Сабақтың тақырыбы: Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы. Мақсаты



жүктеу 46.07 Kb.
Дата01.04.2018
өлшемі46.07 Kb.
түріСабақ
Ақтөбе қаласы,

36 қазақ орта мектебінің



география пәнінің мұғалімі

Сапарова Жадыра Муханбетқазықызы

Сабақтың тақырыбы: Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға гидросфера жайлы ұғым беру. Дүние жүзілік су айналымы және оның маңызы жайлы оқушылардың білімдерін кеңкйту және тереңдету. Литосфера, атмосфера, гидросфераның байланыстары жайлы алғашқы мәліметтер беру.

Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, картамен жұмыс істеуге дағдыландыру, теораны практикамен ұштастыра білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелілік: Оқушыларға суды қорғау, оның адам өміріндегі маңызын айта отырып, күнделікті өмірде тиімді пайдалануға үйрету.

Көрнекілігі: Глобус, физикалық карта, слайдтар.

Сабақтың түрі: Ауызша журнал

Сабақтың әдісі: баяндау, зерттеу, суреттеу, жинақтау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру, қызығушылығын ояту.

Судың үш күйіне тәжірибе жасап, сұралады:

-Ал балалар, бұдан не байқадыңыздар?

Бұл тәжірибеде судың үш күйі анықталады.

ІІ. Ауызша жкрнал мазмұны

1-бет. Жердегі су

2-бет. Судың қасиеттері.

3-бет. Ең...ең...ең...

4-бет. Дүниежүзілік су айналымы.

5-бет. Менің географиялық зерттеулерім.

6-бет. Өзіңді тексер.

7-бет. Оқырманнан оралымды ой « Су тамшылары саяхаты »

1-бет. Жердегі су


  • Біздің ғаламшарымыздың басым бөлігін су алып жатыр, сондықтан оны Жер ғаламшары емес, «Мұхит» ғаламшары деп атау керек. Жердегі жалпы су мөлшері өте үлкен, 1,4 млрд км, әрбір адамға 200млн м су келеді, бірақ оның 97,5% тұзды екенін естен шығармау керек, 1,7% мұздықтар мен тұрақты қарлар , 1,7% жер асты сулары, 0,06% өзен, көл, батпақ, атмосферадағы су болып табылады. Тұщы судың үлесіне 2,5% тиеді.

2-бет. Судың қасиеттері

  • Судың бірінші қасиеті: су – тірі ағзалардың құрамды бөлігі, екіншіден, құрлыққа қарағанда жылуды су баяу жинайды, соған орай ол жылуды баяу береді. Осыған байланысты қыс мезгілінде мұхиттар құрлыққа жылу береді, ал жазда салқын әкеледі, үшіншіден, су ағыны жер бедерін өзгертеді. Олар теңіз және мұхит жағаларын жыралап, өте терең үңгірлер және алып өзен алқаптарын тудырады, төртінші су көптеген заттарды ерітеді.

3-бет. «Ең...ең...ең...»

Гидросфера тарауындағы ең терең көл, ең үлкен мұхит, ең биік сарқырама, ең ірі теңіз-көл, ең ірі өзен бассейні, ең ұзын өзен, ең кіші мұхит туралы қызықтарды әңгімелеп берді.



  • Дүние жүзіндегі көл. Максимум тереңдігі - 1637м.

  • Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит. Ауданы - 179,5 млн км2.

  • Ең биік сарқырама, биіктігі – 1054м.

  • Ең ірі теңіз-көл. Ауданы – 371 мың км2, ұзындығы 1200 км,ені 320км.

  • Ең ірі өзен бассейні. Ауданы 7млн км2 жуық.

  • Ең ұзын өзен. Ұзынддығы – 6671 км.

  • Ең кіші мұхит. Ауданы – 14млн км2.

4-бет. Дүниежүзілік су айналымы.

Редактор – пән мұғалімі дүниежүзілік су айналымы туралы оқушыларға толығырақ мәлімет береді.

Гидросфераның барлық суы дүниежүзілік айналыммен байланыста болады. Айналым процесінде барлық тоғандардағы су олардың орналасуына қарай түрлі жылдамдықпен үздіксіз жаңарып отырады. Мысалы: Антарктиданың полярлық мұздықтарында – ондаған млн жылда, жерасты суы – 5мың жылда, мұхиттарда – 3мың жылда бірте-бірте жаңарады.Ал құрлықтағы өзен суы әрбір 12 күнде, ал тірі ағзалардағы су бірнеше сағатта жаңарып отырады. Адамның өмірінде су ең басты қызмет атқарады. Егер адам өз дене массасындағы ылғалдылықтың 6-8%-нан айырылса, есінен танып қалады, егер 10-12%-ы жоғалтса, жүрегі тоқтап қалады. Су тұрмыста және ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылады.

5-бет. «Менің географиялық зерттеулерім»

Т а п с ы р м а: Дүниежүзінің физикалық картасының көмегімен гидросфераның тұтастығын дәлелдеңдер.

«Көмекші»:

Картадан мұз басқан ең биік тауларды табыңдар, олар қалай аталады?

Осы таулардан қандай ірі өзендер басталады?

Өзендер өз суын қай теңізге құяды?

Теңіздер қандай мұхиттың бөлігі болып табылады?

6-бет. Өзіңді тексер.

1 – тапсырма. Географиялық диктант.


  1. Гидросфера - ...

  2. Жер шарындағы судың .... мұхиттар мен теңіздердің үлесіне тиеді.

  3. Мұздықтар мен тұрақты қарларға -.... , жер асты суларына -... , өзен, көл, батпақтағы және атмосферадағы суларға -... тиесілі.

  4. Су табиғатта 3күйде... кездеседі.

  5. Су тірі ағзаның құрамды бөлігі. Барлық ..... 80-99%, ал.... 75%-ға жуығы судан тұрады.

  6. Егер адам өз дене массасындағы ылғалдылықтың 6-8%-нан айырылса, ..... қалады, егер 10-12%-ы жоғалтса....

  7. Судың мұхиттан атмосфера арқылы құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу үрдісін ....деп атайды.

  8. Құрлықтағы өзен суы әрбір... , ал тірі ағзалардағы су ... жаңарып отырады.

  9. Мұхит бетінде буланған судың бір бөлігі оған қайта қосылады. Мұны .... дейді.

2 – тапсырма. «Ең ерекше» кестені толтыру.

р/с

Өзіндік ерекшелігі

Географиялық обьект.

1

Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит. Ауданы-179,5 млн км2




2

Ең терең көл, Максимум тереңдігі 1637м




3

Ең биік сарқырама, биіктігі 1054м.




4

Ең ірі теңіз-көл. Ауданы – 371 мың км2, ұзындығы 1200 км,ені 320км.




5

Ең ірі өзен бассейні. Ауданы 7млн км2 жуық.




6

Ең ұзын өзен. Ұзынддығы – 6671 км.




7

Ең кіші мұхит. Ауданы – 14млн км2.




7-бет. Оқырманнан оралымды ой

« Су тамшыларының саяхаты» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Қорытынды. Тілшілердің үздіктерін анықтап, марапаттау. Оқушылармен бірігіп отырып журналдың тақырыбын анықтау.

Үйге тапсырма:



  1. «Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы» тақырыбын оқу.

  2. «Дүниежүзілік су айналымының жекгілікті жердің экологиялық әсері» атты материалдар дайындау.





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет