СабақТЫҢ тақырыбы: Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы сабақТЫҢ мақсаты: жаңа білімді меңгерту сабақТЫҢ міндеттері



жүктеу 26.7 Kb.
Дата11.07.2018
өлшемі26.7 Kb.
түріСабақ
КҮНІ:

СЫНЫБЫ: 2

ПӘНІ: ДҮНИЕТАНУ

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлардың бір-біріне қайырымдылығы

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: жаңа білімді меңгерту

САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

БІЛІМДІЛІГІ: оқушыларда жануарлар тіршілігі жайлы түсінік қалыптастыру, жануардың тіршілігін

сақтау - табиғаттың өзі қалыптастырған бейімділік екенін түсіндіру.


ДАМЫТУШЫЛЫҒЫ: қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,

сөздік қорларын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру.


ТӘРБИЕЛІГІ: жануарлар арасындағы қамқорлықты негізге ала отырып, сыйластыққа,

қайырымдылыққа тәрбиелеу.


Түрі: дамытпалы сабақ
Әдісі: ой шақыру, ой қозғау, топтастыру, сұрақ - жауап, түсіндіру т. б.
Көрнекілігі: жануарлар суреті, сызбалар, тест тапсырмалары.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері

САБАҚ БАРЫСЫ:

I. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ.
Адам сенің есімің,
Табиғат – тал бесігің.
Қамқоршысы бола біл,
Тимесін еш кесірің.
II. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ. «Ұрпақ – тіршілік жалғасы»
1. Мазмұнын әңгімелеу 2. Сұрақ - жауап алысу.

ІІІ. ӨТКЕНДІ ПЫСЫҚТАУ


IV. ЖАҢА САБАҚ.
- Қайырымдылық адамдардан басқа тағы нелердің арасында болады? (оқушылар жауабы)
- Жануарлар бір - біріне көмек көрсететін ертегілерді есімізге түсірейікші («Мысық, әтеш және түлкі», «Үйшік»)
- Олай болса, балалар, жануарлардың бір - біріне қалай көмек көрсететіні жайлы білетін боламыз. Ол үшін «Жануарлардың бір - біріне қайырымдылығы» тақырыбын оқиық.
2. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс жасалады. Ол үшін мәтінді үш бөлікке бөліп, үш топ оқушыларына іштей оқу тапсырылады.
1 - топ. Түлкі, іс - әрекеті.
2 - топ. Арқар, суыр, шақшақайдың достығы.

3 - топ. Риясыз көмек.


Слайдты пайдалана отырып әр топтан бір оқушы шығып, түсінігін айтады.
3. Сөздік жұмыс.

(Дәптермен жұмыс) Тұзақ - құс, аң ұстау үшін қылдан есіп жасалатын құрал;
Шақшақай - ақшыл, сұр торғай;
Риясыз - адал
4. Суретпен жұмыс. А) Суыр, арқар және шақшақайдың бір - бірімен тығыз байланыста тіршілік етуі.
Ә) Адам мен жануарлар арасындағы қайырымдылық.
Б) Жануарларды қорғау - басты міндетіміз. Қазақстанның Қызыл кітабында қорғауға алынған жануарлар туралы айтып өту.
VI. Сергіту сәті.
Шөліркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпырсын.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ортақ бізге туыстық
Нұр сыйлаған күн ыстық.
Ыстық бізге кең өлке,
Ыстық бізге тыныштық.
ДЕРЕКТЕР МЕН ДӘЙЕКТЕР
Дельфин - сүтқоректі жануар, суда өмір сүреді. 30 - 40 - тан үйір болып жүреді. Суға батқан адамға жәрдем береді. Бір дельфин Жаңа Зеландиядағы теңіз бұғазынан кемелердің өтуіне 30 жылдай көмектескен. Дельфин - достыққа құштар, ойыншыл жануар.
Қарлығаш - еңбеккер құс. Қарлығаш есімді қыздар көп. «Адам үй салуды қарлығаштан, өрмек тоқуды өрмекшіден үйренген» деп, Демократ айтып кеткен. «Қарлығаштың ұясын бұзған адамға қырық түрлі пәле жолығады» деген жорамал бар.
Аққу - көлдің көркі. Аққу жүрген көл таза. Қыз балалар сәнденіп, таза жүруді аққудан үйренген. Аққу туралы қандай қанатты сөздер бар? (Аққуды атпайды, киесі ұрады. Аққумен дос болсаң, жүрген жерің пәк болар.)
Арыстандар. Арыстанның адамға пайдалы жағы бар, ең алдымен олар хайуанаттардың ауру, әлсіздерін жейді. Сондықтан жұқпалы аурулар кең таралып кете алмайды. Қазір арыстанды аулауға тыйым салынған.

V. «ҰЙҚАСЫН ТАП» ОЙЫНЫ.


Бата алмас түлкі,
Үсті тікен..... (кірпі)
Өзіне ноян,
Қорқақ кім? (қоян)
Жер басқанның жүйрігі,
Аспаннан келер бұйрығы.
Бұйрығы жетіп келгенде,
Шошаңдайды......... (қарақұйрық)
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы........(арыстан)
Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат,
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер...... (қасқыр)

ҮІ. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ: - Сонымен біз бүгінгі сабақта не білдік? (адамдар ғана емес, жануарлар арасында қайырымдылық барын білдік)


- Енді дұрыс жауапты табыңдар: (тест)
1.. Қанқыздың реңі қандай?
А) сақтандырғыш
ә) бүркеніш
б) қорғаныш

2. Үш дос жануарды ата:


А) түлкі, қоян, қасқыр
ә) аю, жолбарыс, борсық
б) суыр, арқар, шақшақай

3. «Қайырымдылық» сөзіне мағыналас сөзді тап:


А) жауыздық
ә) мейірімділік
б) қатыгездік

ҮІІ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу, «Менің үй жануарларымен достығым» тақырыбына эссе жазу.


ҮІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет