отырып, алысқа қарау қажет. 4 – 5 рет қайталау қажет
2. 1 – 4 – ке дейiн санай отырып, екi көздi оларға қатты күш салмай, бiр – бiрiне қаратып, соңында 1 – 6 – ға дейiн санай отырып алысқа қарап, 4 – 5 рет қайталау керек.
3. 1 – 4 – ке дейiн санап, басты қозғамай, оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату, соңында 1 – 6 – ға дейiн санап, алысқа қарау. Осы тәрiздi басты қозғамай, солға, жоғары, төмен қарау керек.
4. 1 – 6 – ға дейiн санай отырып, көзқарасты диогоналы бойынша: оң жақ жоғарыдан – сол жақ төменге аударып, сонан соң алысқа қарау; сонан соң сол жақ жоғарыдан – оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4 – 5 рет қайталау. Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады. Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп, дененi сергiтедi.

IV. Жаңа сабақты бекіту


Сұрақ – жауап
V.Сабақты қорытындылау :
Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап,қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.
VI.Үй тапсырмасы
Қауіпсіздік ережелерін жаттау
VII. Бағалау
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақпарат түрлерімен және оларды өңдеу тәсілдері арқылы жұмыс істеуге дағдырландыру.
Білімділік: Оқушыларға ақпараттың түрлері және оларды өңдеу тәсілдері туралы мағлұматтар беру арқылы білімдерін тереңдету бір жүйеге келтіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа ой - қабілетін дамыта отырып жұмыс істеуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Дамытушылық: Оқушылардың ойлау өрісін, компьютерлік сауаттылығын шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың байланысы: физика, математика
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақтаны пайдалана отырып баяндау
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
в) сұрақ - жауап
д) қорытындылау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


1. Көздеріңді шаршатпаудың жолдары қандай?
2. Компьютердің алдында көп отыруға болмайды?
3. Компьютерде жұмыс істегенде техника қауіпсіздігі ережелерін қалай сақтаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ.


Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты. Бірақ, компьютер - оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.
Информатика - ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.
Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез - келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет, сол сияқты компьютерлік сауаттылықты игеру үшін ақпараттық технологиямен жұмыс істеу дағдыларын білу керек.
Сендер қалай түсінесіңдер, ақпарат деген не?
Ақпарат - сақтау. түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәлімет.
Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Ғылымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%- ын көру арқылы, 10%
- ын - есту арқылы, 4% - ын - иіскеу, 3%- ын - дәм сезу және 2%- ын сезу арқылы аламыз.
Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады. Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі - құлақпен қабылдайды.
Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы - адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрін естілетін ақпарат деп атайды.
Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.
Ақпарат қасиеттері
Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болу мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін1 мамырда өзекті болғанымен,
10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.
Ақпарат толық немесе толық емес болу мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «Ертең» десін. Егер сендер достарыңа: «Біз киноға қашан барамыз?»деген сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі – ол толық емес. Ақпараттардың бұл қасиеті толықтық деп аталады.

ІҮ. Сабақты бекіту.


1.«Ақпарат» термині туралы жаңадан не білдіңдер?
2. Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар?
3. Ақпараттың қасиеттерін атаңдар?

Ү. Үйге тапсырма:


Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.
ҮІ. Оқушыларды бағалау

Сабақтың тақырыбы :§ 4 Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері

 

Сабақтың мақсаты :



Білімділігі : Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.

Тәрбиелігі : Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу .

Дамытушылығы : Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қаблетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация

Сабақтың барысы :

а) ұйымдастыру кезеңі

б) сабақ сұрау

в) бағалау

г) жаңа сабақ

д) бекіту

е) үйге тапсырма

ж) қорытынды

Жаңа сабақты түсіндіру

Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек . Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін циярларды қолданамыз.

     Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т.б.өлшеу қабылданған. Ал салмақты – граммен және килограммен, т.б.өлшейміз.

Компьютер- электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды. Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі ( әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1- дің көмегімен белгілеу қабылданған.

Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.

Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.

Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.















  

АҚПАРА 














































 

 

 



 

  

«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.

Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі : әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.

    Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келед. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:

1 Килобайт (Кб) = 1024 байт

1 Мегабайт (Мб) =1024 Кб

1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб

1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

 

Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі

 

100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері                                            50000

Түрлі түсті слайдтар                                150

Музыкалық фрагмент                              10 минут

Фильм                                                        15 секунд

Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы, Интернет желісі арқылы.

 


 

Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұнда жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с.өлшенеді.

 


 

·         Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі – бит. Бит келесі екі мәннің бірін қабылдай

алады – 0 немесе 1.

·         Әдетте ақпаратты байтпен санайды, мұндағы 1 символ = 8 битке = 1 байтқа тең.

·         Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с.өлшенген ақпараттың көлемі.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А  деңгейі

Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.

1.      Пуск, Компьютер батырмаларын таңдаңдар.

2.      Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанмен оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар

3.      Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар

4.      Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.



В  деңгейі

1. А деңгейдегі тапсырманы орындаңдар

2. Документы бумасын ашыңдар

3. 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.



С деңгейі

Сыныптарыңдағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әр қайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін Калькулятор программасын пайдаланыңдар.



Қорытынды

1.      Ақпараттың өлшем бірліктерін ( ең кішісін ең үлкеніне дейін ) атаңдар.

2.      БайтКбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем ?

3.      1 байтта неше бит бар ?

4.      « Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар ?

5.      «Алақай ! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.

6.      Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2 Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін ?

Үйге тапсырма  § 4 тақырыптарын оқу. Тестке жауап жазу

 

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. Ақпарат санын есептеуге есептер шығару.



Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру: Оқулық. Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабарлардың ақпараттық көлемін есептеуге үйрету. Практикалық жұмыс арқылы алған білімдерін тиянақтау.

2. Оқушылардың алынған хабарды қай кезде ақпарат деп санауға

болатынын, қай кезде болмайтынын, ақпараттың қандай қасиеттері

бар екенін, ақпаратты өлшеу бірліктерін білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Пікірлесіп - түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - алынған хабарды қай кезде ақпарат деп санауға болатынын, қай кезде

болмайтынын;



  • ақпараттың қандай қасиеттері бар екенін;

  • ақпаратты өлшеу бірліктерін;

Оқушылар үйрені тиіс:

  • ақпараттың пайдалы, жаңа, әділ, толық түрлерінің мысалдарын келтіруді;

  • хабардың ақпараттық көлемін анықтауды.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгелдеу, тексеру.



II. Үй тапсырмасын тексеру

Сабақты үй тапсырмасын тексеруден бастау керек. Оқушыларды екі-екіден дәптерлерімен алмасып, бір-бірінің хабарларын декодтауға тартып, үй жұмысын өздерін тексертуге болады. Бұл сабақтың теориялық материалы оқулықта мейлінше толық сипатталған.



ТЕСТ-4

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Д

А

С

В

С

С

А

В

А

Д

III. Практикалық жұмыс есептері

4.1.-тапсырма: Берілген сөйлемнің (фразаның) ақпараттың көлемін анықтаңдар.

Пікірлесу шамамен мынадай болуы керек:

Сөздегі символдардың саны, бос орындарды қоса саналады. Әрбір символды 1 байтпен кодтауға болатындықтан, байттарсаны сөздегі символдар санына тең болады. Бір байт сегіз битке тең, сондықтан ақпараттық көлемді битпен өлшеу үшін, байттар санын сегізге көбейту керек.

И

Н

Ф

О

Р

М

А

Т

И

К

А




Ж

А

Ң

А




Ғ

Ы

Л

Ы

М




Х

Х

І




Ғ

А

С

Ы

Р

-

Ж

А

Ң

А




Т

Е

Х

Н

О

Л

О

Г

И

Я

Ғ

А

С

Ы

Р

Ы

Жауабы: 22символ, 22 байт, 176 бит.

31 символ, 31байт, 248 бит.



4.2.Тапсырма.

1000 Байт көлемдегі ақпарат, 2 Кбайт көлемдегі бумаға сыюы мүмкін бе?



Шешу үлгісі:

2 Кбайтта 2048 байт /символ/ бар. Сонда 1000 байт 2048 байттан кіші болғандықтан, 1000 байт көлеміндегі ақпарат кез-келген дискіге сыяды.

Жауабы: Мүмкін.


Операциялық ж
Vі компьютерде т

: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


  1   2   3   4   5   6


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет