Сабақтың тақырыбы: Жұлдызым менің жоғары Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: Мейірімділік, сенімділік, ізгілік



жүктеу 45.5 Kb.
Дата16.07.2018
өлшемі45.5 Kb.
түріСабақ
Өтегенова Ләйлә Сағиқызы

Қызылорда қаласы

Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы

өзін-өзі тану пәні мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: Жұлдызым менің жоғары

Құндылық: Ішкі тыныштық Қасиеттер: Мейірімділік, сенімділік, ізгілік

Мұғалім: Сынып: 10 Оқушылар саны:


Сабақ мақсаты: Оқушылардың жақсы тілек,сенімнің қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы, ішкі тыныштық құндылығын дамыту

Міндеттері: Оқушылардың ішкі сенімдерін дамыта отырып, ізгілікке, мейірімділікке, адалдыққа, сене білуге тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Интерактивті тақта, жұлдыз жорамал



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Жұлдыз» туралы мағлұмат оқып келу

Күн де көп жұлдыздың бірі, айырмасы: өзге жұлдыздар алыстан жарқырап құр жымыңдаса, күн бар әлемге өмір береді. Адам баласы да осы қалың жұлдыздар тәрізді. Бұлардың арасында да басқаға өмір беретін, жарық сәуле төгетіндер аз емес. I. Есенберлин

• Қалай ойлайсыз неліктен үлкендер «жұлдызың жоғары болсын!» дейді?

• Өз жұлдызыңыз қандай деп ойлайсыз?

• Адам жұлдызы жоғары болуы үшін не істеуі керек?


Сабақ барысын талқылау:


3.Дәйек сөз.

«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз»

Абай




4.Әңгімелеу (сұхбат)

Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

- Сен не істеп жатырсың? – деп сұрайды әлгі кісі.

- Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой, -дейді бала таңырқап.

- Бұл ақымақтық қой!, – дейді қызбаланып әлгі адам, – қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала шамалы ойланып, келесі теңіз жұлдызын қолға алады да, теңізге қайтарып жатып:

- Дәл осы жұлдыздың тағдыры үшін жасағанымның мәні көп депті.

Жұлдыз жорамал бойынша

Жұлдыз жорамалға қарап, адамның болмысын ашуға болады. Кейде тіпті жұлдыз жорамалда айтылған нәрселер дәлме дәл келіп қалғанда, ерекше таңғалып қалатынымыз бар. Мамандар әр белгінің жақсы жағы саралауға тырысқан екен. 


ТОҚТЫ





Туған күні жылы мезгілде
Жігерлі

Сезімтал



ТОРПАҚ





Мақсатына жетпей тынбайды 



ЕГІЗДЕР





Көбіне көңілді жүруге тырысады 
Адамдармен жақсы араласа алады
Үнемі жаңа идеялар жетегінде жүреді



ШАЯН

 


Сезімтал
Қарым-қатынасқа оңай түсе алады
Достыққа тұрақты


АРЫСТАН




Мақсатты
Сенімді
Батыл
Көмек сұраған адамның бетін қайтармайды



БИКЕШ

 


Ұқыпты
Өз-өзін ұстай алады
Байқампаз, өз қателігін көре біледі

Сыртқы келбеті тартымды





ТАРАЗЫ




Сабырлы
Әділ


Жансыз нәрсенің аты берілген бірден-бір белгі
Жауапкершілігі жоғары


САРЫШАЯН





Белсенді 
Бастаған ісін тастамайды 
Жауапкершілігі жоғары Достыққа тұрақты
Өз пікірі бар



МЕРГЕН





Көңілді
Батыл
Сырт келбеті сүйкімді
Адамдарға көмектесуге әзір
Есте сақтау қабілеті жоғары


ТАУЕШКІ





Мақсатқа ұмтылғыш
Сенімді
Қарым-қатынасты жақсы құра алады
Көшбасшы 


СУҚҰЙҒЫШ





Адамдарды ажырата алады
Мейірімді
Достары көп
Әзілқой


БАЛЫҚТАР





Дарынды 
Мейірімді, жомарт
Өзгенің қызығушылығын өз қызығушылығынан жоғары қояды





5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Тұманбай Молдағалиевтің «Менің жұлдызым» атты өлеңіндегі жасырылған қатарларды өз ойымыздан құрау.

"Көпір" ойыны
  Еденді бормен "көпір" (түзу) сызылады. Екі топ, бір-біріне  қарсы шыққан балалар "көпірден" құлап қалмай жоғары қарай өтуі керек.

Мақсаты: Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын ауыстырып, бір-бірін өткізіп жіберулері керек.





6.Топпен ән айту.

Нұрлан Әлімжанов «Ақ құсым»





7.Үй тапсырмасы.

«Жұлдызым менің жоғары» эссе жазып келу





8.Соңғы тыныштық сәті.

Тыныштық сәті

Түнгі аспан керемет. Жұлдыздар жымың қағып, жап-жарық ай толыпты. Ағаштар самал желмен сыбырласып кетеді де, сәлден соң қайта басылады. Алыста үрген иттер, шегірткенің шырылы…


Сіздер түнгі аспанға қарап отырсыздар. Жанып өшіп бір нәрсе ұшып барады. Мынау жетіқарақшы, анау тұрған темірқазық. Мына үш жұлдыз Таразы. Осы айда кім бар екен?. Біреу сол жақтан қол бұлғайтын секілді. Кенеттен бір жұлдыз құлап түсті. «Менің жұлдызым жоғары, менің жұлдызым жоғары… Құламаңдар, жұлдыздар. Жаратушым, өзің жар бола көр… Арманыма жетемін, міндетті түрде жетемін.»







©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет