Сабақтың тақырыбы: Кенелерден қорғану шаралары. Кенелердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі



жүктеу 82.81 Kb.
Дата31.05.2017
өлшемі82.81 Kb.
түріСабақ
Биология 7 сынып 23.12.2016ж

Сабақтың тақырыбы:Кенелерден қорғану шаралары. Кенелердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі. 
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Кенелерден қорғану шаралары, кене шаққан кезде алғашқы көмек көрсету және кенелердің табиғаттағы, адам өміріндегі пайда-зияны туралы оқушыларға білім беру. 
Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық қабілеттерін талап ететін тапсырмаларды пайдалана отырып, білімдерін кеңейту, өз бетінше білім алу және практикалық дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын молайту; 
Тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге, денсаулықты күтуге, жеке бас тазалығына көңіл бөлуге, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі, аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Жеке жұмыс, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, ойындар.
Көрнекілігі:слайд, суреттер, ойындар. 
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлем, сәлем, сәлем деп

Қолымды мен бұлғаймын.

Ыстық, ыстық жүрекпен

Сәлемімді жолдаймын. 

Ә) Оқушыларды топқа бөлу

2.Өткен сабақты пысықтау; «Биологиялық диктант»
1. І- топ
Кенелер - ………………. жататын ұсақ жәндіктер. 
Сондай – ақ ………………. жолмен тіршілік ететін кенелердің ……. …………. астам түрлері бар. Көптеген кенелердің …………. және ……………. салада мәні бар. Олар бірқатар қауіпті ауруларды ……………….. …………. тасмалдауға бейімделген. Сондықтан ……. мен ……………………… ауруға шалдықтырады. Кенелер …………. немесе …………… арқылы тыныс алады. 

Керекті сөздер; өрмекшітәріздестерге, паразиттік, 20 мыңнан, медициналық, малдәрігерлік, жануарлардан адамға, адам мен үй хайуанаттарын, терісі демтүтік.
ІІ - топ
Кенелердің дене бөлігі - ………………. өзгеше. Тек қарапайым құрылысты кенелерде ғана болмаса, өзгелерінде үш бөлік:………. , ………. , ………. тұтасып кеткен. Қатты затпен қоректенетін кененің ауызы …………. , …………… затпен қоректенетіндерініңкі …………….. бейімделген. Кенелер - ……………….. жәндіктер , …………….. арқылы , кейбіреуі ……… …….. көбейеді. Жұмыртқадан үш жұп аяағы бар ………….. пайда болады. Ол жыныс жүйесі жоқ, …… ……… ………… айналады. 

Керекті сөздер; өрмекшілерден; бас, көкірек, құрсақ; кеміруші, сұйық шаншып соруға; даражынысты, жұмыртқа, тірілей туу; дернәсіл; нимфаға.

2.Сәйкестендіру;

Тайгалық кене

энцефалит

Қышыма кене

қотыр

Мамықкене

Әкаяқ

Нәзікбас кене

Қансигек

Берішкене

беріш

4.Нашар оқитын оқушымен жұмыс; Топтастыру «Кененің түрлері»

3. " Бейнені танып біл " Суретте жасырынған кенелердің аттарын табу. 

3. Жаңа сабақты түсіндіру;
Жұмбақ;Ойлайсың,

Көрсең түйме деп,

Тұмсығын тығып қадалып,

Шағады бадалып,

Ақыры өлер тоқтықтан,

Жан берер оған соқтыққан.   (Кене)



Кене туралы кеңес берсек;Күн жылынып, жер көгере бастағаннан-ақ адамдар тауға шығуға, көгалға демалуға ағыла бастайды. Мұндай жағдайда таза ауада тынығушыларға, саяжайда жұмыс жасаушыларға, малды күтiп, баптаушыларға, жемiс-жидек терушiлерге кенелерден абай болуын ескертемiз. Кененiң шағуы – адамды қауiптi ауруларға және көп жағдайда өлiмге апаруы мүмкiн. Кене үйге гүл шоғымен де, иттiң жүнiне iлесiп те келедi. Кененiң қауiптiлiгi сонда, олар адамның киiмiнiң астарына байқатпай кiрiп, денесiне қадалып алып сорғанда мүлде ауырмайды. Көп жағдайда адам кененi келесi күнi немесе тiптi одан да кейiн байқайды. Ауру сәуiр айынан қазан айына дейiн кездеседi, бiрақ ең қауiптi кезең – мамыр, маусым айлары. Өйткенi кененiң көбейетiн кезi – осы уақыт. Ауру белгiлерi кене шаққаннан кейiн 2 аптадан (7-14 күн) соң бiлiне бастайды, кейде 1-2 күннен немесе 45 күннен кейiн бiлiнедi. Себебi, ол ағзаға түскен вирустың көлемiне байланысты. Көпшiлiк жағдайда аурудың жеңiл және орташа түрлерi кездеседi. Бұл жағдайда науқас адамның дене қызуы 38 С-қа дейiн көтерiледi, басы қатты ауырып, бұлшық еттерi сыздайды. Бiрақ, оның ауыр түрлерi де кездеседi. Бұл кезде дене қызуы 39-40 С-қа дейiн көтерiледi, құсқысы келедi, мойнының, қолы мен аяғының бұлшық еттерi сыздап, ауыр тартады.

Кенелерден сақтану үшiн төмендегi ережелердi есте ұстағаныңыз дұрыс. Егер кенелер өмiр сүретiн қауiптi аумақта болсаңыз, ашық түстi киiм киiңiз. Шалбарыңыздың балағын носкидiң iшiне, жейдеңiздi шалбардың iшiне салып және мiндеттi түрде кененiң бар-жоғын бiлу үшiн бiр-бiрiңiздi мұқият тексерiңiздер. Егер денеңiзден кененi байқап қалсаңыз, саспаңыз. Кенеге өсiмдiк майын тамызу қажет. Кененiң тұмсығын жiппен орап алып, маятник тәрiздi ырғақты қозғалыспен жайлап денеден шығарып алу керек. Кененi денеден күрт тартып алу – вирус жұқтыру қаупiн арттырады. Шаққан жерiн йодпен немесе спиртпен сүрту қажет. Тез арада жақын маңдағы медициналық мекемеге барып көрiнiңiз. Кененi сақтап қойыңыз және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына көрсетiңiз. Олар кененiң қаншалықты қауiптi екенiн анықтайды.

Үй жануарларының жүнiн қырыққан кезде абай болыңыз. Өзiңiздi қауiптен қорғау үшiн қолыңызға резiңке қолғап киiңiз. Себебi, қауiптi вирусты жаншылған (кесiлген) кененiң қаны арқылы жұқтыруға да болады. Сонымен қатар, кене шаққан малдың шикi сүтiн iшкен кезде немесе оларды қолмен мыжыған кезде кене энцефалитiмен ауыруы мүмкiн.

Ит кенесі және тайга кенесі адамға ең қауіпті ауру – энцефалитті жұқтырады. Бұл табиғатта әртүрлі жануарлардың денсінде орнығып, бір жануардан екінші жануарға сорған қаны арқылы энцефалит қоздырғышын таратады. Бірақ бұдан жануар ауырмайды.

Кене энцефалитi – орталық жүйке жүйесiн зақымдайтын ауру. Ауру белгiлерi кене шаққаннан кейiн 1-2 аптадан кейiн немесе 30 күннен кейiн бiлiне бастайды. Аурудың белгiлерi: дене қызуы 39 С-қа дейiн көтерiледi, басы қатты ауырады, жүрегi айнып құсады, бұлшық еттерi сыздайды. Ауыр түрiмен ауырған дененiң бұлшық еттерiнiң салдануы мүмкiн, бұл өз кезегiнде мүгедектiкке әкелiп соғады. Аурудың алдын алу үшiн кенелер белсендiлiгi басталғанға дейiн кене энцефалитiне қарсы екпе алу керек. Ағзадағы иммунитеттi арттыру үшiн екпенi күздiң соңында немесе қыстың басында алған дұрыс. Егер денеге жабысып тұрған кененi байқасаңыз, уақыт өткiзбей күнi-түнi жедел көмек көрсететiн травматологиялық бөлiмшелерге қаралып, кене энцефалитiне қарсы иммунолобулин алу керек.

Адам үшін қышыма кене -өте қауіпті жәндік. Оның мөлшері 0,2 – 0,5 мм – ден аспайды, сондықтан ұлғайтқыш әйнек арқылы ғана көруге болады. Қышыма кене адамның терісіне еніп, денені қышытады, себебі оның түлеген кездегі қабыршақтары мен бөлінді заттары денеге сіңеді. Адамға көбінесе жылқыдан жұғады. Кененің әрекетінен денеде қотыр пайда болады. Адам немесе мал қотырдан мазасызданып, арып – талып, әлсірейді. Қотырды денеге дәрі - дәрмек жағу арқылы емдейді. Малдың қотырын емдегенде ерекше газ камерасына ұстайды. Паразитті өлтіретін улы күкіртті ангидридпен ыстайды. 

Иксодид - елімізде кездесетін кенелердің ішіндегі ең ірісі. Толық жетілген ересек аналық кенелердің тұрқы не бары – 3мм. Түстері ақшыл қоңыр немесе қара түсті. Тұмсықтары қан соруға өте жақсы бейімделген.

Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарындағы орманды алқаптарды мекендейді. Өте қауіпті, кене энцефалитін жұқтырушының негізгі түрі.



Кененiң бәрi бiрдей ауру таратпайды. Дегенмен, вирус жұқтырғыш кене мен жұқтырмайтын кененi ажырату қиын. Сондықтан ең дұрысы, кененiң денеге жабысып, терiге тереңдеп енiп кетуiнен сақтанған жөн.

Сөздікпен жұмыс;Акарология-кенелер туралы зерттейтін ғылым.

Кенелерден қорғану шаралары:
Даладан немесе орманды жерлерден келген соң киімді дұрыстап тексеру, қағып – сілкіп, ауыстыру қажет. Кене энцефалитін жұқтырғанда температура лезде 40 – 41 градусқа көтеріліп, дене жансызданады.
Егер денеңізден сорып тұрған кене көріп қалсаңыз, алдымен сұйық май немесе вазелинмен өңдеп, пинцетпен ептеп сағат тіліне қарама – қарсы бағытпен бұрап алу керек. Содан соң ауыз бөліктері қалып қоймағанын тексеру керек. 
Кененің шағуы;Белгілері: қал сияқты қара дақ. Шаққан жері білінбейді, ауырмайды (немесе қызыл көпіршік, - қанды сорған кене). Сенің әрекетің: кенемен терінің төңірегіне сұйық май тамызып, сәлден соң оны қысқыштың ұшымен теріден баяу қозғалыспен алып таста. Егер қысқыш жоқ болса, кененің басы терімен түйіскен жерге жай жіп ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады. Шыққан жерін йодтың ерітіндісімен, зеленке немесе спиртпен сүрт. Теріні тілуге және күйдіруге болмайды. Қалаға келгеннен кейін емханаға қарал.

Видео материалдар көрсету

«Оқиғалар ізінен» Аудиозапис тыңдату

Кене малдың үстінде болатындығын ескере отырып, малды күту барысында сақтық ережелерін орындау керек.
• Малдағы кенені қолмен жұлуға, оны езіп өлтіруге болмайды.
• Табиғат аясында демалғанда кенеден сақтану керек, денені және киімдерді көзбен, қолмен сипап тексеру керек.
• Кене шаққан жағдайда тез арада дәрігерге көріну керек.
• Денеге жабысқан кенені өзіңіз алған болсаңыз, келесі ережелерді сақтау қажет:
• Кене жабысқан жерге сұйық май тамызып, кенені тұмсық тұсынан қысып, алу керек. Ал, кенені қақпақты шыны ыдысқа салып, емханаға алып барыңыз (зертханалық тексеру жүргізу үшін).
• Кененің шаққан жерін міндетті түрде йодпен залалсыздандыру қажет.
• 14 күнге дейін дәрігердің бақылауында болу керек.
4. Сабақты бекіту; «Қате және дұрыс»
• Кенелер шаянтәрізділер класына жатады  қате
• Қанға тойған кене мөлшерінің 30 мм –ге дейін жетуі мүмкін- дұрыс
• Кене шаққан кезде иммуноглобулин екпесін салады-дұрыс
• Дернәсілдері 6 аяқты, ал ересектерінде 8 аяқтары болады-дұрыс

• Ауыздары: жалаушы-қате . 
• Мұртшалары болады-қате.
• Елімізде кездесетін кененің ең ірі түрі Иксодид –дұрыс

5. Сабақты қорытындылау. Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқандықтан жан-жануар-ларға байланысты есімдерді көптеп беріп отырған. Қай қазақ ханының есімі бунақаяқты жәндікке байланысты қойылған?
Олай болса мен айтайын қазақтың соңғы ханы Кенесары ханның есімінің қойылуы туралы қызық уақиға бүгінгі күнге жетіп отыр. Болашақ хан өте кішкентай болып туылыпты. Шоқай би жаңа туған сәбиді қолына алып: – Өзі кенедей кіп-кішкентай екен, аты Кенесары болсын, – деген екен. 
6.Рефлексия.



Кенелердің ішінде кейбіреулері ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтірсе, ал кейбір зиянкестің табиғи жауы ретінде көптеген пайдалы жақтары бар. Паразитті түрлерінің ішінде түрлі жан - жануарлардың денесіне жабысып, қанын сорып тіршілік ететіндері және көптеген жұқпалы ауруларды таратушылары да бар.

7.Үйге тапсырма беру;Кенелер туралы қосымша ақпарат көздерінен оқып танысу

8.Бағалау;



: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет