Сабақтың тақырыбы: ЖҮйке жүйесінің маңызы, оның ҚҰрылысы және қызметі сабақтың мақсаты



жүктеу 42.28 Kb.
Дата26.06.2017
өлшемі42.28 Kb.
түріСабақ
Биология 8 сынып
Сабақтың тақырыбы:

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Жүйке жүйесінің құрылысын, қызметін түсіндіру.
Дамытушылық. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, тазалыққа баули отырып, дүниетанымдық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ, жауап
Сабақтың көрнекілігі: жүйке құрылсы, жұлын.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Сұрақ – жауап арқылы:
1. Гуморальды реттелу дегеніміз не?
2. Тироксин гормонын қай без бөледі? (қалқанша безі)
3. Гипофиз безінің бөлетін гормоны? (самототропин)
4. Қалқанша безінің гормоны қалай аталады? (тироксин)
5. Паратгормон қай безден бөлінеді? (қалқаншамаңы)
6. Тимус безінен бөлінетін гормон? (тимозин)
7. Жыныс бездерінің гормоны? (андрогендер, тестостерон)
8. Инсулин қай безден бөлінеді? (ұйқы безі)
9. Бүйрекүсті безінің гормоны қалай аталады? (адреналин)

ІІІ Жаңа сабақ.
Жүйке жүйесі (нервная система) - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

Рефлекс — сыртқы, немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы. Жүйке жүйесі мүшелерін негізінен жүйке ұлпасы құрайды. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары (топографиясына) мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді. Жүйке жүйесінің орталық бөліміне ми және жұлын, ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері (ганглийлері) және жүйке талшықтарының ұштары жатады. Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар: сомалық (денелік), парасимпатикалық (ішкі мүшелік), симпатикалық (тамырлық).
Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшелерінің, парасимпатикалық бөлімі — ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі — тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.
Рефлекс, рефлекстік доға. Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.
Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:
1.сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);
2.байланыстырғыш - қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;
3.қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.
Ағзалар тіршілігіндегі барлық әрекеттерді жүйке жүйесі басқарады. Оны рефлекстік реттелу дейді.
Рефлекс. Рефлекстік доға. Рефлекс (латынша - жауап қайтару) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару әрекеті. Рефлекстер рефлекстік доға, қозу өтетін жолдар арқылы жүзеге асады. Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады:
1.жүйке ұштары - рецепторлар (латынша - қабылдаймын, қабылдаушы);
2.сезгіш нейрондар (қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді);
3.жүйке орталығы (орталық жүйке жүйесі);
4.қозғалтқыш нейрондар;
5.тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер (бұлшықеттер және т. б.).
Рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жүйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды. Рецептордан сезгіш нейрондар арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне өтеді. Қозу орталық жүйке жүйесінде талданып, одан қозғалтқыш нейрондар арқылы жұмыс атқаратын мүшелерге беріледі. Оны тізені жазу рефлексінен де байқауға болады.
Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады (болмайды). Жүйке жүйесіне ми, жұлын және жүйкелер жатады. Жүйкелер жүйке жасушаларының (нейрондардың) өсінділерінен түзіледі. Жүйкелер адам денесінің барлық жеріне таралған, барлық мүшелерді ми және жұлынмен байланыстырады. Егер қозғалтқыш нейронның ұзын өсіндісінен (аксондарынан) тұрса, ол қозғалтқыш жүйке. Сезгіш нейронның қысқа өсінділерінен (дендриттерінен) тұрса, ол сезгіш жүйке деп аталады. Бұл жүйкелерден басқа аралас жүйкелер де болады, ол нейронның аксоны мен дендриттерінен түзіледі. Аралас жүйкелер арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне және одан мүшелерге беріледі.
Жүйке жүйесінің маңызы.
1 Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердің жиырылуы; сүйектердің қозғалысқа келуі; тер, сілекей, сүт, қарын сөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
2 Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
3 Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).

ІV Қорытынды. Қорыта айтқанда, рефлекстік доға рецептордан басталады. Рецепторлар (жүйке ұштары) әр түрлі тітіркендіргіштерді (ыстық, суық, қышқыл, дыбыс және т. б.) қабылдайды

V Бекіту сұрақтары:
1.Жүйке жүйесінің маңызы қандай?
2. Жүйке жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?
3. Соматикалық және шеткі жүйке жүйелерінің айырмашылығы қандай?
V. Бағалау
VІ Үйге тапсырма. Жүйке Жүйесі.
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет