Сабақтың тақырыбы: «Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі»



жүктеу 49.52 Kb.
Дата22.12.2017
өлшемі49.52 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: «Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: көктемдегі жабайы аңдардың тіршілігімен таныстыру
Дамытушылық: жабайы аңдар тіршілігінде болған өзгерістердің өлі табиғатпен байланысын түсіндіру арқылы,оқушылардың дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық көрсету жайында сөйлесе отырып, оларды табиғатты қорғауға, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: көркем суреттер,орман,жабайы аңдардың суреттері (слайд арқылы)

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,әңгімелесу.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Амансың ба Алтын күн!

Амансың ба Көк аспан"

Амансың ба Достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

Өткен сабақты пысықтау.

Үй тапсырмасын тексеру (Тізбек арқылы)

c:\users\сабира\desktop\5780stages.jpg

II Қызығушылығын ояту

Орман дыбыстары

  • Балалар, естіп тұрған дыбыс неге ұқсайды?

  • Бұл орманның шуы

  • Дұрыс айтасыңдар,бүгін біз орманға саяхатқа шығамыз

  • Орманда қандай аңдар тұратының білгілерін келе ме? Ендеше орманға серуендеуге барамыз.

Көлеңкесінен қорқып безектейді,

Ал,оның баласын “көжек”-дейді. (Қоян)

Қыс бойы жатады,

Тәтті ұйқыға батады (Аю)

Өзі айлакер,өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі)

Тікенекті жануар,

Бәрінен қорқып,тығылар. (Кірпі)

  • Бұлардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

  • Жабайы аңдар

  • Олар қайда тұрады?

  • Олар орманда тұрады

  • Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі туралы не білесіңдер?

  • Оқушы жауаптары

III Жаңа сабақ

Мұғалім жаңа тақырыпты оқып береді.



Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі

Көктемде аңдар балалайды. Қоян көжектейді. Ол көжектерін былтырдан қалған шөптің астына жасырады. Бұл жерден оларды жыртқыш аңдар таба алмайды.

Түлкі ерте көктемде күшіктейді. Олар кішкентай және соқыр болады. Аналық түлкі қорек іздеуге кеткенде,індерінде оны күтіп отырады.

Аналық аю қыста балалайды. Көктемде ол апанынан қонжығын ертіп шығады. Қонжық қыс бойы енесін еміп жатады да,көктемде енесімен орманды кезеді.

Кірпі қысқы ұйқыдан оянады. Тікеніндегі қоқымдарын сілкіп түсіріп,қарнын жалап,жуынып,қорек іздеуге шығады.

Оқушыларға сұрақ қою.

  1. Көктемде аңдар не істейді?

  2. Қоян көжектерін қайда жасырады?

  3. Түлкінің күшіктері туғанда қандай болады?

  4. Аналық аю қашан балалайды?

  5. Кірпі ұйқыдан тұрысымен нетіздеуге шығады?

Оқушыларға тізбектеп оқыту.

Қосымша мәлімет беру

Түлкі – жыртқыш аң. Түсі жирен, сұрғылт сары. Құлағының сырты қара не қара қоңыр, құйрығы ұзын (ұзындығы 60 см-дей), қысқа сирақты. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп отырады (түлейді), салмағы 6,5 – 6,8 кг. Селдір орманды ашық жерлерді, өзен-көл жағалауларын, аңыз, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып, түнге қарай қорегін іздейді. Әдетте ұсақ жәндіктермен, көбінесе тышқандармен қоректенеді, қорегінің құрамында 300-ден астам жәндік пен ондаған өсімдік түрлері болады. Қаңтар – ақпан айларында ұйығып, 49 – 58 күннен кейін 4 – 6 (кейде 15) күшік туады. Терісі бағалы аң, әсіресе, қарабурыл Түлкінің терісі жоғары бағаланады. Кеміргіштерді жеп, ауылы шаруашылығына пайда келтіреді.

Аю- жыртқыш аң. Салмағы 300 килограмнан асады. Терісі тулақ жасауға, еті жеуге жарайды, дәнді дақылдардан көбінесе сұлыға зиянын тигізеді, кейде малға да шабады. Ел арасында өті, майы емге жұмсалады.

Қояндар– сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы1 – 4,5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады.

Бір кірпіде 7-8 мың ине болады. Қазақстанда 3 түрі мекендейді: кәдімгі кірпі, құлақты кірпі және қара кірпі. Арқасын, бүйірлерін тікенек (ине) басқан. Тұрқы 13 – 27 см, салмағы 700 – 800 г. Орманда, бұта арасында, бау-бақшада, тіпті елді мекендерде тіршілік етеді. Жемін, әдетте түнде аулайды. Жәндіктермен, көлбақамен, жыланмен (улысымен де) қоректеніп, орман шаруашылығына пайда келтіреді. Қараша айында ұйқыға кетеді де, көктемде күн жылынысымен оянады. Жылына 1 рет көктемде 3 – 4-тен балалайды. Орта есеппен 6 жыл тіршілік етеді.



Шығармашылық тапсырма

Мұғалім 3-4 оқушыға жабайы аңдар бейнеленген суреттер береді. Ол суреттердің артында сұрақтар болады.

Аюдың баласын не деп атайды?

Қояндар жылына неше рет көжектейді? c:\users\сабира\desktop\картины\thumb_11_animals_wallpapers.jpg

Түлкінің салмағы қанша кг болады?

Кірпі неше жыл өмір сүреді?

Сергіту сәті

Біз толағай толағай

Тау көтерген баладай

Ұмтыламыз жеңіске

Қиындыққа қарамай

Алға достар бастаңдар

Ақ көңілден аспаңдар

Бас иеді біздерге

Асу-асу асқарлар

Дәптермен жұмыс: бақылау күнделігін толтыру

Жабайы аңдардың көжектерінің суретін бояу.



Алғашқы болған 3 баланың суреті үлгі ретінде көрсетіледі.

Венн диаграммасы


Өздерін жетілдіреді.

Қауіпті

Ұ ұйқыларынан

оянады

Адамдар оларды жылы жерде ұстап,

күтіп –баптайды.

Өріске шығады

Қауіпсіз
Ұқсастықтары


Далаға шығады, төлдейді

Төлдерін сүтпен қоректендіреді
Үй жануарлары Жабайы аңдар

Үй тапсырмасы оқулықтың 93-94 беттерін оқып келу,мазмұндау.

Бағалау




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет