Сабақтың тақырыбы: Еуразияның халқы мен елдері



жүктеу 43.68 Kb.
Дата04.04.2018
өлшемі43.68 Kb.
түріСабақ
Ақтөбе қаласы,

36 қазақ орта мектебінің



география пәнінің мұғалімі

Сапарова Жадыра Муханбетқазықызы
Сабақтың тақырыбы: Еуразияның халқы мен елдері

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға таныс түсініктерді еске түсіру, жаңа мағлұматтарды талдау, Еуразияның халқы мен елдері туралы түсініктерді қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, зейінін, шығармашылық қабілетін және ауыз екі сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлауды, картамен қосымша материалдарды қолдана білуге дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ұжымдық қарым – қатынас, ынтымақтастыққа, бірін –бірін сыйлауға, тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Еуразияның саяси және физикалық картасы, мультимедиялық проектор, суреттер кестелер, тірек – сызбалар, атлас , оқулық.

Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, демография.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.

І. Ұйымдастыру кезеңі.



Сәлеметсіңдерме оқушылар, отырыңдар. Сыныпта кім жоқ? Үй жұмысын қайталаңдар. Сыныпты үш топқа бөлу.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту,бағалау парағын беру,сабаққа мақсат қою.

. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) «Лездік сұрақтар»



  1. Тропиктік шөлдерге сипаттама беріңдер?

  2. Уәд дегеніміз не?

  3. Субэкваторлық белдеудегі зоналар.

  4. Экваторлық белдеудің ылғалды ормандары.

  5. Биіктік белдеулер дегеніміз не?

  6. Шұраттар дегеніміз не?

б) «Зообақ» ойыны тақтадан жануарлардың зубр,жолбарыс,түйе,панда,орангутан,ақ аю суреттері көрсетіледі,оқушылар атап,қай зонада тіршілік ететіндігін айтады.

в) «Сандар сөйлейді» сандар беріледі



  1. 200 мм тропиктік белдеудің жылдық жауын – шашын мөлшері

  2. -40,-50 С артикалық белдеудің ауа температурасы

  3. 300 түр экваторлық белдеудегі пальманың түрі

  4. 3-4 ай саваннадағы құрғақ мезгіл

  5. 4500-5000 метр (таудағы биіктік белдеудегі қар мен мұзбелдеуі басталады)

д) Сиқырлы сандық: сұрақтардың тұсына «иә немесе жоқ» белгілерін қояды
1. Тайга тек қана қылқан жапырақты ағаштар өсетін зона (иә)
2. Дала зонасы түгелдей жыртылған (иә)
3. Экваторлық белдеу Еуразияның көп бөлігін қамтиды. (жоқ)
4. Шөлейтке күңгірт, қара-қоңыр топырақтар тән (иә)
5 Тундрада ең көп тараған өсімдік сексеуіл (жоқ)
6. Таулы аймақтарға биіктік белдеулер тән (иә)


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспар.

1.Халқы


2.Елдері

Мағынынаны ажырату ( түсіне білу)

1.Еуразия халқының саны, орналасуы, тілдік және ұлттық құралы өте күрделі.

Материкте 4 млрд – тан астам халық тұрады.

Нәсіл дегеніміз не? Қандай нәсілдер бар, оларды атаңдар?

Нәсілдік құрамы




Нәсілдер

Нәсілдердің белгілері

Таралған аймағы

Еуропалық тектес нәсілдер

Терісі ақ, көзі көк , қыр мұрынды, ерні жұқа

Еуропа

Монғол тектес нәсілдер

Терісі сары, шашы салалы, қайратты, жақ сүйегі шығынқы, мұрны тәмпіш, беті жалпақ, көзі қоңыр қиғаш.

Азиялық бөлікте, түркі тектес халықтар.

Экваторлық нәсілдер

Терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра, жақ сүйегі біркелкі шығынқы.

Шри –Ланка аралы, Үндістанның оңтүстігі.

Тілдік құрамы.

Еуропалықтар: Словян, герман, роман

Азиялықтар:Иран, монғол, қытай –тибет, түрік.

Діндері:Ислам, христиан, буда.

Біздің заманымызға дейінгі кезеңнің өзінде мұнда Күнге, Айға және Жұлдызға қарап, бағыт – бағдарды анықтауды білген. Адамзат тарихындағы құпия толық ашылмаған.

«Әлемнің жеті кереметі» деген атпен белгілі ғаламат ескерткіштерді бөлді Еуразияның осы аймағында орналасқан.

2. Елдері


Тәуелсіз мемлекттер

Монорхиялар Республикалар




Абсалюттік Конституциялық Президенттік Парламаенттік




Билік жеке Басқару ісі жүзінде

парламент пен үкіметке жүктелген

адамның

қолында болады

ІҮ.Бекіту сұрақтары.

1.«Кім тапқыр» берілген сөздерден Еуразия материгіндегі елдердің атын құрастыру

ЙАҚЫТ -
ЯИНОПЖА -
МАНТЕЬВ -
ЙЕСРЕ -
ЯИЛАТИ -
ЯЕРОК -
ЛАПЕН -
СОАЛ -
АНИАРКУ -

2. Географиялық диктант

Еуразияда ....... егеменді елдер мен дамыған мемлекеттер орналасқан.
Еуропалық бөлікте халық........ қоныстанған
Азия «айдаһарына»............ ........ елдері кіреді.
Еуразиядағы жері шағын елдер.........
Ресей , Қытай, Үндістан, Қазақстан жер көлемі ...........

ҮІ. Үйге тапсырма беру. §23

1.Еуразиядағы және жер шарындағы көлемі жағынан ең үлкен

Мемлекеттерді картадан тауып жазыңдар.



2. Халықының саны жағынан алдыңғы мемлекеттерді кескін картаға түсіру.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет